"Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 желтоқсанда № 37662 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыруы тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің атынан қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жөнелту немесе алу кезінде аударымның және онымен байланысты кез келген хабарламаның жөнелтуші және алушы туралы нақты ақпаратты қамтитынына көз жеткізеді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 7-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тұлға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 10 және 10-1 баптарына сәйкес белгіленген шекті мәндерден асатын операцияларды мониторингтеу, айқындау және хабарлау, күдікті әрекеттерді анықтау үшін бақылау рәсімдерін, жүйелері мен құралдарын құрайды және қолдайды.".

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес жөнелтушінің (оның өкілінің) және алушының деректерін;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тұлға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, соның ішінде оларды барынша азайту бойынша (клиенттердің қызметтеріне (өнімдеріне), сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) рәсімдерді әзірлейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тұлға басшылық қызметкерлер қатарынан немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшылар қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы талапты, сонымен қатар ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын өзге де талаптарды, соның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы талапты орындайды."

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тұлға құжаттардың көшірмесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап бес жыл бойы сақтайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5 "Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 11 декабря 2025 года № 20. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 декабря 2025 года № 37662

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5 "Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35311) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 13-9) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах осуществления переводов обеспеченных цифровых активов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила осуществления переводов обеспеченных цифровых активов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13-9) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения" (далее – Закон о ПОД/ФТ/ФРОМУ) и определяют порядок осуществления переводов обеспеченных цифровых активов лицом, осуществляющим выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов, с учетом требований, установленных Законом о ПОД/ФТ/ФРОМУ.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Лицо при отправлении или получении обеспеченных цифровых активов от имени клиента (его представителя) и бенефициарного собственника удостоверяется, что перевод и любые связанные с ним сообщения содержат точную информацию об отправителе и получателе, и принимает меры в соответствии со статьей 7 Закона о ПОД/ФТ/ФРОМУ.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Лицо создает и поддерживает процедуры, системы и средства контроля для мониторинга, обнаружения и сообщения об операциях, превышающих установленные пороговые значения, выявления подозрительной деятельности в соответствии со статьями 10 и 10-1 Закона о ПОД/ФТ/ФРОМУ.";

      подпункт 1) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "1) данные отправителя (его представителя) и получателя в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона о ПОД/ФТ/ФРОМУ;";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Лицо разрабатывает процедуры по выявлению, оценке, мониторингу рисков легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, финансирования терроризма и финансирования распространения оружия массового уничтожения, в том числе их минимизацию (в отношении услуг (продуктов), клиентов, а также совершаемых клиентами операций).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Лицо исполняет требование о назначении ответственного за реализацию и соблюдение правил внутреннего контроля, из числа руководящих работников лица или иных руководителей лица не ниже уровня руководителя соответствующего структурного подразделения, а также иные требования, предъявляемые к работникам субъектов финансового мониторинга, ответственным за реализацию и соблюдение правил внутреннего контроля, в том числе о наличии безупречной деловой репутации в соответствии с пунктом 3 статьи 11 Закона о ПОД/ФТ/ФРОМУ.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Лицо в течение пяти лет со дня прекращения деловых отношений с клиентом (его представителем) и бенефициарным собственником хранит копии документов в соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона о ПОД/ФТ/ФРОМУ.".

      2. Департаменту оперативного анализа Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
Ж. Элиманов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан