Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қазанда № 37146 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санаттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 611 бұйрығына 1-қосымша

Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санаттары

      Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санаттары:

      электрондық шот-фактураны кері қайтарып алу арқылы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс-жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны орындаған салық төлеушілер.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 611 бұйрығына 2-қосымша

Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 139-бабының 3-тарамағына сәйкес әзірленді және осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың (бұдан әрі – ЭШФ) жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санатына жататын қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушінің (бұдан әрі – ҚҚС төлеуші) ЭШФ жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау (бұдан әрі – автоматтандырылған бақылау) жүргізу тәртібін, оның ішінде:

      1) "e-Тамға" сервисіндегі ҚҚС төлеушінің салық шотын (бұдан әрі – салық шоты) жүргізу тәртібін;

      2) ҚҚС-тың баланстық сомасын есепке алу тәртібін;

      3) ҚҚС төлеушінің салық шотын толықтыру тәртібін;

      4) ЭШФ жазып беру үшін пайдаланылған ҚҚС төлеушінің ақшасын бюджетке аудару тәртібін;

      5) ҚҚС төлеушінің ақшаны қайтару туралы өтінішін беру және оны қарау тәртібі мен мерзімдерін;

      6) ҚҚС төлеушіге ақшаны қайтару тәртібін;

      7) автоматтандырылған бақылауды жүргізу кезеңін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) автоматтандырылған бақылау операторы (бұдан әрі – оператор) – "e-Тамға" сервисінің жұмыс істеуін, оған қол жеткізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін және Салық кодексінің 139-бабының 2-тармағына сәйкес салық шотын жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған, ақша аудару жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы бар, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      2) "e-Тамға" сервисі – оператордың ол арқылы автоматтандырылған бақылау жүргізілетін, оператордың тіркеуші ақпараттық жүйесінде іске асырылған арнайы ақпараттық сервис түріндегі ақпараттық жүесі;

      Осы Қағидалар шеңберінде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу тәртібі

1-параграф. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізудің жалпы ережелері

      3. ҚҚС төлеушіге тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ЭШФ-ы кері қайтарып алу жолымен орындаған күні мұндай төлеушінің автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізгені туралы ақпараттық хабар жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық хабар пайдаланушының веб-порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне бір мезгілде қысқа мәтіндік хабар жіберіле отырып, "электрондық үкімет" веб-қосымшасына және (немесе) веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарламаны орындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      4. ҚҚС төлеушінің тізбеге енгізілген күні және оны тізбеден алып тастаған күні туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) интернет-порталында және tamga.qoldau.kz веб-порталында тізбеге енгізілген немесе алып тасталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.

      5. ҚҚС төлеуші хабар етуді алғаннан кейін ЭШФ жазып бергенге дейін "e-Тамға" сервисінде тіркеледі.

      ҚҚС төлеушіні "e-Тамға" сервисінде тіркеу оператормен "e-Тамға" сервисіне қол жеткізуді ұсыну бойынша пайдаланушы келісімін жасасу арқылы жүргізіледі, оған ҚҚС төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қол қояды.

      6. ҚҚС төлеуші "e-Тамға" сервисінде тіркелу кезінде:

      1) ақпараттық хабарлар алу үшін пайдаланатын ақпараттық сервистерді, оның ішінде мобильді телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштаның мекенжайын көрсетеді;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне тауарлар қалдығының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ұсынады.

      7. Автоматтандырылған бақылау тізбеге енгізілген ҚҚС төлеуші бірінші ЭШФ жазып берген күннен бастап есептелетін 12 (он екі) айдан кем емес мерзім ішінде жүргізіледі және көрсетілген бақылау мерзімі өтетін тоқсанның соңғы күні аяқталғанға дейін жалғасады.

      Бұл ретте автоматтандырылған бақылау қатарынан 2 (екі) тоқсан ішінде мынадай шарттар орындалған:

      1) ҚҚС төлеушінің және (немесе) сатып алушының салық шотын ақшамен ай сайын үздіксіз толықтырған;

      2) ЭШФ жазып беру үшін пайдаланылған ақша сомасы жазып берілген ЭШФ-да көрсетілген ҚҚС сомасының кемінде 50 (елу) пайызын құраған кезде мерзімінен бұрын аяқталады.

      Автоматтандырылған бақылауды мерзімінен бұрын аяқтау қатарынан 2 (екі) тоқсанның екіншісі өткеннен кейін жүргізіледі.

      8. Автоматтандырылған бақылау жүргізу кезеңінде ҚҚС төлеуші тіркеу есебінен шығарылған кезде ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге тізілім ұсынады.

      Автоматтандырылған бақылау ҚҚС төлеуші тіркеу есебінен алынған күннен бастап аяқталады.

      9. ҚҚС төлеуші автоматтандырылған бақылау аяқталған күннен бастап тізбеден шығарылады.

2-параграф. Салық шотын жүргізу тәртібі

      10. ЭШФ-ға тіркеу нөмірін беру кезінде салық шотының деректері ескеріледі.

      ЭШФ, ТІЖ, тауарларға арналған декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер және төлемдер туралы ақпарат "e-Тамға" сервисіне мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.

      11. "е-Тамға" сервисіне келіп түскен ақпаратты ескере отырып, автоматтандырылған режимде осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген формула бойынша есептелетін ҚҚС-ның баланстық сомасы (бұдан әрі – ҚҚС балансы) қалыптастырылады.

      Қалыптастырылған ҚҚС балансы МКО АЖ-де және салық шотында көрсетіледі және ҚҚС балансының өзгеруіне қарай автоматтандырылған режимде түзетіледі.

      Қолданылатын есепке алу жүйесінде ЭШФ-ны қалыптастыру кезінде ҚҚС төлеуші "е-Тамға" сервисімен ақпараттық өзара іс-қимылы болған кезде ҚҚС-тың ағымдағы балансын есепке алу жүйесі арқылы сұратады.

      Егер "е-Тамға" сервисіне осы Қағидалардың 10-тармағымен белгіленген ақпарат толық емес болып түссе және ҚҚС балансы дұрыс емес қалыптастырылса, ҚҚС төлеушінің өтініші бойынша оператор ҚҚС балансын 1 (бір) жұмыс күні ішінде түзетеді.

      12. ҚҚС балансының сомасы жазып берілетін ЭШФ-да көрсетілген ҚҚС сомасына жеткілікті және (немесе) асып кеткен кезде ЭШФ-ға тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі. Бұл ретте ҚҚС балансының құрамында осы Қағидалардың 4-параграфына сәйкес толықтырылған ақша есепке алынады.

      ҚҚС балансы жеткіліксіз болған жағдайда "е-Тамға" сервисі ҚҚС төлеушіге ЭШФ нөмірін беруден бас тартады.

      Тіркеу нөмірі берілмеген ЭШФ жазылмаған болып есептеледі.

      13. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген әрекеттер жасалу кезінде кезеңінде ЭШФ тіркеу нөмірін беру мақсаттары үшін ҚҚС балансынан қайтаруға мәлімделген оң баланстың сомасы шегеріледі.

3-параграф. Қосылған құн салығының баланстық сомасын есепке алу тәртібі

      14. Оператор есептің әрбір түрі бойынша жеке есеп жүргізеді.

      15. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ҚҚС сомалары ҚҚС балансын айқындау кезінде мынадай тәртіппен ескеріледі:

      1) ЭШФ бойынша (кіріс және жазып берілген) есепке алу жазып беру күні бойынша жүргізіледі. Түзетілген, қосымша және (немесе) кері қайтарып алынған ЭШФ іс-әрекет жасалған күн (кері қайтарып алынған күн немесе түзетілген, қосымша ЭШФ жазып берілген күн) бойынша есепке алынады;

      2) үшінші елдерден импорт бойынша 105102 бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі – БСК) бойынша төленген ҚҚС сомасы тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген ҚҚС сомасы шегінде есепке алынады. Төленген ҚҚС сомасының қалдығы кейін тауарларға декларацияны ұсынылуына қарай ескеріледі;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен импорт бойынша 105115 БСК бойынша төленген ҚҚС сомасы тауарларды әкелу туралы көрсетілген өтініштердің ҚҚС сомасы шегінде есепке алынады. Төленген ҚҚС сомасының қалдығы кейін тауарларды әкелу туралы өтініштердің ұсынылуына қарай ескеріледі;

      4) бейрезидент үшін ҚҚС бойынша 105104 БСК бойынша төленген ҚҚС сомасы бейрезидент үшін ЭШФ-да көрсетілген ҚҚС сомасы шегінде есепке алынады. Төленген ҚҚС сомасының қалдығы бейрезидент үшін кейінгі ЭШФ жазып беру шамасына қарай есепке алынады;

      5) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне тізілімде көрсетілген ҚҚС сомалары шегінде есепке алынады;

      6) тауарлар қалдығы түріндегі айналымдар бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу кезінде есептелген ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу күніне тізілімде көрсетілген ҚҚС сомалары шегінде есепке алынады.

      16. Автоматтандырылған бақылау барысында "е-Тамға" сервисінде ҚҚС есептеу мына формула бойынша жүргізіледі: Б=ҚҚС1+ҚҚС2+ҚҚС3+ҚҚС4-ҚҚС5-ҚҚС6, мұндағы:

      Б – ҚҚС-тың баланстық сомасы;

      ҚҚС1 – ҚҚС төлеуші алған ЭШФ-да көрсетілген ҚҚС-тың жалпы сомасы;

      ҚҚС2 ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импорт кезінде төленген ҚҚС-тың жалпы сомасы;

      ҚҚС3 – бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде төленген ҚҚС-тың жалпы сомасы;

      ҚҚС4 – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күніне дейін ҚҚС төлеуші сатып алған, жасаған, салған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-тың жалпы сомасы;

      ҚҚС5 – ҚҚС төлеуші жазып берген ЭШФ-да көрсетілген ҚҚС-тың жалпы сомасы;

      ҚҚС6 – тауарлардың қалдығы түріндегі айналым бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде есептелген ҚҚС-тың жалпы сомасы.

      17. Оператор ақша қозғалысының есебін салық шотына түсімдерді, сомаларды қайтаруды, сондай-ақ бюджетке аударымдарды жеке көрсету арқылы жүргізеді.

      ЭШФ жазып беру үшін қайтарылған сомалар мен бюджетке аударылған қаражат шегеріле отырып, салық шотын өз ақшасымен толықтыру ескеріледі.

      18. Тоқсан соңындағы ҚҚС-тың оң балансы келесі тоқсанның ЭШФ жазып берілуін қамтамасыз ету есебіне пайдаланылады немесе осы Қағидалардың 5 және 6-параграфтарына сәйкес қайтарылуға жатады.

4-параграф. Қосылған құн салығын төлеушінің салық шотын толтыру тәртібі

      19. ҚҚС төлеуші ҚҚС балансын ұлғайту мақсатында салық шотын өз ақшасымен толықтырады.

      20. ҚҚС төлеуші салық шотын толтыруды екінші деңгейдегі банктердегі есеп айырысу шотынан Комитет мемлекеттік қазынашылықта ашқан қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

      Түскен ақшаны ҚҚС төлеушінің салық шотында көрсету мемлекеттік қазынашылықтың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      21. ҚҚС төлеушінің сатып алушымен келісіміне сәйкес сатып алушы осы Қағидалардың 20-тармағымен көзделген тәсілдермен ҚҚС төлеушінің салық шотын өз ақшасы есебінен толтырады.

      Сатып алушыдан ҚҚС төлеушінің салық шотына түскен ақша тек осы сатып алушының атына ЭШФ жазып беру үшін пайдаланылуға жатады.

5-параграф. Қосылған құн салығын төлеушінің ақшаны қайтару туралы өтінішті беру мен қарау тәртібі және мерзімі

      22. Ай сайын ай аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде "e-Тамға" сервисінде автоматтандырылған режимде мынадай әрекеттер жүргізіледі:

      1) ЭШФ жазып беруді қамтамасыз етуге байланысты операциялардың нәтижелері бойынша қорытындылар шығарады;

      2) төленген ақшамен қамтамасыз етілген оң теңгерім сомасын есептейді;

      3) сатып алушы мен ҚҚС төлеуші арасында ЭШФ жазып беруді қамтамасыз ету үшін сатып алушы толықтырған ақшаны ЭШФ жазып беру үшін пайдалану және (немесе) пайдаланбау бөлігінде ҚҚС бойынша өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді қалыптастыру.

      Оператор осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді ҚҚС төлеушінің және (немесе) оның сатып алушысының "e-Тамға" сервисінде берілген өтінімі бойынша осы әрекеттерді осы тармақта белгіленген мерзім басталғанға дейін жүзеге асырады.

      23. Есеп айырысу қорытындысы бойынша "e-Тамға" сервисі есеп айырысу сомалары көрсетілген ақпараттық хабар жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық хабар:

      1) ҚҚС төлеуші "e-Тамға" сервисінде тіркелу кезінде көрсеткен барлық ақпараттық сервистерге;

      2) сатып алушы салық шотын өз ақшасымен толтырған жағдайда сатып алушыға "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы және (немесе) МКО АЖ-де пайдаланушының жеке кабинетіне және (немесе) веб-қосымшасына жіберіледі.

      24. Салық шотында оң баланс және ішЭШФ жазып беру үшін пайдаланылмаған ақшаны қайтару қажеттілігі болған жағдайда ҚҚС төлеуші және (немесе) сатып алушы ақпараттық хабар жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылмаған ақшаны қайтару туралы өтініш береді (бұдан әрі – қайтару туралы өтініш).

      25. Оператор қайтару туралы өтінішті 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды.

6-параграф. Қосылған құн салығын төлеушіге ақшаны қайтару тәртібі

      26. ҚҚС төлеушіге оң балансты қайтару есепті ай ішінде өзі толтырылған ақша шегінде немесе есепті айдың басына ҚҚС төлеушіге қайтарылмаған, бірақ ҚҚС-тың ағымдағы балансынан аспайтын ақша шегінде жүзеге асырылады.

      27. Оң балансты сатып алушыға қайтару есепті ай ішінде сатып алушы толтырған немесе есепті айдың басында сатып алушыға қайтарылмаған ақша шегінде жүзеге асырылады.

      28. Осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес есеп айырысу күнінен және қайтару туралы өтініш берілген күнге дейінгі кезеңде ЭШФ жазып беру үшін пайдаланылған ақша қайтарылуға жатпайды.

      29. Оң балансты қайтару ҚҚС төлеушінің қайтару туралы өтініште көрсетілген есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы немесе салық шотын сатып алушы өз ақшасы есебінен толтырған жағдайда сатып алушының қайтару туралы өтініште көрсетілген есеп айырысу шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      30. Ақпараттық хабар жіберілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҚҚС төлеушіден және (немесе) сатып алушыдан қайтару туралы өтініш болмаған кезде ақша келесі айда ЭШФ жазып берілуін қамтамасыз ету есебіне пайдалануға жатады.

7-параграф. Қосылған құн салығын төлеушінің электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған ақшасын бюджетке аудару тәртібі

      31. Тоқсан сайын, тоқсан аяқталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде "e-Тамға" сервисі автоматтандырылған режимде ЭШФ жазып беру үшін пайдаланылған ақша сомаларын қорытындылайды және есептейді.

      32. ЭШФ жазып беру үшін пайдаланылған ақшаның жиынтық сомасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚҚС бойынша тиісті БСК-на аударылады.

      ҚҚС бойынша тиісті БСК-на аударылған ақша ҚҚС төлеу ретінде қаралады және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларына сәйкес ҚҚС төлеушінің жеке шотында есепке алынуға жатады.

      33. Тоқсан ішінде ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен алынған ҚҚС төлеушінің ЭШФ жазып беру үшін пайдаланған ақша сомасы автоматтандырылған бақылау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде аударылуға жатады.

      34. Автоматтандырылған бақылау аяқталған ҚҚС төлеушінің оң балансы мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

      1) ақшаны толтыру есебінен қалыптастырылған;

      2) Осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес қайтаруға мәлімделмеген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде ҚҚС бойынша тиісті БСК-на аударылуға тиіс

3-тарау. Қорытынды ереже

      35. Оператор "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

  Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне
автоматтандырылған бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Тауарлар қалдығының тізілімі 20___ жылғы "___" _________ жағдай бойынша (ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою немесе шығару күні)

Тауардың атауы*

Өлшем бірлігі

Саны(көлемі)

Тауарды сатып алу кезінде рәсімделген құжат түрі

Құжатта көрсетілген мәліметтер***

Құжаттың тіркеу нөмірі

Құжаттың күні

Тауардың атауы*

Өлшем бірлігі

Саны(көлемі)

ҚҚС-ті есепке алмағанда тауар бірлігінің бағасы

ҚҚС-ті есепке алмағанда тауардың құны

Құжатта көрсетілген ҚҚС сомасы



























Жиыны



      ҚҚС төлеушінің лауазымды адамы ___________________________________

      (лауазымы, ТАӘ, қолы)

      Ескертпе:

      * тауарлар бөлінісінде толтырылады;

      ** мына құжаттардың бірі көрсетіледі: ЭШФ, тауарларға арналған декларация немесе тауарды әкелу туралы өтініш;

      *** тауардың сатып алынғанын растайтын құжат негізінде толтырылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      ЭШФ – электрондық шот-фактура.

  Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне
автоматтандырылған бақылау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Кімге _____________________
Кімнен ____________________
(ҚҚС төлеушінің /сатып алушының атауы)
ЖСН/БСН __________________
Тіркелген мекенжайы _______
телефоны _________________

Электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылмаған ақшаны қайтару туралы өтініш

      "e-Тамға" сервисінде электрондық шот-фактураны жазып беру үшін

      пайдаланылмаған ______ теңге мөлшерінде артық төленген ақшаны _____ салық

      шотан (шот нөмірі) келесі деректемелер бойынша ағымдағы шотқа қайтаруды

      сұраймын:

      шот нөмірі __________________________________________________________

      банк атауы __________________________________________________________

      БСН ________________________________________________________________

      БСК ________________________________________________________________

      20__ жылғы "___"_______ _______________________________________

      (толтыру күні) ТАӘ (басшы немесе оны алмастыратын адам)

      қолы _________________________________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК – банктің сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

О некоторых вопросах проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 октября 2025 года № 611. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 октября 2025 года № 37146

      Вводится в действие с 1 января 2026 года.

      В соответствии со статьей 139 Налогового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) категории налогоплательщиков, в отношении которых проводится автоматизированный контроль выписки электронных счетов-фактур, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 15 октября 2025 года № 611

Категории налогоплательщиков, в отношении которых проводится автоматизированный контроль выписки электронных счетов-фактур

      Категории налогоплательщиков, в отношении которых проводится автоматизированный контроль выписки электронных счетов-фактур:

      налогоплательщики, исполнившие уведомление о подтверждении фактического совершения оборота по реализации товаров, выполнению работ и оказанию услуг путем отзыва электронных счетов-фактур.

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 15 октября 2025 года № 611

Правила проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 139 Налогового кодекса Республики Казахстан (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур (далее – ЭСФ) плательщика налога на добавленную стоимость (далее – НДС), относящегося к категории налогоплательщиков, в отношении которых проводится автоматизированный контроль выписки ЭСФ (далее – автоматизированный контроль) согласно приложению 1 к настоящему приказу (далее – плательщик НДС), включая:

      1) порядок ведения налогового счета плательщика НДС в сервисе "е-Тамга" (далее – налоговый счет);

      2) порядок учета балансовой суммы НДС;

      3) порядок пополнения плательщиком НДС налогового счета;

      4) порядок перечисления в бюджет денег плательщика НДС, использованных для выписки ЭСФ;

      5) порядок и сроки подачи и рассмотрения заявления плательщика НДС о возврате денег;

      6) порядок возврата денег плательщику НДС;

      7) период проведения автоматизированного контроля.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия и сокращения:

      1) оператор автоматизированного контроля (далее – оператор) – юридическое лицо со стопроцентным участием государства в уставном капитале с правом проведения операций по переводу денег, определенное уполномоченным органом, обеспечивающее функционирование, доступ и сопровождение сервиса "е-Тамга" и осуществляющее в соответствии с пунктом 2 статьи 139 Налогового кодекса ведение налогового счета;

      2) сервис "e-Тамга" – информационная система оператора в виде специального информационного сервиса, посредством которого проводится автоматизированный контроль, реализованное в регистраторской информационной системе оператора.

      Иные понятия, используемые в рамках настоящих Правил, применяются в соответствии с законами Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур

Параграф 1. Общие положения проведения автоматизированного контроля выписки электронных счетов-фактур

      3. Плательщику НДС в день исполнения уведомления о подтверждении фактического совершения оборота по реализации товаров, выполнению работ и оказанию услуг (далее – уведомление) путем отзыва ЭСФ направляется информационное сообщение о включении такого плательщика в перечень налогоплательщиков, в отношении которых проводится автоматизированный контроль (далее – перечень).

      Информационное сообщение, указанное в части первой настоящего пункта, в течение 1 (одного) рабочего дня со дня исполнения уведомления направляется в веб-приложение и (или) личный кабинет пользователя на веб-портале "электронного правительства", с одновременной отправкой короткого текстового сообщения на абонентский номер сотовой связи, зарегистрированный на веб-портале.

      4. Сведения о дате включения плательщика НДС в перечень и дате исключения его из перечня размещаются на интернет-портале Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) и веб-портале tamga.qoldau.kz не позднее 3 (трех) рабочих дней с даты включения в перечень или исключения из перечня.

      5. Плательщик НДС после получения сообщения регистрируется в сервисе "e-Тамга" до выписки ЭСФ.

      Регистрация плательщика НДС в сервисе "e-Тамга" проводится путем заключения с оператором пользовательского соглашения по предоставлению доступа к сервису "e-Тамга", которое подписывается плательщиком НДС с использованием электронной цифровой подписи.

      6. При регистрации в сервисе "e-Тамга" плательщик НДС:

      1) указывает используемые информационные сервисы для получения информационных сообщений, включая номер мобильного телефона и (или) адрес электронной почты;

      2) представляет реестр остатка товаров (далее – реестр) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам на дату постановки на регистрационный учет по НДС.

      7. Автоматизированный контроль осуществляется в течение срока не менее 12 (двенадцати) месяцев, исчисляемого со дня выписки первого ЭСФ плательщиком НДС, включенным в перечень, и продолжается до окончания последнего дня квартала, в котором истекает указанный срок контроля.

      При этом автоматизированный контроль завершается досрочно при выполнении следующих условий в течение 2 (двух) последовательных кварталов:

      1) непрерывное ежемесячное пополнение плательщиком НДС и (или) покупателем налогового счета деньгами;

      2) сумма денег, использованных для выписки ЭСФ, составляет не менее 50 (пятидесяти) процентов от суммы НДС, указанных в выписанных ЭСФ.

      Досрочное завершение автоматизированного контроля производится по истечении второго из 2 (двух) последовательных кварталов.

      8. При снятии с регистрационного учета плательщика НДС в период проведения автоматизированного контроля плательщик НДС в течение 3 (трех) рабочих дней с даты снятия с регистрационного учета плательщика НДС предоставляет реестр на дату снятия с регистрационного учета по НДС.

      Автоматизированный контроль завершается со дня снятия с регистрационного учета плательщика НДС.

      9. Плательщик НДС исключается из перечня со дня завершения автоматизированного контроля.

Параграф 2. Порядок ведения налогового счета

      10. При присвоении ЭСФ регистрационного номера учитываются данные налогового счета.

      Информация по ЭСФ, СНТ, декларациям на товары, заявлениям о ввозе и уплате косвенных налогов и платежам передается в сервис "e-Тамга" из информационных систем органов государственных доходов (далее – ИС ОГД) посредством информационного взаимодействия.

      11. С учетом поступающей информации в сервисе "e-Тамга" в автоматизированном режиме формируется балансовая сумма НДС, рассчитываемой по формуле, предусмотренной в пункте 16 настоящих Правил (далее – баланс НДС).

      Сформированный баланс НДС отображается в ИС ОГД и на налоговом счете, в автоматизированном режиме корректируется по мере изменения баланса НДС.

      При формировании ЭСФ в применяемой учетной системе плательщик НДС запрашивает текущий баланс НДС через учетную систему при наличии информационного взаимодействия с сервисом "е-Тамга".

      Если в сервис "е-Тамга" информация, предусмотренная пунктом 10 настоящих Правил, поступила неполная и баланс НДС сформирован некорректно, в течение 1 (одного) рабочего дня оператор производит корректировку баланса НДС по обращению плательщика НДС.

      12. Регистрационный номер автоматически присваивается ЭСФ, при достаточности и (или) превышении суммы баланса НДС над суммой НДС, указанной в выписываемом ЭСФ. При этом в составе баланса НДС учитываются деньги, пополненные в соответствии с параграфом 4 настоящих Правил.

      При недостаточности баланса НДС сервис "е-Тамга" отказывает плательщику НДС в присвоении номера ЭСФ.

      ЭСФ, которому не присвоен регистрационный номер, считается не выписанным.

      13. В период совершения действий, предусмотренных пунктом 25 настоящих Правил, для целей присвоения регистрационного номера ЭСФ из баланса НДС вычитывается сумма положительного баланса, заявленная к возврату.

Параграф 3. Порядок учета балансовой суммы налога на добавленную стоимость

      14. Оператор ведет учет по каждому виду расчета по отдельности.

      15. Суммы НДС, указанные в пункте 16 настоящих Правил, при определении баланса НДС учитываются в следующем порядке:

      1) по ЭСФ (как входящим, так и выписанным) учет ведется по дате выписки. Исправленные, дополнительные и (или) отозванные ЭСФ учитываются по дате совершения действия (дата отзыва или дата выписки исправленного, дополнительного ЭСФ);

      2) по импорту из третьих стран сумма уплаченного НДС по коду бюджетной классификации (далее – КБК) 105102 учитывается в пределах суммы НДС, указанных в декларациях на товары. Остаток суммы уплаченного НДС учитывается по мере представления последующих деклараций на товары;

      3) по импорту из стран Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС) сумма уплаченного НДС по КБК 105115 учитывается в пределах суммы НДС, указанных в заявлениях о ввозе товаров. Остаток суммы уплаченного НДС учитывается по мере представления последующих заявлений о ввозе товаров;

      4) по НДС за нерезидента сумма уплаченного НДС по КБК 105104 учитывается в пределах суммы НДС, указанных в ЭСФ за нерезидента. Остаток суммы уплаченного НДС учитывается по мере выписки последующих ЭСФ за нерезидента;

      5) сумма НДС, относимого в зачет по товарам, приобретенным, созданным, построенным налогоплательщиком до даты постановки на регистрационный учет по НДС учитывается в пределах сумм НДС, указанных в реестре на дату постановки на регистрационный учет по НДС;

      6) сумма НДС, начисленного при снятии с регистрационного учета по НДС по оборотам в виде остатка товаров, учитывается в пределах сумм НДС, указанных в реестре на дату снятия с регистрационного учета по НДС.

      16. В ходе автоматизированного контроля в сервисе "е-Тамга" расчет НДС производится по следующей формуле: Б=НДС1+НДС2+НДС3+НДС4-НДС5-НДС6, где:

      Б – балансовая сумма НДС;

      НДС1 – общая сумма НДС, указанного в ЭСФ, полученных плательщиком НДС;

      НДС2 – общая сумма НДС, уплаченного при импорте в соответствии с законодательством ЕАЭС и (или) таможенным законодательством Республики Казахстан;

      НДС3 – общая сумма НДС, уплаченного при приобретении работ, услуг от нерезидента;

      НДС4 – общая сумма НДС, относимого в зачет по товарам, приобретенным, созданным, построенным налогоплательщиком до даты постановки на регистрационный учет по НДС;

      НДС5 – общая сумма НДС, указанного в ЭСФ, выписанных плательщиком НДС;

      НДС6 – общая сумма НДС, начисленного при снятии с регистрационного учета по НДС по оборотам в виде остатка товаров.

      17. Оператор ведет учет движения денег путем отдельного отражения поступлений на налоговый счет, возврата сумм, а также перечислений в бюджет.

      Для выписки ЭСФ учитывается пополнение налогового счета собственными деньгами за вычетом возвращенных сумм и перечисленных средств в бюджет.

      18. Положительный баланс НДС на конец квартала используется в счет обеспечения выписки ЭСФ следующего квартала или подлежит возврату в соответствии с Параграфами 5 и 6 настоящих Правил.

Параграф 4. Порядок пополнения плательщиком налога на добавленную стоимость налогового счета

      19. Налоговый счет пополняется плательщиком НДС собственными деньгами в целях увеличения баланса НДС.

      20. Пополнение налогового счета плательщиком НДС осуществляется путем перечисления денег с расчетного счета в банках второго уровня на контрольный счет наличности, открытый Комитетом в государственном казначействе.

      Отражение поступивших денег на налоговом счете плательщика НДС осуществляется на основании сведений государственного казначейства.

      21. В соответствии с договоренностями плательщика НДС с покупателем, покупатель пополняет собственными деньгами налоговый счет плательщика НДС способами, предусмотренными пунктом 19 настоящих Правил.

      Деньги, поступившие от покупателя на налоговый счет плательщика НДС, подлежат использованию исключительно для выписки ЭСФ в адрес данного покупателя.

Параграф 5. Порядок и сроки подачи и рассмотрения заявления плательщика налога на добавленную стоимость о возврате денег

      22. Ежемесячно в течение 5 (пяти) рабочих дней после завершения месяца в сервисе "е-Тамга" в автоматизированном режиме проводятся следующие действия:

      1) подведение итогов по результатам операций, связанных с обеспечением выписки ЭСФ;

      2) расчет суммы положительного баланса, обеспеченного оплаченными деньгами;

      3) формирование сверки взаиморасчетов по НДС между покупателем и плательщиком НДС в части использования и (или) неиспользования для выписки ЭСФ денег, пополненных покупателем для обеспечения выписки ЭСФ.

      Укаазанные в части первой настоящего пункта действия оператором проводятся до наступления срока, установленного настоящим пунктом, по представленному в сервисе "е-Тамга" заявлению плательщика НДС и (или) его покупателя о проведении расчетов.

      23. По результатам расчетов сервис "e-Тамга" направляет информационное сообщение с указанием сумм расчетов.

      Информационное сообщение, указанное в части первой настоящего пункта, направляется:

      1) во все информационные сервисы, указанные плательщиком НДС при регистрации в сервисе "e-Тамга";

      2) покупателю в веб-приложение и (или) личный кабинет пользователя на веб-портале "электронного правительства" и (или) ИС ОГД, в случае пополнения налогового счета покупателем за счет собственных денег.

      24. В случае наличия положительного баланса на налоговом счету и необходимости возврата денег, неиспользованных для выписки ЭСФ плательщик НДС и (или) покупатель в течение 3 (трех) рабочих дней с даты направления информационного сообщения представляет заявление о возврате денег, неиспользованных для выписки электронного счета-фактуры, представленного по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – заявление о возврате).

      25. Заявление о возврате подлежит рассмотрению оператором в течение 1 (одного) рабочего дня.

Параграф 6. Порядок возврата денег плательщику налога на добавленную стоимость

      26. Возврат положительного баланса плательщику НДС осуществляется в пределах собственных пополненных денег в течение отчетного месяца или не возвращенных плательщику НДС денег на начало отчетного месяца, но не более текущего баланса НДС.

      27. Возврат положительного баланса покупателю осуществляется в пределах пополненной покупателем денег в течение отчетного месяца или не возвращенных покупателю денег на начало отчетного месяца.

      28. Деньги, использованные для выписки ЭСФ в период с даты расчета в соответствии с пунктом 22 настоящих Правил и даты подачи заявления о возврате, не подлежат возврату.

      29. Возврат положительного баланса осуществляется путем перечисления денег на расчетный счет плательщика НДС, указанного в заявлении о возврате либо в случае пополнения налогового счета покупателем за счет собственных денег – на расчетный счет покупателя, указанного в заявлении о возврате.

      30. При отсутствии заявления о возврате от плательщика НДС и (или) покупателя в течение 3 (трех) рабочих дней с момента направления информационного сообщения, деньги подлежат использованию в следующем месяце в счет обеспечения выписки ЭСФ.

Параграф 7. Порядок перечисления в бюджет денег плательщика налога на добавленную стоимость, использованных для выписки электронных счет-фактур

      31. Ежеквартально, в течение 25 (двадцати пяти) рабочих дней со дня завершения квартала, сервис "e-Тамга" в автоматизированном режиме подводит итоги и рассчитывает суммы денег, использованных для выписки ЭСФ.

      32. Итоговая сумма денег, использованных для выписки ЭСФ, в течение 1 (одного) рабочего дня перечисляется на соответствующий КБК по НДС.

      Деньги, перечисленные на соответствующий КБК по НДС, рассматриваются как уплата НДС и подлежат учету на лицевом счете плательщика НДС в соответствии с нормами налогового законодательства Республики Казахстан.

      33. Сумма денег, использованных для выписки ЭСФ плательщиком НДС, снятого с регистрационного учета плательщика НДС в течение квартала, подлежат перечислению в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня завершения автоматизированного контроля.

      34. Положительный баланс плательщика НДС, в отношении которого завершен автоматизированный контроль, подлежит перечислению в течение 10 (десяти) рабочих дней на соответствующий КБК по НДС при соответствии следующим условиям:

      1) сформирован за счет пополнения денег;

      2) не заявлен к возврату в соответствии с пунктом 24 настоящих Правил.

Глава 3. Заключительное положение

      35. Оператор обеспечивает соблюдение требований законов Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", "Об информатизации", а также постановления Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832 "Об утверждении единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности".

  Приложение 1
к Правилам проведения
автоматизированного контроля
выписки электронных
счетов-фактур
  форма

Реестр остатка товаров по состоянию на "__" __________ 20____ года
(дата постановки или снятия с регистрационного учета плательщика НДС)

Наименование товара*

Единица измерения

Количество(объем)

Вид документа оформленного при приобретении товара**

Сведения, указанные в документе***

Регистрационный номер документа

Дата документа

Наименование товара*

Единица измерения

Количество (объем)

Цена за единицу товара без учета НДС

Стоимость товаров без учета НДС

Сумма НДС, указанная в документе



























итого



      Должностное лицо плательщика НДС: __________________________________
                                          (должность, ФИО, подпись)

      Примечание:

      * заполняется в разрезе товаров;

      ** указывается один из следующих документов: ЭСФ, декларация на товары или заявление о ввозе товаров;

      *** заполняется на основании документа, подтверждающего приобретение товара.

      Расшифровка аббревиатур:

      НДС – налог на добавленную стоимость;

      ФИО – фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность);

      ЭСФ – электронный счет-фактура.

  Приложение 2
к Правилам проведения
автоматизированного контроля
выписки электронных
счетов-фактур
  форма
  Кому _______________________
От _________________________
(наименование плательщика
НДС/ покупателя)
ИИН/БИН __________________
Адрес регистрации ___________
Контакты ___________________

Заявление о возврате денег, неиспользованных для выписки электронного счета-фактуры

      Прошу вернуть излишне уплаченные деньги в размере ______ тенге, неиспользованные для выписки электронного счета-фактуры в сервисе "е-Тамга", с налогового счета (номер счета) ________ на текущий счет по следующим реквизитам:

      номер счета __________________________________________________________

      наименование банка ___________________________________________________

      БИН ________________________________________________________________

      БИК ________________________________________________________________.

      "____" ______20___года _________________________________________
      (дата заполнения)       ФИО (руководителя, или лица его заменяющего)

      ______________________________________ (подпись)

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      БИК – банковский идентификационный код;

      БИН – бизнес-идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      НДС – налог на добавленную стоимость;

      ФИО – фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность).