"Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 599/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қарашада № 37492 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және
цифрлық даму министрі
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 599/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

"Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана Хаб" қатысушысы (бұдан әрі – Қатысушы) – Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 17-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға;

      2) Қатысушының бизнес-жоспары (бұдан әрі – бизнес-жоспар) – "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелген) 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қатысушы ретінде тіркелу кезінде заңды тұлға ұсынатын бизнес-жоспар.

2-тарау. "Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу тәртібі

      3. "Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестікті (бұдан әрі – шарттарға сәйкестік) "Астана Хаб" автономды кластерлік қоры (бұдан әрі – Қор) белгілейді.

      4. Шарттарға сәйкестік салықтық есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жыл сайын белгіленеді және Қордың интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

      5. Шарттарға сәйкестікті белгілеу үшін Қатысушы есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей "Астана Хаб" қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) Қор белгілеген нысан бойынша толтырады және Қорға интернет-ресурс арқылы жолдайды, онда мынадай деректер бойынша нақты көрсеткіштер көрсетіледі:

      1) іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін "Астана Хаб" қатысушысы жұмыскерлерінің саны;

      2) іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету үшін "Астана Хаб" қатысушысы жұмыскерлерінің қажетті біліктілігінің және (немесе) еңбек өтілінің және (немесе) тәжірибесінің болуы;

      3) іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету бойынша "Астана Хаб" қатысушысының жұмсалған шығыстары.

      6. Өтінімге мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

      1) ақпараттандыру саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың (келісімшарттардың) көшірмелері;

      2) еңбек шарттары туралы және олардың тіркелгенін растайтын мәліметтер;

      3) жұмыскердің мынадай мәліметтерді растайтын құжаттары: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі және (немесе) жұмыс тәжірибесі;

      4) шарттарды, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін, шоттарды, шот-фактураларды, қызметтердің нақты көрсетілгенін және оларға ақы төленгені туралы куәландыратын төлем құжаттарын қоса алғанда, ақпараттандыру саласындағы қызметтерді көрсету үшін жұмсалған шығыстарды растайтын, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалған бастапқы бухгалтерлік құжаттар.

      7. Қор 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде Қатысушы өтінімде көрсеткен және ұсынған құжаттармен расталған нақты көрсеткіштердің бизнес-жоспарда көрсетілген көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      8. Өтінімде және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтердің толық еместігі, дәйексіздігі немесе сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда, Қор қатысушыға ескертулер жібереді.

      Өтінімді қарау мерзімі көрсетілген ескертулер жойылғанға дейін, бірақ Қатысушы оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      9. Өтінімді қарау қорытындылары бойынша Қор шарттарға сәйкестікті беру туралы немесе осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша одан бас тарту туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.

      Қор шарттарға сәйкестікті электрондық форматта Қордың интернет-ресурсы арқылы ұсынады. Қордың интернет-ресурсында 24 (жиырма төрт) сағаттан артық техникалық ақаулар болған жағдайда, шарттарға сәйкестік қағаз жеткізгіште ұсынылады.

      10. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген мерзімде міндетті құжаттарды ұсынбау, бизнес-жоспарда мәлімделген 50 (елу) пайыздан астам нақты көрсеткіштерге қол жеткізбеу не осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімде ескертулерді жоймау шарттарға сәйкестікті ұсынудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      11. Шарттарға сәйкестік туралы берілген шешім күнтізбелік жыл ішінде қайта қаралуға жатады.

      Шарттарға сәйкестік туралы берілген шешім қайта қаралған жағдайда, Қор тиісті ақпаратты салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

Об утверждении Правил установления соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации

Приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 27 ноября 2025 года № 599/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 ноября 2025 года № 37492

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 741 Налогового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации.

      2. Комитету искусственного интеллекта и управления данными Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр искусственного интеллекта
и цифрового развития Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Заместитель Премьер-
Министра – Министр
искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан
от 27 ноября 2025 года № 599/НҚ

Правила установления соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 741 Налогового кодекса Республики Казахстан и определяют порядок установления соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) участник "Астана Хаб" (далее – Участник) – юридическое лицо, соответствующее условиям, предусмотренным статьей 17 Налогового кодекса Республики Казахстан;

      2) бизнес-план Участника (далее – бизнес-план) – бизнес-план, предоставляемый юридическим лицом при регистрации в качестве Участника в соответствии с подпунктом 1) пункта 9 приказа Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 26 сентября 2018 года № 415 "Об утверждении Правил деятельности международного технологического парка "Астана Хаб" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17437).

Глава 2. Порядок установления соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации

      3. Соответствие участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации (далее – соответствие условиям) устанавливается автономным кластерным фондом "Астана Хаб" (далее – Фонд).

      4. Соответствие условиям устанавливается ежегодно по итогам отчетного налогового периода и осуществляется на интернет-ресурсе Фонда.

      5. Для установления соответствия условиям, Участник не позднее 1 февраля года, следующего за отчетным периодом, заполняет и отправляет в Фонд посредством интернет-ресурса заявку на установление соответствия участника "Астана Хаб" условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации (далее – заявка) по форме, установленной Фондом, с указанием фактических показателей по следующим данным:

      1) количество работников участника "Астана Хаб", позволяющее оказывать услуги в сфере информатизации, по доходам от реализации которой применяется уменьшение корпоративного подоходного налога;

      2) наличие у работников участника "Астана Хаб" необходимых квалификации и (или) трудового стажа, и (или) опыта для оказания услуг в сфере информатизации, по доходам от реализации которой применяется уменьшение корпоративного подоходного налога;

      3) произведенные расходы участника "Астана Хаб" по оказанию услуг в сфере информатизации, по доходам от реализации которой применяется уменьшение корпоративного подоходного налога.

      6. К заявке прикрепляются следующие документы:

      1) копии договоров (контрактов) на оказание услуг в сфере информатизации;

      2) сведения о трудовых договорах и подтверждение их регистрации;

      3) документы работника подтверждающие следующие сведения: фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, квалификация и (или) трудовой стаж, и (или) опыт работы;

      4) первичные бухгалтерские документы, подтверждающие произведенные расходы на оказание услуг в сфере информатизации, составленные в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан, включая договоры, акты выполненных работ (оказанных услуг), счета, счета-фактуры, платежные документы, свидетельствующие о фактическом оказании услуг и их оплате.

      7. Фонд в течение 25 (двадцать пять) календарных дней проводит проверку фактических показателей, указанных Участником в заявке и подтвержденных представленными документами, на соответствие показателям, указанным в бизнес-плане.

      8. В случае установления неполноты, недостоверности либо несоответствия сведений, содержащихся в заявке и (или) документах, предусмотренных пунктом 6 настоящих Правил, Фонд направляет Участнику замечания.

      Срок рассмотрения заявки приостанавливается до устранения указанных замечаний, но не более чем на 5 (пять) рабочих дней с даты их получения Участником.

      9. По итогам рассмотрения заявки Фонд принимает решение о предоставлении соответствия условиям или об его отказе по основаниям, указанным в пункте 10 настоящих Правил (далее – решение).

      Фонд предоставляет соответствие условиям в электронном формате через интернет-ресурс Фонда. В случае технических сбоев интернет-ресурса Фонда более 24 (двадцать четыре) часов, соответствие условиям предоставляется на бумажном носителе.

      10. Основаниями для отказа в предоставлении соответствия условиям являются непредставление в срок, предусмотренный пунктом 5 настоящих Правил, обязательных документов, недостижение фактических показателей от заявленных в бизнес-плане более чем на 50 (пятьдесят) процентов либо неустранение замечаний в срок, предусмотренный пунктом 8 настоящих Правил.

      11. Выданное решение о соответствии условиям подлежит пересмотру в течение календарного года.

      В случае пересмотра выданного решения о соответствии условиям, Фонд направляет соответствующую информацию в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет.