Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда № 37229 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабының 6-тармағына және 2019 жылғы 29 мамырда Астана қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы Келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндет атқарушысының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 "Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26670 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1207 ""Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндет атқарушының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30856 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 623 бұйрығымен бекітілген

Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 180-бабының 6-тармағына сәйкес 2019 жылғы 29 мамырда Астана қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес әзірленді және тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда қолданылатын мынадай негізгі ұғымдар:

      1) бөлшек сауда – тауарларды жеке, отбасылық, үйішілік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалану үшін сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі;

      2) виртуалды қойма – тауарлардың автоматты режимде өткізілуін және бақылауға арналған электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;

      3) қадағалап отыру – Келісімді іске асыру мақсатында ұлттық қадағалап отыру жүйесін пайдалана отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлар айналымымен байланысты операцияларды есепке алуды ұйымдастыру;

      4) қадағалап отыру тетігі – ұлттық қадағалап отыру жүйелерінен мәліметтер алмасу негізінде жұмыс істейтін және тауарлар айналымын бақылау мақсатында қадағалап отыруды қамтамасыз ететін жүйе;

      5) қадағалап отыруға жататын тауарлар – Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына әкелінген, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) бекітетін мынадай тауарлар енгізілген тізбеге қатысты қадағалап отыру жүзеге асырылады:

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-тарауына сәйкес кеден органдары ұстаған және осындай тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар белгілеген мерзімде қажет етілмеген тауарларға;

      сот шешімі бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебінен өндіріп алу қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылмаған тауарларға;

      тәркіленген немесе мемлекеттің меншігіне (кірісіне) өзгеше тәсілмен айналдырылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылмаған тауарларға;

      ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;

      6) өткізу – сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде, кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беруге;

      7) тауарлар айналымы – ішкі тұтыну үшін шығару кеден рәсіміне сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарларды шығару, осындай тауарларды ЕАЭО кедендік аумағында өткізу, өткізумен байланысты және Келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес ЕЭК айқындаған жағдайларда оларды бір ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына өткізу;

      8) тұлға – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болып табылмайтын тұлға;

      9) ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес жазып берілетін электрондық шот-фактура.

2-тарау. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу тәртібі

      3. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық қадағалап отыру жүйесі ЭШФ АЖ болып табылады, ол ұлттық қадағалап отыру жүйесін, оның ішінде ұлттық қадағалап отыру жүйесінен мәліметтерді сақтауға арналған жүйені пайдалана отырып, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

      4. Қадағалануға жататын тауарларға қатысты, қадағалап отыру жүзеге асырылады.

      5. Осы Қағидалардың күші қолданылмайтын тауарлар Келісімнің 2-бабының 5-тармағында айқындалған.

      6. Қадағалап отыру жүзеге асырылмайтындарға қатысты тауарлар Келісімнің 2-бабының 6-тармағында айқындалған.

      7. Ұлттық қадағалап отыру жүйелеріндегі қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты әртүрлі ЕАЭО мүше мемлекеттердің тұлғалары арасында жасалатын операциялар туралы мәліметтермен алмасу Келісімнің 8-бабына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Ұлттық қадағалап отыру жүйелеріндегі қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымына байланысты мәліметтермен алмасу, осындай тауарларды бір ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан екінші ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына өткізу алдындағы операциялар Келісімнің 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Қадағалап отыру Келісімнің 6-бабына сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымымен байланысты соңғы операция туралы мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілген күннен бастап 5 (бес) жыл өткен соң тоқтатылады, ал егер осындай операциялар жүзеге асырылмаса – тауарларға арналған декларациядан немесе осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштен немесе ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген қадағалап отыруға жататын тауарларға негіз болатын құжаттардан алынған мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесіне келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жыл өткен соң не қадағалап отыруға жататын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты ЕЭК айқындаған ұзақтығы неғұрлым аз өзге мерзім өткен соң тоқтатылады.

      Егер қадағалап отыруға жататын тауарлар Келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес ЕЭК бекіткен тізбеден алып тасталса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ЕЭК айқындаған мерзім өткенге дейін, қадағалап отыру тоқтатылады.

      ЕЭК Келісімнің 6-бабының 3-тармағына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ЕЭК-да айқындалған мерзім өткенге дейін қадағалап отыруы тоқтатылатын жағдайлар және осы жағдайларда қадағалап отыру тоқтатылатын мерзімдерді айқындайды.

      9. Қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:

      1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының өшіп қалуынан, сондай-ақ Келісімнің (ЕЭК) 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған өзге де жағдайларда туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдейді;

      2) ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда тауарларға ілеспе құжаттарды қағаз жеткізгіште ресімдейді және осындай құжаттарды ақпараттық жүйелердің істен шығуын жойған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұлттық қадағалау жүйесіне енгізеді;

      3) ұлттық қадағалау жүйесіне енгізілуге жататын толық әрі шынайы мәліметтерді ұсынады;

      4) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес, оның ішінде Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларға ресімделген ілеспе жүкқұжат негізінде электрондық шот-фактураны жазып береді;

      5) қадағалап отыруға жататын тауарлар бойынша виртуалды қойма арқылы қадағалап отыру бойынша құжат айналымын жүзеге асырады.

      10. Келісімнің 11-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық қадағалап отыруға жүйесінде байланыс құралдарының жұмысындағы техникалық іркілістерден, бұзылулардан, электр энергиясының ажыратылуынан туындаған ақпараттық жүйелердің ақаулығына, сондай-ақ ЕЭК айқындайтын жағдайларға байланысты ұлттық бақылау жүйесінде осындай орын ауыстыруға байланысты операциялар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, бір ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына қадағалап отыруға жататын тауарларды өткізуге жол берілмейді.

Об утверждении Правил функционирования механизма прослеживаемости товаров

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 октября 2025 года № 623. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 октября 2025 года № 37229

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026 г.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 180 Налогового кодекса Республики Казахстан и Соглашением о механизме прослеживаемости товаров, ввезенных на таможенную территорию Евразийского экономического союза, совершенным в городе Астане 29 мая 2019 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила функционирования механизма прослеживаемости товаров.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2022 года № 88 "Об утверждении Правил функционирования механизма прослеживаемости товаров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26670);

      2) приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 29 ноября 2022 года № 1207 "О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2022 года № 88 "Об утверждении Правил функционирования механизма прослеживаемости товаров"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30856).

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Утверждены приказом
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 октября 2025 года № 623

Правила функционирования механизма прослеживаемости товаров

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила функционирования механизма прослеживаемости товаров (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 180 Налогового кодекса Республики Казахстан (далее – Налоговый кодекс) и Соглашением о механизме прослеживаемости товаров, ввезенных на таможенную территорию Евразийского экономического союза, совершенным в городе Астане 29 мая 2019 года (далее – Соглашение) и определяют порядок функционирования механизма прослеживаемости товаров.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) розничная торговля – вид торговой деятельности, связанный с приобретением и продажей товаров для их использования в личных, семейных, домашних и иных целях, не связанных с осуществлением предпринимательской деятельности;

      2) виртуальный склад – модуль информационной системы электронных счетов-фактур (далее – ИС ЭСФ), предназначенный для контроля перемещения товаров в автоматическом режиме;

      3) прослеживаемость – организация учета товаров, подлежащих прослеживаемости, и операций, связанных с оборотом таких товаров, с использованием национальных систем прослеживаемости в целях реализации Соглашения;

      4) механизм прослеживаемости – система, функционирующая на основе обмена сведениями из национальных систем прослеживаемости и обеспечивающая прослеживаемость в целях контроля за оборотом товаров;

      5) товары, подлежащие прослеживаемости – прослеживаемость осуществляется в отношении включенных в перечень, утверждаемый Евразийской экономической комиссией (далее – ЕЭК), следующих товаров, ввезенных на таможенную территорию Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС):

      товары, задержанные таможенными органами в соответствии с главой 52 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" и не востребованные в установленные сроки лицами, обладающими полномочиями в отношении таких товаров;

      не помещенные под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления товары, на которые по решению суда обращено взыскание в счет уплаты таможенных пошлин, налогов, специальных, антидемпинговых, компенсационных пошлин;

      не помещенные под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления товары, которые конфискованы или обращены в собственность (доход) государства иным способом;

      товары, помещенные под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления;

      6) реализация – отгрузка и (или) передача товаров либо иного имущества, выполнение работ, оказание услуг с целью продажи, обмена, безвозмездной передачи, передача имущества по договору лизинга, а также передача заложенных товаров залогодержателю при неисполнении должником обеспеченного залогом обязательства;

      7) оборот товаров – выпуск товаров, подлежащих прослеживаемости, в соответствии с таможенной процедурой выпуска для внутреннего потребления, реализация товаров, подлежащих прослеживаемости, на таможенной территории ЕАЭС, их перемещение с территории одного государства-члена ЕАЭС на территорию другого государства-члена ЕАЭС в связи с реализацией и в случаях, определенных ЕЭК в соответствии с пунктом 4 статьи 4 Соглашения;

      8) лицо – физическое лицо, в том числе зарегистрированное в качестве индивидуального предпринимателя, юридическое лицо, а также организация, не являющаяся юридическим лицом;

      9) сопроводительный документ национальной системы прослеживаемости – счет-фактура, выписываемая в порядке и по форме, утвержденной уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 207 Налогового кодекса.

Глава 2. Порядок функционирования механизма прослеживаемости товаров

      3. Национальной системой прослеживаемости в Республике Казахстан является ИС ЭСФ, которая обеспечивает учет и хранение сведений о товарах, подлежащих прослеживаемости, и операций, связанных с оборотом таких товаров, с использованием национальной системы прослеживаемости, в том числе системы, предназначенной для хранения сведений из национальной системы прослеживаемости, в соответствии с Соглашением.

      4. Прослеживаемость осуществляется в отношении товаров, подлежащих прослеживаемости.

      5. Товары, на которые не распространяется действие настоящих Правил определены пунктом 5 статьи 2 Соглашения.

      6. Товары, в отношении которых прослеживаемость не осуществляется определены пунктом 6 статьи 2 Соглашения.

      7. Обмен содержащимися в национальных системах прослеживаемости сведениями о товарах, подлежащих прослеживаемости, и связанных с оборотом таких товаров операциях, совершаемых между лицами различных государств-членов ЕАЭС, осуществляется на регулярной основе в соответствии со статьей 8 Соглашения.

      Обмен содержащимися в национальных системах прослеживаемости сведениями о связанных с оборотом товаров, подлежащих прослеживаемости, операциях, предшествующих перемещению таких товаров с территории одного государства-члена ЕАЭС на территорию другого государства-члена ЕАЭС, осуществляется в соответствии со статьей 9 Соглашения.

      8. Прослеживаемость в соответствии со статьей 6 Соглашения прекращается по истечении 5 (пяти) лет с даты включения в национальную систему прослеживаемости сведений о последней операции, связанной с оборотом товаров, подлежащих прослеживаемости, а если такие операции не осуществлялись, то по истечении 5 (пяти) лет с даты поступления в национальную систему прослеживаемости сведений из декларации на товары или из заявления о выпуске товаров до подачи декларации на товары, по которым такие товары помещены, под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления, или из документа, на основании которого в соответствии законодательством государств-членов ЕАЭС товары, подлежащие прослеживаемости, указанные в абзацах третьем, четвертом и пятом подпункта 5) пункта 2 настоящих Правил, либо по истечении менее продолжительного срока, определяемого ЕЭК в отношении отдельных категорий товаров, подлежащих прослеживаемости.

      Если товары, подлежащие прослеживаемости, исключены из перечня, утвержденного ЕЭК в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Соглашения, прослеживаемость прекращается до истечения срока, указанного в части первой настоящего пункта или определенного ЕЭК.

      Случаи и сроки прекращения прослеживаемости до истечения срока, указанного в части первой настоящего пункта или определенного ЕЭК, определяет ЕЭК в соответствии с пунктом 3 статьи 6 Соглашения.

      9. Налогоплательщики, осуществляющие оборот товаров, подлежащих прослеживаемости:

      1) оформляют сопроводительные документы в виде электронных документов, за исключением случая, когда оформление в виде электронных документов невозможно в связи с неисправностью информационных систем, вызванной техническими сбоями, нарушениями в работе средств связи (телекоммуникационных сетей и информационно-телекоммуникационной сети Интернет), отключением электроэнергии, а также в иных случаях, определяемых ЕЭК в соответствии подпунктом 1) пункта 1 статьи 7 Соглашения;

      2) оформляют сопроводительные документы на бумажном носителе в случае неисправности информационных систем с последующим вводом таких документов в национальную систему прослеживаемости в течение 15 (пятнадцати) календарных дней после даты устранения неисправности информационных систем;

      3) представляют полные и достоверные сведения, подлежащие включению в национальную систему прослеживаемости;

      4) выписывают электронный счет-фактуру в соответствии с пунктом 2 статьи 207 Налогового кодекса, в том числе на основании оформленной сопроводительной накладной на товары в соответствии с пунктом 3 статьи 179 Налогового кодекса, в порядке и по форме, утвержденными уполномоченным органом;

      5) осуществляют документооборот по прослеживаемости посредством виртуального склада по товарам, подлежащим прослеживаемости.

      10. В соответствии с пунктом 1 статьи 11 Соглашения не подлежат перемещению товары, подлежащие прослеживаемости, с территории одного государства-члена ЕАЭС на территорию другого государства-члена ЕАЭС при отсутствии в национальной системе прослеживаемости сведений об операциях, связанных с таким перемещением, за исключением случая, когда такие сведения отсутствуют в национальной системе прослеживаемости в связи с неисправностью информационных систем, вызванной техническими сбоями, нарушениями в работе средств связи, отключением электроэнергии, а также в случаях, определяемых ЕЭК.