"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 1584 бұйрығымен бекітілген |
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери міндеттілердің курстық даярлықтан өту тәртібін айқындайды.
2. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы (бұдан әрі – ӘМКД):
1) қатардағы және сержанттар құрамының әскери міндеттілері үшін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында, әскери оқу орындарында және Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде);
2) офицерлер құрамының әскери міндеттілері үшін – әскери оқу орындарында және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында (әскери факультеттерінде) жүргізіледі.
3. ӘМҚД үшін алдағы күнтізбелік жылға жұмылдыру қажеттілігі есебін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жыл сайын 1 қазанға дейін айқындайды.
4. ӘМҚД үшін қабылдау жоспарын (бұдан әрі – жоспар) күнтізбелік жылға Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі жұмылдыру қажеттілігі есебі және әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігі негізінде әзірлейді, ол мамандандырылған ұйыммен, әскери оқу орнымен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасымен (әскери факультетімен) (бұдан әрі – ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар) келісіледі және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі немесе ол уәкілеттік берген адам ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді.
Бекітілген жоспардан үзінді жоспар бекітілгеннен кейін ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдарға оларға қатысты бөлігінде бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
5. Оқу взводтары мен бөлімшелерді құруды және жасақтауды ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.
6. ӘМҚД Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жалпыәскери жарғыларының талаптары ескеріліп ұйымдастырылады.
7. ӘМҚД жүргізу үшін қажетті оқу бағдарламаларын, жоспарлау, есепке алу, ақпараттық және есеп беру құжаттарын ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым осы Қағидалар негізінде әрбір әскери-есептік мамандық бойынша әзірлейді.
2-тарау. Курстық даярлық ауқымы
8. ӘМҚД-дан өту ауқымы мынадай болып белгіленеді:
1) қатардағы және сержанттар құрамының әскери міндеттілері үшін – 240 – 360 академиялық сағат;
2) офицерлер құрамының әскери міндеттілері үшін – 320 – 480 академиялық сағат.
9. Әрбір әскери-есептік мамандық бойынша ӘМҚД ұзақтығын ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар оқу бағдарламасын ескеріп, бекітілген жоспар негізінде айқындайды.
3-тарау. Курстық даярлыққа қабылдау және жіберу тәртібі
10. ӘМҚД-дан өтуге ниет білдірген әскери міндеттілер ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымға мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘМҚД-дан өтуге өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) әскери билетінің (бар болса) көшірмесі;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
11. Әскери міндеттілер ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдармен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша түрде өтеулі негізде ӘМҚД-дан өтуге шарт жасайды.
12. Әскери міндеттілерді ӘМҚД-ға қабылдау әскери міндеттілер берген құжаттар мен бекітілген жоспар негізінде ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
13. Әскери міндеттілер ӘМҚД-ға қабылдау туралы бұйрықта белгіленген мерзімде келеді және білім алуға кіріседі.
4-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру
14. Оқу процесі саны 30 адамға дейін болатын оқу взводы құрамында ұйымдастырылады. Взвод командирі білім алушылар қатарынан тағайындалады. Әрбір взвод ішінде саны 10 адамнан аспайтын оқу бөлімшесі құрылады, олардың әрқайсысында білім алушылар қатарынан жетекші тағайындалады.
15. ӘМҚД кезеңінде сабақ өткізудің негізгі нысандары:
1) теориялық сабақ;
2) практикалық сабақ.
16. ӘМКД-ның оқу процесі оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады және ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары бекітетін сабақ кестесі бойынша жүзеге асырылады. Оқу күнінің ұзақтығы, сабақ өткізу жүйелілігі мен уақыты ӘМКД-ның оқу бағдарламасына байланысты белгіленеді. ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курс ӘМКД-ның оқу бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық сабақтарды және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
17. ӘМҚД-ны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету оқу бағдарламаларын, сабақ өткізу жоспарын, оқу-көрнекі құралдарды, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруді, сондай-ақ ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдардың әзірлеген материалды қамтиды.
18. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымда ӘМҚД-дан өтуді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың жеке карточкасын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
19. ӘМКД-дан шеттету ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымның басшысы бекіткен ішкі тәртіп талаптарын бұзғаны үшін;
2) дәлелсіз себептермен 18 оқу сабағына қатыспағаны үшін. Дәлелсіз себептерге тиісті ресми құжаттармен расталған уақытша еңбекке жарамсыздық (ауру), сондай-ақ жақын туыстарының қайтыс болуы, отбасылық немесе қызметтік мән-жай сияқты өзге де мән-жайлар жатады;
3) өз қалауы бойынша;
4) ӘМКД-дан өтеулі негізде өтуге шарттың талаптарын бұзғаны үшін.
5-тарау. Қорытынды аттестаттау және оқыту нәтижесін ресімдеу
20. Әскери міндеттілерді қорытынды аттестаттау ӘМКД оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін оқу бағдарламасын меңгеруді тексеру және қажетті теориялық және практикалық білім мен дағдыларды меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүргізіледі.
21. Қорытынды аттестаттау теориялық бөлікті (тестілеу немесе ауызша сұрау) және практикалық бөлікті (ӘМҚД бағдарламасы бойынша жаттығуды орындауды) қамтиды.
22. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымда әскери міндеттілерді қорытынды аттестаттау үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады, оның құрады саны кемінде 5 адам оның мүшелерінің тақ санынан болады.
Комиссия құрамына оқытушылар, практикалық даярлық шеберлері, ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшылығының өкілдері, жергілікті әскери басқару органының немесе осы гарнизонда орналасқан әскери бөлімнің өкілдері кіреді. Жергілікті әскери басқару органының немесе осы гарнизонда орналасқан әскери бөлімнің өкілі комиссия төрағасы болып табылады.
23. Қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери міндеттілердің қорытынды аттестаттау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.
Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықтан" төмен емес баға алу ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курсты аяқтаған болып есептеледі. ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курстан өту әскери оқу-жаттығу жиындарынан өткенге теңестіріледі. Әскери міндеттілерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курстан өткені туралы сертификат беріледі. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар ӘМКД аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде әскери міндеттілердің әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына тиісті мәліметтерді жібереді.
24. ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курстан өткен әскери міндеттілерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен кезекті әскери атақтар беріледі.
ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар ӘМКД аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде офицерлер құрамы бойынша хаттамадан үзіндіні запастағы офицерлердің кезекті әскери атақтарын беру үшін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Қатардағы және сержанттар құрамы бойынша хаттамадан үзінді запастағы сержанттар құрамының кезекті әскери атақтарын беру үшін әскери міндеттілердің әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жіберіледі.
25. Комиссия хаттама бекітілген күні онымен білім алушыларды таныстырады.
Қорытынды аттестаттау нәтижесімен келіспеген білім алушылардың апелляциясын қарау үшін ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымның өкілдері, осы гарнизонда орналасқан жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің өкілдері қатарынан апелляциялық комиссия құрылады және мүшелердің тақ санынан (кемінде үш адам) тұрады.
Білім алушы апелляцияны қорытынды аттестаттау нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні жазбаша түрде береді. Апелляциялық комиссия өтінішті білім алушының қатысуымен ол түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен қарайды. Білім алушы апелляциялық комиссия отырысына келмеген жағдайда өтініш қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қабылданады және комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
26. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген әскери міндетті білім алушылардың кезекті тобымен бірге қорытынды аттестаттаудан қайта өтеді. Қайта қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес баға алған әскери міндеттіге осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес сертификат беріледі және осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес кезекті әскери атақ беріледі.
| Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізуге өтініш
(ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым атауы)
| Кімге: Басшыға | |
| Кімнен: |
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _______________________________
Туған күні: ____ жылғы "___" __________
Тіркелген (тұратын) жері: ______________________
Байланыс телефоны: __________________________________
Әскери-есептік мамандығы: _______________________________________________
Құрамы (қатардағы/сержанттар/офицерлер): _______________
Мені өтеулі негізде әскери міндеттілерді даярлау бағдарламасы бойынша курстық
даярлыққа қабылдауыңызды сұраймын.
Курстық даярлықтан өту талаптарымен таныстым және келісемін.
Өтініш берілген күн: 20 жылғы "_" __________
Жеке қолтаңба _______________________
| Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Әскери міндеттінің өтеулі негізде курстық даярлықтан өтуі туралы № ___шарт 20__жылғы "__" __________
Бірге "Тараптар" деп аталатын бір тараптан
_____________________________________________________________ негізінде
______________________________ атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы/жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасы (әскери
факультеті)/әскери оқу орны (бұдан әрі – орындаушы) және екінші тараптан бұдан әрі
– Білім алушы деп аталатын
Қазақстан Республикасының азаматы(шасы)________________________________
(әскери міндеттінің А.Ә.( бар болса).Т.
ЖСН: _______________, жеке куәлік №: ________, 20 жылғы " " __________
____________________ берілген, әскери билет №: _________________________,
төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Орындаушы Білім алушыға ______________________________ әскери-есептік
мамандығы бойынша _________ академиялық сағат көлемінде курстық даярлықты
ұйымдастыруға және өткізуге міндеттенеді, ал Білім алушы осы даярлықтан өтуге
және белгіленген тәртіппен оның құнын төлеуге міндеттенеді.
2. Шарттың қолданылу мерзімі.
2.1. Курстық даярлықтан өту мерзімі: 20_ ж. "____" ____________ бастап 20_ ж.
"____" ____________ дейін.
2.2. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар ол бойынша
міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
3. Құны және төлеу тәртібі
3.1. Курстық даярлықтың жалпы құны: _________ (__________) теңге.
3.2. Білім алушы төлемді орындаушының есеп шотына сабақ басталғанға дейін бір рет
жүргізеді:
Алушы: ____________________________
БСН: _____________________
ЖИК: _____________________
Банк: _____________________
БИК: _____________________
Төлем мақсаты: Әскери міндеттінің А.Ә. (бар болса).Т. курстық даярлығы үшін төлем.
___________________________________.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Орындаушының міндеттері:
оқу жоспарына сәйкес теориялық және практикалық сабақты қамтамасыз ету.
оқытушыларды тағайындау және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру.
аттестаттаудан сәтті өткен кезде белгіленген үлгідегі сертификат беру.
4.2. Білім алушының міндеттері:
оқу құнын уақтылы төлеу;
кестеге сәйкес сабаққа келу;
тәртіпті және ішкі тәртіп талаптарын сақтау;
№ 075/у нысандағы медициналық анықтаманы және өзге де талап етілетін құжаттарды
ұсыну.
5. Тараптардың жауаптылығы
5.1. Шарттың талаптарын бұзған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5.2. Білім алушы курстық даярлықтан шеттетілген кезде Орындаушы төленген
қаражатты қайтармай, шартты бұзуға құқылы.
5.3. Орындаушы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамағанда немесе курсты өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатқанда, сондай-ақ көрсетілетін қызмет көлемі шартта көзделгеннен аз болғанда орындаушы қызмет көрсетуді тоқтатқан күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге қайта есептеу нәтижесі бойынша төленген қаражаттың бір бөлігін не толық сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
5.4. Әскери міндетті нақты белгіленген құнмен, төлеу тәртібімен және қаражатты қайтару қағидаларымен танысқаннан кейін өтінішке қол қояды.
6. Басқа да шарттар
6.1. Осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделіп, екі тарап қол қояды.
6.2. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық дау мен келіспеушілік келіссөз арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмегенде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде қаралады.
7. Тараптардың мекенжайы мен деректемелері
Орындаушы:
Атауы: ________________________________________________________
Заңды мекенжайы: ______________________________________________
Телефон: ______________________________________________________
Басшының А.Ә. (бар болса).Т.: ___________________________
Білім алушы:
Т.А.Ә. (бар болса): _____________________________________
Тұрғылықты мекенжайы: ________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________
8. Тараптардың қолтаңбасы
Орындаушы | Білім алушы |
_______________________ | _______________________ |
(қолтаңбасы, А.Ә (бар болса).Т. | (қолтаңбасы, А.Ә (бар болса).Т. |
| Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
(ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым атауы)
Білім алушы әскери міндеттінің жеке карточкасы
1. Жалпы мәліметтер
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: ___________________________________________
Туған күні: ____ жылғы "___" __________
Тіркелген (тұратын) жері: __________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________
Әскери-есептік мамандығы: ___________________________________________
Құрамы (қатардағы/сержанттар/офицерлер): __________________________
2. Курстық даярлықтан өткені туралы мәліметтер
Оқу мерзімі: 20 жылғы "__" __________ бастап 20 жылғы "__" __________ дейін
Даярлау бағдарламасы: ___________________________________________
Оқу тобы/взводы: ___________________________________________
3. Қорытынды аттестаттау
Өткізу күні: 20 жылғы "_ " __________
Теориялық бөлім нәтижесі: __________________________________
Практикалық бөлім нәтижесі: ___________________________________
Емтихан комиссиясының қорытындысы: ____________________________
4. Қолтаңба
Емтихан комиссиясы мүшелерінің қолтаңбасы: _________________________________
Оқытуды ұйымдастыруға жауапты адамның қолтаңбасы: ______________________
| Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Курстық даярлықтан өткен әскери міндеттілерді қорытынды аттестаттау хаттамасы
№ _______
______________________ қаласы
20 жылғы "_" __________
Емтихан комиссиясының құрамы:
Төраға: ___________________________________________
Комиссия мүшелері: _________________________________________
Қорытынды аттестаттаудан өткен әскери міндеттілер туралы мәліметтер:
№ | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Әскери- есептік мамандығы (ӘЕМ) |
Әскери міндеттілер құрамы (қатардағы/сержант | Теориялық бөлім нәтижесі | Практикалық бөлім нәтижесі | |
1. | ||||||
2. | ||||||
3. |
Комиссия төрағасы:_________________________ /қолы/(А.Ә. (бар болса) Т.)
Комиссия мүшелері:_________________________ /қолы/ (А.Ә. (бар болса) Т.)
_________________________
/қолы/(А.Ә. (бар болса) Т.)
| Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 5-қосымша Нысан |
_____________________________ (ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым атауы) _____________________________ (курс атауы) курстық даярлықтан өткені туралы № 0000000 сертификат
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _______________________________
ЖСН: _____________________________________
Туған күні: ____ жылғы "__" __________
Әскери-есептік мамандығы: ____________________________________________
Санаты (қатардағы/сержанттар/офицерлер): _______________
Сертификат берілген күн: 20 жылғы "__" __________
ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым бастығы
М.О.