БҰЙЫРАМЫН:
1. "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 35390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) алфавиттік тәртіпке сәйкес байланыс ақпараты көрсетілген (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), толық тұратын мекенжайын (облыс, қала (аудан), ауыл, көше, үй, пәтер), мобильдік телефон нөмірін) және өткізілген спутниктік қабылдау құрылғылары туралы деректерін (сериялық нөмірлері, моделі және сату күні), сатып алушылардың тізімін;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) абоненттердің тегі бойынша алфавиттік тәртіппен орналасқан сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) абоненттердің қолма-қол ақшаны пайдаланбай төлегенін қоспағанда, сатып алынған спутниктік қабылдау құрылғылары үшін абоненттердің төлегенін растайтын түбіртектің түпнұсқалары (қолма-қол ақшасыз төлемдер);";
11) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғарыда айтылған құжаттар тігіледі, нөмірленеді, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы басшысының немесе оны алмастыратын адамның, немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілдің мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторының есепті кезеңде өткізілген спутниктік қабылдау құрылғыларын абоненттер бастапқы қосу үшін сатып алғаны және бұрын орнатылған, жарамды жабдықты ауыстыруға арналмағаны туралы еркін нысандағы өтініші.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комиссия толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды және мынадай:
1) осы Қағидаларға сәйкес келген кезде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау туралы;
2) осы Қағидаларға сәйкес келмеген кезде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялаудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия шешімінің негізінде, шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы арасында шарт жасалады.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі