"Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 90 - н/қ және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда № 37686 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылым және инновациялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін
атқарушысы
__________Д. Щеглова
 

Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасының
міндетін атқарушы
__________А. Махамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін
атқарушысы
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 577 мен
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 90 - н/қ
Бірлескен бұйрығымен бекітілген

Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркеліп-белгіленген жаңа білім немесе шешімдер, сондай-ақ өндіріске ендірілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялар, жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      3) ғылыми-зерттеу жұмысы – қолда бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жалпылау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

      4) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістер мен құралдармен жүзеге асыратын іргелі, қолданбалы, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      5) ғылыми қызмет – зерттелетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау және алған білімдерін практикада пайдалану мақсатында қоршаған шындықты зерделеуге бағытталған қызмет;

      6) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника және өндіріс салаларында жаңа білім алуға және оны қолдануға, нәтижелерді коммерцияландыруды және осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      7) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы заңнамасында пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы екінші жылдан бастап өндірудің барлық кезеңі ішінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жыл сайынғы аударымдарды өткен жылдың қорытындылары бойынша өндіруге жұмсалған шығындардың бір пайызы мөлшерінде жүзеге асырады.

      4. Егер жүргізілген аударымдардың сомасы өткен жылдың қорытындылары бойынша өндіруге жұмсалған шығындардың бір пайызынан асқан жағдайда, оның бір бөлігінен асатын бөлігі келесі жылы көрсетілген аударымдарды жүзеге асыру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындау есебіне есептеледі.

      5. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға аударымдар міндеттемелерін есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының өткен жылдың қорытындылары бойынша шеккен өндіру шығындарын айқындау Кодекстің 180-бабына сәйкес бекітетін тәртіппен жер қойнауын пайдаланушылар өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есептің деректері негізінде жүзеге асырылады

2 тарау. Уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі

      6. Жер қойнауын пайдаланушының өткен жылы уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаражатын аударуы өткен жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы уран өндіру кезеңінде шеккен өндіру шығындарының 1% мөлшерінде республикалық бюджетке жүзеге асырылады.

      Алдыңғы жылы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға ақша қаражатын аудару есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      7. Осы Қағиданың мақсаттары үшін Кодекстің 178-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке іс жүзінде жүзеге асырған ақшалай аударымдары танылады. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен тікелей шарттық қатынастарын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дербес орындауын қоса алғанда, қаржыландырудың өзге де нысандары Кодекстің 178-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген міндеттемелердің осы белгіленген тәртіппен Қағидамен тиісінше орындалуы деп танылмайды.

      8. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 59) тармақшасында көзделген тәртіппен ресімделген бюджетке аударымдар міндеттемелерінің барлық сомасының аударылғанын растайтын төлем тапсырмасы болып табылады.

      9. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құрылатын уәкілетті органның Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттарының тізбесін қалыптастырады, сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмалардың жобаларын қарайды және келіседі.

      10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген Ғылыми-техникалық тапсырмаларды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 45-тармағына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органға жібереді (бұдан әрі – Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары).

      11. Жер қойнауын пайдаланушылардан түскен ақшалай қаражат Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 4-тарауында көзделген тәртіппен уәкілетті органның ҒТК келіскен ғылыми-техникалық тапсырмалар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыруға пайдалануға жатады.

"Об утверждении Правил финансирования научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана по итогам предыдущего года"

Совместный приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии от 18 декабря 2025 года № 90 - н/қ и и.о. Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 19 декабря 2025 года № 577. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2025 года № 37686

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" и подпунктом 41) пункта 15 Положения об Агентстве Республики Казахстан по атомной энергии, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 28 апреля 2025 года № 861, ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила финансирования научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана по итогам предыдущего года.
      2. Департаменту науки и инноваций Агентства Республики Казахстан по атомной энергии в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего совместного приказа на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по атомной энергии после его официального опубликования.
      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Агентства Республики Казахстан по атомной энергии сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего заместителя председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии.
      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
министра науки и высшего
образования Республики Казахстан
__________ Д. Щеглова
      Исполняющий обязанности
Председателя Агентства
Республики Казахстан по
атомной энергии
__________ А. Махамбетов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены
совместным приказом
Исполняющий обязанности
министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от 19 декабря 2025 года № 577 и
Исполняющий обязанности
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по атомной энергии
от 18 декабря 2025 года № 90 - н/қ

Правила финансирования научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана по итогам предыдущего года

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила финансирования научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана по итогам предыдущего года (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и подпунктом 41) пункта 15 Положения об Агентстве Республики Казахстан по атомной энергии, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 28 апреля 2025 года № 861, и определяют порядок финансирования научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана по итогам предыдущего года.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) результат научной и (или) научно-технической деятельности – новые знания или решения, полученные надлежащими научными методами и средствами в ходе осуществления научной и (или) научно-технической деятельности и зафиксированные на любом информационном носителе, а также внедренные в производство научные разработки и технологии, модели, макеты, образцы новых изделий, материалов и веществ;
      2) субъекты научной и (или) научно-технической деятельности – физические и юридические лица, осуществляющие научную и (или) научно-техническую деятельность;
      3) научно-исследовательская работа – работа, связанная с научным поиском, проведением исследований, экспериментов в целях расширения имеющихся и получения новых знаний, проверки научных гипотез, установления закономерностей развития природы и общества, научного обобщения, научного обоснования проектов;
      4) научные исследования – прикладные, фундаментальные, стратегические научные исследования, осуществляемые субъектами научной и (или) научно-технической деятельности в рамках научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ надлежащими научными методами и средствами в целях достижения результатов научной и (или) научно-технической деятельности;
      5) научная деятельность – деятельность, направленная на изучение окружающей действительности с целью выявления свойств, особенностей и закономерностей, присущих изучаемым объектам, явлениям (процессам), и использование полученных знаний на практике;
      6) научно-техническая деятельность – деятельность, направленная на получение и применение новых знаний в областях науки, техники и производства для решения технологических, конструкторских, экономических, социально-политических и иных задач, обеспечение функционирования науки, технологии и производства как единой системы, включая коммерциализацию результатов и разработку нормативно-технической документации, необходимой для проведения этих исследований;
      7) уполномоченный орган в области науки – государственный орган, осуществляющий межотраслевую координацию и руководство в области науки и научно-технической деятельности;
      8) опытно-конструкторские работы - комплекс работ, выполняемых при создании или модернизации продукции, разработке конструкторской и технологической документации на опытные образцы, изготовлении и испытании опытных образцов и полезных моделей.
      Иные понятия, применяемые в настоящих Правилах, соответствуют понятиям, используемым в законодательстве Республики Казахстан в области науки.
      3. Недропользователь осуществляет ежегодные отчисления на научно-исследовательские, научно-технические и (или) опытно-конструкторские работы в течение всего периода добычи, начиная со второго года, в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных по итогам предыдущего года.
      4. В случае если сумма произведенных отчислений превышает один процент от затрат на добычу, понесенных по итогам предыдущего года, превышающая часть засчитывается в счет исполнения обязательств недропользователя по осуществлению указанных отчислений в следующем году.
      5. Определение затрат на добычу, понесенных недропользователем по итогам предыдущего года, с целью расчета обязательств отчислений на финансирование научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ осуществляется на основании данных отчета об исполнении контрактных условий для недропользователя в области добычи урана, предоставляемых недропользователями в уполномоченный орган в области добычи урана (далее – уполномоченный орган) в порядке, утверждаемом им согласно статье 180 Кодекса.

Глава 2. Порядок финансирования научных исследований недропользователями в период добычи урана

      6. Перечисление средств недропользователем на научно-исследовательские, научно-технические и (или) опытно-конструкторские работы в размере 1% от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана в предыдущем году осуществляется в республиканский бюджет в размере 1% от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи урана по итогам предыдущего года.
      Перечисление денежных средств на финансирование научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ в размере 1% от затрат на добычу, понесенных недропользователями в предыдущем году осуществляется не позднее 31 марта года, следующего за отчетным периодом.
      7. Для целей настоящих Правил исполнением обязательств по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ, предусмотренных подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 Кодекса, признаются фактически осуществленные денежные перечисления недропользователем в республиканский бюджет согласно Бюджетному кодексу Республики Казахстан. Иные формы финансирования, включая прямые договорные отношения недропользователя с субъектами научной и (или) научно-технической деятельности, а также самостоятельное выполнение недропользователем научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ не признаются надлежащим исполнением предусмотренных подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 Кодекса обязательств в порядке, определенном настоящими Правилами.
      8. Документом, подтверждающим исполнение обязательств недропользователя по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ является платежное поручение, подтверждающее перечисление всей суммы обязательства отчислений в бюджет, оформленное в порядке, предусмотренном подпунктом 59) статьи 1 Закона Республики Казахстан "О платежах и платежных системах".
      9. Научно-технический совет (далее – НТС) уполномоченного органа, создаваемый в соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", формирует перечень приоритетных и специализированных направлений программно-целевого финансирования, а также рассматривает и согласовывает проекты научно-технических заданий в рамках программно-целевого финансирования.
      10. Уполномоченным органом, указанные в пункте 9 настоящих Правил научно-технические задания направляются в уполномоченный орган в области науки в соответствии с пунктом 45 Правил базового и программно-целевого финансирования научной и (или) научно-технической деятельности, грантового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности и коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 6 ноября 2023 года № 563 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33613) (далее – Правила программно-целевого финансирования).
      11. Поступившие от недропользователей денежные средства подлежат использованию на финансирование субъектов научной и (или) научно-технической деятельности в рамках научно-технических заданий, согласованных НТС уполномоченного органа, в порядке, предусмотренном главой 4 Правил программно-целевого финансирования.