ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №35173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджетке аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабы 1-тармағының 22-1) тармақшасына, 102-1-бабының 5-тармағына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" 1. Қоса беріліп отырған Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджетке аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару қағидалары бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланымды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпарат берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі | С. Жакупова | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), 17-бабы 1-тармағының 22-1) тармақшасына, 102-1-бабының 5-тармағына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнаулы мобильді қосымша – мынадай:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау тәртібін қолдану;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді есептеуі, оларды төлеуі және декларацияны ұсынуы бойынша салықтық міндеттемелерді орындау;
салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу (мұндай тіркеуден алып тастау);
арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру мақсаттары үшін салықтық мобильді қосымша;
3) әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;
4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - ӘМСҚ) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
5) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) интернет-платформа – интернет-платформа операторының, көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің және интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлғаның өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін электрондық интернет-алаң;
8) интернет-платформа операторы (бұдан әрі – оператор) – интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлға арасында қызметтер көрсету (оның ішінде қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып қызметтер көрсету) бойынша байланыстарды орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
9) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
10) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБМЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ ААЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйе;
12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МКК АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі құжаттарымен реттелетін қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйе;
13) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
14) Мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган салық органы болып табылады;
15) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Әлеуметтік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ енгізілетін ақша;
16) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (бұдан әрі – жарналар) – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер ӘМСҚ төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
17) орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
2-тарау. Интернет-платформа операторы жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару тәртібі, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару тәртібі
3. Оператор есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейін көрсетілген қызметтер мен (немесе) орындалған жұмыстардан орындаушылар алған табыстар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы мобильдік қосымша арқылы интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы ай сайын жолдайды.
4. Берілген мәліметтер негізінде, соның ішінде арнайы мобильдік қосымшаның чектері бойынша, ҚР ҚМ МКК жеке табыс салығының, ӘА, МЗЖ, ЖБМЗЖ және жарналардың (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) сомаларын және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін есептелетін өсімпұлды (теңгеге дейін дөңгелектеп) есептейді. Есептеу Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабында, Заңның 28-бабында және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабында (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА мен жарналарды төлеуден босатылған орындаушылар санаттарының және ең жоғарғы шекті мөлшерлердің ескерілуімен жүргізіледі.
МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА мен жарналарды төлеуден босатылған орындаушылар санаттары туралы мәліметтер МКК АЖ-нен ҚР ЕХӘҚМ ААЖ-не табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді ұстауға жататын сомаларды дұрыс есептеу мақсатында беріледі.
5. ҚР ҚМ МКК интеграциялық өзара іс-қимыл сервистері арқылы деректерді өзектендіру режимінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары және уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұл туралы келесі мәліметтерді жібереді:
1) операторға – ұстап қалу және аудару үшін;
2) ҚР ЕХӘҚМ ААЖ – Мемлекеттік корпорация оператор тарапынан аударған әлеуметтік төлемдер сомаларымен салыстыруды жүргізу үшін.
6. Ұсталған (есептелген) әлеуметтік төлемдердің сомалары, соның ішінде оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген берешек және (немесе) өсімпұл, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, оператор арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылады.
Әлеуметтік төлемдердің сомаларын және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлдарды аудару оператор тарапынан есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында белгіленген нысан бойынша жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары), төлемдер форматтары оператор немесе төлем жүйелерінің операциялық орталығы бекіткен форматтарға сәйкес болуы тиіс.
7. Оператор Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін ӘА төлеуден босатылады.
Оператор Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғалар үшін МЗЖ төлеуден босатылады.
Оператор Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 6-тармағында айқындалған тұлғалар үшін ЖБМЗЖ төлеуден босатылады.
Оператор Заңның 28-бабының 7-тармағында айқындалған адамдар үшін МӘМС жарналарын төлеуден босатылады.
8. Әлеуметтік төлемдер уақтылы аударылмаған жағдайда, оператор әр ай үшін жеке-жеке төлем жүргізеді және Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес бөлек жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады.
9. Әлеуметтік төлемдердің сомалары және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұл аударылатын орындаушылар туралы ақпарат әрбір орындаушы бойынша мынадай деректерді қамтиды: оператордың БСН/ЖСН, орындаушының ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), кезеңі (айы, жылы) — Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша.
10. Әлеуметтік төлемдер уақтылы төленбеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолданады.
Әлеуметтік төлемдердің сомаларын уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлды мемлекеттік кірістер органына, Қорға, БЖЗҚ-ға, ӘМСҚ-ға төлеу кезінде оператор Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен тиісті төлем мақсатының кодын және кезеңін (айы, жылы) көрсете отырып, екінші деңгейдегі банкке немесе жекелеген банктік операция түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жиынтық төлем тапсырмасын ұсынады.
11. Екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банктік операция түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік төлемдердің сомаларын және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлды оператор бастама жасаған күні Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарына және Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банктік операция түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қалыптастыратын жиынтық төлем тапсырмасында, Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлдың төленетін кезеңі (айы, жылы), сондай-ақ төлемнің мақсаты ретінде әлеуметтік төлемдерге арналған мөлшерлемелер көрсетіледі. Бұл мөлшерлемелер Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабына және Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес: МЗЖ үшін - 1%, ЖМЗЖ үшін - 1%, ӘА үшін - 1%, жарналар үшін - 1%.
Жеке табыс салығына қатысты мөлшерлеме Салық кодексінің 720-бабының 1-тармағына сәйкес 0 деп көрсетіледі.
Орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдердің төлем мақсаттарында көрсетілген мөлшерлеме сәйкес келмеген және (немесе) болмаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация операторға тиісті себепті көрсете отырып, аударылған сомаларды толық көлемде қайтарады.
12. Оператор заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдердің және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлдың есептелген және төленген сомалары туралы, соның ішінде қате (артық) төленген әлеуметтік төлемдер мен (немесе) өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл мәліметтер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес электрондық немесе қағаз түріндегі тасымалдағыштарда сақталады.
Оператордың қызметі тоқтатылған жағдайда, әлеуметтік төлемдердің және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлдың есептелуі мен төленуіне қатысты құжаттар Мемлекеттік архивке өткізіледі.
13. Әлеуметтік төлемдердің және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлдың сомаларын Қорға, БЖЗҚ-ға және ӘМСҚ-ға бөлу және аудару Мемлекеттік корпорация арқылы олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Оператор орындаушылар үшін төлеген әлеуметтік төлемдер ҚР ҚМ МКК әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары туралы деректері негізінде орындаушылардың жеке есепшоттарына бөлінеді.
14. Әлеуметтік төлемдер сомалары сәйкес болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлем және (немесе) әлеуметтік төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін есептелген өсімпұл сомалары Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, оларды бөледі және БЖЗҚ, ӘМСҚ, Қордың шоттарына аударады.
3-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару тәртібі
15. Мемлекеттік корпорация деректемелерінде қателіктер жіберілген орындаушы үшін, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған орындаушылар үшін оператордың банк шотына қайтару себебін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді қайтаруды жүзеге асырады.
Орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомалары ҚР ҚМ МКК деректері бойынша есептелген әлеуметтік төлемдер сомаларынан төмен болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация тиісті себебін көрсете отырып, операторға төленген сомаларды толық қайтаруды жүзеге асырады.
Орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомалары ҚР ҚМ МКК деректері бойынша есептелген әлеуметтік төлемдер сомаларынан артық төленген жағдайларда, Мемлекеттік корпорация тиісті себебін көрсете отырып, төленген сомадан асатын соманы операторға ішінара қайтаруды жүзеге асырады.
Орындаушылар бойынша ҚР ҚМ МКК төлеуге жататын әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша деректер болмағанда, әлеуметтік төлем сомалары төленген жағдайларда Мемлекеттік корпорация тиісті себептерін көрсете отырып, операторға төленген сомаларды толық көлемде қайтаруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді оператордың банктік шотына қайтаруды жүзеге асырған жағдайда, оператор үш жұмыс күні ішінде жіберілген қателерді түзету бойынша шаралар қабылдайды және ҚР ҚМ МКК деректері бойынша төлеуге есептелген әлеуметтік төлем сомаларын аударады.
Оператор туралы мәліметтер________________________________________
(атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
БСН/ЖСН __________________
Басшы (егер оператор заңды тұлға болса, толтырылады)___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЖСН_______________________
Орындаушылардың жұмыстарды орындауы кезінде алған табыстары туралы беретін мәліметтер
| № | Орындаушының атауы / тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Орындаушының БСН / ЖСН | Орындаушының алған табысының кезеңі (айы, жылы) | Орындаушының қызметтер көрсеткені және (немесе) жұмыстарды орындағаны үшін табыс сомасы | 
| 1. | ||||
| 2. | 
Оператордың жауаптылығы
Мен (біз) осы қосымшада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауаптымын (жауаптымыз).
Мәліметтерді ұсыну күні _______ж. "____" ____________