ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Нормативтер) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін белгілейді.
Нормативтердің мақсаттары үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар түсініледі.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициенті;";
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. k1 нормативін орындаудың міндетті шарты несие портфелінің жалпы сомасында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің үлесіне лимиттің (бұдан әрі – лимит) сақталуы болып табылады.
Лимитті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Л =
![]()
мұнда:
Л – лимит,
ММ90 – микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда ескеретін және баланстан тыс есепке есептен шығарылған негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар есепті кезең соңындағы микрокредиттер.
ММ90 көрсеткіші Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есептемегенде, мерзімі өткен берешек бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтиды.
НП – есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша несие портфелі.
НП көрсеткіші микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын және баланстан тыс есепке есептен шығарылған Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есептемегенде, негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтиды.
Лимиттің мәні 10 (он) пайыздан аспайды.
Есепті күнгі лимиттен асып кету k1 нормативін бұзуға әкеп соғады.
Микроқаржы ұйымы лимиттен асып кету орын алған есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешекті реттеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) әзірлейді және оны мақұлдау үшін уәкілетті органға ұсынады.
Іс-шаралар жоспары кемінде 3 (үш) ай мерзімге әзірленеді және төмендегілермен шектелмей, мыналарды көздейді:
негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешекті лимиттің талап етілетін мәнінен кем немесе оған тең деңгейге дейін төмендету жөніндегі шаралар;
Іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды іске асыру тәртібі және мерзімдері;
Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (Іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы ұсынған Іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қарау нәтижелерін микроқаржы ұйымына Іс-шаралар жоспары уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
Уәкілетті орган Іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды. Іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған кезде, жазбаша нысанда ескертулер ұсынады.
Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып Іс-шаралар жоспарын мақұлдайда немесе олармен келіспеген жағдайда, наразылық танытады.
Бұл ретте уәкілетті органның Іс-шаралар жоспарын мақұлдауы үшін мерзім есепті күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
Негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешек лимиттің талап етілетін мәнінен кем немесе оған тең деңгейге дейін төмендетілген кезде, микроқаржы ұйымы мерзімі өткен берешектің нақты төмендеуі орын алған есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) күннен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлама жібереді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының кірісіне қатысты борыш коэффициенті
мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
"5-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициенті
16. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары және шекті мәні "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) белгіленген.".
2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жиырмасыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"Лимиттің мәні 15 (он бес) пайыздан аспайды.".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттік Төрағасының м.а. |
О. Кизатов |
