ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 31.12.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 қарашадағы № 666 Бұйрықпен бекітілген |
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ФДБ" АЖ) арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендіруің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) тәртібін мен мерзімін айқындайды (бұдан әрі – Пилоттық жоба).
2. Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "ФДБ" АЖ арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жоба Салық кодексінің 19-тарауында көзделген тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау мен беру тәртібін, оның ішінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегін қалыптастыру процесін оңайлату және берілетін мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және жеделдігін қамтамасыз ету бөлігінде жетілдіру және жаңғырту мақсатында іске асырылады.
Пилоттық жоба осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақшалай есеп айырысулар – Салық кодексінің 165-бабында айқындалған қолма-қол ақшаны және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
2) бақылау-касса машинасының чегі – сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасында Салық кодексінің 165-бабында айқындалған қағаз түрінде не электрондық түрде берілген ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын, бақылау-касса машинасының бастапқы есепке алу құжаты;
3) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
4) тауарлардың электрондық каталогы – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған веб-порталдың ақпараттық ішкі жүйесі;
5) "ФДБ" АЖ – "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ЭҚО" АҚ) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасыннан ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде салық органдарына беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйесі.
6) "ЭҚО" АҚ –деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және беруді электрондық каталогын қолдана отырып "ФДБ" АЖ арқылы мемлекеттік кірістер органдарына өзгеріссіз түрде беруді қамтамасыз ететін қоғам;
7) "электрондық үкіметтің" шлюзі – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес айқындалған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және "Ақпараттандыру туралы" (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заңы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар
4. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) осы Қағидаларда көзделген тиісті міндеттер қолданылатын сәттен бастап келісімге қол қою арқылы қатысуға келісім білдірген салық төлеушілер мен бақылау-касса машиналарын өндірушілер;
2) "ЭҚО" АҚ;
3) мемлекеттік кірістер органдары.
5. Пилоттық жобаға қатысушылар Салық кодексінің және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының, Ақпараттандыру туралы заңның, сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) тәртібі
6. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндеттемелері бар, Пилоттық жобаға қатысатын салық төлеушілер Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан түсіндірмелер мен ұсынымдар алады.
Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілер "ФДБ" АЖ сервисін пайдаланған жағдайда:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "ФДБ" АЖ арқылы электрондық тауарлар каталогын қолдана отырып, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі Пилоттық жобаға қатысу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ұсынады;
2) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін "ФДБ" АЖ арқылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне береді;
3) "ФДБ" АЖ арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру кезінде көзделген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
7. Пилоттық жобаға қатысатын бақылау-касса машиналарын өндірушілер:
1) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне жедел беруді қамтамасыз ететін "ФДБ" АЖ-мен интеграциялық өзара іс-қимылды іске асырады;
2) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін "ФДБ" АЖ арқылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне мәліметтерді береді;
3) Пилоттық жобаны жүргізу барысында интеграция мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан және "ЭҚО" АҚ-дан түсіндірмелер және ұсынымдар алады;
4) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру кезінде Пилоттық жобаға қатысатын салық төлеушілер үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
8. "ЭҚО" АҚ:
1) тиісті ақпараттық жүйені құруды, дамытуды, сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, Пилоттық жобаның техникалық іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) қатысушыларды "ФДБ" АЖ қолда бар техникалық мүмкіндіктері шегінде Келісім негізінде Пилоттық жобаға қосуды қамтамасыз етеді;
3) Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару" және "бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту" салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесі (СӘАЖ);
"Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі сервистеріне қосылуды қамтамасыз етеді;
4) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді электрондық каталогын қолдана отырып, "электрондық үкімет" шлюзін пайдаланбастан интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және мемлекеттік кірістер органдарына өзгеріссіз түрде беруді қамтамасыз етеді;
5) тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау және беру кезінде салық төлеушілер мен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын өндірушілер үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
9. Комитет Пилоттық жобаға қатысушылардың тізбесін жүргізеді және тіркеуді, тізбеге енгізуді және оған өзгерістер енгізуді қоса алғанда, келісімдерге әкімшілік сүйемелдеуді жүзеге асырады.
10. Жергілікті жерлердегі мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге Пилоттық жобаны іске асыру бойынша түсіндірмелер береді.
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы келісім
Астана қаласы 20__ жылғы "___"_________
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Комитет" деп аталатын ____________________________________________________________
___________________________________________________________ тұлғасында
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет етуші,
(құжаттың атауы)
бір тараптан
__________ ______________________________________________________
_________________________________________________________________
(атауы)
бұдан әрі "Қатысушы" деп аталатын
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
тұлғасында,
________________________________________________ негізінде әрекет етуші,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының ережелерін ескере отырып, Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ФДБ" АЖ)арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1-тарау. Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "Фискалдық деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы келісімнің мәні
1. Тараптар тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "ФДБ" АЖ арқылы тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) жүргізу туралы уағдаласады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Комитет Пилоттық жобаға қатысушыдан салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды сұратады.
3. Комитет:
1) қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Пилоттық жобаны жүргізу мәселелері бойынша түсіндірме беруге;
2) "ФДБ" АЖ арқылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы алынған мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді, сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
4. Пилоттық жобаға қатысушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 13-бабының 1-тармағына сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі туралы мемлекеттік кірістер органдарынан түсіндірме алуға құқылы.
5. Пилоттық жобаға қатысушы Пилоттық жобаға қатысқан кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне тауарлардың электрондық каталогын қолдана отырып тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді "ФДБ" АЖ арқылы мемлекеттік кірістер органдарына беру кезінде көзделген дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
6. Тараптардың өзара келісім бойынша осы Келісімге толықтырулар енгізуге құқығы бар.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Осы Келісімнен туындайтын кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
4-тарау. Құпиялылық
8. Тараптар Салық кодексінің 30-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.
9. Алынған мәліметтердің тиісті органдар растаған ақпараттық деретер базасын ұрлау, тонау, қарақшылық, иеленіп алу, кибер-шабуыл түрінде көрсетілген үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан байқаусызда таралуы құпиялылық туралы талапты бұзу болып табылмайды.
5-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі
10. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Пилоттық жоба аяқталғанға дейін қолданылады және қатысушыға қатысты оңалту немесе банкроттық, тарату, бірігу, қосылу, бөлу және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру рәсімін жүргізу кезінде, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылады.
Бұл ретте Қатысушы Келісімді бұзу туралы хатты алған күннен бастап Келісім бұзылды деп есептеледі.
6-тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті адамдарының қолы қойылып жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
12. Комитетті қайта ұйымдастырылу арқылы қайта құру осы Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді.
13. Пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын ақпаратпен алмасу, құжаттарды, оның ішінде хабарламаларды, сұрау салуларды, ұсынымдар мен хаттарды жолдау мынадай электрондық пошта мекенжайларын пайдалана отырып жүзеге асырылады:
Комитет тарапынан ___________________________________________;
Қатысушы тарапынан ___________________________________________.
14. Осы Келісім қазақ және орыс тілдерінде әр Тарапқа 2 (екі) данада және бірдей заңды күшке ие 4 (төрт) түпнұсқа данада жасалды.
7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы Қаржы |
Қатысушы: |