"Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 213 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37634 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, комиссияның шешіміне сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 213 "Об утверждении Правил проведения конкурса на определение юридического лица, осуществляющего функции администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 17 декабря 2025 года № 247. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2025 года № 37634

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 213 "Об утверждении Правил проведения конкурса на определение юридического лица, осуществляющего функции администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33256) следующее изменение:

      в Правилах проведения конкурса на определение юридического лица, осуществляющего функции администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма, утвержденных указанным приказом:

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Обжалование решения комиссии в суде допускается после его обжалования в административном (досудебном) порядке в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, если иное не предусмотрено Законом Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан".".

      2. Комитету индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа обеспечить предоставление информации об исполнении в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан