ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 - нысан) жасау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына мыналар:
2025 жылдан бастап:
1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншік (талап ету) құқығында мынадай мүлік:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы;
инвестициялық алтын;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдарын, базалық активтерді қоспағанда, эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде Салық кодексінің 631-бабының 5-тармағында көрсетілген жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
Салық Кодексінің 631-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
3)цифрлық активтері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар.
Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларының ережелері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған адамдарға қолданылмайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер Декларацияда 03-жол белгіленген кезде және шетелдік брокерлік шоттарда ақша қаражаты болған жағдайда "Қазақстан Республикасынан тыс жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банк салымдары бойынша жиынтық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерінен асатын ақша туралы мәліметтер" бөлімі толтырылады.
03-жолда:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
2) В бағанында – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген банк мекемесінің немесе мұндай банк мекемесін жекелеген салық төлеуші ретінде айқындауға мүмкіндік беретін оған ұқсас сәйкестендіру нөмірі, брокерлік шот нөмірі;
3) С бағанында – банк мекемесінің атауы (мысалы Royal bank of Canada), қаржы мекемесінің атауы (брокердің аты);
4) D бағанында – банк мекемесін тіркеу елінің коды (валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі);
5) Е бағанында – банк шоттарында ақша бар валюта коды (валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі);
6) F бағанында – банктік және брокерлік шоттардағы ақшаның есепті жылдың соңындағы жалпы сомасы Е бағанында көрсетілген валютада көрсетіледі (мәліметтер тек Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктік және брокерлік шоттардағы ақша қаражаты бойынша толтырылады).".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |