БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15457 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау қағидаларында:
бұйрыққа 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру тәртібін айқындайды.";
бұйрыққа 1-қосымшаның 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;";
бұйрыққа 1-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті ұйым өтінішті тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрамына уәкілетті ұйымның авиациялық медициналық инспекторлары, сондай-ақ мамандар, консультанттар және/немесе тәуелсіз сарапшылар кіретін сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны комиссия төрағасы мен мүшелерін қоса алғанда, тақ санды құрайды.";
Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 1-қосымшада:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтініш беруші:
1) авиациялық медицинаны реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
2) уәкілетті ұйымның авиациялық медициналық инспекторларын қолданыстағы заңнамамен көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау шартымен мемлекеттік бақылау мен қадағалау іс-шараларын іске асыруға жіберуге;
3) аккредитттеуден өткен ұйымдарда кемінде 5 жылда бір рет медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыруға міндеттеледі.
Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, АМО бұл туралы уәкілетті ұйымға тиісті ішкі акті бекітілген сәттен немесе ақпараттың өзгергені туралы өзге де құжаттамалық расталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 2-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бейінді мамандардың соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтер және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Заңды тұлғаның мөрі болған жағдайда құжаттар сонымен куәландырады, мөрі болмаған жағдайда, құжаттарға лауазымы көрсетіле отырып, уәкілетті тұлға қол қояды.
Электрондық қолтаңбаны немесе цифрлық құжатты ұсынуға рұқсат етіледі.";
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Т. Ластаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 24 қазандағы № 355 бұйрығына 1-қосымша |
|
| Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарына 1-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықтардың
ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесі
Р/с№ | Құрал-жабдықтың атауы | Саны (дана/ жиынтық) |
АМС кабинеті | ||
1. | 12 сымды тыныштықтағы ЭКГ-ге арналған жабдық | 1 жиынтық |
2. | Манипуляциялық үстел | 1 дана |
3. | Бой өлшегіш | 1 дана |
4. | Медициналық таразы | 1 дана |
5. | Сантиметрлік лента | 1 дана |
6. | Хирургиялық қолғап | 10 дана |
7. | Негатоскоп | 1 дана |
8. | Стетофонендоскоп | 1 дана |
9 | Сфигмоманометр (тонометр) | 1 дана |
10. | Медициналық термометр | 3 дана |
11. | Медициналық кушетка | 1 дана |
12 | Ауыз қуысын тексеруге арналған шам | 1 дана |
13. | Бір рет қолданылатын шпательдер (1 ауысымға кемінде 10 дана есебінде) | 10 дана |
14 | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
15 | Пульсоксиметр | 1 дана |
16 | Қол динамометрі | 1 дана |
Бейінді маман оториноларингологтың кабинеті | ||
1. | Медициналық шкаф | 1 дана |
2. | Манипуляциялық үстел | 1 дана |
3. | Икемді штативі бар үстел шамы | 1 дана |
4. | Вестибулярлық анализаторды зерттеуге арналған айналмалы орындық | 1 дана |
5. | Аудиометр | 1 дана |
6. | Маңдай рефлекторы | 1 дана |
7. | Бір рет қолданылатын шпательдер (1 ауысымға кемінде 10 дана есебінде) | 10 дана |
8. | Құлақ воронкасы | 1 дана |
9. | Мұрынды қарап-тексеруге арналған айна | 1 дана |
10. | Көмейді қарап-тексеруге арналған айна | 1 дана |
11. | Иінді құлақ пинцеті | 1 дана |
12. | Иісті заттарға арналған кептелген тығындары бар штанглас | 3 дана |
13. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Бейінді маман офтальмологтың кабинеті | ||
1. | Көру өткірлігін анықтауға арналған құрал | 1 дана |
2. | Полихроматты кестелер | 1 дана |
3. | Сынақ жақтаулары мен керек-жарақтары бар сынақ линзаларының жиынтығы | 1 дана |
4. | Рефрактометр | 1 дана |
5. | Офтальмоскопияға арналған құрал | 1 дана |
6. | Периметрияға арналған құрал | 1 дана |
7. | Бинокулярлық көруді анықтауға арналған құрал | 1 дана |
8. | Көз ішіндегі қысымын өлшеуге арналған құрал (байланысты немесе байланыссыз) | 1 дана |
9. | Икемді штативі бар үстел шамы | 1 дана |
10. | Медициналық кушетка | 1 дана |
11. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Психологтың кабинеті | ||
1. | Тест бланкілерінің жиынтығы | 10 жиынтық |
2. | Психологиялық тексеруге арналған бағдарламалар жиынтығы бар дербес компьютер | 1 дана |
3. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Функционалдық диагностика кабинеті (бөлімшесі) | ||
1. | 12 сымды тыныштықтағы ЭКГ-ге арналған жабдық | 1 жиынтық |
2. | Жүктемесі бар ЭКГ-ге арналған жабдық | 1 жиынтық |
3. | 24 сағаттық қан қысымын бақылауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
4. | 24 сағаттық жүрек қағысын бақылауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
5. | Медициналық кушетка | 1 дана |
6. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Клиникалық-диагностикалық зертхана | ||
1. | Биохимиялық талдағыш | 1 жиынтық |
2. | Қанды талдағыш | 1 жиынтық |
3. | Зәрді талдағыш | 1 жиынтық |
4. | Бинокулярлы микроскоп | 1 дана |
5. | Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтауға арналған құрал | 1 жиынтық |
6. | Зертханалық центрифуга | 1 дана |
7. | Зертханалық сағаттар | 1 дана |
8. | Зарарсыздандыруға және дезинфекциялауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
9. | Аквадистиллятор | 1 дана |
10. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Ескертпе:
-осы тізбеде көзделмеген басқа да медициналық қызметтерді денсаулық сақтау саласында тиісті лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді;
-функционалдық жағынан тізбеде көрсетілгендерге сәйкес келетін сертификатталған жабдықты, оның ішінде заманауи медициналық бұйымдарды пайдалануға рұқсат етіледі;
-"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бұйрығының талаптарын ескере отырып, кабинеттер арасында тасымалданатын жабдықты бірлесіп пайдалануға рұқсат етіледі.
| бұйрығына 2-қосымша Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарына 2-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықтарның ең төменгі штаттық нормативі
№ | Лауазым атауы | Лауазым саны | Ескертпе |
1. | Басшы | 1 лауазым |
Тиісті дипломның, қолданыстағы сертификаттың бар екендігін құжаттамалық растау және жүктеменің белгіленген нормативтерін сақтау шартымен кемінде екі лауазымды қоса атқаруға жол беріледі. |
2. | Басшының орынбасары | 1 лауазым (болған жағдайда) | |
3. | Хатшы (іс жүргізуші) | 1 лауазым (болған жағдайда) | |
4. | Медициналық статистик (мұрағатшы) | 1 лауазым | |
5. | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі маман | 1 лауазым | |
6. | АМС | 2 лауазымнан кем емес | |
7. | Бейінді маман жалпы практика дәрігері | 1 лауазым | |
8. | Бейінді маман невролог | 1 лауазым | |
9. | Бейінді маман хирург | 1 лауазым | |
10. | Бейінді маман офтальмолог | 1 лауазым | |
11. | Бейінді маман оториноларинголог | 1 лауазым | |
12. | Бейінді маман гинеколог | 1 лауазым | |
13. | Профпатолог дәрігер | 1 лауазым | |
14. | Функционалдық диагностика дәрігері | 1 лауазым | |
15. | Психолог | 1 лауазым | |
16. | Аға медициналық бике | 1 лауазым | Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастыру және бақылау. |
17. | Медициналық бике | Медициналық бикелердің саны бір дәрігерге немесе AMС лауазымына бір мөлшерлеме есебінен анықталады. Қызметтерді бір тұлғаға біріктіру кезінде жүктеме бір мөлшерлеме шегінде сақталған жағдайда бір медициналық бикені тағайындауға рұқсат етіледі. | |
18. | Зертханашы (зертхана маманы) | 2 лауазымнан кем емес |
Тиісті дипломның, қолданыстағы сертификаттың бар екендігін құжаттамалық растау және жүктеменің белгіленген нормативтерін сақтау шартымен кемінде екі лауазымды қоса атқаруға жол беріледі. |
19. | Әкімшілік басқару персоналы | - | Тәуелсіз заңды тұлғалар үшін әкімшілік басқару персоналы (басшы, орынбасар, хатшы және статист лауазымдарын қоса алғанда) міндетті болып табылады. Басқа медициналық ұйымдардың құрамына кіретін орталықтар үшін функциялардың құжаттық бекітілгенін растай отырып, ортақ әкімшілік ресурсты пайдалануға жол беріледі. |