БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшысы бекіткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетудің диспетчерлік пункттерінің (секторларының) өткізу қабілетін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Өткізу қабілетін айқындау әдістемесі) сәйкес ӘҚҚ диспетчерлік пункттерінің (секторларының) өткізу қабілетін есептеуді қамтамасыз етеді. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші есептеу нәтижесінде алынған өткізу қабілеттілігінің белгіленген көрсеткіштері шеңберінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. ӘҚҚ органдарының өткізу қабілетін және әуе қозғалысының көлемін реттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау кезеңдерінде жүзеге асырылады.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) радиохабарлық автоматты тәуелді бақылау (ADS-B ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура (бұдан әрі – ADS-В)) – әуе кемелері, әуеайлақтық көлік құралдары және басқа да объектілер автоматты түрде сәйкестендіру индексі, орналасқан жері туралы деректер және қажет болған жағдайда қосымша деректер сияқты ақпаратты бере және/немесе қабылдай алатын байқау түрі, деректер желісінің хабар тарату режимін пайдалану;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) аймақтағы ең төменгі абсолюттік биіктік (AMA) – аспаптық метеорологиялық жағдайларда (ЖМҚ) пайдалануға жататын және параллельдермен және меридиандармен айқындалатын белгіленген аймақ шегінде кедергілерден ең аз биіктік қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктік;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) аспаптар бойынша ұшудың стандартты бағыты (SID ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура (бұдан әрі – SID)) – әуеайлақты немесе әуеайлақтың белгілі бір ұшу-қону жолағын белгіленген негізгі нүктемен байланыстыратын аспаптар бойынша ұшу қағидалары (АҰҚ) бойынша ұшудың белгіленген бағыты, әдетте бағыт бойынша ұшу кезеңі басталатын ӘҚҚ берілген маршрутында;";
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
"36-1) әуеайлақтағы қозғалыс аймағы (Aerodrome Traffic Zone) – әуеайлақтағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген, әуеайлақ маңындағы белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;";
мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
"56-1) ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе (бұдан әрі – GNSS) – жоспарланған операция үшін талап етілген навигациялық сипаттамаларды қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай толықтырылған, бақылаудың тұтастық жүйесі мен борттық қабылдағыштар, ғарыштың бір немесе бірнеше шоқжұлдызы кіретін, орналасқан орны мен уақытын анықтаудың ғаламдық жүйесі;";
мынадай мазмұндағы 105-1) тармақшамен толықтырылсын:
"105-1) негізгі нүкте – ӘҚҚ маршрутын, әуе кемесінің ұшу траекториясын айқындау үшін және навигацияның және ӘҚҚ-дің басқа да мақсаттары үшін пайдаланылатын белгіленген географиялық орын;";
мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:
"120-1) сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік – пайдаланылуы мүмкін және ортасында негізгі нүкте, әуеайлақтың бақылау нүктесі немесе тікұшақ айлағының бақылау нүктесі орналасқан радиусы 46 километр (25 теңіз мильдер) шеңбер секторындағы барлық объектілердің үстінен ең төмен дегенде 300 метр (1000 фут) артық биіктікті қамтамасыз ететін ең аз абсолюттік биіктік;";
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұшу қауіпсіздігінің жай-күйіне тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық талдаулар ұсынады. Жүргізілетін талдаудың құрылымы мен бағыттарын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының "Әуе қозғалысын ұйымдастыру (Doc PANS-ATM 4444)" аэронавигациялық қызмет көрсету ережесі құжатының ұсынымдарын ескере отырып, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші айқындайды.";
17-18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-18. ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) диспетчері лауазымдық міндеттерін жұмыс орнында ӘҚҚ диспетчерінің қолданыстағы куәлігі болған жағдайда жүзеге асырады.";
17-35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-35. ӘҚҚ маманы жұмыс ауысымында 6 күннен артық жұмыс істемейді.";
17-37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-37. ӘҚҚ маманы бірінен соң бірі екі жұмыс ауысымында жұмыс істемейді. ӘҚҚ маманына жұмыс ауысымдары арасында кемінде 12 сағат демалуға уақыт беріледі.";
17-44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-44. Өткізу қабілетін айқындау әдістемесінде белгіленген ӘҚҚ органдарының (аудандардың, секторлардың) өткізу қабілеттілігінің мәніне қол жеткізілген кезде нақты диспетчерлік пункттің жауапкершілік ауданы (аймағы) шегінде әуе қозғалысының қарқындылығы кезінде ӘҚҚ маманына жұмыстың әр сағатынан кейін ұзақтығы кемінде 10 минут қосымша үзіліс беріледі.";
мынадай мазмұндағы 80-1-тармақпен толықтырылсын:
"80-1. ӘҚҚ бақылау жүйесі әуе кемелерінің орналасқан жерін көрсетуді қоса алғанда, үздіксіз жаңартылатын бақылау ақпаратын ұсынуды қамтамасыз етеді.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. ӘҚҚ бақылау жүйелері, бастапқы шолу радиолокатор (бұдан әрі – БШРЛ), қайталама шолу радиолокаторы (ҚШРЛ) ретінде, ADS-B және MLAT, ӘҚҚ кезінде, оның ішінде әуе кемелерін эшелондауды қамтамасыз ету үшін дербес немесе ұштастырылып, мына жағдайлар кезінде қолданылады:
1) осы ауданның шегінде радиолокациялық қамтуды қамтамасыз етеді;
2) ӘҚҚ бақылау жүйелерінің табылу ықтималдығы, дәлдік және жұмысқа қабілеттілік жүйесі (жүйелері) қанағаттанарлық болып табылады;
3) ADS-B пайдалану жағдайында қатысушы әуе кемелерінен алынатын деректердің қолжетімділігі.";
90-тармақ алып тасталсын;
91-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әуе кемелерінің орналасқан жерінің жеке символдары, мысалы, БШРЛ, ҚШРЛ, ADS-B немесе MLAT жасаған символдар немесе біріктірілген символдар;";
174-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"174-1. ADS-В, ҚШРЛ, MLAT және/немесе БШРЛ орналасу орнының символдарын (белгілерін) пайдалануға негізделген эшелондау тиісті әуе кемелерінің орналасқан жерін көрсететін орналасу орны символдарының (белгілерінің) орталықтары арасындағы қашықтық әрқашан осы Нұсқаулықтың 172 және 172-1-тармақтарында белгіленгеннен кем болмайтындай етіп қолданылады.";
198, 199 және 200-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"198. ADS-B-ден радиолокациялық бақылау және/немесе ақпарат болмаған, бірақ пилотаждық-навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысы болған кезде ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажына тиісті метеорологиялық жағдайлар болған кезде АҰҚ бойынша қонуға кірудің немесе КҰҚ бойынша қонуға кірудің жарияланған схемаларына сәйкес қонуға кіруді орындауға рұқсат береді.
199. РЛК, ADS-B ақпараты және пилотаждық-навигациялық жабдықтың тұрақсыз жұмысы болған кезде ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажына әуеайлақтың ең төменгі биіктік карталарын (сызбаларын) пайдалана отырып, радиолокациялық векторлау әдісімен қонуға кіруді орындауға рұқсат береді.
200. Радиолокациялық бақылау, ADS-B ақпараты және навигациялық жабдықтың тұрақсыз жұмысы болмаған кезде ӘҚҚ органы төменгі қауіпсіз эшелоннан төмендетуге рұқсат бермейді. Мұндай жағдайда әуе кемесі қосалқы әуеайлаққа барады.";
211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"211. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесімен көзбен шолып байланыс орнату туралы артта келе жатқан әуе кемесі экипажының баяндамасына дейін бірінен соң бірі келе жатқан және қонуға көзбен шолып кіруді орындайтын әуе кемелері арасындағы АҰҚ бойынша ұшулар үшін белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз етеді, содан кейін оған қонуға кіруді жалғастыру және алда тұрған әуе кемесіне қатысты эшелондауды өз бетінше ұстап тұру нұсқауы беріледі кемелер.";
мынадай мазмұндағы 242-1-тармақпен толықтырылсын:
"242-1. Ұшудың басында қонуға кірудің соңғы учаскесінде әуе кемесінің бортына мынадай ақпарат беріледі:
1) келесі критерийлерге сәйкес келетін желдің орташа бағыты мен жылдамдығының айтарлықтай өзгеруі:
жерге жақын желдің орташа бағыты 60 градус өзгертілсе, немесе соңғы мәліметте көрсетілген бағытымен салыстырғанда одан да астам болса және/немесе өзгерілгеннен кейін 5 м/с (10 торап) немесе одан астам құрайтын болса;
жерге жақын желдің жылдамдығы 5 м/с (10 торап) немесе соңғы мәліметте көрсетілген жылдамдықпен салыстырғанда одан астам өзгертілсе;
жердегі желдің орташа жылдамдығынан ауытқу өлшемі 5 м/с (10 торап) өсіп кетсе немесе соңғы мәліметте көрсетілген мөлшермен салыстырғанда одан да асса, осының барысында өзгергенге дейінгі және/немесе өзгертілгеннен кейінгі орташа жылдамдық 8 м/с (15 торап) немесе одан астам құрайтын болса;
желдің өзгерістерін пайдалану жағынан шекті шамасын арттырады.
Диспетчерлік пунктте желдің құрамдас бөліктері түріндегі жел туралы ақпарат болған кезде елеулі өзгерістер болып табылады:
қарсы желдің орташа құрамдас бөлігі: 5 м/с (10 торап);
ілеспе желдің орташа құрамдас бөлігі: 1 м/с (2 торап);
бүйірлік желдің орташа құрамдас бөлігі: 3 м/с (5 торап)
2) соңғы ақпарат, егер бар болса, қонуға кірудің соңғы учаскесінің аймағындағы желдің ауысуы және/немесе турбуленттілік туралы;
3) қонуға кіру және қону бағытындағы өкілдік көріну туралы ағымдағы деректер немесе егер бар болса, ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығының ағымдағы мәндері және, егер қажет болса, олардың өзгеру үрдісі.";
15-тарау мынадай мазмұндағы 12-параграфпен толықтырылсын:
"12-параграф. Негізгі жергілікті қозғалыс
243-7. Диспетчерге белгілі негізгі Жергілікті қозғалыс туралы ақпарат ұшып шығатын және келетін әуе кемелеріне дереу беріледі. Негізгі жергілікті қозғалыс пайдаланылатын ҰҚЖ-да немесе оған жақын орналасқан кез келген әуе кемелерін, көлік құралдарын немесе персоналды не ұшып көтерілу және биіктікке көтерілу аймағындағы немесе ұшып шығатын немесе келетін әуе кемесі үшін соқтығысу қаупін тудыруы мүмкін қонуға кірудің соңғы кезеңі аймағындағы қозғалысты білдіреді. Негізгі жергілікті қозғалыс туралы ақпарат тануға ыңғайлы түрде ұсынылады.
243-8. Негізгі жергілікті қозғалыс туралы ақпарат уақтылы, тікелей экипажға не үйлестіруді жүзеге асыру кезінде (ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуеайлақ диспетчерінің шешімі бойынша) немесе әуе кемелерінің сұрау салуы бойынша тәсілдің диспетчерлік пункті арқылы беріледі.";
252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"252. II/III санаттар бойынша қонуға нақты кірулердің басталуына және жалғасуына, сондай-ақ RVR жағдайында 550 метрден кем ұшуға қатысты шектеулі көріну жағдайындағы операциялар жөніндегі нұсқаулықты әуеайлақтың (әуежайдың) пайдаланушысы EUR Doc 013 "European Guidance Material On All Weather Operations at Aerodromes" құжатының ережелері негізінде ӘҚҚ қызметімен бірлесіп әзірлейді және бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі.";
мынадай мазмұндағы 323-1-тармақпен толықтырылсын:
"323-1. Әуе кемесіне ӘҚҚ-ға қызмет көрсетуді ұсынар алдында байқау негізінде осы әуе кемесін тану белгіленеді, ол туралы ұшқыш хабардар етіледі. Осыдан кейін сәйкестендіру бақылау негізінде ӘҚҚ-ға қызмет көрсету тоқтатылғанға дейін сақталады.";
мынадай мазмұндағы 353-1-тармақпен толықтырылсын:
"353-1. Әуе жағдайының индикаторында жалпы сипаттағы авариялық жағдайдың туындағаны туралы хабарлайтын ADS-B дабыл сигналы пайда болған кезде және авариялық жағдайдың нақты сипатына нұсқау болмаған кезде диспетчер мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
1) авариялық жағдайдың сипатын нақтылау үшін әуе кемесімен радиобайланыс орнатады;
2) әуе кемесінен жауап болмаған кезде әуе жағдайының индикаторында оның көрсетілуін растау және әуе кемесімен ӘҚҚ органының берілістерін біржақты қабылдау фактісін растау үшін маневр жасауға нұсқау береді.";
361-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"361. ӘҚҚ органының диспетчері ИВО-да жауапкердің ҚШРЛ кодын "7600" көрсеткен кезде әуе кемесінің экипажына қабылдау-жауапкерді "тану" режиміне қосуға, жауапкердің ҚШРЛ кодын, ADS-B беру режимін немесе жүру курсын өзгертуге нұсқау беру арқылы жоғалту сипатын айқындайды. Экипаж нұсқауды (беруді) қабылдайтынын айқындай отырып, осы әуе кемесімен бұдан әрі ӘҚҚ берілген рұқсаттардың қабылданғанын растау үшін ҚШРЛ кодының, ADS-B беру режимінің өзгерістерін немесе қабылдау-жауап берушіні "тану" режиміне қосуға команданы беруді пайдалана отырып жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 361-1-тармақпен толықтырылсын:
"361-1. Егер осы Нұсқаулықтың 361-тармағында көрсетілген әрекеттер нәтиже бермесе, оларды осы әуе кемесі тыңдай алады деп болжанатын кез келген басқа қолда бар арнада қайталайды.";
408-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының және 61-бабының 4-тармағының ережелерін есептеу ұшу жоспарын ұсынған немесе олардың орналасу орны ӘҚҚ органдарына өзге көздерден белгілі болған басқа әуе кемелері;";
мынадай мазмұндағы 411-1 және 411-2-тармақтармен толықтырылсын:
"411-1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші ұшу ақпараты орталықтарына немесе аудандық диспетчерлік орталықтарға қатысты "Апат туралы хабарлаудың жаһандық жүйесі және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (GADSS)" (Doc 10165) құжатына сәйкес ИКАО әзірлеген ұшуды бақылау жөніндегі анықтамалықта (OPS CTRL) қамтылған байланыс ақпаратын енгізеді және өзектілігін қолдайды, осы Нұсқаулықтың 27 және 28-тармақтарында көрсетілген.
411-2. Ұшуды бақылау жөніндегі анықтамалықта (OPS CTRL) ұшу басшысы лауазымын немесе оған теңестірілген лауазымды атқаратын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
Ұшуды бақылау жөніндегі анықтамалықты (OPS CTRL) Пайдалану жөніндегі нұсқаулық материал ИКАО-ның "Жаһандық апат туралы ескерту және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі (GADSS) жөніндегі нұсқаулық" (Doc 10165) құжатында қамтылған.";
415-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"415. Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына берілген ақпараттың мынадай мазмұны бар:
1) авариялық жағдай сатысы (белгісіздік сатысы – INCERFA, дабыл сатысы – ALERFA немесе апат сатысы - DETRESFA);
2) хабарлама берген органның атауы;
3) оқиғаның сипаты;
4) ұнғу жоспарына қатысты қажетті ақпарат;
5) әуе кемесінің экипажы байланыста соңғы рет болған орган, уақыт және пайдаланылған құрал;
6) соңғы орналасқан жері туралы ақпарат және оны анықтау тәсілдері;
7) әуе кемесінің түсі мен ерекшеленетін таңбасы (ақпарат бар болған кезде);
8) қауіпті жүктердің бар болуы (ақпарат болған жағдайда);
9) хабарламаны және басқа қажетті мәліметтерді беретін, орган қолданатын іс-қимылдар.
Егер осы тармақта аталған кез келген ақпарат іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына хабарлама беру сәтінде болмаса, егер апат сатысы болады деген негізделген сенімділік бар болса, ӘҚҚ органы оны апат сатысына дейін алуға тырысады.
Апатқа ұшыраған әуе кемесінің орналасқан жері туралы ақпарат апатқа ұшыраған әуе кемесінің орналасқан жері туралы деректер қоймасынан (LADR) алынуы мүмкін. LADR Пайдалану жөніндегі нұсқаулық материал ИКАО-ның "Апат туралы хабарлаудың жаһандық жүйесі және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету (GADSS) жөніндегі нұсқаулық" (Doc 10165) құжатында және ИКАО-ның "Әуе кемелерін пайдалану" 6-қосымшасының I бөлігінің 9-қосымшасында қамтылған.";
мынадай мазмұндағы 428-1-тармақпен толықтырылсын:
"428-1. ӘҚҚ органы өз ауданында танылмаған әуе кемесінің жауапкершілігін анықтаған кезде оның эшелондауды қамтамасыз ету үшін не ұстап қалуды болдырмау үшін ӘҚБ органдарының талабы бойынша оның тиесілігін белгілеу қажет.
Осы мақсатта ӘҚҚ органы:
1) осы әуе кемесімен екіжақты байланыс орнатуға әрекет жасайды;
2) байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда:
ҰАА шегінде көршілес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарынан көрсетілген ұшу туралы мәліметтерді сұратады және олардан әуе кемесімен екіжақты байланыс орнатуды сұрайды;
осы ұшу туралы мәліметтерді көршілес ҰАА қызмет көрсететін ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарынан сұратады және олардан әуе кемесімен екіжақты байланыс орнатуды сұрайды;
3) егер аталған белгісіз әуе кемесін байқаса, осы аудандағы басқа әуе кемелерінен ақпарат сұратады.";
444-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"444. ӘҚҚ органы эшелондар қиылысуы мүмкін апатты төмендеу орындалғаны туралы хабар алысымен, әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мүмкін болған шараларының барлығын жүзеге асырады. ӘҚҚ органдары апатты жағдайда төмендеуді орындаған әуе кемесімен келіспеушілік туындаған басқа әуе кемелеріне бұл туралы ақпарат жібереді.
ӘҚҚ органы:
авариялық төмендетуді орындайтын әуе кемесіне аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі (AMA) және әуеайлақтың атмосфералық қысымының теңіз деңгейіне келтірілген мәні (әуеайлақ ауданына төмендеген жағдайда) немесе ұшу ауданы бойынша теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең төменгі қысым (маршрут бойынша төмендеген кезде)туралы хабарлайды;
басқа әуе кемелері орналасқан эшелондарды кесіп өту кезінде әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және әуе кемесі жанжалдасатын әуе кемелеріне авариялық төмендетудің орындалуы туралы ақпаратты береді;
авариялық төмендеу әсер етуі мүмкін ІІО-ның басқа органдарын хабардар етеді.";
447-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"447. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерүсті радиожабдықтарының толық істен шығуының салдарын азайту үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдер № 15554 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.";
471-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"471-5. Егер пилот КҰҚ бойынша ұшуды жалғастыра алмайтыны туралы баяндаса, онда ӘҚҚ диспетчері пилотқа әуе кемесі орналасқан немесе не болуы болжанатын (оның ішінде жоспарлы ақпаратты пайдалана отырып) аймақтағы ұшудың ең аз қауіпсіз абсолютті биіктігін (AMA) хабарлайды.";
488-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"488. ӘК экипажы GNSS сигналының дәлдігінің төмендеуі/жоғалуы, зоналық навигация бағыты бойынша ұшуды орындау кезінде GNSS сигналдарына радио кедергілер, зоналық навигацияның стандартты келу (ұшып шығу) бағыты туралы хабарлаған кезде ӘҚҚ органы осы ақпаратты осы аудандағы байланыстағы басқа ӘК-ге береді. Ақпарат түсінуге ыңғайлы түрде беріледі. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі шеңберінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші ӘК экипажы GNSS сигналының дәлдігінің төмендеуі/жоғалуы, аймақтық навигация бағыты бойынша ұшуды орындау кезінде GNSS сигналдарына радио кедергілер, аймақтық навигацияның стандартты келу (ұшып шығу) бағыты немесе навигациялық қателіктердің болуы (белгіленген қашықтықтан асатын маршрут осінен ауытқу) туралы хабарлаған кезде ӘҚҚ органдарынан ақпарат жинауды жүзеге асырады параметрлер).";
мынадай мазмұндағы 488-1-тармақпен толықтырылсын:
"488-1. GNSS сигналдарын басу жөніндегі арнайы аппаратураны пайдалану туралы ақпарат алған кезде ӘҚҚ органы бұл ақпаратты ӘК экипаждарына жеткізеді. GNSS спутниктік сигналдарының нақты кедергісі немесе жоғалуы кезінде ӘҚҚ органы ӘК экипажының сұрауы бойынша және/немесе әуе кемесі командирінің шешімі бойынша әуе кеңістігінің қозғалатын учаскелерінде жарияланған дәстүрлі маршруттар бойынша ӘҚҚ қамтамасыз етеді. Әуе кемесінің экипажынан аймақтық навигация маршруттары бойынша ұшуды жалғастыру және қосалқы әуеайлаққа бару туралы шешім қабылдау мүмкіндігінің жоқтығы туралы ақпарат алған кезде ӘҚҚ диспетчері радиолокациялық векторлауды қолданады және ӘК-ні қосалқы әуеайлаққа дейінгі ең қысқа маршрут бойынша радио кедергілер әсер ететін ауданнан шығарады.";
әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша алып тасталсын;
әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 451 Бұйрыққа қосымша Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Авариялық сатыларды енгізу және іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығына хабарлау
Авариялық жағдай | Алынатын ақпарат | Енгізілетін авариялық сатылар | ||
Белгісіздік сатысы (хабарлама - ALR INCERFA) | Дабыл (хабарлама - ALR ALERFA | Апат сатысы (хабарлама - ALR DETRESFA) | ||
Ұшу кезінде радиобайланыстың жоғалуы | ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдалану кезінде екіжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды | әуе кемесінің радиолокация ық белгісі бар болған жағдайда радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жібергендігі) анықталғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі | белгіленген рұқсат етілген ұшу бағытынан ауытқушылығы кезінде радиобайланыс болмаған енгізіледі | мәжбүрлі қонуды орындау кезінде және радиобайланыс болмаған кезде енгізіледі |
ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдаланбаған кезде екіжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды. | енгізілмейді | радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жібергендігі) анықталғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі | дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі | |
Әуе кемесі экипажының байланысқа шықпауы | Егер бақыланатын әуе кеңістігіне кіруге рұқсат алған әуе кемесі сұратылған уақытта байланысқа шықпаса және оның орналасқан жері белгісіз болса. | кірудің сұратылған (рұқсат етілген) уақытынан кейін 5 минут өткен соң енгізіледі | белгісіздік сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң | дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі |
Егер әуе кемесінің экипажынан бақыланатын әуе кеңістігіне шығуы туралы мәлімет түспесе немесе оның орналасқан жері белгісіз болса | шығудың есептік уақытынан кейін 5 минуттан соң енгізіледі | белгісіздік сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң | дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі | |
Әуе кемесі белгісінің жоғалуы | Егер әуе кемесінің радиолокациялық белгісі жоғалса, радио байланыс болмаса, ал әуе кемесінің орналасқан жері белгісіз болса | енгізілмейді | осы уақыт ішінде әуе кемесімен радиобайланыс орнатудың сәті түспесе, әуе кемесінің радиолокациялық белгісі жоғалғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі | дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі |
Әуе кемесінің әуе айлаққа, тікұшақ айлағына немесе қону алаңына келмеуі | Бақыланбайтын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлаққа (қону алаңына) әуе кемесі келмеуі туралы ақпарат түскен кезде | енгізілмейді | ақпарат кейін 5 соң енгізіледі | дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі |
Бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақта (қону жолағында) қонуды орындайтын әуе кемесінің экипажы қонуды орындағандығы туралы ӘҚҚ органына хабарламады, радиобайланыс жоқ және орналасқан жері белгісіз | енгізілмейді | келудің уақыты 20 минуттан соң | дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі | |
Әуе кемесінің экипажы бақыланатын әуеайлакка (қону алаңына) қонуға рұқсат алды және қонбады, әуе кемесінің орналасқан жері белгісіз, ал осы әуе кемесімен радиобайланыс жоқ | енгізілмейді | әуежайдың (әуеайлақтың) авариялық-құтқару командасына қосымша хабар берумен рұқсат бергеннен кейін 5 минуттан соң | АЖ туралы сенімді ақпаратты алған кезде немесе дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі | |
Әуе кемесінің бортындағы өрт, жүмыс істемеуі, бүзылуы | Егер экипаж мэжбүрлі қону туралы мэлімет бермесе немесе мәжбүрлі қону ықтималдығы анықталмаса, жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зілзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің коды) немесе эуе кемесінің пайдалану жай-күйі нашарлағандығын көрсететін ақпарат алынды | енгізілмейді | ақпарат алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі | іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған кезде енгізіледі |
Жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зілзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің коды) жэне/немесе эуе кемесінің жай-күйінің нашарлығы жақын арадағы әуеайлаққа мэжбүрлі қонуды орындагандығынан көрсетілетін ақпарат алынды | енгізілмейді | ақпарат алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі | іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған кезде енгізіледі | |
Әуе айлақтан тыс мәжбүрлі қону | Ақпарат алынды немесе эуе кемесі мэжбүрлі қонуды орындағалы жатканы немесе орындағаны жэне іздестіру-құтқару операциясы орындау қажет етілетін негізді сенімділіктің бар болуы | енгізілмейді | енгізілмейді | ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі |
Заңсыз араласы актілері | Әуе кемесі заңсыз араласу объектісі болғандығы белгілі немесе болжамдалады (Әуе кемесінің экипажынан баяндау алынды, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің кодын көрсету, басқа сенімді көздерден мәліметтерің келуі) | енгізілмейді | ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі | мәжбүрлі қонуды орындаған және іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған жағдайда енгізіледі |
Әуе кемесінің бортындағы жарылғыш құрылғы | Әуе кемесінің бортындағы жарылғыш құрылғы туралы ақпарат алынды | енгізілмейді | ақпарат алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі | мәжбүрлі қонуды орындаған және іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған жағдайда енгізіледі |
Отынның ең аз қалуы | Әуе кемесінің бортындағы жанармай қоры ұшудың қауіпсіз аяқталуына кепілдік бермейтіндігі туралы әуе кемесі экипажынан хабарлама келді немесе басқа да көздерден белгілі болды | енгізілмейді | енгізілмейді | ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі |