Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) ақша ұсақтау (айырбастау) кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, бір номиналдағы ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға айырбастап беруге арналған кабина (үй-жай);
3) артық шығу – ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының орауында көрсетілген ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының сомасы және осы ораудағы нақты банкноттар, монеталар сомасының арасындағы артық шыққан айырма;
4) банкноттар салынған толық будалар – әрқайсысында бір номиналдағы 100 (бір жүз) парақ банкнот бар 10 (он) толық бумалардан оралған 1000 (бір мың) банкнот;
5) банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын банкноттары мен монеталары, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, оның ішінде тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар;
6) ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жай – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында кіріс, шығыс, шығыс-кіріс кассасының қасында арнайы жабдықталған, уәкілетті өкілдің ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын және монеталарын қайта санауына арналған орын;
7) бокс – ұлттық валютаның әр түрлі номиналдардағы және тозу дәрежесіндегі сұрыпталмаған банкноттарын сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы қайтарылатын ыдыс;
8) дайындаушы ұйым – банкноттар мен монеталарды дайындауды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
9) жауапты бөлімше – Ұлттық Банктің орталық аппаратының Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
10) заңды тұлға – Ұлттық почта операторы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, екінші деңгейдегі банктер, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар), Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары, таратылатын банктер;
11) инкассация бөлімшесі – Ұлттық Банк Орталығының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау шарты негізінде Ұлттық Банктің филиалдары, сондай-ақ Ұлттық Банктің Орталығы және заңды тұлғалар арасында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
12) касса модулі – Ұлттық Банктің автоматтандырылған банктік ақпарат жүйесінің эмиссиялық-кассалық операцияларының модулі;
13) кассалық құжаттар – резервтік қорлардың және айналым кассасының банкноттарымен және монеталарымен және қоймада (сақтау орнында) сақтаудағы құндылықтармен операциялар жасалғандығын растайтын құжаттар;
14) кем шығу – ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының орауында көрсетілген ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының сомасы және осы ораудағы нақты сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
15) кешкi касса – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, операциялық күн аяқталғаннан кейiн және (немесе) демалыс және мереке күндері ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қабылдауға арналған кабина (үй-жай);
16) күмәнді банкноттар мен монеталар – Ұлттық Банк белгілеген банкноттар мөлшерінің 50 (елу) пайыздан астамын сақтаған, банкноттардың түпнұсқалығын айқындауды қиындататын бүлінулері бар ұлттық валюта банкноттары, сондай-ақ монеталарының түпнұсқалығын айқындауды қиындататын бүлінулері, бұрмалануы бар ұлттық валюта монеталары;
17) кiрiс кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қабылдауға арналған кабина (үй-жай);
18) кiрiс-шығыс кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қабылдауға және беруге арналған кабина (үй-жай);
19) қайта есептеу кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкерлерінің ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта есептеуіне арналған үй-жай;
20) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – қорғалған байланыс арнасы бойынша ақпаратты электронды түрде жіберуге арналған арнайы байланыс арнасы;
21) қосалқы есепке алуға жауапты бөлімше – Ұлттық Банктің орталық аппаратының Ұлттық Банктің операциялары бойынша қосалқы есепке алуды жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
22) мәміле паспорты (трейд-тикет) – мәміле жасалғанын растайтын құжат, онда мәміле көлемі, шетел валютасының атауы не ISO бойынша әріптік коды, бағасы және (немесе) комиссиялық сыйақысы, валюталау күні, жеткізу күні, мәміле күні, жеткізу орны, номиналы, шетел валютасын не Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын есепке алуға арналған тараптардың банктік деректемелері, контрәріптес – қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша Ұлттық Банкпен жасалатын мәмілеге қатысушының атауы көрсетілген мәміленің жасалуын растайтын құжат;
23) мемлекеттік мекеме – Ұлттық Банкте қызмет көрсетілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері;
24) монеталардың толық қапшығы – салынған сомасы Қағидалардың 89-тармағында көзделген мөлшердегі номинал бойынша белгіленген, бір номиналдағы монеталар оралып салынған қапшық;
25) монетарлық операцияларды жүзеге асыруға жауапты бөлімше – Ұлттық Банктің орталық аппаратының монетарлық операцияларды жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
26) саше-пакеттер – белгiленген мөлшерде ұлттық валюта монеталары бар және тасымалдау пакетiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын орау бiрлiгi;
27) тасымалдау пакеті – ұлттық валюта монеталарын сақтауға, тасымалдауға, қабылдауға және беруге арналған, құрамында саше-пакеттері бар орау бірлігі;
28) уәкілетті өкіл – заңды тұлғаның не мемлекеттік мекеменің ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын жарналауға (тапсыруға) және (немесе) алуға уәкілетті өкілі;
29) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
30) шетел валютасы – тиісті шет мемлекетте немесе мемлекеттер тобында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталар, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айырбасталуға жататын ақша белгілері;
31) шығыс кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын беруге арналған кабина (үй-жай).";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кіріс кассасының касса қызметкері заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден:
1) номиналдары, шығарылған жылдары мен тозу дәрежесі бойынша сұрыпталған (айналысқа жарамды, тозған, айналыстан алынатын және алынған) банкноттарды, толық будадағы не әр түрлі номиналдағы және тозу дәрежесіндегі, сұрыпталмаған, бокстарға салынған банкноттарды (бұдан әрі – бокстардағы банкноттар);
2) номиналдары, тозу дәрежесі бойынша сұрыпталған (айналысқа жарамды, ақаулы (бүлінген), айналыстан алынатын және алынған), толық қапшықтардағы немесе тасымалдау пакеттеріндегі монеталарды қабылдайды.
Бокстардағы банкноттар, банкноттар салынып, сұрыпталған толық будалар, сондай-ақ монеталар салынған қапшықтар мен тасымалдау пакеттері жасалған күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қабылданады.
Заңды тұлғадан (Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарын және таратылатын банктерді қоспағанда), мемлекеттік мекемеден банкноттар салынған толық емес будалар, монеталар салынған толық емес қапшықтар немесе тасымалдау пакеттері тоқсанына 1 (бір) реттен артық емес қабылданады.
Банкноттар салынған толық емес будалар бумалардың саны және қыстырма қағаздардағы жазбалар бойынша қабылданады, монеталар салынған толық емес қапшықтар немесе тасымалдау пакеттері қапшықтарға немесе тасымалдау пакеттеріне бекітілген жапсырмалардағы (затбелгілердегі) жазбалар бойынша қабылданады. Банкноттарды жекелеген парақпен, ал монеталарды бір-бірлеп қабылдау кезінде оларды парақтап және даналап қайта санау жүргізіледі.
13. Кіріс кассасының касса қызметкері заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден банкноттар мен монеталарды қабылдау кезінде:
1) будалар мен бумалар бойынша банкноттарды ораудың тұтастығына, буданың жоғары қыстырма қағазындағы деректемелердің дұрыс ресімделуін, пломбадағы клише бедерінің немесе пломбиратор бедерінің анық болуын (жақсы көрінуін);
2) бокстардағы банкноттарды ораудың тұтастығына, бокстарға бекітілген жапсырмалардағы (затбелгілердегі) деректемелердің дұрыс ресімделуін, пломбадағы пломбиратор бедерінің немесе пластик пломбалардағы нөмірлердің анық болуын (жақсы көрінуін);
3) монеталар салынған қапшықтарды ораудың тұтастығына, қапшықтарға бекітілген жапсырмалардағы деректемелердің дұрыс ресімделуін және пломбадағы пломбиратор бедерінің анық болуын (жақсы көрінуін);
4) монеталар салынған тасымалдау пакеттерін ораудың тұтастығына, затбелгідегі деректемелердің дұрыс ресімделуін, клише бедерінің анық болуын (жақсы көрінуін) тексереді.
Заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің касса қызметкерлері банкноттар салынған будаларды, монеталар салынған қапшықтарды немесе тасымалдау пакеттерін Қағидалардың 81, 82, 83, 84, 85, 88, 89 және 89-1-тармақтарында көзделген тәртіппен орайды.
Заңды тұлғаның касса қызметкерлері банкноттарды бокстарға Қағидалардың 87-1-тармағында көзделген тәртіппен орайды.
Орауы бүлінген банкноттар салынған бокстар, будалар, монеталар салынған қапшықтар немесе тасымалдау пакеттері қабылданбауға тиіс.
14. Қайта санау кассасы заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің ораудағы банкноттарын парақтап және монеталарын бір-бірлеп қайта санауды:
1) банкноттар салынған бокстарды, банкноттардың толық будаларын және монеталар салынған толық қапшықтарды немесе тасымалдау пакеттерін қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде;
2) банкноттардың толық емес будаларын және монеталар салынған толық емес қапшықтарды немесе тасымалдау пакеттерін қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Будалар, бумалар бойынша әрбір номиналдағы банкноттарды, сондай-ақ қапшықтардағы немесе тасымалдау пакеттеріндегі монеталарды қабылдағаннан кейін кіріс кассасының касса қызметкері деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.
Бокстардағы банкноттарды қабылдау кезінде кіріс кассасының қызметкері бокстағы банкноттардың жалпы сомасының жарнаға арналған хабарландыруда көрсетілген сомамен сәйкестігін тексереді және сәйкес келген жағдайда тиісті деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.";
48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Шығыс кассасының касса қызметкері заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге:
1) банкноттардың орауы тұтас болған жағдайда, оларды парақтап қайта санамай, жапсырмадағы белгілері, бумалардың саны бойынша толық будалармен;
2) жекелеген бумалардағы банкноттарды, толық емес будалардан, сондай-ақ орауы бүлінген будалардан тұратын банкнотты парақтап қайта санай отырып;
3) қапшықтарға оралған монеталарды қапшықтарға бекітілген жапсырма қағаздардағы жазбалар бойынша, ал тасымалдау пакеттеріне оралған монеталарды тасымалдау пакеттеріне бекітілген затбелгілердегі жазбалар бойынша;
4) пакеттерге немесе құтыларға, сондай-ақ саше-пакеттерге оралған монеталарды олардағы жазбалар бойынша береді.
49. Заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге:
1) шығыс кассасының касса қызметкері банкноттарды жеке бумалармен немесе парақтармен беру кезінде банкноттар салынған будаларды ашып, барлық буданы парақтап қайта санайды;
2) шығыс кассасының касса қызметкері пакеттерге, құтыларға немесе саше-пакеттерге оралмаған монеталарды беру кезінде монеталар салынған қапшықты немесе тасымалдау пакетін ашып, қапшыққа немесе тасымалдау пакетіне салынған барлық монетаны бір-бірлеп қайта санайды.";
51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Заңды тұлға, мемлекеттік мекеме алған банкноттар мен монеталарды оның уәкілетті өкілі кассадан кетпей тұрып, банкноттар мен монеталарды берген шығыс кассасының касса қызметкерінің қатысуымен қайта санайды және:
1) банкноттарды – будалар және бумалар бойынша, ал банкноттардың жекелеген парақтарын – парақтап қайта санай отырып;
2) қапшықтардағы монеталарды – қапшықтарға бекітілген жапсырмалардағы жазбалар бойынша, тасымалдау пакеттеріндегі монеталарды – олардағы жазбалар бойынша, ал қапшықтарға немесе тасымалдау пакеттеріне салынбаған монеталарды – бір-бірлеп қайта санай отырып тексереді.
Шығыс кассасының касса қызметкері уәкілетті өкілдің қатысуымен банкноттар салынған толық будалардағы, сондай-ақ монеталар салынған қапшықтардағы немесе тасымалдау пакеттеріндегі пломбалар мен клишелерді (бар болса) кеседі.
Банкноттар салынған будаларды және монеталар салынған қапшықтарды немесе тасымалдау пакеттерін пломбалар мен клишелерді (бар болса) алмастан беру Қағидалардың 52 және 53-тармақтарында көзделген жағдайларда және осындай талап заңды тұлғамен, мемлекеттік мекемемен жасалған кассалық қызмет көрсету шартында болған кезде ұлттық валюта – теңгеде жүзеге асырылады.
52. Заңды тұлға, мемлекеттік мекеме банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп қайта санаған жағдайда мынадай талаптарды сақтайды:
1) шығыс кассасының касса қызметкері банкноттар салынған толық будалар мен монеталар салынған қапшықтардың немесе тасымалдау пакеттерінің пломбалары мен клишелерін (бар болса) кеспейді;
2) уәкілетті өкіл шығыс кассасының касса қызметкерінен банкноттар мен монеталарды алғаннан кейін ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда касса қызметкері-бақылаушының бақылауымен банкноттар мен монеталарды қайта санайды;
3) уәкілетті өкіл банкноттар мен монеталарды қайта санауын үзіліссіз қарап бақылауды жүзеге асыру кезінде касса қызметкері-бақылаушы бірмезгілде орау материалдарының банкноттар салынған барлық буданы немесе монеталар салынған қапшықтарды, тасымалдау пакеттерін қайта санау аяқталғанға дейін сақталуын қадағалайды;
4) Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы банкноттар мен монеталарды қайта санау кезінде анықталған кем шығу сомаларын кейіннен Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына кем шығуға жол берген тұлғаның (тұлғалардың) кем шығу сомаларын өтеуімен заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге өтеледі;
5) банкноттар мен монеталарды қайта санау кезінде анықталған артық шығулар кассаға кіріске алынады және Ұлттық Банктің кірісіне есепке алынады;
6) уәкілетті өкіл қайта санамаған банкноттар салынған қалған толық будалардан және монеталар салынған қапшықтардан, тасымалдау пакеттерінен касса қызметкері-бақылаушы пломбалар мен клишелерді (бар болса) кесіп алады, олар бойынша кейіннен заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден шағымдарды қабылдамайды.
53. Уәкілетті өкіл банкноттар мен монеталарды ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайдан тыс қайта санаған кезде заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің банкноттар мен монеталардың кем шығуы туралы өтініші қаралмайды және банкноттар мен монеталарды қайта санау, қалыптастыру, орау және беру жөніндегі шағым-талапты Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдамайды.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Уәкілетті өкіл алдын ала дайындалған банкноттар мен монеталар салынған қапшықтарды ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда қапшықтардың пломбаларын кесетін касса қызметкері-бақылаушының бақылауымен ашады. Уәкілетті өкіл алынған банкноттар мен монеталарды Қағидалардың 52-тармағына сәйкес қайта санайды.";
67-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті өкіл шығыс кассасының касса қызметкерінен шетел валютасын алғаннан кейін ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда қайта санау сәтінде уәкілетті өкіл шетел валютасын қайта санау кезінде қатысатын касса қызметкері-бақылаушының бақылауында болады;";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Егер шетел валютасын қайта есептеуді уәкілетті өкіл ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда жүргізбесе, Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің шетел валютасының кем шығуы туралы өтінішін қарамайды және шетел валютасын қайта есептеу, қалыптастыру, орау және беру жөніндегі наразылықтарды қабылдамайды.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Алдын ала дайындалған шетел валютасы салынған қапшықтарды ашуды уәкілетті өкіл қапшықтардағы пломбаларды кесетін касса қызметкері-бақылаушының бақылауымен ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда жүргізеді. Уәкілетті өкіл алған шетел валютасын қайта есептеуді Қағидалардың 67-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";
6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-параграф. Саны банкноттар салынған 5 (бес) және 20 (жиырма) будадан, сондай-ақ монеталар салынған 2 (екі) және 10 (он) қапшықтан немесе тасымалдау пакетінен асатын банкноттар мен монеталарды беру және қабылдау тәртібі";
73 және 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
73. Касса қызметкері заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің уәкілетті өкіліне банкноттар салынған 20 (жиырма) будадан және монеталар салынған 10 (он) қапшықтан немесе тасымалдау пакетінен асатын мөлшерде банкноттар мен монеталарды вакуумдық ораулардан кепілдік клишелерді (бар болса) және банкноттар салынған будалардан, монеталар салынған қапшықтардан немесе тасымалдау пакеттерінен кепілдік пломбаларды алмай береді.
74. Уәкілетті өкілге саны банкноттар салынған 5 (бес) будадан және монеталар салынған 2 (екі) қапшықтан немесе тасымалдау пакетінен асатын банкноттар мен монеталарды қабылдауды және беруді Ұлттық Банк филиалының касса қызметкері арнайы шлюз арқылы (ол бар болса) жүргізеді.";
75-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) дайындаушы ұйымның орауындағы монеталар салынған қапшықтарды немесе тасымалдау пакеттерінің тұтастығын тексере отырып, монеталардың номиналы, саны және сомасы, ораудың жасалу күні, дайындаушы ұйымның ораушысының және бақылаушысының тегі көрсетілген, қапшыққа немесе тасымалдау пакетіне бекітілген жапсырма (затбелгі) бойынша қабылдайды;
6) монеталар салынған қапшықтың немесе тасымалдау пакетінің сақталуын (қапшықтың, тасымалдау пакетінің, шпагаттың тұтастығын, пломбиратор, клише бедерінің анық болуын) қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
"87-1. Ұлттық Банктің Орталығы банкноттарды бокстарда қабылдауды жүзеге асырады.
Банкноттар салынған бокстарды жасау кезінде банкноттарды номиналдары, шығарылған жылы және тозу дәрежесі бойынша сұрыптау талап етілмейді. Сұрыпталмаған банкноттар қорапқа көлденеңінен қырына қойылады. Бокс тығыз жабылады, ал бокстың арнайы тесіктеріне (құлақтарына) нөмірлік пластик пломба салынады немесе бокстың көрсетілген тесіктеріне (құлақтарына) түйіні мен үзігі жоқ шпагат өткізіледі, оның ұштары пломба салына отырып тұйық түйінмен байланады.
Боксқа жапсырма (затбелгі) бекітіледі, онда:
1) заңды тұлғаның атауы, банктік сәйкестендіру коды;
2) банкноттар сомасы;
3) банкнот салынған бокстың жасалу күні;
4) банкноттарды қайта санаған және ораған касса қызметкерінің (касса қызметкерлері бригадасының) атаулы мөртабаны немесе өзге коды немесе касса қызметкерінің қолы;
5) пломба нөмірі көрсетіледі.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Бір қапшыққа немесе бір тасымалдау пакетіне салынған айналыстағы монеталардың сомасы номинал бойынша мынадай мөлшерде белгіленеді:
1 теңге - 4 000 (төрт мың) дана;
2 теңге - 4 000 (төрт мың) дана;
5 теңге - 3 000 (үш мың) дана;
10 теңге - 2 500 (екі мың бес жүз) дана;
20 теңге - 2 500 (екі мың бес жүз) дана;
50 теңге - 1 500 (бір мың бес жүз) дана;
100 теңге - 1 000 (бір мың) дана;
200 теңге - 750 (жеті жүз елу) дана.
Бір қапшыққа немесе бір тасымалдау пакетіне салынған бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталардың сомасы номиналы бойынша 500 (бес жүз) дана мөлшерінде белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:
"89-1. Саше-пакеттегі монеталар тасымалдау пакеттеріне салынады. Салымның сомасы және 1 (бір) тасымалдау пакетіндегі монеталардың саны Қағидалардың 89-тармағына сәйкес белгіленеді.
Саше-пакет қыздырып бекітіледі, монеталардың номиналы, сомасы, жасалу күні, мөртабаны немесе өзге коды, сондай-ақ монеталарды қайта санауды, сұрыптауды және орауды жүргізген касса қызметкерінің (касса қызметкерлері бригадасының) қолы (қолдары) көрсетілетін затбелгі салынады. Ақаулы (бүлінген) монеталардың затбелгісіне қосымша "Ақаулы" мөртабаны қойылады.
Тасымалдау пакетін қыздырып бекіту кезінде қыздырып бекіту тігісіне банктік сәйкестендіру коды және монеталарды қайта санаған, сұрыптаған және ораған касса қызметкерінің (касса қызметкерлері бригадасының) коды қойылады. Тасымалдау пакетіне банктің атауы, банктік сәйкестендіру коды, номиналы, монеталардың сомасы, монеталардың саны, орау күні, мөртабаны немесе коды, сондай-ақ монеталарды қайта санаған, сұрыптаған және ораған касса қызметкерінің (касса қызметкерлері бригадасының) қолы (қолдары) көрсетілетін затбелгі салынады. Ақаулы (бүлінген) монеталардың затбелгісіне қосымша "Ақаулы" мөртабаны қойылады. Жинақталған монеталар салынған тасымалдау пакетінің затбелгісінде әрбір номинал монеталарының номиналы, саны және сомасы, салымның жалпы сомасы қосымша көрсетіледі және "Жинақталған" мөртабаны қойылады.";
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"93. Егер банкноттар мен монеталарды заңды тұлға, мемлекеттік мекеме касса қызметкер-бақылаушының қатысумен ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда Қағидалардың 52-тармағында белгіленген тәртіппен қайта саналған болса, Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының орауынан кем шығулар анықталған кезде заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің шағым-талаптарын Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдайды.";
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының орауында кем шығу анықталған кездегі шағымдарын, егер шетел валютасын заңды тұлғалар, мемлекеттік мекеме ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жайда касса қызметкері-бақылаушының қатысуымен Қағидалардың 67-тармағында белгіленген тәртіппен қайта санаса, Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |