БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:
1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;
2) өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері мыналар болып табылады, егер:
1) олардың соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде осы елді мекенде меншік құқығына арналған тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда;
2) олардың соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасында меншік құқығына арналған тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда;
3) олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы бар болса;
4) ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер дәйексіз деректерді қамтыған болса;
5) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген болса.";
6) олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алды.";
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:
1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;
2) өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, жергілікті және басқа да соттар судьяларының тұрғын үйді беруі мен пайдалануы тиісті конституциялық заңдар тәртібімен және шарттарымен қамтамасыз етіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Егер Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік мекеменің немесе кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру сәтінде өтініш берушінің және оның отбасының бірге тұратын мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда, мемлекеттік мекеменің не мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруден бас тартылады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі