ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің" 15-тармағының 290-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 507-н/қ бұйрығымен бекітілген |
Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің" 15-тармағының 290-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша жылумен жабдықтау субъектілері туралы мәліметтерді енгізу, алып тастау және өзектілендіру арқылы тізілімдерді жүргізеді.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдары облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан алынған деректерді жинақтау арқылы облыстық тізілімдерді жүргізеді.
4. Тізілімге мынадай:
1) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және (немесе) өткізу жөніндегі;
2) жылу энергиясын өндiру, тасымалдау және (немесе) өткiзу жөніндегі, оның iшiнде өз қажеттіліктері үшiн жергiлiктi жылумен жабдықтау жүйелерiнде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға енгізілуге тиіс.
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
5. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу энергетикасы саласындағы қызметті жүргізетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, құрылтай құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өз қызметінің басталғаны туралы еркін нысанда жазбаша хабарлама жібереді.
6. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жылумен жабдықтау субъектісінен хабарламаны алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, ал электрондық құжат айналымы жүйесі болған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізілімдеріне мәліметтерді енгізеді және ай сайын 15 (он бес) күнге дейін қалыптастырылған тізілімдерді облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.
7. Қалыптастырылған тізілімдерді алған күнінен бастап, облыстардың жергілікті атқарушы органдары 10 (он) жұмыс күні ішінде облыстық тізілімдерді қалыптастырады және оларды облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында 2 (екі) жұмыс күні ішінде жариялайды.
8. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жылумен жабдықтау субъектісінен хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, ал электрондық құжат айналымы жүйесі болған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізілімдеріне мәліметтерді енгізеді және оларды ресми интернет-ресурстарында 2 (екі) жұмыс күні ішінде жариялайды.
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 1 (бірінші) қазанға дейін тиісті тізілімдерді жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
10. Жылумен жабдықтау субъектілері жылумен жабдықтау жүйесіне тиесілігіне байланысты тізілімнің екі бөлімінің (орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі) біреуінде көрсетіледі.
11. Тізілімде жылумен жабдықтау субъектілері туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы;
2) бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды көрсетілген субъект пен объектінің (объектілердің) орналасқан жері;
4) ҚР ҰЖ 03 "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне" (бұдан әрі – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері;
5) филиалдары, өкілдіктері, еншілес ұйымдары туралы мәліметтер (болған жағдайда);
6) жылумен жабдықтау субъектісінің бірінші басшысы туралы дерек (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, электрондық мекенжайы (бар болса);
7) заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің байланыс телефоны, электрондық мекенжайы, ресми интернет-ресурсы (бар болса);
8) меншік нысаны;
9) жылумен жабдықтау жүйесінің түрі;
10) қолда бар жылу энергиясы көздері бойынша:
жылу энергиясын өндіруге арналған (энергия көздері, отын түрлері бойынша бөле отырып) қазандықтардың және (немесе) өзге де құрылғылардың саны мен қуаты (белгіленген, қолда бар);
пайдалануға берілген жылы;
11) қолда бар жылу желілері бойынша:
ұзындығы (магистральдық және таратуға деп бөле отырып);
төсеу әдісі (жерүсті, жерасты);
пайдалануға берілген жылы;
12) қолда бар сорғы станциялары бойынша:
сорғы станцияларының саны мен қуаты;
пайдалануға берілген жылы;
13) берілген техникалық шарттарға (құрылыс кезіндегіні қоса алғанда) сәйкес тұлғалар топтары бойынша тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұрмыстық, тұрмыстық емес және тұрмыстық емес тұтынушылар).
12. Тізілімдегі ақпарат республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау субъектілеріне жазбаша сұрау салу жіберу арқылы жыл сайын 1 (бірінші) қыркүйекке дейін өзектілендіруге тиіс.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының сұрау салуы бойынша жылумен жабдықтау субъектілерінің ақпарат беру мерзімі сұрау салуды алған күнінен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
13. Құрылыс кезеңіне берілгенді қоса алғанда, берілген техникалық шарттарға сәйкес тұтынушылардың (жылу энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын) жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асқан кезде жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің меншік иесі осындай асып кету кезінен бастап 3 (үш) ай ішінде тізіліміндегі жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі мәртебесін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі мәртебесіне өзгерту үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарға өтініш береді.
14. Мыналар:
1) көрсетілген жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергетикасы саласындағы қызметін тоқтатқан;
2) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде қызметін тоқтатқан;
3) тиiстi облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында қызметiн тоқтатқан жылумен жабдықтау субъектiлерi тізілімінен алып тасталуға тиіс.
Жылумен жабдықтау субъектілері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.
| Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті орган мен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жергілікті атқарушы органдарына | |||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: | www.gov.kz | |||||
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімі | |||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖСТ | |||||
Кезеңділік: | Жылына 1 рет (бір) | |||||
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ | |||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергетикасы саласындағы қызметті жүргізетін және (немесе) жүргізуге ниетті дара кәсіпкер немесе заңды тұлға | |||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: | Жылумен жабдықтау объектісін пайдалануға бергенге дейін не есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) қазанына дейін жыл сайын өзектілендіре отырып, негізгі жабдықтың параметрлерін өзгерту | |||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі: |
| |||||
Жинау әдісі | қағаз жеткізгіште немесе компьютерленген жүйе арқылы электрондық түрде | |||||
№ | Заңды тұлғаның /дара кәсіпкердің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес сәйкестендіру нөмірі; | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің кодын көрсете отырып, субъектінің және объектінің (лердің) орналасқан жері мен Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кент пен ауылдың атаулары | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері | Филиалдар, өкілдіктер, еншілес ұйымдар туралы мәліметтер | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | ||||||
2 | ||||||
кестенің жалғасы
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда). | Бірінші басшының байланыс телефоны, электрондық мекенжайы | Заңды тұлғаның / дара кәсіпкердің байланыс телефоны, электрондық мекенжайы, ресми интернет-ресурсы | Меншік нысаны |
7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған, жергілікті) | Жылу энергиясының көздері | |||
Жылу энергиясы көздерінің саны, бірлігі | Негізгі жылу өндіруші жабдықтың түрлері (қазандық агрегатының маркасы; пайдаланылатын отынның түрі (негізгі, резервтік (бар болса)) | Жылу энергиясы көздерінің қуаты (белгіленген және қолда бар), мегаватт | Пайдалануға берілген жылы | |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы
Жылу желілері | Сорғы станциялары | ||||
Екі құбырлы есептеудегі ұзындық (магистральдық және таратуға бөле отырып), метр | Төсеу тәсілі (жерүсті, жерасты) | Пайдалануға берілген жылы | Сорғы станцияларының, бірліктердің саны | Сорғы станцияларының қуаты, мегаватт | Пайдалануға берілген жылы |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
кестенің жалғасы
Берілген техникалық шарттарға (құрылыс кезін қоса алғанда) сәйкес тұлғалар топтары бойынша тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі, мегаватт | ||
тұрмыстық тұтынушылар | тұрмыстық емес тұтынушылар | мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұрмыстық емес тұтынушылар |
22 | 23 | 24 |
Атауы _____________________________________
Мекенжайы _________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы: ___________________________
Телефон: _________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны қолы
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын адам:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны қолы
Мөр орны (бар болса)
Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру түсіндірмесі осы Нысанға қосымшада келтірілген.
| "Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-ЖСТ нысаны, жылына 1 (бір) рет)
1. Осы түсініктеме "Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы көрсетіледі;
3-бағанда Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің кодын көрсете отырып, субъект пен объектінің (объектілердің) орналасқан жері және Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кент пен ауылдың атауы көрсетіледі;
5-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері;
6-бағанда филиалдар, өкілдіктер, еншілес ұйымдар туралы мәліметтер көрсетіледі;
7-бағанда бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
8-бағанда бірінші басшының байланыс телефоны, электрондық мекенжайы көрсетіледі;
9-бағанда заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің байланыс телефоны, электрондық мекенжайы, ресми интернет-ресурсы көрсетіледі;
10-бағанда меншік нысаны (мемлекеттік меншік, жеке меншік, квазимемлекеттік сектор) көрсетіледі;
11-бағанда жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған, жергілікті) көрсетіледі;
12-бағанда жылу энергиясы көздерінің, бірліктердің саны көрсетіледі;
13-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдықтың түрлері (қазандық агрегатының маркасы; пайдаланылатын отынның түрі (негізгі, резервтік (бар болса)) көрсетіледі;
14-бағанда жылу энергиясы көздерінің қуаты (белгіленген және қолда бар), мегаватт көрсетіледі;
15-бағанда пайдалануға берілген жылы көрсетіледі;
16-бағанда магистральдық және таратуға бөле отырып, екі құбырлы есептеудің ұзақтығы көрсетіледі, метр;
17-бағанда төсеу тәсілі (жерүсті, жерасты) көрсетіледі;
18-бағанда пайдалануға берілген жылы көрсетіледі;
19-бағанда сорғы станцияларының, бірліктердің саны көрсетіледі;
20-бағанда сорғы станцияларының қуаты, мегаватт көрсетіледі;
21-бағанда пайдалануға берілген жылы көрсетіледі;
22-бағанда берілген техникалық шарттарға (құрылыс кезін қоса алғанда) сәйкес тұрмыстық тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі, мегаватт көрсетіледі;
23-бағанда берілген техникалық шарттарға (құрылыс кезін қоса алғанда) сәйкес тұрмыстық емес тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі, мегаватт көрсетіледі;
24-бағанда берілген техникалық шарттарға (құрылыс кезін қоса алғанда) сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұрмыстық емес тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі, мегаватт көрсетіледі.