ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Белгіленсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
Цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 бұйрығына 1-қосымша | 
Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесі
1. Дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
2. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы.
3. Дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
4. Салық төлеушінің мәртебесі (қолданыстағы, жұмыс істемейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған).
5. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізу немесе тіркеу есебіне қою күні.
6. Мемлекеттік кірістер органында бақылау-касса машиналарының тіркеу нөмірі.
7. Бақылау-касса машинасын пайдалану орны.
8. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 бұйрығына 2-қосымша | 
Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалардың күші қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.
3. Осы Қағидалар салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру тәртібі мен мерзімдері
4. Салық төлеушінің паспортын мемлекеттік кірістер салық құпиясы болып табылмайтын органы штрих-кодта қамтылған кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы түрінде қалыптастырады.
5. Салық төлеуші паспортының мәліметтері айына 1 (бір) рет есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-і (он бесінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде автоматты режимде қалыптастырылады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
3-тарау. Салық төлеушінің паспортын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру тәртібі мен мерзімдері
6. Салық төлеушінің паспортын мемлекеттік кірістер органы оны қалыптастырған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.
7. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталы арқылы штрих-код түрінде белсенді терезеде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізу және "код жасау" терезесін іске қосу жолымен салық төлеушінің паспортын алады (https://kgd.gov.kz).