БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
Қағидалардың 9 – тармағының 2) тармақшасына жаңа редакцияда жазылсын:
"2) ғылыми зерттеулер нәтижелері негізінде қоршаған орта үшін осындай биоәртүрліліктің неғұрлым маңызды мәні бар сол аумақта және (немесе) басқа аумақта биоәртүрлілік түрінің бірдей немесе басқасын енгізу.";
Қағидалардың 12 және 13 -тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Жүзеге асырылған қызмет нәтижесінде жоғалған Биоәртүрлілікті қалпына келтіру биологиялық жүйенің осы компоненттері бұрын болған аумақта биологиялық жүйенің жоғалған компоненттерін (топырақ, ландшафт, өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер, жануарлар) жасанды түрде қалпына келтіру арқылы іске асырылады.
13. Биологиялық жүйенің жойылатын компоненттерін тікелей қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу биологиялық жүйенің осы компоненттері бұрын болған аумақтың шегінен тыс биологиялық жүйенің компоненттерін (өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер, жануарлар) интродукциялау жолымен не биологиялық жүйенің экологиялық жүйесі үшін басқа да құнды компоненттерін (топырақ, ландшафт, өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер, жануарлар) жасанды түрде жасау жолымен орындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі