ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23034 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көлік құралын жасаушы заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасының техникалық хатшылығы берген көлік құралын дайындаушыға болған жағдайда халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының техникалық хатшылығы берген көлік құралын дайындаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік болған жағдайда, көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың ресімделуінің дұрыстығы мен негізділігін тексеруді техникалық хатшылық олар техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайлар үшін дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі ең көбі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.";
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Мәтінде грамматикалық және орфографиялық қателер анықталған жағдайда, қателері бар бетті техникалық хатшылық сәйкестікті растау жөніндегі органға қателерді жою және (немесе) беттерді ауыстыру үшін қайтарады.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде техникалық хатшылық қайтарған, мәтіндегі грамматикалық және орфографиялық қателерді жояды және (немесе) беттерді ауыстырады.
Мәтіндегі грамматикалық және орфографиялық қателер осы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жойылмаған және (немесе) беттер ауыстырылмаған жағдайда, техникалық хатшылық жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Кушукова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі