"Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 15 Бұйрығымен бекітілген |
Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚҚІ) жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Талаптарда қаржы мониторингі субъектілеріне тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары (бұдан әрі – субъект) жатады.
3. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар Заңда және "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
4. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – пайдаланушының (субъектінің) уәкілетті органның интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы, оның пайдаланушыларының (субъектілердің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;
2) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі – субъектіде күдікті операцияларды жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен, терроризмді қаржыландырудан және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудан түскен кіріс болып табылады деген күдік туындайтын, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын екі және одан көп күдікті операцияларының жиынтығы;
3) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және Заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган;
4) ҚМ-1 нысаны – Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген субъектілердің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) көзделген қаржылық мониторингке жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) – субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру процестеріне немесе өзге де қылмыстық қызметке әдейі немесе абайсызда тарту мүмкіндігі;
6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару – субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ны заңдастыру тәуекелдерін мониторингтеу, анықтау, сондай-ақ оларды барынша азайту (клиенттер қызметтеріне қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;
7) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметтік шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
9) скорингтік модуль – клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру тәуекелі үшін әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты қамтитын, субъектілер ерікті негізде пайдаланатын автоматтандырылған жүйе.
5. Ішкі бақылау субъектілердің Заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде субъектілер:
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізуге шешім болған жағдайда тәуелсіз аудит жүргізуін қамтитын ішкі бақылау қағидаларын Талаптарға сәйкес басқару органының немесе атқарушы органның әзірлеуін және қабылдауын;
2) жеке кабинеттің болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау қағидаларын – субъектінің жоғары басшылығы бекітеді.
7. Ішкі бақылау қағидалары (бұдан әрі – ІБҚ) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ-ге бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін регламенттейтін құжат болып табылады және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында субъектілердің іс-қимыл тәртібін белгілейді.
8. ІБҚ Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленеді.
9. ІБҚ субъектілердің басшы қызметкерлерінің немесе субъектілердің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындауды, сондай-ақ субъектілердің ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуын көздейді.
10. ІБҚ қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат түрінде ресімделеді. Қағаз жеткізгіштегі ІБҚ-ға заңды тұлғаның басшысы (не жоғары басқару органы), дара кәсіпкер қол қояды және мөрмен (бар болса) бекітіледі. Электрондық құжат түріндегі ІБҚ-ға заңды тұлға басшысының (не жоғары басқару органының), дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Заңды тұлғаның басшысы (не жоғары басқару органы), дара кәсіпкер бекіткен ІБҚ websfm.kz. порталында субъектінің жеке кабинетінде бекітіледі.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ресми жарияланған сәттен бастап субъектілер күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
2-тарау. Субъектінің басшы қызметкерлерінің немесе субъектінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ субъектілердің ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпарат ұсыну;
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін субъект пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды қолдану;
3) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту және іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;
4) Заңның 4-бабының 3, 4, 5-тармақтарына сәйкес операцияны және клиенттің қызметін күдікті деп тану;
5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі және бағдарламалық қамтылымдағы жұмыстың нұсқаулары мен регламенттерін қоса алғанда, қаржы мониторингіне жататын операциялар және қызмет туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту фактілерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға беру;
6) қаржылық мониторингке жататын және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін операциялар және қызмет туралы мәліметтерді құжаттамалық тіркеу;
7) субъект қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған, субъект қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы басшыны хабардар етуі;
8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты адамның ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен, персоналымен, филиалдарымен, уәкілетті органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылы;
9) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша талаптарды (бар болса) орындау;
10) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізуге шешім болған жағдайда тәуелсіз аудит өткізудің нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және уәкілетті органдарға және ұйымның лауазымды тұлғаларына ұсыну;
11) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, бейрезидент заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын өзге шетелдік құрылымды тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері;
12) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиент операциясын және қызметін күдікті деп тану;
13) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту;
14) бақылау шараларын, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі рәсімдерді әзірлеу;
15) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, өз клиенттерін сыныптау;
16) барлық құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде біржолғы операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесінің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған мәліметтер клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап немесе біржолғы мәміле жасалған күннен кейін кемінде 5 (бес) жыл, оларды сотта дәлелдеме ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ өздерінің құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшін сақтау;
17) заңды тұлға басшысының реттеуші және міндеттеуші өкілеттіктері туралы ақпаратты тіркеу;
18) жауапты тұлғаларды көрсете отырып, операциялар мен қызметті күдікті деп тану туралы шешім қабылдаудың себептері мен негіздерін міндетті түрде құжаттау;
19) жаңа технологиялар мен инновациялық құралдарды (оның ішінде электрондық платформаларды, онлайн-сервистер мен өзге де цифрлық шешімдерді) пайдалана отырып, операцияларды анықтау мен бақылау рәсімдерін әзірлеу;
20) жауапты тұлғаны тағайындау.
Субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бойынша қосымша шараларды бағдарламаға енгізуіне жол беріледі.
Субъектілер субъектілердің басшы қызметкерлерінің немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес субъектілердің өзге де басшыларының арасынан ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ бойынша жауапты қызметкер), сондай-ақ ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты субъектілердің қызметкерлерін (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ жөніндегі бөлімшенің қызметкері) тағайындайды.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ бойынша жауапты қызметкер лауазымына:
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында не субъектілер қызметінің тиісті салаларында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
мінсіз іскерлік беделі;
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы сертификаты бар тұлға тағайындалады.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімшенің қызметкері лауазымына:
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында не субъектілер қызметінің тиісті салаларында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
мінсіз іскерлік беделі;
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы сертификаты бар тұлға тағайындалады.
Субъектілер ұйымда (оның құрылымының ерекшеліктерін, штат санын, клиенттік базасын және ұйымның клиенттерімен және олардың операцияларымен байланысты тәуекел дәрежесін (деңгейін) ескере отырып) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі функцияларды орындайтын құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыруға және айқындауға және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімшенің қызметкерін тағайындауға құқылы.
12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкердің не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерінің функциялары мыналарды қамтиды:
1) ІБҚ әзірлеу және келісу, оларға субъект басшысының өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі, сондай-ақ ІБҚ-ны іске асыру және сақтау мониторингі;
2) Заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар және қызмет туралы мәліметтер мен ақпарат беруді ұйымдастыру және бақылау;
3) клиенттердің операцияларын және (немесе) қызметін күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдау;
4) клиенттердің операцияларын және (немесе) қызметін күрделі, ерекше ірі, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;
5) клиенттердің операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы және операциялар туралы ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;
6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
7) субъектінің басшысына клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін сұрау салулар жіберу;
8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеу;
9) ІБҚ-ны іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиент досьесін қалыптастыру;
10) субъектінің басшысын анықталған ІБҚ-ны бұзушылықтар туралы хабардар ету;
11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
13) монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша тауар биржаларының, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлердің, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтарының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы мәселелері бойынша ақпарат пен құжаттар ұсыну;
14) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру;
15) субъектінің басшысына есептер қалыптастыру үшін ІБҚ-ны іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару жүйесін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ ішкі бақылауды жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпарат дайындау;
16) операцияларды талдауды автоматтандыруды және (немесе) типтік емес схемаларды анықтауды қоса алғанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ процестерін жетілдіру мақсатында инновациялық құралдар мен технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
17) деректерді өзектендірудің кезеңділігі мен форматын айқындауды қоса алғанда, тұрақты негізде клиенттер және олардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтердің жаңартылуын ұйымдастыру және бақылау.
13. Жүктелген функцияларға сәйкес субъектілер:
1) өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;
3) Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Субъектілерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкердің не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерінің қосымша функцияларын және өкілеттіктерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде ғана енгізуіне жол беріледі.
14. Субъектілерге және олардың қызметкерлеріне Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес клиенттерді және өзге де тұлғаларды осындай клиенттерге және өзге де тұлғаларға қатысты қабылданатын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ шаралары туралы, мынадай жағдайларды қоспағанда, хабардар етуге жол берілмейді:
1) ақшаға және (немесе) өзге мүлікке қатысты операцияларды тоқтату жөнінде қабылданған шаралар;
2) іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту;
3) ақшаға және (немесе) өзге мүлікке қатысты операцияларды жүргізуден бас тарту.
Хабардар етуге тыйым салу Қазақстан Республикасының өзге заңдарында көзделген клиенттерді хабарландыру және (немесе) ақпарат ұсыну жағдайларына қолданылмайды.
Сонымен қатар, субъектілерге және олардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келіп түсетін, ақшаға және (немесе) өзге мүлікке қатысты күдікті операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдар тізімін алғаны туралы клиенттерді және өзге де тұлғаларды хабардар етуге жол берілмейді.
15. Филиалдарда, өкілдіктерде және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерде осы Талаптардың 12 және 13-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толық немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде, мұндай қызметкерлердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкер жүзеге асырады.
Егер субъект бас ұйым болып табылған жағдайда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкер ІБҚ әзірлеуді, оған шоғырландырылған негізде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың, еншілес ұйымдардың, өкілдіктердің) орындауын қамтамасыз етеді.
16. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкердің, сондай-ақ осы Талаптардың 12-тармағында көзделген функциялар жүктелген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.
3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін және пайдалануды қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін (тәуекелдің төмен, жоғары деңгейі) басқару бағдарламасы
17. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.
Тәуекелдерді басқару бағдарламасы мынадай тәуекелдер санатының бірі немесе жиынтығында клиенттердің тәуекелдерін бағалауды көздейді:
1) елдермен және жекелеген географиялық аумақтармен байланысты тәуекелдер;
2) клиенттермен байланысты тәуекелдер;
3) өнімдермен, қызметтермен, жеткізу арналарымен және клиент жасайтын операциялармен (мәмілелермен) байланысты тәуекелдер.
Субъектілер тәуекелдердің қосымша санаттарын әзірлеуге құқылы.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
1) субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері (бар болса) бөлінісінде;
2) клиенттің тәуекел деңгейіне, сондай-ақ субъект қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің түрі, елдік тәуекел және көрсетілетін қызметтердің/өнімдердің тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау әдістемесі;
3) алдын алу іс-шараларының тізбесі, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және субъект өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне тұрақты мониторингті, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
4) клиенттердің тәуекел деңгейлерін қарауға арналған беру тәртібі, мерзімдері мен негіздері;
5) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ-ның жеке схемалары мен әдістерін әзірлеу;
6) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жеке сценарийлері мен өлшемшарттарын әзірлеу.
Субъектілер жыл сайынғы негізде субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерінің есебіндегі ақпаратты және тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типі бойынша тәуекел, елдік (географиялық) тәуекел, қызмет көрсету тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі.
Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингілеу рәсімдерін өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен беріледі.
Тәуекелдерді бағалау нәтижелері және оларды барынша азайту жоспары монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша ұсынылады және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
18. Субъектілер осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтер (өнімдер) ұсынуға және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мынадай факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);
3) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) белгіленген банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
4) басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірісі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастырудың жоғары тәуекелін білдіретін субъектілер ретінде айқындалған шет мемлекеттер (аумақтар).
БҰҰ және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне сілтемелер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тауар биржаларында, брокерлік және клирингтік операцияларда қызметтер көрсеткен кезде субъектілер биржалық делдалдардың, сауда-саттыққа қатысушылардың бенефициарлық меншік иелерінің мәмілелері бойынша клиенттерге ғана қатысты емес, контрагенттерге де қатысты елдік тәуекелді ескереді.
Субъектілер көрсетілген мемлекеттерден шетелдік клиенттердің немесе контрагенттердің қатысуымен жасалған әрбір мәміле бойынша елдік тәуекелді бағалау нәтижелерін құжаттамалық тіркеуге және клиентке тәуекел деңгейін берген кезде оларды ескеруге міндетті.
Шығарылуы немесе жеткізудің соңғы пункті ФАТФ "қара тізімінің" не БҰҰ санкциялары бар мемлекеттерімен байланысты биржалық тауарлармен мәмілелер анықталған кезде, субъектілер тауар мен құралдардың шығу көзі туралы мәліметтерді сұратуды қоса алғанда, күшейтілген мониторингті жүзеге асырады.
Субъектілер тұрақты (тоқсанына бір реттен жиі емес) ФАТФ, БҰҰ және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жариялаған мемлекеттер мен аумақтар тізбелерінің өзектілігін тексеруге және елдік тәуекелдің ішкі рәсімдерін түзетуге міндетті.
Ішкі бақылау шеңберінде субъектілер клиент немесе контрагент мұндай елдерде тікелей тіркелмесе де, тауарларды офшорлық немесе санкциялық юрисдикциялар арқылы жеткізудің транзиттік тізбектерімен байланысты операцияларды анықтаудың арнайы рәсімдерін әзірлейді.
Субъектілер ішкі аудит пен биржалық алаңдардағы экспорттық-импорттық операциялармен байланысты мәмілелерді тексерудің басымдықтарын анықтау кезінде елдік тәуекелді ескеруі тиіс.
19. Олармен операциялар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін шетелдік мемлекеттер мынадай факторларды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
халықаралық стандарттарды орындайтын және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) мәліметтеріне сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тиімді жүйесі бар шетелдік мемлекеттік (аумақтар).
20. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мынадай факторлар жатады, бірақ олармен шектелмейді:
1) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ аталған адамдар бенефициарлық иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалар (олардың өкілдері);
2) азаматтығы жоқ адамдар;
3) Қазақстан Республикасында тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) Заңның 12 және 12-1-баптарында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбелер) енгізілген ұйымдар мен адамдар, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері көрсетілген адамдар не осы адамдардың бақылауында тұрған және олардың мүддесін білдіру үшін іс-әрекет ететін ұйымдар мен адамдар;
Тізбелер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады;
5) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
6) осы Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
7) оған қатысты алынған деректердің дұрыстығына күмән келтіруге негіз бар клиент (оның өкілі);
8) клиент (оның өкілі) операцияның не пайдаланылуы субъектілердің әдеттегі практикасынан ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларының асығыс жүргізілуін талап етеді;
9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі Заңда көзделген клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды;
10) биржалық тауарлармен белгілі бір экономикалық мақсатсыз мәмілелер жасайтын немесе өтінімдерді жиі кері қайтарып алатын және өзгертетін клиенттер (оның өкілі);
11) қосарланған мақсаттағы тәуекелі жоғары тауарлармен мәмілелерге қатысатын клиенттер(оның өкілі);
12) оларға қатысты уәкілетті органдардан сұрау салулар бірнеше рет түскен немесе оларда сауда жүйелері мен қаржылық есептілік арасында сәйкессіздік анықталған клиенттер (оның өкілі).
21. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлері мынадай факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ оларды бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар;
4) осы Талаптардың 19-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын субъектілердің қызметтері (өнімдері) мынадай факторларды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
1) осы Талаптардың 2-тармағында көзделген субъектілер үшін:
клиентпен іскерлік қатынастары стандартты емес (типтік емес) мән-жайлар туындаған кезде жүзеге асырылатын;
тәуекелі жоғары елдерде (офшорлық аумақтар, ФАТФ және БҰҰ тізбесінен елдер) тіркелген клиенттердің операциялар жасауы, не есептеулер мұндай юрисдикциялар арқылы жүргізілсе;
биржалық алаңдарда мәмілелер жасаған кезде делдалдардың күрделі тізбегін, атаулы ұстаушыларды немесе бенефициарлық құрылымдарды пайдалану, бұл нақты меншік иесін және қаражаттың шығу көзін анықтауды қиындатады;
жасалатын операциялардың сипаты және көлемінің қаржылық жағдайы сәйкес келмеген кезде клиентпен биржада мәмілелерді екі және одан көп рет жасасу;
экономикалық мағынасы немесе құқықтық мақсаты жоқ операцияларды жасау;
клиенттің оның қарапайым қызметіне тән емес жиілікпен не оған тән көрсеткіштерден екі есе және одан көп асып түсетін сомаға операциялар жасауы.
2) тауар биржалары үшін:
биржалық брокер биржалық мәмілелерді мұндай биржалық тауардың басқа клиенттерінің ұқсас өтінімдері болған кезде, көбінесе сол бір клиенттердің мүддесінде жасасады;
Заңға сәйкес шекті мәннен асып түсетін, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар;
шекті бақылауды айналып өту мақсатында сомаларды бөлшектеу белгілерімен бір немесе бірнеше брокер арқылы тұрақты операциялар жүргізу.
3) биржалық брокерлер үшін:
мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап кемінде үш ай өткен, қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда, егер операция саны тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 544 (екі мың бес жүз қырық төрт) айлық есептік көрсеткішке тең немесе одан асса не тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 544 (екі мың бес жүз қырық төрт) айлық есептік көрсеткішке барабар шетелдік валютадағы сомаға тең немесе одан асса, клиенттің биржалық сауда-саттыққа қатысуға өтінім беруі;
клиенттің тиісті тексеруден және (немесе) осы Заңда көзделген қаржы мониторингінен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
клиенттің ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға аударуға бағытталған деп пайымдауға негіз бар ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасауы.
4) клирингтік орталықтар үшін:
клиенттің ерекше есеп айырысу тәсілдерін пайдалануы (мысалы, бартерлік мәмілелер, үшінші тұлғалар арқылы есептеулер, электрондық валюталарды немесе қаржы мониторингіне жатпайтын құралдарды пайдалану);
оффшорлық аймақта тиісінше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмастан шетелдік құрылым жүзеге асыратын ақшаны клиенттің банктiк шотына салуы немесе аударуы, не аталған тұлғалар санатының қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен клиенттің операциялары;
клиенттің клирингтік орталыққа биржалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша операцияларының орташа (әдеттегі) мөлшерінен екі және одан да көп елеулі соманы енгізуі;
тауар биржасы клиентінің есебіне үшінші тұлғаның клирингтік орталыққа биржалық қамтамасыз етуді енгізуі;
клиенттің клирингтік орталыққа бұрын үшінші тұлға есебіне енгізілген биржалық қамтамасыз етуді қайтаруға өтінім жіберуі;
енгізілген биржалық қамтамасыз ету болған кезде, клиенттің биржалық сауда-саттыққа 6 (алты) айдан астам қатыспауы.
23. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын субъектілер қызметінің және корпоративтік құрылымының белгілері мынадай факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) клиенттің (оның өкілінің) жеке қатысуынсыз операцияны жүзеге асыру;
2) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты клиентті тиісті тексеру шараларын қолдану үшін үшінші тараптардың қызметтерін пайдалану;
3) субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкерінде алдағы күнтізбелік жылға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өтуі туралы сертификатының болмауы;
4) субъект құрылтайшыларының құрамында бейрезиденттердің болуы;
5) субъект құрылтайшыларында шетелдік банк шоттарының болуы;
6) биржалық сауда-саттыққа субъектінің құрылтайшыларымен үлестес компаниялардың қатысу фактілерінің болуы;
7) биржалық сауда-саттыққа субъектінің қызметкерлерімен үлестес компаниялардың қатысу фактілерінің болуы.
24. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері мынадай факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) клиенттің (оның өкілінің) жеке қатысуымен операцияны жүзеге асыру;
2) клиентте (оның өкілінде) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбастан мінсіз іскерлік беделдің болуы;
3) клиенттің операцияларды жүргізген кезде қорғалған және сертификатталған цифрлық арналарды пайдалануы;
4) клиентте (оның өкілінде) бенефициарлық меншік мәртебесінің болуы;
5) ақша қаражатының және (немесе) өзге де мүліктің расталған шығу тегінің болуы.
25. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде субъектілер осы Талаптардың 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекел факторларын, сондай-ақ субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді сыныптау бойынша шаралар қабылдайды.
Субъектілер клиенттің (оның өкілінің) (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін субъектілерде бар клиент (оның өкілі) (клиенттер) туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша белгілейді және төмен және жоғары деген екі деңгейден кем емес тәуекел деңгейін айқындау шәкілі бойынша бағаланады.
Осы Талаптардың 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі.
Клиент (оның өкілі) (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін қайта қарауды субъектілер клиент (оның өкілі) (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына және операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелеріне қарай жүзеге асырады.
Тәуекел деңгейі жоғары клиенттің (оның өкілінің) тәуекел деңгейін қайта қарау жаңа мәліметтердің болуына немесе клиент қызметіндегі өзгерістерге қарамастан, жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
Субъектілер клиентке тәуекел деңгейін беру негіздерін құжаттамалық түрде тіркейді, сондай-ақ ішкі бақылау және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган үшін негіздемелердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Тәуекел деңгейі жоғары клиенттер үшін ақша қаражатының және (немесе) өзге де мүліктің шығу көздерін анықтауды қоса алғанда, тиісті тексерудің күшейтілген шараларын өткізу міндетті болып табылады.
Субъектілер клиенттерді сыныптауда субъективизмді азайту үшін мәмілелердің үлкен көлемі болған кезде технологиялық құралдарды (мониторинг пен талдаудың автоматтандырылған жүйелері) қолданады.
Клиенттерді сыныптау және оларға тәуекел деңгейін беру нәтижелері ішкі аудитке және екі жылда бір реттен жиі емес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі жауапты бөлімшенің тексеруіне жатады.
26. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін анықтайды және бағалайды:
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер мен жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеу;
2) жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалану;
3) клиенттермен және цифрлық активтерді, қашықтан қол жеткізу платформаларын, сондай-ақ жоғары анонимділік тәуекелдерін және сәйкестендіру рәсімдерін айналып өтуді құруы мүмкін өзге де қаржылық технологияларды пайдаланатын контрагенттермен өзара іс-қимыл кезінде;
4) жасанды интеллектіні және алгоритмдік сауда стратегияларын пайдалануды қоса алғанда, тауар биржаларында есеп айырысудың автоматтандырылған жүйелерін, клирингті және брокерлік сервистерді енгізу кезінде;
5) ФАТФ-ның сұр, қара тізімдеріне жатқызылған юрисдикциялардың қатысумен трансшекаралық есептеулер мен мәмілелерді анықтаған кезде туындайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін анықтайды және бағалайды.
Субъектілер анықталған қатерлерді, олқылықтарды сипаттауды және оларды азайтуды қоса алғанда, жаңа өнімдердің, практикалар мен технологиялардың тәуекелдерін бағалау нәтижелерін тіркейді, сондай-ақ мұндай құжаттардың уәкілетті орган үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы субъектілердің клиент (оның өкілі) ұсынған не өзге де көздерден алынған мәліметтерді тіркеу және анықтығын тексеру, оның ішінде клиент (оның өкілі) туралы скорингтік модульде тексеру қорытындысы, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Заңда көзделген клиент және олардың өкілдері туралы өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуінен тұрады, бірақ онымен шектелмейді:
1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операцияны жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату рәсімі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді (оның өкілін) қабылдау тәртібі;
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері, субъектінің жеке тұлғаны клиенттің бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі;
3) қызмет көрсететін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалардың, жария лауазымды тұлғалардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының арасында, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері аталған тұлғалар болып табылатын клиенттердің (оның өкілінің) заңды тұлғалары арасында субъектіні анықтауға және осындай клиенттерді (оның өкілін) (ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын ала отырып) қызмет көрсетуге қабылдауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;
4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тізбелерде болуын тексеру тәртібі;
5) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (клиенттің (оның өкілінің) жеке қатысуынсыз);
6) Талаптарды орындау шеңберінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтерді алмасу ерекшеліктері;
7) басқа ұйымдардан мәліметтер алу, оның ішінде өздерінің (олардың өкілдерінің) және бенефициарлық меншік иесінің пайдасына немесе атынан (операциялар жасалатын) жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру арқылы клиенттерді (оның өкілін) сәйкестендіру ерекшеліктері;
8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын қосымша ақпарат көздерінің сипаттамасы;
9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру тәртібі;
10) клиент (оның өкілінің) досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңартуға (жылына кемінде 1 рет) қойылатын талаптар;
11) сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа субъект қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімі;
12) клиенттің (оның өкілінің) тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері.
Егер субъект Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға, не шетелдік қаржы ұйымына субъектінің клиенттеріне (олардың өкілдеріне) қатысты Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, субъект мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, ол:
1) субъектілердің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін;
2) ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;
3) сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімі мен мерзімдерін;
4) сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды субъектінің жүзеге асыру рәсімін, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша субъект қабылдайтын шараларды;
5) сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, ұйымға алынған мәліметтерді беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, субъектінің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімі және мерзімдерін;
6) сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін;
7) субъект сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, олардың жауапкершілігі туралы ережелерді;
8) ұйымның сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін;
9) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ заңдастырудың ықтимал тәуекелдерін анықтау рәсімін қамтиды.
Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) басқа субъект немесе шетелдік қаржы ұйымы тіркелген, болған жағдайда субъектілердің Заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.
28. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісті тексеру тәртібін айқындайды.
29. Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеруді жүргізу кезінде оларды мынадай міндеттемелер бойынша сәйкестендіреді:
1) тәуелсіз бастапқы құжаттарды, деректерді немесе ақпаратты қолдана отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру және клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін жеке басын растау;
2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру бойынша ақылға қонымды шаралар қабылдау, бұл субъектіге бенефициарлық меншік иесінің кім екені белгілі деп есептеуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмаған шетелдік ұйымдар үшін бұл субъектінің басқару құрылымы мен клиенттің меншігі туралы ақпарат алуын қамтуы тиіс;
3) түсіну және қажет болған кезде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен болжамды сипаты туралы ақпаратты алу;
4) жасалатын мәмілелердің субъектілердің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі, оның шаруашылық қызметі және тәуекелдердің сипаты туралы, оның ішінде қажет болған жағдайда қаражат көзі туралы мәліметтерге сәйкестігі туралы көз жеткізу үшін іскерлік қатынастарды тиісті тексеруді тұрақты негізде жүргізу және осындай қатынастар шеңберінде жасалған мәмілелерді толық талдау;
5) баламалы немесе ұқсас лауазымдарды атқаратын, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдарға, жеке деректерге қатысты.
30. Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, субъектілер іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.
31. Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, клиент туралы алынған мәліметтердің анықтығына мынадай жағдайларда тексеру жүргізеді:
1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;
2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған);
3) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған;
4) клиент қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияны (мәмілені) жасаған;
5) клиент күдікті қызмет жасаған;
6) клиент міндетті зерделеуге жататын операцияларды жасаған;
7) клиенттер операцияларын жасаудан немесе іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартқан;
8) күдікті іс-қимыл туралы хабарлаған.
Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операция (мәміле) жасаған кезде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен осы Талаптарға сәйкес бұрын алынған не қосымша мәліметтер алу қажеттілігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнатылған кезде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.
Қатысудың бақылау үлесі бар тұлға, бенефициарлық меншік иесі анықталмаған немесе меншік құқығындағы үлес арқылы бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар болмаған жағдайда, субъектілер бенефициарлық меншік иелерінің жеке басын заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдарды бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның жеке деректерін пайдалана отырып тексереді.
Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғанды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бенефициарлық меншік иесі болып танылады.
Жарғылық капиталға қатысу негізінде бенефициарлық меншік иесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын тұлға бенефициарлық меншік иесі деп танылады.
Субъект, оның ішінде бенефициар анықталмаған жағдайда, тексеру нәтижелерін тіркеуі және сақтауы тиіс.
32. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде осы Талаптардың 31-тармағына сәйкес алынған құжаттар мен мәліметтерді субъектілер құжаттамалық тіркейді және клиенттің досьесіне енгізеді.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер және күдікті операцияларды, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды субъект клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтауға тиіс.
Субъектілер Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде олар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін басқа субъектілерден клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісті тексеру шараларына субъектілер сүйенетін ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа субъектілердің дерекқорларынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.
Субъектілер клиенттің (оның өкілінің) досьесін олар ІБҚ-ға сәйкес берген тәуекелінің деңгейіне қарай ол туралы мәліметтерді тіркеу арқылы қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісті тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі тіркеледі.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген қосымша мәліметтерге салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер жатады.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
33. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде субъектілер тізбелерде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.
Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) тізбелерде болуын тексеру (тізбелерге енгізу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және оларға өзгерістердің (жаңартулардың) енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.
Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) жария лауазымды тұлғаға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына тиесілігіне тексеру жүргізіледі.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады.
Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту мерзімділігі және (немесе) алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейі және (немесе) клиент пайдаланатын субъект қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып белгіленеді.
Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларын қабылдау мүмкін болмаған жағдайда субъектілер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай факт туралы хабарлама жібереді.
Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, субъектілер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы
34. Заңның клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу талаптарын іске асыру мақсатында субъектілер клиенттердің операцияларын және (немесе) іс-қимылын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
35. Клиенттердің операцияларын және (немесе) қызметін мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, сондай-ақ субъектілер дербес әзірлеген күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;
2) Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің (оның өкілінің) операцияларын анықтау рәсімін;
3) клиент (оның өкілі) жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты субъектілер қабылдайтын шараларды қолдану тәртібі және сипаттау;
4) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары болып табылатын, сондай-ақ, олардың жүзеге асырылу нысанына және ақша қаражатының және (немесе) осындай клиенттердің (оның өкілдерінің) басқа меншігінің шығу көзін анықтауды қоса алғанда, олар жасалған не жасалуы мүмкін сомасына қарамастан көрсетілген тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетуге қабылданған қаржылық операциялардың тұрақты күшейтілген мониторингін жүзеге асыру тәртібі.
Субъект КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкерді не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерлерін тағайындаған жағдайда, клиенттердің операцияларын және (немесе) іс-қимылын мониторингтеу, зерделеу бағдарламасы мыналарды қосымша қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
1) осы Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған және (немесе) қосымша мәліметтерді жаңарту бойынша субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында міндеттерді бөлу;
2) шекті, ерекше, күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру бойынша субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы міндеттерді бөлу;
3) шекті, ерекше, күдікті операциялар анықталған кезде субъект бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тетігінің сипаттамасы;
4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі және іс-қимылы туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;
5) клиенттің операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің тізбеде болуына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
6) Тізімде және тізбелерде тұрған клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттерді ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, осындай клиенттерге қызмет көрсету не онымен іскерлік қатынастарды тоқтату бойынша субъект бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
7) субъектінің басшылыққа шекті және күдікті операцияның, Тізімнен және тізбелерден клиенттерді анықтау туралы ақпарат беру тәртібі (қажет болған кезде).
36. Клиенттердің операцияларын және (немесе) іс-қимылын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының шеңберінде субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар барлық шекті, ерекше, күдікті операциялар мен операциялардың мақсаттары мен негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шараларды өткізеді.
Клиенттердің операцияларын және (немесе) іс-қимылын мониторингтеу және зерделеу нәтижелері субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады.
Клиенттің операцияларын және (немесе) қызметін мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) субъектіде клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және операция жасалғаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл сақталады.
37. Клиенттің операцияларын және (немесе) іс-қимылын зерделеу жиілігін субъектілер клиенттің тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің ақшамен операция (операциялар) жасауын (жасауға әрекет жасауын) ескере отырып, сондай-ақ Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда субъектілер клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды субъект айқындайтын операцияны жүргізгенге дейінгі кезеңде, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде зерделейді.
38. Егер осы Талаптардың 22-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыруға байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда клиенттің операциялары күдікті деп танылады.
Субъектілер клиенттің операциясын және (немесе) іс-қимылын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын өзінің иелігіндегі мәліметтер мен құжаттардың, сондай-ақ клиенттің қаржы-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпараттың негізінде дербес қабылдайды.
Бұл ретте, операцияны жасау уақыты мен мұндай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырма субъектінің ІБҚ сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.
Субъектілер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы субъектілер электрондық тәсілмен тиісті шешім қабылдаған (іс-әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операция жасалғаны және қызмет туралы хабарламалар ұсынады.
Субъектілер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарламаларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
6-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
39. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – оқыту бағдарламасы) қаржы мониторингі жөніндегі уәкiлеттi орган субъектілердің Заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша бекiтілген субъектілерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.
Оқыту бағдарламасының мақсаты субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ ІБҚ талаптарын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы субъектінің өзге де ішкі құжаттарын орындауы үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады. Даярлау және оқыту бағдарламасы мыналарды қамтуы тиіс:
1) қызметкерлерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларымен және ФАТФ ұсынымдарын қоса алғанда, тиісті халықаралық стандарттармен таныстыру;
2) күдік белгілері бар және тиісті типологиялардағы операцияларды анықтауды қоса алғанда, клиенттерге қызмет көрсету кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану мәселелерін оқыту;
3) қызметкерлерде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында мәмілелер жасау тәуекелдерін ескере отырып, тауар биржасындағы қызметке тән клиенттер операцияларын анықтау және талдаудың практикалық машықтарын қалыптастыру;
4) клиенттерді, бенефициарлық меншік иелерін және ЖЛТ (жария лауазымды тұлғаларды) сәйкестендіру рәсімдерін оқыту;
5) операцияларды, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламаларды ресімдеу, клиент досьесін жүргізу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында ішкі құжат айналымы тәртібін зерделеу;
6) субъект қызметкерлерінің міндеттері мен Заң талаптарын сақтағаны үшін жауаптылығын зерделеу;
7) заңнамаға және субъектінің ішкі рәсімдеріне өзгерістер енгізуге қарай қызметкерлер білімін жаңартуды қамтамасыз ету.