ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.04.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және 10-1-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
| 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 22 бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына 1-қосымша |
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына және 10-1-бабына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты (бұдан әрі – хабар) беру тәртібін белгілейді.
2-тарау. Субъектілердің хабарлар беру тәртібі
2. Уәкілетті орган мен субъектілер арасындағы өзара іс-қимыл осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және жеке кабинет немесе "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамының телекоммуникациялар желілері арқылы жүзеге асырылады.
3. Құжаттамалы тіркелген хабарлар жеке кабинетте орналастырылған ҚМ-1 нысаны бойынша электрондық тәсiлмен беріледі және субъектінің (ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады.
Субъект осы Қағидаларда көзделмеген тәсілмен хабар берген кезде, мұндай хабарды уәкілетті орган қарамайды.
4. ҚМ-1 нысаны 4 (төрт) бөлімнен тұрады:
1) ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер;
2) ҚМ-1 нысанын толтырған субъекті туралы мәліметтер;
3) қаржы мониторингіне жататын операция немесе күдікті қызмет туралы ақпарат;
4) операцияға қатысушылар туралы мәліметтер.
5. ҚМ-1 нысанын толтыру кезінде мынадай анықтамалық мәліметтер пайдаланылады:
1) субъектілер түрлерінің кодтарының анықтамалығы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттар кодтарының анықтамалығы;
3) қаржы мониторингіне жататын операциялар түрлерінің кодтарының анықтамалығы;
4) ақша және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар мен қатысушылардың санаттары кодтарының анықтамалығы.
Клиенттердің операцияларын зерделеу үшін субъект пайдалана алатын күдікті операцияның, клиенттің қызметін белгілеріне сипаттамалар жеке кабинетте орналастырады.
6. Субъектіден хабар алған жағдайда уәкілетті органмен 4 (төрт) сағат ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес электрондық тәсiлмен хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жіберіледі.
Хабарды қабылдамау туралы хабарлама алған жағдайда, субъект 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) бас тарту себептерін жою бойынша шаралар қабылдайды және түзетілген хабарды уәкілетті органға жолдайды.
Бұрын қабылданған хабарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде, субъект ауыстырылуға жататын мәліметтер мен ақпарат анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға бұрын бергеннің орнына хабар береді.
7. Уәкілетті орган хабарды алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операцияны жүргізуге рұқсат беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша субъектіге электрондық тәсілмен жеткізеді.
8. Заңның 10-бабының 2-тармағында, 10-1-бабында және 13-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімдер уәкілетті органмен расталған бағдарламалық қамтылыммен немесе байланыс арналарының техникалық қателіктері салдарынан бұзылған жағдайда егер осындай хабар техникалық қателіктер жойылғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей берілген болса, осы хабар белгіленген мерзімде берілген деп саналады.
3-тарау. Сұрау салу бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру тәртібі
9. Уәкілетті орган Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде субъектіге осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық тәсiлмен қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.
10. Субъект сұратылатын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабының 3-1-тармағында көзделген мерзімдерде осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшада белгіленген нысандар бойынша электрондық тәсiлмен жолдайды.
Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда, субъект мерзімді 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішті уәкілетті органға келісуге жолдайды.
Күдікті операцияны және (немесе) қызметті талдаумен байланысты сұрау салуды өңдеу үшін ақша аударымдары жүйесінің операторынан мәліметтер мен ақпарат алу талап етілген жағдайларда, Заңның 10-бабының 3-2-тармағына сәйкес субъект уәкілетті органға сұрау салу мерзімін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтініш жолдайды.
Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға арналған сұрау салу мерзімін ұзарту туралы өтініш нысаны осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген.
11. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде ұсынылатын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқығы жоқ.
| Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 1-қосымша |
Хабарды қабылдау немесе қабылдамау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА)
______________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
"__"__________ №_______ ҚМ-1 нысаны бойынша хабарды
____________________________________________________ туралы хабарлайды.
(қабылданғаны/қабылданбағаны)
Қабылдамау себебі (ҚМ-1 нысаны қабылданбаған жағдайда ғана көрсетіледі)
____________________________________________________________________.
Осыған байланысты ________________________________________қажет:
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
1. ҚМА-ға бұрмаланған немесе толық емес көлемде берген хабарды жолдау себептерін жою;
2. Осы хабарлама алған күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ҚМА клиенттің қаржы мониторингіне жататын операциясы немесе күдікті қызметі туралы қабылданбаған хабарды түзету, оны Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына сәйкес қайтадан беру керек.
___________________________________ ______________________________
(ҚМА уәкілетті тұлғаның (қолы)
Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Хабарды қабылдау немесе қабылдамау күні мен уақыты:
_______________________________
| Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 2-қосымша |
_______________________
_______________________
_______________________
Қаржы мониторингі
субъектісінің атауы
Күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігінің жоқтығы туралы №_________ хабарлама
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес 20__ жылғы "__"________№ ___ хабар бойынша күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігінің жоқтығы туралы шешім қабылдады.
Негіздеме: ҚМА 20__ жылғы "___" __________ № _______ бұйрығы.
_____________________ _______________
(ҚМА уәкілетті тұлғаның (қолы)
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
"__"__________20__ж.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы №__________ хабарлама
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес 20__ жылғы "__"__________ №_______ күдікті операцияны 20__ж. "__"__________сағат __:__ бастап 20__ж. "__"__________сағат __:__ дейін тоқтата тұрудың қажеттілігі туралы шешім қабылдады.
Негіздеме: ҚМА "__"__________20__ жылғы №_____ бұйрығы.
________________________ _________________
(ҚМА құрылымдық бөлімшесі (қолы)
басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
"__"__________20__ ж.
| Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 4-қосымша |
Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға арналған сұрау салу
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі клиенттердің операциялары және клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы/ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақша аударымдары/цифрлық активтер бойынша мынадай ақпаратты, мәліметтер* мен құжаттарды беруі сұрайды:
1. ________________;
2. ________________.
_______________________ ____________
ҚМА уәкілетті тұлғаның (қолы)
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Байланыс телефоны: ___________________________________.
Сұрау салуды жолдау күні мен уақыты: ___________________________.
*клиенттің банк шоты бойынша үзінді/цифрлық активтер бойынша мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес беріледі.
| Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 5-қосымша |
Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге арналған сұрау салу бойынша мерзімін ұзарту туралы өтініш
_________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі арналған ___________ № _______
сұрау салуды _________ жұмыс күніне дейін ұзарту туралы өтінішпен жүгінеді. ____________________________________________________________________
(мерзімді ұзарту негіздемесі)
________________________ _______________
(ҚМС жауапты адамның (қолы)
ТАӘ (бар болса)
| Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 6-қосымша |
Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге арналған сұрау салуға жауап
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарына сәйкес ____________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
20__ жылғы "__"__________ №_____ сұрау салуға мынадай ақпаратты, мәліметтер* мен құжаттарды жолдайды:
1. ____________________________________________;
2. ____________________________________________.
Қосымша ____ парақта.
_____________________ _______________
ҚМС жауапты тұлғаның (қолы)
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Байланыс телефоны: _______________________________.
Жауапты жолдау күні мен уақыты: _____________________.
*клиенттің банк шоты бойынша үзінді/цифрлық активтер бойынша мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес беріледі.
| Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 7-қосымша |
ҚМА сұрау салуы шеңберінде субъектілер ұсынатын мәліметтер
Операцияның күні мен уақыты | Операция валютасы | Операция түрлері (құжат санаты) | ААЖ атауы (болған жағдайда) | Оны өткізудегі валютадағы сомасы | Теңгедегі сомасы | Атауы/Төлеушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Төлеушінің ЖСН/БСН | Төлеушінің резиденттігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Төлеушінің банкі | Төлеушінің шот нөмірі | Атауы/Төлеушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Алушының ЖСН/БСН | Алушының резиденттігі | Алушының банкі | Алушының шот нөмірі | Төлемді тағайындау коды | Төлемнің мақсаты |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
ААЖ – ақша аударымдары жүйесі
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
ҚМА цифрлық активтер бойынша (жеке тұлғалар бойынша) сұрау салу шеңберінде субъектілер беретін мәліметтер
1. Клиент туралы мәліметтер:
1.1. Тіркеу кезіндегі фото;
1.2. Тіркеу кезінде ұсынылған құжаттың деректері және (немесе) құжаттың фотосуреті;
1.3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (немесе резиденттік еліндегі сәйкестендіру нөмірі);
1.4. Тіркеу күні, уақыты;
1.5. Ұялы телефон нөмірі;
1.6. Электрондық пошта мекенжайы;
1.7. Тұрғылықты мекенжайы;
1.8. Резиденттік;
1.9. Банк деректемелері;
1.10. Шарттар мен ережелерге қол қойылған күні;
1.11. Пайдаланылатын IP-мекенжайлары;
1.12. Аккаунтқа кіру жүзеге асырылатын құрылғы;
1.13. Аккаунт нөмірі;
1.14. Клиентке берілген тәуекел деңгейі.
2. Транзакциялар туралы мәліметтер:
2.1. Платформаның қолжетімді өнімдері және (немесе) қызметтері бойынша ағымдағы шоттардың баланстары туралы ақпарат (Spot, Futures, Earn, Fiat, Margin, Pool, NFT, DeFi Staking, Swap-фарминг және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жаңа өнімдер және (немесе) қызметтер);
2.2. Ағымдағы активтер мен әмияндар, тапсырыс тарихы, депозит тарихы, фиат қаражаты депозитінің тарихы, қаражаттарды шығару тарихы, фиат қаражатын шығару тарихы, Р2Р, қолжетімділік журналдары (аccess logs), OTC, қаржыландыруға арналған әмиян, transfer records, transaction log;
2.3. Байланыстырылған банк карталары туралы мәліметтер;
2.4. Белгіленген аккаунттар бойынша барлық мәмілелерді жүргізудің нақты күндері мен уақыты (бүкіл жүзеге асыру кезеңінде), қолма-қол ақшасыз нысанда ақша қаражатын енгізу және шығару құралдары (шоттардың, төлем карталарының нөмірлері және өзге де деректемелер), IP-мекенжайлары, геолокациялар, платформада белгіленген аккаунттарды пайдалану туралы өзге де мәліметтер;
2.5. Майнинг бойынша мәліметтер (өндірілген/алынған активтердің саны және атауы, операцияның күні мен уақыты, майнингтік пулдың атауы, цифрлық активтер әмияндарының нөмірлері).
ҚМА цифрлық активтер бойынша (заңды тұлғалар бойынша) сұрау салуы шеңберінде субъектілер беретін мәліметтер
1. Клиент туралы мәліметтер:
1.1. Компанияның толық атауы;
1.2. Заңды мекенжайы;
1.3. Нақты мекенжайы;
1.4. Тіркелген елі;
1.5. Ұйымдық-құқықтық нысаны;
1.6. Тіркелген күні мен орны;
1.7. Тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
1.8. Бенефициарлық меншік иелерінің, құрылтайшылардың немесе акционерлердің тізімі;
1.9. Клиенттің сәйкестендіру деректері (немесе резиденттік еліндегі бизнес сәйкестендіру нөмірі);
1.10. Банк деректемелері;
1.11. Қаржылық есептілік, бар болса;
1.12. Клиент ретінде тіркелу уақыты мен күні;
1.13. Клиентке берілген тәуекел деңгейі.
2. Басшылар мен уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер:
2.1. Тегі, аты, жөні;
2.2. Лауазымы;
2.3. Тіркеу кезінде ұсынылған құжаттың деректері және (немесе) құжаттың фотосуреті;
2.4. Ұялы телефон нөмірі;
2.5. Электрондық пошта мекенжайы;
2.6. Тұрғылықты мекенжайы;
2.7. Резиденттік.
3. Қызметі бойынша мәліметтер:
3.1. Шарттар мен ережелерге қол қойылған күні;
3.2. Пайдаланылатын IP-мекенжайлары;
3.3. Аккаунтқа кіру жүзеге асырылатын құрылғы.
4. Транзакциялар туралы мәліметтер:
4.1. Платформаның қолжетімді өнімдері және (немесе) қызметтері бойынша ағымдағы шоттардың баланстары туралы ақпарат (Spot, Futures, Earn, Fiat, Margin, Pool, NFT, DeFi Staking, Swap-фарминг және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жаңа өнімдер және (немесе) қызметтер);
4.2. Ағымдағы активтер мен әмияндар, тапсырыс тарихы, депозит тарихы, фиат қаражатының депозитінің тарихы, қаражаттарды шығару тарихы, фиат қаражатын шығару тарихы, Р2Р, қолжетімділік журналдары (аccess logs), OTC, қаржыландыруға арналған әмиян, transfer records, transaction log;
4.3. Байланыстырылған банк карталары туралы мәліметтер;
4.4. Белгіленген аккаунттар бойынша барлық мәмілелерді жүргізудің нақты күндері мен уақыты (бүкіл жүзеге асыру кезеңінде), қолма-қол ақшасыз нысанда ақша қаражатын енгізу және шығару құралдары (шоттардың, төлем карталарының нөмірлері және өзге де деректемелер), IP-мекенжайлары, геолокациялар, платформада белгіленген аккаунттарды пайдалану туралы өзге де мәліметтер;
4.5. Майнинг бойынша мәліметтер (өндірілген/алынған активтердің саны мен атауы, операцияның күні мен уақыты, майнинг пулының атауы, әмияндар, логиндер және басқа да мәліметтер).
| 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 22 бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына |
|
| 2-қосымша |
Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілері
Кодтың № | Белгілері |
11 | Жеке тұлғалардың табыстарына немесе әлеуметтік жағдайына сәйкес келмейтін төлемдері және (немесе) ақша аударымдары |
12 | Активтердің жалған тұлғалардың атына ресімделуі |
13 | Заңды тұлғаларды және (немесе) жеке кәсіпкерлерді жалған немесе қулықпен мәмілелер жасау арқылы пайдалану |
14 | Заңды тұлғада және (немесе) жеке кәсіпкерде кірістер шамалас, шаруашылық қызметі болмаған кезде үлкен айналымдардың болуы |
15 | Бенефициарлық меншік иелерін анықтау қиын заңды тұлғаларды пайдалану (оффшорлар, трасттар, көпсатылы пирамидалық құрылым) |
16 | Заңсыз қызметпен байланысты цифрлық активтермен, оның ішінде криптобиржалар мен крипто айырбастаушылардың қатысуымен, сондай-ақ цифрлық активтер әмияндарымен жасалатын операциялар |
17 | Қолма-қол ақшамен операциялар жасау (шотқа салу, қолма-қол ақшаға айналдыру, банкоматтан, әсіресе шетелде жиі және ірі ақша шешу), сондай-ақ оларды курьерлердің көмегімен трансшекаралық өткізу |
18 | Экономикалық пайдасы жоқ сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша төлемдер және ақша аударымдары |
19 | Трансшекаралық, әсіресе тәуекелі жоғары юрисдикциялар (ел немесе аймақ) арқылы операциялар, сондай-ақ бейресми жүйелер арқылы аударымдар |
20 | Бағалы қағаздармен, биржалық мәмілелермен күдікті операциялар және өзге қаржы құралдарын пайдалану |
21 | Ойын мекемелеріндегі мөлшерлемелерді қоса алғанда, ақшаның заңсыз шығу тегін жасыру және оларды шығару, қарыздың, лизингтің және сақтандырудың жалған мәмілелерін жасау, зейнетақы аударымдары |
22 | Ұлттық тәуекелдерді бағалауға сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне түсетін валюталық операциялар, оның ішінде елден ақшаны шығаруға, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталған операциялар, сондай-ақ айқын экономикалық мәні жоқ немесе оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге де мүлік қылмыстық қызметтен алынған табыс болып табылатыны туралы күдік туындайтын немесе операцияның өзі қылмыстық қызметке бағытталған |
23 | Қаржы құралдарын пайдалану арқылы коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдарының қаражатты жинауы, ауыстыруы және пайдалануы |
24 | Қаржы құралдарын пайдаланумен ақша салу, оның ішінде қаржы мониторингі шеңберінде белгіленген шекті мәннен төмен жүйелі операциялар, салымдарды (депозиттерді) әдеттен тыс толықтыру және шешу |
25 | Қолма-қол есеп айырысу немесе бірыңғай төлем арқылы мүлік, оның ішінде қымбат активтер мен сән-салтанат заттарын сатып алу |
26 | Жеткілікті кірісі жоқ немесе шамалы айналымы бар заңды бизнесті инвестициялау |
27 | Өзге де ерекше, оның ішінде түсініксіз шығу тегі бар мүлікпен жасалатын операциялар, клиенттің, оның ішінде кәсіби жылыстатушылардың қатысуымен қаржылық мониторинг шеңберінде күдік туғызатын қызметі, ақшаны немесе өзге мүлікті тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi компаниялардың қызметі және басқалар |