"Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 417-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қазанда № 37263 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) баланстық тиесілік – жылумен жабдықтау субъектісінің немесе тұтынушының меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде жабдықтың және (немесе) жылу желісінің тиесілігі;

      2) баланстық тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – жылумен жабдықтау субъектілері мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің баланстық тиесілігі бойынша айқындалатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;

      3) бірыңғай есеп айырысу орталығы – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;

      4) бірыңғай төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, оның негізінде немесе оның көмегімен төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын, коммуналдық және қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат;

      5) есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;

      6) есептік жылу жүктемесі – сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде бір сағат ішінде ғимараттың микроклиматының нормаланған параметрлерін ұстап тұру үшін талап етілетін жылу энергиясының мөлшері;

      7) есептік кезең – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеуге ұсынылатын уақыт кезеңі;

      8) жылу желісі – жылу энергиясын жылу энергиясы көздерінен жылу тұтынатын қондырғыларға дейін беру мақсатында жылу жеткізгішті тасымалдауға және оның ағынын реттеуге арналған құбыржолдар мен құрылғылар (орталық жылу пункттерін, сорғы станцияларын қоса алғанда) жүйесі;

      9) жылу жеткізгіш – жылу энергиясын тасымалдау үшін пайдаланылатын сұйық немесе газ тәрізді зат (бу, ауа, су және басқа да заттар);

      10) жылу жеткізгіштің шығысы – уақыт бірлігінде құбыр жолдың көлденең қиылысы арқылы өткен жылу жеткізгіш салмағы (көлемі);

      11) жылу қуаты – жылу энергиясының көзімен өндірілуі, жылу желілері арқылы берілуі және (немесе) жылу энергиясын тұтынушы уақыт бірлігі ішінде қабылдауы мүмкін жылу энергиясының мөлшері;

      12) жылу тұтыну жүйесі – жылу жүктемелерінің бір немесе бірнеше түрін тұтынуға арналған жылу тұтынатын қондырғылардың кешені;

      13) жылу тұтынатын қондырғылар – жылу энергиясын тұтынушының мұқтаждықтары үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғылар кешені;

      14) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      15) жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштердің термодинамикалық параметрлері өзгеретін, тауар болып табылатын энергетикалық ресурс;

      16) жылу энергиясы үшін есеп айырысу – тұтынылған жылу энергиясы үшін тұтынушының ақы төлеуі;

      17) жылу энергиясына арналған тариф – тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы алынатын табиғи монополиялар салаларындағы бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен жылу энергиясының бірлігі құнының ақшалай мәні;

      18) жылу энергиясының шығысын есепке алу нүктесі – коммерциялық есепке алу аспаптарының көмегімен немесе есеп айырысу әдісімен, ол болмаған кезде жылу энергиясының шығысы айқындалатын жылумен жабдықтау схемасының нүктесі;

      19) жылумен жабдықтау – тұтынушыларды жылу энергиясымен, жылу жеткізгішпен қамтамасыз ету, оның ішінде жылу қуатын ұстап тұру;

      20) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу жеткізгішті өндіруге, тасымалдауға және пайдалануға арналған қондырғылар кешені;

      21) жылумен жабдықтау субъектілері – жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер;

      22) қосалқы тұтынушы – жылу желілері және (немесе) жылу тұтынатын қондырғылары тұтынушының жылу желілеріне қосылған тұтынушы;

      23) өлшеу құралдарын салыстырып тексеру – өлшеу құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;

      24) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      25) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      26) техникалық шарттар – орындау және жылу желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;

      27) төлем құжаты – соның негізінде тұтынылған жылу энергиясы үшін тұтынушылар төлем жүргізетін құжат (шот, хабархат, түбіртек, шот-ескерту);

      28) энергетикалық сараптама – электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларында жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтар мен өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 59 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10444 болып тіркелген) бекітілген Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары) сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы сараптама.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.";

      48-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. Осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген тұтынушы жасаған бұзушылықтар кезінде, жылу энергиясын тұтыну кезінде екіжақты актіні жылумен жабдықтау субъектісінің өкілдері және тұтынушы екі данада ресімдейді, олардың біреуі тұтынушыға табысталады.

      Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны комиссия құрамында кемінде үш адам болатын жылумен жабдықтау субъектісі ресімдеген жағдайда жасалады. Көппәтерлі тұрғын үйлерде комиссия құрамына пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе үй кеңесі енгізіледі.";

      50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "50. Желілік суды өз бетінше алу, тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын өз бетінше қосуы, тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптарын зақымдауы, есепке алу торабында орнатылған пломбаларды бұзуы немесе болмауы кезінде жылумен жабдықтау субъектісінің өкілдері акт жасайды, оның негізінде тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемін қайта есептеу жүргізіледі.

      Ыстық су бойынша қайта есептеу бір жылдан аспайтын кезеңде, ал жылыту жүйелері үшін – жылыту маусымының басынан бастап оқиғалар анықталған сәтке дейін жүргізіледі.

      Акт жылумен жабдықтау субъектісі өкілінің және тұтынушының не оның өкілінің қолы болған кезде жарамды.

      Акт құрамында кемінде үш адам бар жылумен жабдықтау субъектісін комиссия ресімдеген жағдайда тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан кезде де жасалады. Көппәтерлі тұрғын үйлерде комиссия құрамына пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе үй кеңесі енгізіледі.";

      59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "59. Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке алу аспаптарынсыз қосу кезінде жылумен жабдықтау субъектісі жіберген жылу энергиясының мөлшері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу (бұдан әрі – Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидалары) қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35944 болып тіркелген) айқындалады.";

      70-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "70. Тұтынушы жылумен жабдықтау субъектісімен жылумен жабдықтау субъектісі жазып берген төлем құжаттары немесе бірыңғай есеп айырысу орталығы қалыптастырған бірыңғай төлем құжаты бойынша жылу энергиясы үшін есеп айырысуды мәлімделген шарттық көлемдер, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсетілімдері негізінде, ал олар болмаған кезде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен есептік жолмен алынған деректер негізінде жүргізеді.";

      79-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "79. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері ортақ үлестік меншік құқығында ыстық сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелерін иеленеді, пайдаланады және оларға билік етеді.

      Көппәтерлі тұрғын үйдегі ыстық сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелеріне ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесілі болады.

      Заңның 28-бабы 6-тармағына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының иелері көппәтерлі тұрғын үйдегі ортақ пайдаланылатын үй-жайларды жылыту үшін тұтынылатын жылу энергиясына Жылу энергиясы мен жеткізгішті есепке алу қағидаларына сәйкес ақы төлейді.

      Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің немесе мүліктің меншік иелері бірлестігі тиісті техникалық жай-күйде ұстайды және үйге ортақ (үйішілік) жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу аспаптарының (үйге ортақ) және үйге ортақ меншікті құрайтын басқа да жылу тұтынатын қондырғылардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      81 және 82-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "81. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің немесе мүліктің меншік иелері бірлестігі жылу тұтынатын қондырғыларға қызмет көрсетуді дербес немесе жұмыс істеп тұрған жылу тұтынатын қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсат алған персоналы бар ұйыммен шарт бойынша жүзеге асырады.

      82. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің басқаруындағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен жылумен жабдықтау субъектісі арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылумен жабдықтау субъектісі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлеу жігі бойынша айқындалады.";

      86 және 87-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "86. Пәтерде тұратын адамдар (бір немесе бірнеше) коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде бір айдан астам мерзімге уақытша кеткенде, олар болмаған кезде бір адамға есептелетін тұтынылған ыстық су үшін ақы алынбайды.

      Өтініш берілген және растайтын құжат ұсынылған жағдайда (емдеу мекемесінің немесе жұмыс орнынан анықтама, санаторийге жолдама түбіртегі, уақытша тұратын жері бойынша тіркеу туралы анықтама және басқалар) қайта есептеу есептік кезеңде орындалады және төлем құжатында немесе бірыңғай төлем құжатында көрсетіледі.

      87. Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі (тұтынушының) нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе үй кеңесі және жылумен жабдықтау субъектісі жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 211 "Об утверждении Правил пользования тепловой энергией"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 29 октября 2025 года № 417-н/қ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2025 года № 37263

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 211 "Об утверждении Правил пользования тепловой энергией" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10234) следующие изменения:

      в Правилах пользования тепловой энергией, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:

      1) балансовая принадлежность – принадлежность оборудования и (или) тепловой сети субъекту теплоснабжения или потребителю на праве собственности или ином законном основании;

      2) граница балансовой принадлежности и эксплуатационной ответственности – точка раздела тепловой сети между субъектами теплоснабжения и потребителями, а также между потребителями и субпотребителями, определяемая по балансовой принадлежности тепловой сети и устанавливающая эксплуатационную ответственность сторон;

      3) единый расчетный центр – юридические лица, соответствующие определяемым уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства, требованиям и порядку работы, осуществляющие формирование единого платежного документа и обеспечивающие взаимодействие между поставщиками коммунальных услуг и потребителями коммунальных услуг на основе информационных систем;

      4) единый платежный документ – документ, составленный на бумажном носителе либо сформированный в электронной форме, на основании или с помощью которого осуществляются платеж и (или) перевод денег, составленный для осуществления оплаты коммунальных и дополнительных услуг;

      5) узел учета – система приборов и устройств, обеспечивающая учет тепловой энергии;

      6) расчетная тепловая нагрузка – количество тепловой энергии, которое требуется для поддержания нормированных параметров микроклимата здания в течение часа при расчетной температуре наружного воздуха;

      7) расчетный период – период времени, за который потребленная тепловая энергия учитывается и предъявляется к оплате потребителю;

      8) тепловая сеть – система трубопроводов и устройств (включая центральные тепловые пункты, насосные станции), предназначенная для транспортировки и регулирования потока теплоносителя с целью передачи тепловой энергии от источников тепловой энергии до теплопотребляющих установок;

      9) теплоноситель – жидкое или газообразное вещество (пар, воздух, вода и другие вещества), используемое для транспортировки тепловой энергии;

      10) расход теплоносителя – масса (объем) теплоносителя, прошедшего через поперечное сечение трубопровода за единицу времени;

      11) тепловая мощность – количество тепловой энергии, которое может быть выработано источником тепловой энергии, передано тепловыми сетями и (или) принято потребителем тепловой энергии за единицу времени;

      12) система теплопотребления – комплекс теплопотребляющих установок, которые предназначены для потребления одного или нескольких видов тепловых нагрузок;

      13) теплопотребляющие установки – комплекс устройств, предназначенных для использования тепловой энергии, теплоносителя для нужд потребителя тепловой энергии;

      14) уполномоченный орган в области теплоэнергетики (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области теплоэнергетики;

      15) тепловая энергия – энергетический ресурс, являющийся товаром, при потреблении которого изменяются термодинамические параметры теплоносителей;

      16) расчет за тепловую энергию – оплата потребителя за потребленную тепловую энергию;

      17) тариф на тепловую энергию – денежное выражение стоимости единицы тепловой энергии, утвержденное государственным органом, осуществляющим контроль и регулирование в сферах естественной монополии, по которому взимают плату за потребленную тепловую энергию;

      18) точка учета расхода тепловой энергии – точка схемы теплоснабжения, в которой с помощью прибора коммерческого учета или расчетным методом, при его отсутствии, определяется расход тепловой энергии;

      19) теплоснабжение – обеспечение потребителей тепловой энергией, теплоносителем, в том числе поддержание тепловой мощности;

      20) система теплоснабжения – комплекс установок, предназначенных для производства, транспортировки и использования теплоносителя;

      21) субъекты теплоснабжения – теплопроизводящие и теплотранспортирующие субъекты;

      22) субпотребитель – потребитель, тепловые сети и (или) теплопотребляющие установки которого присоединены к тепловым сетям потребителя;

      23) поверка средств измерений – совокупность операций, выполняемых в целях подтверждения соответствия средств измерений обязательным метрологическим требованиям;

      24) экспертная организация – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по проведению энергетической экспертизы в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      25) уполномоченный орган в сферах естественных монополий – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сферах естественных монополий;

      26) технические условия – технические требования, необходимые для исполнения и подключения к тепловым сетям;

      27) платежный документ – документ (счет, извещение, квитанция, счет-предупреждение), на основании которого потребителями производится оплата за потребленную тепловую энергию;

      28) энергетическая экспертиза– экспертиза, проводимая в областях электроэнергетики и теплоэнергетики на соответствие нормативным правовым актам Республики Казахстан по действующим объектам, проектам реконструируемых, модернизируемых и вновь строящихся объектов в областях электроэнергетики и теплоэнергетики, а также при расследовании технологических нарушений и производственного травматизма на них в соответствии с Правилами проведения энергетической экспертизы, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 59 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10444) (далее – Правила проведения энергетической экспертизы).

      Иные термины и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области теплоэнергетики.";

      пункт 48 изложить в новой редакции:

      "48.При нарушениях, указанных в пункте 46 настоящих Правил, допущенных потребителем, при потреблении тепловой энергии, оформляется двусторонний акт представителями субъекта теплоснабжения и потребителем в двух экземплярах, один из которых вручается потребителю.

      Акт составляется и при отказе потребителя от подписи, но при условии оформления его комиссией субъекта теплоснабжения в составе не менее трех человек. В многоквартирных жилых домах в состав комиссии включается председатель объединения собственников имущества либо совет дома или субъект управления объектом кондоминиума при выборе собственниками квартир, нежилых помещений формы управления объектом кондоминиума в виде непосредственного совместного управления."

      пункт 50 изложить в новой редакции:

      "50. При самовольном отборе сетевой воды, самовольном подключении потребителем теплопотребляющих установок, повреждении потребителем приборов коммерческого учета, нарушении или отсутствии пломб, установленных в узле учета, представителями субъекта теплоснабжения составляется акт, на основании которого производится перерасчет объема использованной потребителем тепловой энергии.

      Перерасчет по горячей воде производится за период не более года, а для систем отопления - с начала отопительного сезона до момента обнаружения событий.

      Акт действителен при наличии подписи представителя субъекта теплоснабжения и потребителя, либо его представителя.

      Акт составляется и при отказе потребителя или его представителя от подписи, при условии оформления его комиссией субъекта теплоснабжения в составе не менее трех человек. В многоквартирных жилых домах в состав комиссии включается председатель объединения собственников имущества либо совет дома или субъект управления объектом кондоминиума при выборе собственниками квартир, нежилых помещений формы управления объектом кондоминиума в виде непосредственного совместного управления.";

      пункт 59 изложить в новой редакции:

      "59. При подключении теплопотребляющих установок потребителя без приборов коммерческого учета, количество отпущенной тепловой энергии субъектом теплоснабжения определяется Правилами учета тепловой энергии и теплоносителя, утвержденными совместным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2025 года № 135-н/қ и Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 112 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35944) (далее – Правила учета тепловой энергии и теплоносителя).";

      пункт 70 изложить в новой редакции:

      "70. Потребитель производит расчеты с субъектом теплоснабжения за тепловую энергию по платежным документам, выписанным субъектом теплоснабжения или по единым платежным документам, сформированным единым расчетным центром, на основании заявленных договорных объемов, показаний приборов коммерческого учета, а при их отсутствии на основании данных, полученных расчетным путем в порядке, установленном настоящими Правилами.";

      пункт 79 изложить в новой редакции:

      "79. Собственники квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома владеют, пользуются и распоряжаются системами горячего водоснабжения и теплоснабжения на праве общей долевой собственности.

      Системы горячего водоснабжения и теплоснабжения в многоквартирном жилом доме принадлежат собственникам квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома на праве общей долевой собственности на основании гражданско-правовых сделок в порядке, предусмотренном гражданским законодательством Республики Казахстан.

      Согласно пункту 6 статьи 28 Закона, собственники квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома оплачивают тепловую энергию, потребляемую для отопления помещений общего пользования в многоквартирном жилом доме, в соответствии с Правилами учета тепловой энергии и теплоносителя.

      Объединение собственников имущества или субъект управления объектом кондоминиума при выборе собственниками квартир, нежилых помещений формы управления объектом кондоминиума в виде непосредственного совместного управления содержат в надлежащем техническом состоянии и обеспечивают безопасность общедомовой (внутридомовой) системы отопления и горячего водоснабжения, обеспечивают сохранность (общедомовых) приборов коммерческого учета и других теплопотребляющих установок, составляющих общедомовую собственность.";

      пункты 81 и 82 изложить в новой редакции:

      "81. Объединение собственников имущества или субъект управления объектом кондоминиума при выборе собственниками квартир, нежилых помещений формы управления объектом кондоминиума в виде непосредственного совместного управления производит обслуживание теплопотребляющих установок самостоятельно или по договору с организацией, имеющей персонал с допуском к работе в действующих теплопотребляющих установках.

      82. Граница эксплуатационной ответственности между потребителем и субъектом теплоснабжения в многоквартирных жилых домах, находящихся в управлении объединения собственников имущества или субъекта управления объектом кондоминиума при выборе собственниками квартир, нежилых помещений формы управления объектом кондоминиума в виде непосредственного совместного управления определяется по первому разделительному фланцу или сварному шву входных задвижек узла управления со стороны субъекта теплоснабжения.";

      пункты 86 и 87 изложить в новой редакции:

      "86. При временном выезде (одного или нескольких) проживающих в квартире лиц, на срок свыше одного месяца при отсутствии приборов коммерческого учета, плата за потребленную горячую воду, рассчитываемая на одного человека, за время их отсутствия не взимается.

      При условии подачи заявления и предоставления подтверждающего документа (справка лечебного учреждения или с места работы, корешок путевки в санаторий, справка о регистрации по месту временного проживания и другие) перерасчет выполняется в расчетном периоде и отражается в платежном документе или едином платежном документе.

      87. Снятие показаний приборов коммерческого учета тепловой энергии производится субъектом теплоснабжения и председателем объединения собственников имущества либо советом дома или субъектом управления объектом кондоминиума при выборе собственниками квартир, нежилых помещений формы управления объектом кондоминиума в виде непосредственного совместного управления (потребителя), если иное не предусмотрено договором.".

      2. Департаменту развития электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Е. Аккенженов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан