ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 687-бабы 2 және 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 15 қазандағы № 605 бұйрығына 1-қосымша | 
Өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 687-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Жылжымайтын мүлік үлесін, акциялардың баланстық құнын (қатысу үлесін), мүлік үлесін, активтердің баланстық құнын айқындау тәртібі
2. Өткізу күніне өткізілетін акциялар құнындағы жылжымайтын мүлік үлесі немесе қатысу үлесі акцияларына немесе қатысу үлестеріне иелік ететін немесе акциялары (қатысу үлестер) өткізілетін заңды тұлғаның жылжымайтын мүлкінің құны (құндары) сомасының, осындай заңды тұлғаның өткізілетін акциялары немесе қатысу үлестерінің жалпы құнына қатынасы ретінде айқындалады.
3. Заңды тұлғаның жылжымайтын мүлкінің құны:
1) акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге;
2) егер сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күнінде жеке қаржылық есептілік болмаса – сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күніне дейінгі соңғы есепті күнге оның баланстық құны болып танылады.
4. Акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның өткізілетін акцияларының немесе қатысу үлестерінің жалпы құны осындай заңды тұлғаның акцияларының (қатысу үлестерінің) баланстық құны болып табылады.
5. Акциялардың (қатысу үлестерінің) баланстық құны акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының, осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекеттің заңнама талаптарына сәйкес:
1) акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге;
2) егер сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күнінде жеке қаржылық есептілік болмаса – сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнге жасалған және бекітілген жеке қаржылық есептілігі деректері негізінде айқындалады.
6. Акциялардың (қатысу үлестерінің) баланстық құны заңды тұлғаның жалпы активтерінің құны мен оның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің және қысқа мерзімді міндеттемелерінің қарыздарының айырмасы ретінде айқындалады және келесі формула бойынша есептеледі:
БҚ = A - (ҰМ + ҚМ + Б), мұндағы:
БҚ – акциялардың (қатысу үлестерінің) баланстық құны;
A – жалпы активтердің құны;
ҰМ – ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер;
Б – борыштар.
7. Акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға активтерінің құнындағы резидент-тұлғаның (оның ішінде жер қойнауын пайдаланушының) мүлкінің үлесі акциялары (қатысу үлестері) заңды тұлғаға тиесілі немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін резидент тұлғаның мүлік құнының (құндарының) сомасының, осындай заңды тұлғаның активтерінің жалпы құнына қатынасы ретінде айқындалады.
8. Резидент тұлғаның (оның ішінде жер қойнауын пайдаланушының) мүлікінің құны (оның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты) резидент тұлғаның жылжымайтын мүлкінің:
1) акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге;
2) сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күнінде жеке қаржылық есептілік болмаса – сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күніне дейінгі соңғы есепті күнге баланстық құны болып танылады.
9. Акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның активтерінің жалпы құны осындай заңды тұлғаның барлық активінің баланстық құнының сомасы болып табылады.
10. Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекеттің заңнама талаптарына сәйкес:
1) дивидендтер төленген немесе акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге;
2) дивидендтер төленген немесе акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығы сатып алушыға беру күнінде жеке қаржылық есептілік болмаса –акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнге жасалған және бекітілген жеке қаржылық есептілігі деректері негізінде айқындалады.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 15 қазандағы № 605 бұйрығына 2-қосымша | 
Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу қағидалары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 687-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті өткізуден түскен құн өсімінен алынатын кірістерге салық есептеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу тәртібі
2. Салықтарды есептеуді Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті, уәкілетті мемлекеттік органдар: Әділет, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Индустрия және құрылыс, Энергетика министрліктері ұсынатын (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік органдар), мүлкі өткізілетін акциялар мен қатысу үлестерін қамтамасыз ететін резидент-заңды тұлғаға өткізу туралы мәліметтер негізінде салық органы жүзеге асырылады.
3. Салық кодексінің 82-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес салық органы уәкілетті мемлекеттік органдардан өз құзыреті шегінде алынған мәліметтер негізінде салық органдарымен есептелген салықтар және (немесе) төлемдер сомасы туралы хабарламаны қалыптастырады және салық төлеушіге (салық агентіне) салық органымен есептелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей есептелген салық және (немесе) төлемдер сомасын, сондай-ақ салық міндеттемесін орындаудың соңғы мерзімін көрсете отырып ұсынады.
4. Салық агенті, акцияларды, қатысу үлестерін өткізетін заңды тұлға-резидент Салық кодексінің 687-бабының 11, 12, 13 және 14-тармағының ережелерін орындамаса, салық органдары Салық кодексінің 682-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдана отырып, мүлкі өткізілген акциялармен, қатысу үлесімен қамтамасыз етілген резидент-заңды тұлға уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтердің негізінде салық есептеуді салық органдары жүргізеді.
5. Салық кодексінің 119-бабы 2-тармақ 1) тармақша төртінші абзацқа сәйкес салық органы уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде есептелген салық сомасын айқындайды және уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотында Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізуден түскен құн өсімінен алынатын кірістер бойынша салықты есепке жатқызуды қамтамасыз етеді.