БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылғы 29 қазандағы № 292 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы".
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру тәртібін айқындайды.".
4. "Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15827 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларынан басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.".
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша:
1) жыл сайын көктем кезінде аң аулау маусымы басталар алдында, негізгі қоныс аудару жолдары бойында жабайы құстардың ұшып келу уақытында олар алғаш келіп қонатын жерлерде (аса қауіпті ауруларды әкелу ықтималдығын бағалау);
африкалық және оңтүстік еуропалық қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары);
пәкістандық қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Түркістан, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары);
үнділік қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Павлодар облыстары) эпизоотиялық мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырылады:
2) жыл сайын тіршілік етуі кезінде диагностика жасaу үшін сезімтал жабайы жануарлар арасында мониторинг жүргізу мақсатында олардың мекендеу орындарынан биологиялық материалдың (қалдықтардың) сынамаларын іріктеп алады.".
| тізімге 1-қосымша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – ведомство).
3. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай:
1) аң аулау;
2) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалану;
3) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану түрлеріне беріледі.
4. Аң аулауға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде көрсетеді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық-цифрлы қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 6-қосымшада жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
| Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
____________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
(наименование местного исполнительного органа)
Жануарлар дүниесін пайдалануға РҰҚСАТ №_______________
РАЗРЕШЕНИЕ на пользование животным миром (аң аулауға)
1. Берілді/выдано:____________________________________________
(заңдытұлғаныңатауыжәне бизнес-сәйкестендірунөмірі, жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесініңаты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі/ наименование организации и бизнес-идентификационный номер юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер физического лица) Аңаулау орны (аңшылық шаруашылығы, участке)/место охоты (охотничье хозяйство, участок)
_________________________________________________________________
Аулау мақсаты: (әуесқойлық (спорттық), кәсіпшілік аңаулау, олжалау/ цель изъятия: (любительская (спортивная), промысловая охота, добыча трофея)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Алып қойылатын жануарлар объектілері/добываемые объекты животного мира
Жануар түрі/ Вид животного | Жыныстық-жасқұрамы (қоңыр аю, тұяқты жануарлардың жыныстықжас-құрамы және қажет болған жағдайда құсқа)/половозрастнойсостав (для бурого медведя, копытных животных, и в случае необходимости для дичи) | Саны (дарақ)/ количество (особей) | Аулау мерзімі дейін/ сроки изъятия |
___ж. "__" ___ ___ж. "__"____ |
Берілген күні/дата выдачи "____" _____________ ________ж./г.
Берген/выдал:_____________________________________________________
Атқарушы органның мөрі /Место печати местного исполнительного
органа ___________________________________________________________
(Төменгі бөлігін аңшыға рұқсат берген ұйым толтырады/заполняется
организацией, получившей разрешение на пользование животным миром)
2. Аңшы/охотник _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/удостоверение охотника
(серия, номер, дата выдачи) __________________________________________
| Жануарлар дүниесін пайдалануға | |
| рұқсаттар беру қағидаларына | |
| 2-қосымша |
Нысан
______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Жануарлар дүниесін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға арналған рұқсат
Нөмірі: __________ Берілген күні: __________
Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)
Берілді:________________________________________________________
Пайдалану түрі:_________________________________________________
Aлу мақсаты: ___________________________________________________
Aлу тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________
Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануар түрі | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Төлемнің жиынтық сомасы ____________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _________________
Aлу мерзімі: ______________ бастап ______________________дейін
Aлу тәсілі: __________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: _____________
Бақылау: __________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті тұлға: _____________________________________________
| Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі: __________ Берілген күні: __________
Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат
Берілді: ________________________________________________________
Пайдалану түрі:__________________________________________________
Aлу мақсаты: ____________________________________________________
Aлу тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________
Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануар түрі | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Төлемнің жиынтық сомасы ____________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _________________
Aлу мерзімі: ______________ бастап ______________________дейін
Aлу тәсілі: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: _____________
Бақылау: __________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті тұлға: ______________________________________________
| Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 4-қосымша |
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезінде төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Жабайы жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (айлық есептік көрсеткіш) | |
Кәсіпшілік аң аулау | Әуесқойлық және спорттық аң аулау | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүтқоректілер: | ||
1.1) | бұлан (еркегі) | - | 16 |
1.2) | бұлан (ұрғашысы) | - | 11 |
1.3) | бұлан (бір жасар төлі) | - | 6 |
1.4) | марал (еркегі) | - | 13 |
1.5) | марал (ұрғашысы) | - | 7 |
1.6) | марал (бір жасар төлі) | - | 4 |
1.7) | аскания бұғысы (еркегі) | - | 9 |
1.8) | аскания бұғысы (ұрғашысы) | - | 5 |
1.9) | аскания бұғысы (бір жасар төлі) | - | 3,5 |
1.10) | елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі) | - | 4 |
1.11) | елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3 |
1.12) | елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі) | - | 3 |
1.13) | елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 2 |
1.14) | сiбiр тау ешкiсi (еркегі) | - | 4 |
1.15) | сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3,5 |
1.16) | құдыр | - | 2 |
1.17) | қабан (еркегі) | - | 4 |
1.18) | қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3 |
1.19) | киiк (еркегі) | 4 | 5 |
1.20) | киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі) | 3 | 4 |
1.21) | қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа) | - | 14 |
1.22) | өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа) | 1 | 2 |
1.23) | бұлғын | 2 | 4 |
1.24) | суырлар (Мензбир суырынан басқа) | 0,060 | 0,12 |
1.25) | ондатр | 0,045 | 0,9 |
1.26) | борсық, түлкi | 0,10 | 0,20 |
1.27) | қарсақ | 0,045 | 0,10 |
1.28) | америкалық су күзенi | 0,12 | 0,25 |
1.29) | сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа) | - | 0,45 |
1.30) | қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян) | 0,010 | 0,045 |
1.31) | жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн | 0,020 | 0,35 |
1.32) | саршұнақ (құм саршұнағы) | 0,015 | 0,025 |
1.33) | қасқыр | 0 | 0 |
1.34) | шибөрі | 0 | 0 |
2. | Құстар | ||
2.1) | маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) | 0,015 | 0,030 |
2.2) | саңырау құр | - | 0,15 |
2.3) | құр | - | 0,055 |
2.4) | Гималай ұлары | - | 0,20 |
2.5) | қырғауыл | 0,020 | 0,060 |
2.6) | қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз | 0,020 | 0,045 |
2.7) | үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық) | 0,010 | 0,020 |
2.8) | қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ) | 0,005 | 0,010 |
2.9) | бөдене | 0,005 | 0,010 |
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.
Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с | Жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) | |
бір дара нұсқа-сы үшін | бір килограмы үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүтқоректілер: | ||
1.1 | шұбар мысық немесе дала мысығы | 0,030 | - |
1.2 | қарақас | 0,015 | - |
2. | Құстар: | ||
2.1 | кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан | 0,010 | - |
2.2 | үлкен аққұтан | 0,015 | - |
2.3 | маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық | 0,005 | - |
2.4 | қаршыға | 0,010 | - |
2.5 | қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары | 0,045 | - |
3. | Бауырымен жорғалаушылар: | ||
3.1 | Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы | 0,020 | - |
3.2 | ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз | 0,010 | - |
3.3 | бозша жылан | 0,045 | - |
3.4 | өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы | 0,035 | - |
3.5 | көлбақа | 0,005 | - |
Ескерту:
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы тармақтың мақсаттары үшiн – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны осы жануарларды табиғи ортадан әкетуге рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр жеке жағдайда белгiлейдi.
3. Төлем алынбайды:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға жібере отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда таңбалау, жүзу, қоныстандыру, жасанды өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алып қою кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды түрде өсiрiлген және ерiксiз және (немесе) жартылай еркiн жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланған кезде;
3) халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға залал келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне елеулi зиян келтiру қаупiн болдырмау мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерiн алып қою кезiнде.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер мен салық салу объектілері бойынша мәлімет ұсынады.
| Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Өтінім
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (аң аулауға, өсімін молайту мақсатына, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға)
______________________________________________________________
Пайдалану түрі: ________________________________________________
Алу мақсаты: __________________________________________________
Алу тәсілдері: __________________________________________________
Аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының нөмірі мен күні: _________
_______________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға
қатысатын адамдардың тізімі:___________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануарлардың түрлері | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекарасы |
Жалпы құны (теңге) __________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________
Aлу мерзімі: _____________________ бастап _______________________ дейін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "___" ________________
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)
| Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 6-қосымша |
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жергілікті атқарушы органдар |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Тізбеге 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 1-тармағының 168) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
3. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар оларға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, олардың өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
2) аукциондық зал – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
3) аумақтық бөлімшелер – ведомствоның аумақтық бөлімшелері;
4) басталатын баға – конкурстың әрбір нысаны бойынша конкурстың екінші кезеңі басталатын баға;
5) бастапқы баға – осы Қағидалардың 9 және 10 – тармақтарына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;
6) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) геоақпараттық сервис – жүргізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
8) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
9) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
10) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақша сомасы;
11) конкурстың нысанасы – конкурс жеңімпазына бекітіліп берілетін аңшылық алқапта аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы;
12) конкурс – конкурс жеңімпазына аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бағытталған сауда-саттық нысаны, бұл ретте жеңімпазды айқындаудың басты өлшемі қатысушылар ұсынатын баға болып табылады;
13) конкурсқа қатысушының нөмірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде конкурсқа қатысу үшін қатысушыға тізілім веб-порталы беретін бірегей нөмір;
14) конкурсты ұйымдастырушы – конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыратын және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасайтын облыстық жергілікті атқарушы орган;
15) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және өтінімді тізілімнің веб-порталы арқылы ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
16) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
17) объект – аңшылық алқаптар;
18) объектінің электрондық паспорты (бұдан әрі – электрондық паспорт) – объект туралы толық ақпаратты қамтитын электрондық құжат;
19) түпкілікті баға – конкурстың екінші кезеңін аяқтау нәтижесінде белгіленген конкурс мәнінің бағасы;
20) тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – веб портал) – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
21) уәкілетті орган – мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында, оның ішінде орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
22) шарт –ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз арасында веб-порталда электрондық түрде жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған екі жақты келісім;
23) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
5. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары қойылады.
6. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру осы Қағидаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындылары негізінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен жүзеге асырылады.
7. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Р= T*V, мұндағы:
Р – аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бастапқы бағасы;
Т – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 582-бабына сәйкес айқындалатын аңшылық жануардың ерекше түрі үшін төлемақы мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері;
V – аңшылық жануардың паспортында көрсетілген жануарлардың аңшылық түрлерінің түрлік құрамының саны.
2-тарау. Ұйымдастырушы
8. Аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты облыстың жергілікті атқарушы органы өткізеді.
9. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде ұйымдастырушы:
1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;
2) конкурсты өткізу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;
3) конкурс өткізу туралы хабарлама жариялайды;
4) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді;
5) конкурс нысанасының бастапқы бағасын айқындайды;
6) конкурс жеңімпазының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру мерзімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларына қосымшада қарастырылған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 тіркелген);
10. Конкурсты ұйымдастырушы оны өткізгенге дейін геоақпараттық сервисте өткізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі толық ақпаратты, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешімдер бойынша ақпаратты, оның ішінде: барлық орман алқабы мен әрбір алқаптың координаттары мен шекараларын суреттейтін аңшылық алқаптарының орналасқан жері туралы нақты деректердің электрондық картасы.
Электрондық карта сондай-ақ межелік нүктелер, есеп алаңдары және жануарлар маршруттары (бар болса) бойынша ақпаратты қамтиды;
аңшылық шаруашылығының және барлық орман алқабының және әрбір алқаптың жеке электрондық паспорты;
11. Аңшылық алқаптың электрондық паспорты алқаптың бірегей сәйкестендіру нөмірін, оның ауданын, бір қорықшыға қорғалатын алаңның жүктеме нормасын, санатын, жануарлар дүниесінің жай-күйін (түрін, санын) қамтиды.
12. Ұйымдастырушы конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурсты өткізу күні мен уақыты;
2) ұйымдастырушының толық атауы;
3) объект туралы мәліметтер;
4) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары;
5) конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері;
6) объектіні бекіту мерзімдері;
7) конкурсты өткізу тәртібі;
8) объект бойынша кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банк деректемелері;
9) бастапқы баға.
13. Хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы конкурсқа барлық әлеуетті қатысушыларға объектіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Комиссия
14. Конкурстық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) объект бойынша бекітудің барлық ұсынылатын кезеңіне аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын бекітеді;
2) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінішін және құжаттарын қарайды және қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жібереді.
15. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және бес адамнан кем емес.
16. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның мүшелері:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары.
17. Егер тізілімнің веб-порталында дауыс беруге конкурстық комиссия мүшелерінің 2/3-нен кем қатысса, тізілімнің веб-порталы рұқсат беру хаттамасын қалыптастырудан бас тартады және ұйымдастырушыға өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.
Комиссия мүшелерінің өз өкілеттіктері басқа адамдарға берілмейді.
18. Конкурстық комиссиялардың ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы (бұдан әрі – хатшы) қамтамасыз етеді. Комиссия мүшесі болып табылмайтын және комиссия шешім қабылдаған кезде дауысы жоқ ұйымдастырушының өкілі хатшы болып табылады.
4-тарау. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
19. Қатысушылар:
1) Конкурс басталғанға дейін ұйымдастырушыдан объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;
2) өз құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;
3) конкурс басталғанға дейін өздерінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алады.
20. Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
21. Конкурсқа қатысушы веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім береді.
22. Бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.
23. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімде бірыңғай оператордың шотына енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді.
24. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның 15 (он бес пайызын) құрайды, бірақ 50 (елу мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) кем емес және 30 (отыз мың) АЕК-тен аспайды.
25. Өтінімді веб-портал тіркегеннен кейін үш минут ішінде тізілім дерекқорында өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің бар-жоғына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
26. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, веб-портал өтінімді қабылдауды және конкурс нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын оқшаулауды жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.
27. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесімен аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның бекітілген нысанына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатады және бірыңғай оператор веб-порталда кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.
28. Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойғаннан кейін бірыңғай оператор тиісті бюджетке жібереді.
Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналарды бірыңғай оператор конкурс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған кепілдік жарналарды қайтаруға өтініштерде конкурсқа қатысушылар көрсететін деректемелерге қайтарады.
29. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
30. Қатысушы ретінде тіркелу үшін веб-порталда конкурс шарттарымен келісімі бар өтінімді тіркеу қажет. Өтінімге қатысушының ЭЦҚ-сы қол қойылады.
31. Өтінімдер тізілімнің дерекқорында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қол жетімді емес.
32. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.
33. Веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі болып табылады.
34. Ұйымдастырушы веб-порталдағы конкурсты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін айқындалады және тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
35. Егер бірінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте бір өтінім тіркелген болса, мұндай конкурс өтпеді деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте біліктілік талаптарға сәйкес кемінде бір тіркелген өтінім болған кезде өтті деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстарды өткізу кезінде конкурстың екінші кезеңіне жалғыз қатысушы жіберілгенде онымен объектінің бастапқы бағасы төленген және шарт жасасқан жағдайда мұндай қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
36. Егер конкурс өткізілмеді деп жарияланса, өтінімдерді ашуды жүргізбейді және ұйымдастырушы конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-портал қалыптастыратын өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды.
37. Өтінімдерді ашу конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталғаннан кейін веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
38. Байқау екі кезеңде өткізіледі.
Қатысушылардың өтінімдерін бірінші кезеңде комиссия конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында веб-порталда қарайды.
39. Комиссия хатшысы өтінімдерді ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қол қою үшін рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.
Комиссия мүшесі рұқсат беру хаттамасына қол қоймаған жағдайда, Комиссия хатшысы хаттамада қолдың болмау себебі туралы ақпараты бар рұқсат беру хаттамасында қол қоймаған комиссия мүшелері көрсетіледі.
40. Конкурсқа қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жіберу хаттамасы Конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларды электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, Комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, конкурсқа жіберу хаттамасына қол қойған уақыттан бастап веб-порталда конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады.
41. Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) себебін көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмеген қатысушылар нөмірлерінің тізімі;
2) конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылар нөмірлерінің тізімі.
42. Конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы жіберу хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.
43. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және веб-портал беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді.
44. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және мынадай түрде өткізіледі:
1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында комиссия белгілеген бастапқы бағадан кем болмайтын өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі және конкурс басталатын бастапқы баға қалыптастырылады;
2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру мүмкіндігі беріледі;
3) Егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы ең жоғары бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілген деп танылады;
4) Егер аукцион залында конкурстың екінші кезеңінің басынан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) Егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда конкурс нысанасын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурс өткізілген деп танылады;
6) Егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы мәні бойынша конкурс өткізілген болып танылады.
45. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында конкурс мәні үшін бірдей ең жоғары баға болған және осы ағымдағы баға он минут ішінде ұлғайтылмаған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасында өтінімі бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
46. Конкурстың екінші кезеңі кезінде бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 20 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгеннен 100 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенгеннен 250 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенгеннен 500 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
5-тарау. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурс нәтижелерін ресімдеу тәртібі
47. Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және ұйымдастырушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, ол өткізілетін күні қол қояды.
Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және облыстың жергілікті атқарушы органының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің конкурс нәтижесі болып табылатын шарттарда шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Конкурстың нәтижелерін ведомствоның аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомство конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шешім (қаулы) қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
48. Конкурстың нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер қамтылады:
1) конкурс шарттары;
2) объект туралы мәліметтер;
3) конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер;
4) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері.
49. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіні қалыптастырады және қол қояды.
50. Конкурсты ведомство өткізген жағдайда, конкурс нәтижелері туралы хаттама ведомство мен жеңімпаз қол қойғаннан кейін объектілерді бекіту және шарт жасасу жөнінде шешім қабылдау үшін ведомствоның жеке кабинетінде қолжетімді болады.
51. Облыстың жергілікті атқарушы органы түпкілікті бағаны төлеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекіту туралы шешім (қаулы) қабылдайды.
52. Облыстың жергілікті атқарушы органының объектілерді бекіту туралы шешімі негізінде шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шарт жасалады.
53. Конкурсты жеңіп шыққан тұлға конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
54. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезіндегі шарт бойынша есеп айырысулар облыстың жергілікті атқарушы органы мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.
Түпкілікті баға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізіледі.
55. Жеңімпаз конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа, белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан, немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күші жойылған конкурстың шарттарымен конкурс қайтадан өткізіледі.
Түпкілікті бағаны бірыңғай оператор ұйымдастырушының веб-порталда жеңімпазбен түпкілікті бағаны төлеу туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
| Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:
__________________________________________________________________
(алқаптың атауы)
__________________________________________________________________
(алқаптардың сәйкестендіру нөмірі, ауданы, облысы))
және аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен танысқан соң, мен, төменде қол қоюшы
Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__жылғы "____" _______ конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны веб-портал мынадай сома бойынша конкурс нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды:
__________________________________________________________________
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі))
хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем
белгілеу коды, бенефициар коды)
________________________________________________________________
(төлем құжатының № және күні)
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған конкурс шарттарында конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).
5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органында қалатындығымен келісемін.
6. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.
7. Өткен жылдардағы (қолданыстағы шарттар бойынша) аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
8. Менің (бізде) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәлімдеймін.
9. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
10. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.
11. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
12. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.
13. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ________________________
Мекен жайы: ___________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ____________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________
Банктік сәйкестендіру коды ___________________________________
Банктің атауы ______________________________________
Бенефициар коды _________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________
Жеке тұлға үшін:
Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
Паспорттық деректер ________________________________________
Мекен жайы: ________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ____________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _______________________________________
Банктік сәйкестендіру коды ____________________________________
Банктің атауы _______________________________________
Бенефициар коды ____________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
20__ жыл "__" ______Сағат 00:00-де:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
| Тізбеге 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа
қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі);
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.