Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 591-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қазанда № 37272 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 591-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін айқындайды.

2-тарау. Лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібі

      2. ЖЖОКБҰ бірінші басшысы лауазымына белгілеу және тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ЖЖОКБҰ бірінші басшысының бос лауазымына ашық конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.

      3. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Министрліктің және ЖЖОКБҰ интернет-ресурсына орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол беріледі.

      4. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар бірінші басшысының лауазымына конкурс жарияланатын ЖЖОКБҰ қаражаты есебінен қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) бірінші басшысының лауазымына конкурс өткізіліп жатқан ЖЖОКБҰ атауы, оның орналасқан жерін, пошталық мекенжайын, телефоны мен факс нөмірлерін, электрондық мекенжайын көрсету;

      2) 10 (он) жұмыс күнінен тұратын және конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;

      3) негізгі функционалдық міндеттері;

      4) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

      5) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;

      6) әңгімелесу өткізілетін күні, орны және уақыты, форматты (офлайн немесе онлайн);

      7) конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;

      8) конкурсқа қатысу үшін өтініш және қызметтік тізім нысандары.

      6. Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілетін болса, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Сондай-ақ, хабарландыруда негізгі қызметкердің шығу күні және негізгі қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығу құқығы туралы ақпарат көрсетіледі.

      7. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына құжаттар қабылданатын мерзімде ұсынады.

      Құжаттар электрондық түрде жіберілген кезде олардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлғаны конкурстық комиссия әңгімелесуден өтуге жібермейді.

      8. Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) конкурсқа қатысушының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 өлшемді түрлі-түсті суреті бар қызметтік тізімі;

      4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары немесе білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және шетелдік оқу орындарының филиалдары берген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқу бітіргені туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың жұмыс орнындағы (қазіргі не соңғы кадр қызметі куәландырған көшірмесі;

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін берілгеніне 6 (алты) ай толмаған № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

      7) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күн аспайтын мерзімде берілген мәліметті (психикалық мінез-құлық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы);

      8) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күн аспайтын мерзімде берілген мәліметті (наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы);

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіптік қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.

      Конкурстық комиссияның материалдары, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың қызметтік тізімі, өтініштері мен құжаттары Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінде сақталады.

      9. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      10. Конкурсқа қатысуға сондай-ақ мына тұлғалар жіберілмейді:

      1) 25 (жиырма бес) жасқа толмаған;

      2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

      3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған (психоневрологиялық, наркологиялық).

      11. ЖЖОКБҰ бірінші басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:

      1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

      2) білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органның тиісті салаларында басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

      12. Объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық кандидаттарға тең мүмкіндіктер беру мақсатында конкурс жариялаған Министрліктің жанынан конкурстық комиссия құрылады.

      Конкурстық комиссияның жұмыс органы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      13. Конкурстық комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан қалыптастырылып, кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және дауыс беруге құқығы жоқ хатшыдан тұрады.

      Конкурстық комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның құрамына тәуелсіз сарапшылар, жұртшылық пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

      Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін конкурстық комиссияның құрамына қаралатын мәселелерге жеке мүдделілігі бар адамдар, ЖЖОКБҰ бірінші басшысы лауазымына кандидаттың қарамағында болатын немесе оған бағынатын адамдар, сондай-ақ туыстық байланыстары немесе өзге де мән-жайлары Конкурстық комиссия шешімінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін адамдар кіре алмайды.

      Мүдделер қақтығысы деп конкурстық комиссия құрамына кіретін адамдардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай түсініледі.

      Мүдделер қақтығысы кезінде конкурстық комиссия мүшелеріне қарсылық білдіру тәртібі конкурстық комиссия төрағасына мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындау мүмкіндігі туралы хабарлауды, содан кейін конкурстық комиссия мүшесінің өзіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) немесе конкурстық комиссияның басқа мүшесіне қарсылық білдіру рәсіміне бастамашылық жасауды қамтиды. Қарсылық білдіру туралы шешім жазбаша өтініш негізінде қабылданады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      Мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесі ол туралы конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия мүшесі қабылданатын шешімдердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін жеке мүддесі болса, конкурстық комиссияның төрағасына өздігінен бас тарту туралы жазбаша өтініш береді.

      Егер конкурстық комиссияның басқа мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаса, ол туралы ақпарат конкурстық комиссияның назарына жеткізілуі тиіс.

      Қарсылық білдіру туралы шешім туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде конкурстық комиссияның отырысында қабылданады.

      Қарсылық білдіру туралы шешім конкурстық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      14. Конкурстық комиссияның төрағасы қызметке басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады, қызметі мен қабылданатын шешімдер үшін жауапты болады.

       Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді, конкурстық құжаттаманы дайындайды, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді.

      15. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды кандидаттардың осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген негізгі талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

      16. Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу графигін қалыптастырады.

      17. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу графигі конкурстық комиссия кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Министрліктің және бірінші басшысының лауазымына конкурс жарияланған ЖЖОКБҰ интернет-ресурстарына орналастырылады.

      18. Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесудің өткізілетін күні және уақыты туралы хабардар етеді.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

      19. Рұқсат алмаған конкурсқа қатысушыларды бұл туралы конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      20. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар өздерін әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Министрлікте әңгімелесуден өтеді.

      21. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      22. Конкурстық комиссия тиісті ЖЖОКБҰ қызметі саласында жарияланған әрбір бос лауазым үшін бейіндік, ситуациялық және уәждемелік сұрақтардың тізбесін қалыптастырады.

      Әңгімелесуді өткізу кезінде конкурстық комиссия қатысушыларды мынадай өлшемшарттар бойынша тексеруді жүзеге асырады:

      1) тиісті саладағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын білу және түсіну;

      2) ЖЖОКБҰ қызмет саласын дамыту проблемалары мен перспективаларын пайымдау;

      3) ЖЖОКБҰ қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

      Сұрақтар тізбесін Конкурстық комиссия алқалы түрде бекітеді және барлық кандидаттар үшін бірыңғай болып табылады.

      Критерийлер бойынша тексеру 5 балдық шкала бойынша жүргізіледі.

      23. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша бос лауазымға орналасу үшін кандидаттар арасынан іріктеуді жүзеге асырады.

      24. Конкурстық комиссияның шешімі кандидат болмаған кезде ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      25. Кандидат комиссия құрамы қатысушыларының көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      26. Талқылау барысы мен конкурстық комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

      27. Конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурстың нәтижелері туралы кандидаттарды хабардар етеді және кандидаттар туралы шешім Министрліктің және бірінші басшысының лауазымына конкурс жарияланған ЖЖОКБҰ интернет-ресурстарына орналастырылады.

      28. Конкурстық комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады. Министрлік конкурстық комиссияның шешімін ескереді және оның ұсынымдары қабылданбаған жағдайда Министрліктің және ЖЖОКБҰ ресми интернет-ресурсында орналастырылатын жазбаша дәлелді қорытынды береді.

      29. Министрлік конкурстық комиссия конкурс нәтижелері туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығына сәйкес конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттың құжаттар топтамасымен қоса тиісті материалдарды Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Үкіметінің Аппаратына жібереді.

      ЖЖОКБҰ бірінші басшысы лауазымына кандидатураны келісуден бас тартылған жағдайда конкурс 1 (бір) ай ішінде қайтадан жарияланады. Келісуден бас тартқан кандидат, кандидат ретінде жаңа конкурсқа қатысуға құқылы.

      30. Конкурстық комиссияның теріс қорытындысын алған кандидат дауыс беру нәтижелері бар конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін алуға құқылы.

      31. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Аппаратымен кандидатураны келіскеннен кейін Министрлік Қазақстан Республикасы Мәжениет және ақпарат министрінің ЖЖОКБҰ бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрығын шығарады және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен белгіленбеген мерзімге еңбек шартын жасасады.

      Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.

      Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, осы Қазақстан Республикасының Еңбек кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.

      32. ЖЖОКБҰ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және еңбек шартының талаптарын бұзған жағдайда Министрлік:

      1) бірінші басшының міндеттерін орындауды ЖЖОКБҰ қызметкеріне жүктейді;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Үкіметінің Аппаратына ЖЖОКБҰ бірінші басшысын босатуды келісу туралы ұсыныс енгізеді.

  Жекелеген мемлекеттік жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының бірінші
басшыларын лауазымға
тағайындау және лауазымынан
босату қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Өтініш

      Мені _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

      ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға

      міндеттенемін. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін. "Дербес

      деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына

      сәйкес қажетті дербес деректерімді жинауға және өндеуге келісімімді беремін.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      4.______________________________________________________________

      5.______________________________________________________________

      Мекенжайы және байланыс телефоны

      _______________________________________________________________

      ____________ _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      "____" _______________ 20__ ж.

  Жекелеген мемлекеттік жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының бірінші
басшыларын лауазымға
тағайындау және лауазымынан
босату қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидаттың Қызметтік тізімі

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)
____________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)



Жеке мәліметтер / Личные данные

      1. Туған күні және жері /Дата и место рождения

      2. Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

      3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

      4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

      5. Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

      6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/       Государственные награды, почетные звания (при наличии)

      7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

      8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

      9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер 3 (үш) жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее 3 (трех) лет, указываются оценки за фактически отработанный период, а также, по результатам аттестации в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании"

      10. Еңбек жолы/Трудовая деятельность

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, место нахождение организации

Қабылданған /Дата приема

Босатылған күні /Дата увольнения

1




2




3




4




      ____________________ ____________

      Кандидаттың қолы/ күні/дата Подпись кандидата

Об утверждении Правил назначения на должности и освобождения от должностей первых руководителей отдельных государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 28 октября 2025 года № 591-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2025 года № 37272

      В соответствии с пунктом 3 статьи 44 Закона Республики Казахстан "Об образовании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила назначения на должности и освобождения от должностей первых руководителей отдельных государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования.

      2. Департаменту образования и науки Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство науки и высшего
образования Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
от 28 октября 2025 года № 591-НҚ

Правила назначения на должности и освобождения от должностей первых руководителей отдельных государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила назначения на должности и освобождения от должностей первых руководителей отдельных государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 44 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон) и определяют порядок назначения на должности и освобождения от должностей первых руководителей отдельных государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО).

Глава 2. Порядок назначения на должности и освобождения от должностей

      2. Для определения и назначения на должность первого руководителя ОВПО Министерство культуры и информации Республики Казахстан (далее – Министерство) объявляет открытый конкурс на вакантную должность первого руководителя ОВПО (далее – конкурс).

      3. Объявление о проведении конкурса размещается на интернет-ресурсе Министерства и ОВПО. Опубликование объявлений допускается в средствах массовой информации, распространяемых на всей территории Республики Казахстан.

      4. Объявления о проведении конкурса публикуются на казахском и русском языках за счет средств ОВПО, на должность первого руководителя которой объявляется конкурс.

      5. Объявление о проведении конкурса включает следующие сведения:

      1) наименование ОВПО, на должность первого руководителя которой проводится конкурс, с указанием ее местонахождения, почтового адреса, номеров телефонов и факса, адреса электронной почты;

      2) срок приема документов, который составляет 10 (десять) рабочих дней и исчисляется со следующего рабочего дня после публикации объявления о проведении конкурса;

      3) основные функциональные обязанности;

      4) основные требования к участнику конкурса, предусмотренные пунктом 11 настоящих Правил;

      5) перечень необходимых документов, указанных в пункте 8 настоящих Правил;

      6) дата, время и место проведения собеседования, формат (офлайн или онлайн);

      7) информацию касательно присутствия наблюдателей на заседании конкурсной комиссии;

      8) формы заявления и послужного списка для участия в конкурсе.

      6. Если конкурс проводится на временно вакантную должность, данное условие указывается в объявлении о проведении конкурса. Также, в объявлении указывается дата выхода основного работника и информация о праве выхода на работу основного работника до окончания срока.

      7. Лица, изъявившие желание участвовать в конкурсе, представляют документы в структурное подразделение Министерства по работе с кадрами подведомственных организаций в электронном виде на адрес электронной почты в сроки приема документов.

      При направлении документов в электронном виде их оригиналы либо нотариально засвидетельствованные копии представляются не позднее чем за 1 (один) час до начала собеседования.

      В случае их непредставления, лицо не допускается конкурсной комиссией к прохождению собеседования.

      8. Для участия в конкурсе предоставляются следующие документы:

      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копия документа, удостоверяющего личность участника конкурса;

      3) послужной список участника конкурса с цветной фотографией размером 3х4 по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      4) копии документов об образовании и приложений к ним с представлением оригиналов для сверки или копии документов об образовании и приложений к ним заверенные нотариально:

      к копиям документов об образовании, полученным гражданами Республики Казахстан в зарубежных организациях образования, прилагаются копии удостоверений о признании или нострификации данных документов об образовании, выданных уполномоченным органом в сфере науки и высшего образования, за исключением документов об образовании, выданных зарубежными высшими учебными заведениями, научными центрами и лабораториями гражданам Республики Казахстан – обладателям международной стипендии "Болашак", а также подпадающих под действие международного договора (соглашения) о взаимном признании и эквивалентности, а также документов об образовании, выданных филиалами зарубежных организаций высшего и (или) послевузовского образования и иностранных учебных заведений, действующими на территории Республики Казахстан;

      к копиям документов об образовании, выданных обладателям международной стипендии "Болашак", прилагается копия справки, о завершении обучения по международной стипендии "Болашак", выданной акционерным обществом "Центр международных программ";

      к копиям документов об образовании, подпадающих под действие международного договора (соглашения) о взаимном признании и эквивалентности, прилагаются копии справок, о признании данных документов об образовании, выданных уполномоченным органом в сфере науки и высшего образования;

      5) копия документа, подтверждающего трудовую деятельность, удостоверенная кадровой службой с места (действующего либо последнего) работы;

      6) медицинская справка (врачебное профессионально-консультативное заключение) по форме № 075/у, согласно формам учетной документации в области здравоохранения, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21579), выданная не более чем за 6 (шесть) месяцев до дня представления документов;

      7) сведения (о динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) больных с психическими поведенческими расстройствами), выданные не более чем за 10 (десять) календарных дней до дня предоставления документов, в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Предоставление сведений с Центра психического здоровья "Психиатрия", утвержденными приказом министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № ҚР ДСМ-49/2020 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20665);

      8) сведения (о динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) наркологических больных), выданные не более чем за 10 (десять) календарных до дня предоставления документов, в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Предоставление сведений с Центра психического здоровья "Наркология", утвержденными приказом министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № ҚР ДСМ-49/2020 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20665);

      Лица, претендующие на участие в конкурсе, могут предоставлять дополнительную информацию, касающуюся их образования, опыта работы, профессионального уровня и репутации (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, характеристики, рекомендации, научные публикации и иные сведения, характеризующие их профессиональную деятельность, квалификацию).

      Материалы конкурсной комиссии, документы участников конкурса, получивших положительное заключение конкурсной комиссии, а также послужной список, заявление и документы лиц, не прошедших конкурсный отбор, хранятся в структурном подразделении Министерства по работе с кадрами подведомственных организаций.

      9. Ответственный сотрудник структурного подразделения Министерства по работе с кадрами подведомственных организаций проверяет представленные документы на их полноту.

      Предоставление неполного пакета документов является основанием для отказа в приеме документов.

      10. К участию в конкурсе также не допускаются следующие лица:

      1) не достигшие 25 (двадцати пяти) лет;

      2) ранее совершившие коррупционное правонарушение;

      3) имеющие непогашенную или неснятую судимость;

      4) состоявшие на учете в медицинских специальных учреждениях (психоневрологические, наркологические).

      11. Основными требованиями при отборе кандидатур на должность первого руководителя ОВПО являются:

      1) наличие высшего и (или) послевузовского образования;

      2) наличие стажа работы не менее 5 (пяти) лет на руководящих должностях в организациях образования и (или) в соответствующих сферах уполномоченного органа.

      12. Для обеспечения объективности и прозрачности, а также в целях предоставления равных возможностей всем кандидатам при Министерстве создается конкурсная комиссия.

      Рабочим органом конкурсной комиссии является структурное подразделение Министерства по работе с кадрами подведомственных организаций.

      13. Состав конкурсной комиссии формируется из нечетного количества членов, численностью не менее 7 (семи) человек и утверждается приказом Министра культуры и информации Республики Казахстан.

      Конкурсная комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов и секретаря, не имеющего право голоса.

      Заседание конкурсной комиссии считается правомочным при наличии не менее двух третьих членов.

      В состав конкурсной комиссии входят независимые эксперты, представители общественности и других государственных органов.

      Во избежание конфликта интересов, в состав конкурсной комиссии не могут входить лица, имеющие личную заинтересованность в рассматриваемых вопросах, лица находящиеся или которые будут находиться в подчинении у кандидата на должность первого руководителя ОВПО, а также лица, чьи родственные связи или иные обстоятельства могут повлиять на объективность решения конкурсной комиссии.

      Под конфликтом интересов понимается противоречие между личными интересами лиц, входящих в состав конкурсной комиссии, при котором личные интересы указанных лиц могут привести к неисполнению и (или) ненадлежащему исполнению ими своих обязанностей.

      Порядок отвода членов конкурсной комиссии при конфликте интересов включает уведомление председателя конкурсной комиссии о возникновении или возможности конфликта интересов, а затем инициирование процедуры отвода (самоотвода) самого члена конкурсной комиссии или отвода другого члена комиссии. Решение об отводе принимается на основе письменного заявления и оформляется протоколом заседания конкурсной комиссии.

      Член конкурсной комиссии, у которого возник конфликт интересов, незамедлительно уведомляет о нем председателя конкурсной комиссии в письменной форме.

      Член конкурсной комиссии подает письменное заявление о самоотводе председателю конкурсной комиссии, если у него есть личная заинтересованность, которая может повлиять на объективность принимаемых решений.

      Если конфликт интересов возник у другого члена конкурсной комиссии, информация о нем должна быть доведена до сведения конкурсной комиссии.

      Решение об отводе принимается на заседании конкурсной комиссии при наличии информации о возникшем конфликте интересов или возможности его возникновения.

      Решение об отводе оформляется протоколом, который подписывается председателем конкурсной комиссии, заместителем председателя, членами комиссии и секретарем.

      14. Председатель конкурсной комиссии руководит деятельностью, председательствует на заседаниях, планирует работу, осуществляет общий контроль, несет ответственность за деятельность и принимаемые решения.

      Секретарь конкурсной комиссии обеспечивает публикацию объявления о проведении конкурса, подготавливает конкурсную документацию, производит прием, регистрацию и хранение представленных для участия в конкурсе документов.

      15. После окончания срока приема документов конкурсная комиссия в течение 10 (десяти) рабочих дней рассматривает представленные документы на соответствие кандидатов основным требованиям, указанным в пункте 11 настоящих Правил, и принимает решение о допуске участников конкурса к собеседованию.

      16. По итогам рассмотрения документов секретарь конкурсной комиссии формирует список кандидатов, допущенных к собеседованию, и график его проведения.

      17. Список кандидатов, допущенных к собеседованию, и график проведения собеседования размещаются на интернет-ресурсах Министерства и ОВПО, на должность первого руководителя которой объявлен конкурс, в течение 1 (одного) рабочего дня со дня принятия решения конкурсной комиссией о допуске кандидатов.

      18. Кандидаты, допущенные к собеседованию, уведомляются секретарем конкурсной комиссии о дате и времени проведения собеседования до истечения следующего рабочего дня после принятия решения конкурсной комиссией.

      Уведомление (извещение) направляется заказным письмом с уведомлением о его вручении, телефонограммой или телеграммой, в кабинет пользователя на веб-портале "электронного правительства" с отправлением короткого текстового сообщения на абонентский номер сотовой связи, зарегистрированный на веб-портале "электронного правительства", текстовым сообщением по абонентскому номеру сотовой связи или по электронному адресу либо с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксацию извещения или вызова.

      19. Участники конкурса, не получившие допуск, уведомляются об этом секретарем конкурсной комиссии в течение 1 (одного) рабочего дня со дня принятия решения конкурсной комиссией.

      20. Кандидаты, участвующие в конкурсе и допущенные к собеседованию, проходят его в Министерстве в течение 3 (трех) рабочих дней со дня уведомления кандидатов о допуске их к собеседованию.

      21. Целью собеседования является оценка профессиональных и личных качеств кандидатов.

      22. Конкурсная комиссия формирует перечень профильных, ситуационных и мотивационных вопросов для каждой объявленной вакантной должности в сфере деятельности соответствующей ОВПО.

      При проведении собеседования конкурсная комиссия осуществляет проверку участников по следующим критериям:

      1) знание и понимание документов системы государственного планирования в соответствующей сфере;

      2) видение проблем и перспектив развития сферы деятельности ОВПО;

      3) знание нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих отношения в сфере деятельности ОВПО.

      Перечень вопросов утверждается конкурсной комиссией коллегиально и является единым для всех кандидатов.

      Проверка по критериям проводится по 5-бальной шкале.

      23. Конкурсная комиссия на основании представленных документов, а также по результатам проведенного собеседования осуществляет отбор из числа кандидатов для занятия вакантной должности.

      24. Решение конкурсной комиссии принимается в отсутствие кандидата путем открытого голосования.

      25. Кандидат получает положительное заключение в случае, если за него проголосовало большинство присутствующих из состава конкурсной комиссии. В случае равенства голосов при голосовании решающим является голос председателя конкурсной комиссии.

      26. Ход обсуждения и принятое конкурсной комиссией решение оформляются в виде протокола, который подписывается председателем и членами конкурсной комиссии, а также секретарем, осуществляющим протоколирование.

      27. Конкурсная комиссия в течение 1 (одного) рабочего дня со дня принятия решения извещает кандидатов, о результатах конкурса и размещает на интернет-ресурсах Министерства и ОВПО, на должность первого руководителя которой объявлен конкурс решение о кандидатах.

      28. Решение конкурсной комиссии носит рекомендательный характер. Министерство учитывает решение конкурсной комиссии и в случае отклонения ее рекомендаций предоставляет письменное мотивированное заключение, размещаемое на официальном интернет-ресурсе Министерства и ОВПО.

      29. Министерство по истечении 5 (пяти) рабочих дней со дня принятия конкурсной комиссией решения о результатах конкурса, в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 290 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти" направляет соответствующие материалы в Администрацию Президента и Аппарат Правительства Республики Казахстан с приложением пакета документов кандидата, получившего положительное заключение конкурсной комиссии.

      В случае отказа в согласовании кандидатуры на должность первого руководителя ОВПО конкурс объявляется заново в течение 1 (одного) месяца. Кандидат, получивший отказ в согласовании, вправе участвовать в новом конкурсе в качестве кандидата.

      30. Кандидат получивший отрицательное заключение конкурсной комиссии вправе получить копию протокола заседания конкурсной комиссии с результатами голосования.

      31. После согласования кандидатуры Администрацией Президента и Аппаратом Правительства Республики Казахстан Министерство издает приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан о назначении первого руководителя ОВПО и заключает с ним трудовой договор на определенный срок не менее одного года, за исключением случаев, предусмотренных трудовым законодательством.

      При истечении срока трудового договора стороны вправе продлить его на неопределенный или определенный срок не менее одного года.

      В случае истечения срока действия трудового договора, если ни одна из сторон в течение последнего рабочего дня (смены) не уведомила о прекращении трудовых отношений, он считается продленным на тот же срок, на который был ранее заключен, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 2 статьи 51 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      32. Министерство в случаях нарушения первым руководителем ОВПО трудового законодательства Республики Казахстан и условий трудового договора:

      1) возлагает исполнение обязанностей первого руководителя на работника ОВПО;

      2) вносит представление в Администрацию Президента и Аппарат Правительства Республики Казахстан о согласовании освобождения первого руководителя ОВПО.

  Приложение 1
к Правилам назначения на
должности и освобождения
от должностей первых
руководителей отдельных
государственных организаций
высшего и (или) послевузовского
образования
  Форма

                                    Заявление

            Прошу допустить меня к участию в конкурсе на занятие вакантной должности
первого руководителя организации образования
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
      С основными требованиями Правил назначения на должности и освобождения
от должностей первых руководителей отдельных государственных организаций высшего
и (или) послевузовского образования, ознакомлен(а), согласен(на) и обязуюсь их выполнять.
Отвечаю за подлинность представленных документов. Согласен(на) на сбор и обработку
моих персональных данных в порядке, установленном статьей 8 Закона Республики
Казахстан "О персональных данных и их защите".
      Прилагаемые документы:
      1.__________________________________________________________
      2.__________________________________________________________
      3.__________________________________________________________
      4.__________________________________________________________
      5.__________________________________________________________
      Адрес и контактный телефон _______________________________________.
      _______________ _________________________________________________
      (подпись)                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      "____" _______________ 20__ г.

  Приложение 2
к Правилам назначения на
должности и освобождения
от должностей первых
руководителей
отдельных государственных
организаций высшего и (или)
послевузовского образования
  Форма

Послужной список
кандидата на должность первого руководителя организации образования

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)
__________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)



      Жеке мәліметтер / Личные данные

      1. Туған күні және жері /Дата и место рождения

      2. Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

      3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

      4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

      5. Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

      6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)

      7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

      8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

      9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер 3 (үш) жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее 3 (трех) лет, указываются оценки за фактически отработанный период, а также, по результатам аттестации в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании"

      10. Еңбек жолы/Трудовая деятельность

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, место нахождение организации

Қабылданған /Дата приема

Босатылған күні /Дата увольнения

1




2




3




4




      ____________________                                    ____________
      Кандидаттың қолы/                                          күні/дата
      Подпись кандидата