БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарында:
69-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69-2. Практикалық дайындық нұсқаушылары АОО мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) жоғары білім;
2) пән бағыты бойынша бастапқы даярлау және (немесе) қайта даярлау;
3) игерілген авиациялық кәсіп немесе мамандық бойынша азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл.
Осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талаптар нұсқаушының жарамды арнайы белгісі бар қолданыстағы куәлігінің болуы талап етілетін ұшу даярлығына тартылатын нұсқаушы-ұшқыштарға қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |