"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-1-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жариялануынан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 630 Бұйрықпен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 18-1-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және:
1) ұтқыр топтың құрамына кіретін мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының (бұдан әрі – лауазымды адам) сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам (бұдан әрі – жүргізуші) жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу;
2) ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ұтқыр топ – кедендік бақылау аймақтарында және олардан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге уәкілетті екі және одан да көп лауазымды адамдардан тұратын көшпелі тобы;
2) ұтқыр топ наряды – автомобиль жолдары бойынша белгілі бір маршрут бойынша қозғалатын, ұтқыр топ құрамына кіретін лауазымды адамдар тобы.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу тәртібі
3. Кодекстің 18-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда сақтау орнында кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде лауазымды адам:
1) жүргізушіге Кодекстің 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес нысан бойынша автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты;
2) автомобиль көлік құралын сүйемелдеуді жүзеге асыратын лауазымды адамға Кодекстің 18-1-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізуші ұсынған автомобиль көлік құралына және ондағы тауарларға құжаттарды, осындай құжаттарды қабылдап алу-беру актісі бойынша табыс етеді.
Бұл ретте Кодекстің 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес сақтау орны деп Кодекстің 404-бабында көзделген автомобиль көлік құралы тоқтаған жерге жақын орналасқан кедендік бақылаудың тұрақты немесе уақытша аймақтары түсініледі.
4. Автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізуді сүйемелденетін автомобиль көлік құралында немесе мемлекеттік кірістер органының көлік құралында жүзеге асырылатын лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен жүргізуші жүзеге асырады.
5. Сүйемелдеу кезінде лауазымды адамдармен фототүсірілімді, аудио- және бейнежазбаны жұзеге асыратын кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолданылады.
Бұл ретте сүйемелдеу уақытының басталуы Кодекстің 18-1-бабы 3-тармағында белгіленген нысан бойынша автомобиль көлік құралын тоқтату туралы акт жасалған сәттен бастап 6 (алты) сағаттан аспайды.
Осы тармақта белгіленген сүйемелдеу уақытының басталу мерзімі осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлардың қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
6. Сүйемелдеу автомобиль көлік құралдарының түріне, санына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ сүйемелдеуді жүзеге асыру тиімділігіне әсер ететін өзге де факторларға, оның ішінде жүру маршрутына, қозғалыс жағдайларына, автомобиль көлік құралдарының техникалық жай-күйіне және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жүзеге асырылады.
7. Сүйемелдеу басталар алдында ұтқыр топтың аға наряды жеке құрамға оның нәтижелерін танысу парағына тіркей отырып, ауызша нысанда нұсқаулық жүргізеді, жеке құрамның денсаулық жағдайы мен тапсырмаларды орындауға дайындығы, жабдықтардың болуы мен жарамдылығын, сондай-ақ жабдықталған көлік құралдарының техникалық жағдайын тексереді.
8. Лауазымды адамдар бір сүйемелдеуге 10 (оннан) аспайтын автомобиль көлік құралын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
9. Автомобиль көлік құралын сүйемелдеу туралы ақпарат кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапта көрсетілген автомобиль көлік құралын жеткізу уақыты басталғанға дейін жедел байланыс арналары арқылы беріледі және күнтізбелік жылға арналып жүргізілетін сүйемелденетін автомобиль көлік құралдарының арнайы есеп журналына енгізіледі.
10. Қозғалыс және тоқтаған кезінде лауазымды адамдар "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) сақтай отырып, оның ішінде айналадағы жағдайды және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді фото, аудио- және бейне тіркеуді жүргізеді және белгіленген маршрут бойында сүйемелденетін автомобиль көлік құралына бақылау жасайды.
11. Сүйемелденетін автомобиль көлік құралдарының біреуі бұзылған, авария немесе еңсерілмейтін күштер әсер еткен кезде лауазымды адамдар жүргізушіге оның міндеттерін орындауға көмектеседі.
12. Сақтау орнына келгеннен кейін автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды, сондай-ақ оларға арналған құжаттарды кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам жеткізілген автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі негізінде қабылдап алады.
Жеткізілген автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі күнтізбелік жылға арналып жүргізілетін арнайы тіркеу журналында тіркеледі.
13. Автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты жүргізуші автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды талапта көрсетілген сақтау орнына жеткізген сәттен бастап орындаған болып есептеледі.
3-тарау. Ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібі
14. Жүргізуші автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу туралы талапты орындаудан бас тартқан немесе осындай талапты орындамаған жағдайда, лауазымды адам:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты орындаудан бас тарту туралы акт жасайды.
Жүргізушінің автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты орындаудан бас тартуы аудио- және бейнежазба арқылы тіркелуге тиіс;
2) Кодекстің 52-тарауына сәйкес автомобиль көлік құралын және ондағы тауарлар мен құжаттарды ұсталуды жүзеге асырады.
15. Ұсталғаннан кейін лауазымды адамдар ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарлар мен құжаттарды сақтау орнына басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып тасуды (тасымалдауды) ұйымдастырады.
Бұл ретте лауазымды адам осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды тасу (тасымалдау) туралы акт жасайды.
16. Ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде лауазымды адамдар кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданады, оның ішінде айналадағы жағдайды және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді фото, аудио- және бейне тіркеуді жүргізеді және Жол жүрісі қағидаларын сақтай отырып белгіленген маршрут бойы сүйемелденетін автомобиль көлік құралына бақылау жасайды.
17. Ұсталған автомобиль көлік құралын тасуға (тасымалдауға) басқа көлік құралы (эвакуатор) болмаған жағдайда, лауазымды адамдар фототүсірілімді, аудио- және бейне жазбаны жүзеге асыратын техникалық құралдарды пайдалана отырып, мұндай көлік құралдарының жетекші ось дөңгелектеріне бұғаттағыш орнатады, бұл туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған автомобиль көлік құралдарын бұғаттау туралы акт жасалады.
18. Лауазымды адамдар осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес осындай көлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етілгеннен кейін ұсталған автомобиль көлік құралының жетекші ось дөңгелектеріне орнатылған бұғаттағыштарды алады.
19. Сақтау орнына келгеннен кейін ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам ұсталған автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі негізінде қабылдайды.
Ұсталған автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі күнтізбелік жылға арналып жүргізілетін арнайы тіркеу журналында тіркеледі
20. Ұсталған автомобиль көлік құралдарын тасу (тасымалдау) осындай көлік құралдары сақтау орнына жеткізілген сәттен бастап орындаған болып есептеледі.
21. Жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) немесе сот тәртібімен мемлекеттік кірістер органдарының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға (дау айтуға) құқылы.
Нысан
Автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты орындаудан бас тарту туралы акт
20___жылғы "____"__________ № __________
___________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Мен, _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
__________________________________________________________________
(бұдан әрі – ТАӘ) және актіні жасаған мемлекеттік кірістер органы лауазымды
__________________________________________________________________
адамының лауазымы, қолы, күні)
осы _________________________________________________________________
(автомобиль көлік құралын басқаратын адамның Т.А.Ә, автомобиль көлік
_____________________________________________________________________
құралы туралы мәліметтер (көлік құралының және тіркеменің мемлекеттік
_____________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, маркасы, моделі, көлік құралының түрі))
табыс етілген 20___жылғы "___"________автомобиль көлік құралын жеткізу туралы
талапты орындаудан бас тарту туралы акт жасалды.
Табыс етілді: __________________________________________________________
(автомобиль көлік құралын басқаратын адамның ТАӘ, қолы, күні)
Нысан
Ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды тасу (тасымалдау) туралы акт №____
__________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
20___жылғы "__"_________ "__" сағат "___" минут
____________________________________________________________________
(ауданның, елді мекеннің атауы, километрі көрсетіле отырып автомобиль
____________________________________________________________________
жолының атауы)
Актіні жасаған адам __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
____________________________________________________________________
көрсетілсе) (бұдан әрі – ТАӘ), мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының
____________________________________________________________________
(бұдан әрі- лауазымды адам) лауазымы)
Ұсталған автомобиль көлік құралы, тауарлар және құжаттар туралы деректер
____________________________________________________________________
(автомобиль көлік құралы туралы мәліметтер (көлік құралының және тіркеменің
_____________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу нөмірі, маркасы, моделі, түрі, мемлекеттік тіркеу туралы
_____________________________________________________________________
куәлігінің нөмірі))
___________________________________________________________________
(тауарлар туралы мәліметтер (ұсынылған құжаттарға сәйкес олардың атауы,
_____________________________________________________________________
олардың саны мен салмағы)) Автомобиль көлік құралының иесі туралы деректер (бар
болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
(ТАӘ, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасының мекенжайы)
Автомобиль көлік құралын басқарған адам туралы деректер___________________
______________________________________________________________________
(ТАӘ, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасының мекенжайы)
Ұсталу сәтіндегі автомобиль көлік құралының жай-күйінің сипаттамасы
______________________________________________________________________
(көрінетін зақымдар, ақаулар, жабдықталу ерекшеліктері)
Тасу (тасымалдау) басталды _____________________________________________
Тасу (тасымалдау) аяқталды _____________________________________________
______________________________________________________________________
(лауазымды адамның ТАӘ және лауазымы, қолы, күні)
Таныстым_____________________________________________________________
(автомобиль көлік құралын басқаратын адамның ТАӘ, қолы, күні)
Нысан
Ұсталған автомобиль көлік құралдарын бұғаттау туралы акт
__________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
20___жылғы "___"_________ № _____
___________________________________________________________________
(ауданның, елді мекеннің атауы, километрі көрсетіле отырып автомобиль жолының
атауы)
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 18-1-бабының 6-тармағына сәйкес ұсталған автомобиль көлік құралдарын
бұғаттау туралы осы актіні мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы (бұдан
әрі – лауазымды адам) жасады
______________________________________________________________________
(автомобиль көлік құралы туралы мәліметтер (көлік құралының
____________________________________________________________________
және тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірі, маркасы, моделі, түрі,
____________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі, тауарлар туралы
____________________________________________________________________
мәліметтер (ұсынылған құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы, олардың саны мен
___________________________________________________________________
салмағы)
Бұғаттау себебі _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Техникалық құралдарды қолдану туралы мәлімет
_____________________________________________________________________
(аудио- және бейнежазба, фототүсірілім қоса беріледі)
Автомобиль көлік құралын бұғаттау уақыты_______________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
_____________________________________________________________________
(бұдан әрі – ТАӘ), лауазымды адамның лауазымы, қолы, күні)
Таныстым ____________________________________________________________
(автомобиль көлік құралын басқаратын адамның ТАӘ, қолы, күні)