БҰЙЫРАМЫН:
1. "Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32810 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 467) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларында:
"1. Осы Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 27-1-бабының 1-тармағының 2-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 467) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеу кезінде меншік иесі және (немесе) оператор:
1) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеу мақсаттарын белгілейді. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер декларацияланатын мақсаттарға сәйкес пайдаланылады;
2) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеу, тарату және оларға қол жеткізу тәртібін айқындайды;
3) субъект өтініш берген кезде субъектіге қатысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді бұғаттау тәртібін айқындайды.
Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеу кезінде меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға:
1) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге рұқсаты бар адамдардың тізбесін айқындайды;
2) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге заңсыз қол жеткізуге байланысты ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы уәкілетті органды хабардар етеді;
3) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын техникалық құралдарға ақпаратты қорғау құралдарын, бағдарламалық қамтылымның жаңартуларын орнатуды қамтамасыз етеді;
4) базаларды басқару жүйелерінің оқиғаларын журналдауды қамтамасыз етеді;
5) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге рұқсаты бар пайдаланушылардың іс-қимылдарын журналдауды қамтамасыз етеді;
6) қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің тұтастығын бақылау құралдарын қолданады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өзге тұлғаларға қорғалған байланыс арналары бойынша және (немесе) шифрлауды қолдана отырып және дербес деректер субъектісінің келісімі болған кезде беруді қамтамасыз етеді;
8) қолжетімділігі шектеулі дербес деректер қамтылған бизнес-процестерді бөледі;
9) қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің сенімді сақталуын қамтамасыз ету үшін ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдануды қамтамасыз етеді;
10) қолжетімділігі шектеулі дербес деректермен жұмыс жасаған кезде пайдаланушыларды сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі дербес деректермен жұмыс істеу кезінде жүз мыңнан астам дербес деректерді қамтитын база үшін биометриялық аутентификациялау құралдарын қолданады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.
Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау және беру ҚР СТ 1073-2007 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар" Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес параметрлері бар ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талаптары деректерді трансшекаралық беру жағдайларына қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2)осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |