ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Есепке алу жүйесі осы Нұсқаулықта Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін есепке алу жиынтығы деп түсіну, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың мынадай түрінде:
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) ақпараттық жүйесінде тіркеуге жататын "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – тауарларға арналған декларация) тауарларға арналған декларацияларды есепке алу;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) жазып беруге және тіркеуге жататын электрондық шот-фактураларды тауарға ілеспе құжат ретінде есепке алу;
нақты уақыт режимінде электрондық нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін, тауарға ілеспе құжат ретінде тиісті құжаттарды куәландыру үшін ұсынылған өтініштерді есепке алу;
нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жүйені енгізгенге дейін ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу – осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 11, 12 және 13 тармақтарына сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер органының тасымалдау құжаттарын куәландыруы;
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін есепке алу жүйесіндегі ақпараттарды өңдеу.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тізбеге енгізілген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген, ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін тауарлар туралы мәліметтердің тауарлар туралы ақпараттармен қатынасы көрсетілген тауарларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін ескере отырып уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып берілетін электрондық шот-фактурада:
электрондық шот-фактураның G бөлімінің 2-бағанында көрсетілген тауардың шығарылған жерінің белгісін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің нөмірі, 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамамен бекітілген (бұдан әрі – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің 1-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
Қазақстан Республикасында өндірілген тауарды өткізген жағдайда – СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылу сертификатының тіркеу нөмірін;
аумағына тауар әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік кодын;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкеткен жағдайда – межелі пунктті;
тауардың атауын;
ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
санының (көлемінің) өлшем бірлігін көрсете отырып, тауарлардың санын (көлемін) көрсету арқылы жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы | Д. Темирбеков |