БҰЙЫРАМЫН:
1. "Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30756 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі