ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21683 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымдарында (донорлық ұйымдар және трансплантаттау орталықтары) жүзеге асырылады.
Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.
Консервацияланған мөлдірқабық тіндерін сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес консервацияланған мөлдірқабық тіндерін трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
Гемопоэздік, мезенхималық дің жасушаларын, иммундық жүйе жасушаларын, лимфоциттерді алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және трансплантаттау медициналық қызмет бейініне сәйкес жасушаларды трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.
Гемопоэздік дің жасушаларын алу, дайындау, сақтау, тасымалдау және аутологиялық трансплантаттау медициналық қызмет бейініне сәйкес гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, бейінді медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тірі кезіндегі донор және ықтимал реципиент ағзалар мен тіндердің тіндік үйлесімділігін анықтау үшін HLA - зертханаға жіберіледі, олардың нәтижелері зерттеуге жіберген трансплантаттау орталығына тапсырылады.
Зерттеу нәтижелерін емдеуші дәрігерге шұғыл тапсыру қажеттілігінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялық нормаларын сақтай отырып, зерттеу нәтижелерінің электрондық нұсқасы пайдаланылады. Зерттеу нәтижелерін тірі кезіндегі донорға немесе ықтимал реципиентке, сондай-ақ олардың туыстарына, жұбайына (зайыбына) беруге жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |