БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) конкурс – әлеуетті өнiм берушiлердiң арасындағы бәсекелестiктi көздейтiн және сатып алу шартының неғұрлым қолайлы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсiлi;
6) конкурстық комиссия – осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде қатысқан жағдайда, табиғи монополия субъектісінің қызметкерлерінен, сондай-ақ оның үлестес тұлғаларының қызметкерлерінен құрылатын комиссия;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) конкурстық өтінім – әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған конкурстық ұсынысы;";
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133. Конкурстық комиссияның хатшысы мыналарды:
1) конкурстық құжаттаманы конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей порталда жариялауды;
2) порталда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс рәсімдерін өткізуді ұйымдастыруды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындауды, конкурстық комиссияны құжаттармен қамтамасыз етуді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастыруды, портал қалыптастырған конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамаларына қол қоюды, конкурстық өтінімдерді және конкурс қорытындылары туралы қарауды жүзеге асырады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауына қатыспайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы болмаған уақытта оның міндетін атқарушы тағайындалады.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Егер конкурс тұтастай немесе қандай да бір бөлігі (лот) бойынша өтпеді деп танылса, онда табиғи монополия субъектісі мынадай:
1) конкурстық құжаттаманы өзгерту және қайта конкурс өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, қайталап конкурс өткізудің мерзімдері мен тәртібі бастапқы конкурс өткізуге сәйкес келеді.
Конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім ұсынылған жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы сәйкес келген жағдайда, оған портал арқылы жіберіледі. Конкурстық құжаттама сәйкес келген жағдайда, жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспайды.
Өтпеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектісі портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Осы тармақта көрсетілген іс-әрекеттер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрықтарымен ресімделеді.";
178-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"178-14. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу – бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:
1) егер конкурс тәсілімен сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы, оның ішінде аварияларды жою үшін төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушыларының жүзеге асыруы;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
7) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындауы жағдайларында ғана өткізіледі;
8) егер мұндай тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.";
178-15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) конкурсты өтпеді деп тануға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде – осы конкурс бойынша құжат:
конкурстық комиссияны бекіту туралы бұйрық;
конкурстық құжаттама;
конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы; конкурс қорытындылары туралы хаттама;
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері;
табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында не электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру;";
184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"184. Сатып алуды:
негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) толық жинақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;
тауарды лизингке беру жөніндегі қызметтер берушіні анықтау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттілігінің туындауы үшін;
табиғи монополия субъектісінде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқау сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын болса, сатып алуды жүргізу кезінде конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаудың болуына жол берілмейді.";
442-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"442-1. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғалар (сарапшылар, сараптама ұйымдары) ретінде мынадай өлшемшарттар мен талаптардың барлығына сәйкес келетін тұлғалар тартылады:
1) Сарапшылар үшін:
техникалық сараптама мәніне сәйкес келетін техникалық мамандық саласында жоғары білімі болуы;
еңбек қызметі немесе өзге де тәжірибесі туралы растайтын құжаттармен, жабдықпен (тиісті саладағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жағдайда) жұмыс істеуге рұқсат берудің тиісті санатымен жүргізілетін техникалық сараптаманың мәніне сәйкес кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
экономика саласында біліктілікті беруді растайтын біліктілік куәліктерінің және/немесе куәліктерінің және/немесе сертификаттарының, аттестаттарының және/немесе сертификаттарының болуы;
2) Сараптама ұйымдары үшін:
Штатта осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келетін сарапшының болуы.";
442-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"442-2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына жүргізілген техникалық сараптаманың негізділігі және сапасы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті тұлғалар (сарапшылар, сараптама ұйымдары) жауапты болады.".
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Дарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің |
|
| міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 қарашадағы № 121 Бұйрығына қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
1-нысан
Конкурс өткізу туралы хабарландыру ______________________ конкурс өткізетіні туралы хабарлайды (табиғи монополия субъектісінің толық атауы)
Сатып алудың (конкурстың) атауы
(Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың атауына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың атауы):
_______________________________________________________________
Лоттардың атауы:_______________________________________________
Барлық шығыстарды ескере отырып, қосылған құн салығын, лот бойынша сатып
алынатын тауарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде
тасымалдауға және сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және
басқаларды төлеуге арналған және т. б. есепке алмағандағы бірлік үшін баға:
______________________________________.
Лот бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға
бөлінген қосылған құн салығын есепке алмағанда, барлық шығыстарды ескере
отырып, оның ішінде тасымалдау мен сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды,
алымдарды және басқаларды төлеуге бөлінген теңгедегі жалпы сома:
___________________________________________________________________
Төлем шарттары: ____________________________________________
Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін тәртібі, мөлшері, нысаны, мерзімі,
банктік деректемелері: ________________________________.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері _______________ сағат _______
минутқа дейінгі мерзімде қабылданады. "__" __________ мекенжайы бойынша
____________, № ___ кабинет.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер _____ сағат _______________ минут
ашылады "____" __________ мекенжайы бойынша _____________, № ___ кабинет.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурстық өтінімді,
сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар:
_______________________________________________________________
Табиғи монополия субъектісінің толық атауы, почталық және электрондық
мекенжайлары:
_______________________________________________________________
Конкурстық комиссияның хатшысы
(Т. А. Ә., лауазымы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы):
___________________________________________________
Қосымша:
1. Техникалық ерекшелігі сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің);
2. Жоспарлар, сызбалар, эскиздер (бар болса);
Шарт жобасы.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы _________________ _______________
(Т. А. Ә.) (Қолы, күні)
2-нысан
| Бекітемін: Табиғи монополия субъектісінің басшысы ______________ ___________ ______________ (Т. А. Ә.) (қолы) |
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі
Сатып алу (конкурс) нөмірі: | |
Сатып алудың (конкурстың) атауы (Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы): | |
Лот нөмірі: | |
Лот атауы: | |
Лоттың сипаттамасы: | |
Лоттың қосымша сипаттамасы: | |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі) : | |
Өлшем бірлігі: | |
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету орны: | |
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі: | |
Сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары: |
Конкурстық комиссияның төрағасы _________________ _______________
(Т. А. Ә.) (Қолы, күні)
3-нысан
| Кімге _____________________ | |
| ____________________________ | |
| (табиғи монополия субъектісінің атауы) Кімнен ___________________ |
|
| __________________________ | |
| (әлеуетті өнім берушінің атауы) |
Конкурсқа қатысуға өтінім)
Конкурстың атауы мен нөмірі:_________________________________.
Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің атауы мен саны (көлемі):____________________________________
Жеткізілетін тауарлардың сипаттамасы мен функционалдық, техникалық, сапалық
және пайдалану сипаттамалары: ___________________________________________.
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен
орны: ________.
Тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты
шығыстарды қоса алғанда, қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауардың,
жұмыстың және қызметтің бір бірлігі үшін теңгемен баға:
_______________________________________.
Тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты
шығыстар енгізілген қосылған құн салығын есепке алмағандағы тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтердің теңгемен жалпы бағасы: _______________________
Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын егжей-тегжейлі ашатын сметалық
есеп немесе құнның калькуляциясы:______________________________________
Әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын
жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен
орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шекті
көлемі: ______________________________________.
Осы өтініммен оның тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер
көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіремін.
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы (қолы, күні)
4-нысан
Баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру _______________________________________________________________
(табиғи монополия субъектісінің толық атауы)
баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен сатып алу туралы хабарлайды.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың атауы және нөмірі
(Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың атауына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың атауы)): ____________________________________.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны
(көлемі), өлшем бірлігі: ______ ескерту.
Сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы және талап етілетін функционалдық,
техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары: ______________________
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен
орны: _______ ескерту.
Барлық шығыстарды ескере отырып, қосылған құн салығын, лот бойынша сатып
алынатын тауарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде
тасымалдауға және сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және
басқаларды төлеуге арналған және т. б. есепке алмағандағы бірлік үшін баға:
______________________________________________________________________.
Лот бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға
бөлінген қосылған құн салығын есепке алмағанда, барлық шығыстарды, оның ішінде
тасымалдауға және сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және
басқаларды төлеуге арналған шығыстарды ескере отырып, теңгемен жалпы сома:
______________________________________________________________________.
Төлем шарттары: _______________________________________________________.
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары ___ жылғы "__" __________
______сағат __________ минутқа дейінгі мерзімде _____________, № ___ кабинет
мекенжайы бойынша қабылданады.
Баға ұсыныстары салынған конверттер баға ұсыныстары ___ жылғы "__" __________
сағат __________ минутқа дейінгі мерзімде _____________, № ___ кабинет
мекенжайы бойынша ашылады.
Табиғи монополия субъектісінің толық атауы, телефон нөмірі, пошталық және
электрондық мекенжайлары: ___________________________________________
Қосымша:
1. Шарт жобасы.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы _________________ _______________
(Т. А. Ә.) (Қолы, күні)
5-нысан
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінім Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың атауы мен нөмірі:
_______________________________________________________________
Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің атауы мен саны (көлемі):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________.
Сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы мен функционалдық, техникалық,
сапалық және пайдалану сипаттамалары: ______________________________
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен
орны: _______ ескерту.
Тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты
шығыстар енгізілген қосылған құн салығын есепке алмағандағы тауар, жұмыс және
қызмет бірлігінің бағасы: ____________________________________________
Тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты
шығыстар қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың, жұмыстардың,
қызметтердің жалпы бағасы: _____________________________.
Осы өтініммен оның тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер
көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіремін.
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы (қолы, күні)