Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 752 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 қазанда № 37097 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 7 қазандағы
№ 752 Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жауынгерлік даярлауға арналған әскери мүліктің заттай нормаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 374 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11759 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының техникалық тәрбие құралдарының және басқа да мәдени-ағарту мүлкінің, әскери газеттер мен журналдар баспаханаларының полиграфиялық жабдықтар жиынтықтарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12411 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11270 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Ресубликасының Ұлттық ұланын бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтаудың арналған заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12632 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 421 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11757 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен Әскери институтын пәтерге орналастырудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 154 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13646 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Әскери институтын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13648 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын авариялық-құтқару құрал-саймандарымен, жабдықтарымен, жабдық-тұрмандарымен және киім-кешегімен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18620 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бөліністерін техникалық құралдармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 421 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 484 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18751 болып тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Әскери институтын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 194 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 554 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18884 болып тіркелген).

      11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 669 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19211 болып тіркелген).

      12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 696 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19228 болып тіркелген).

      13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Әскери институтын өртке қарсы қорғау мүлкімен, жабдықпен және мүкәммалдық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1097 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19841 болып тіркелген).

      14. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Академиясын медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 54 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19964 болып тіркелген).

      15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19965 болып тіркелген).

      16. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 шiлдедегi № 524 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21010 болып тіркелген).

      17. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 222 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22578 болып тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 октября 2025 года № 752. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 октября 2025 года № 37097

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет - ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение пяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической и нормотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов

  Приложение к приказу
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 7 октября 2025 года № 752

Перечень утративших силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан

      1. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 апреля 2015 года № 374 "Об утверждении натуральных норм военного имущества для боевой подготовки Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11759).

      2. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 апреля 2015 года № 375 "Об утверждении натуральных норм снабжения техническими средствами воспитания и другим культурно-просветительным имуществом, комплектами полиграфического оборудования типографий войсковых газет и журналов Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12411).

      3. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 404 "Об утверждении натуральных норм обеспечения служебными животными Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11270).

      4. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 420 "Об утверждении натуральных норм питания, снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Национальной гвардии Республики Казахстан на мирное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12632).

      5. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 421 "Об утверждении натуральных норм снабжения табельными техническими средствами и имуществом службы горючего и смазочных материалов в Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11757).

      6. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 154 "Об утверждении натуральных норм расквартирования воинских частей и Военного института Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13646).

      7. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 194 "Об утверждении натуральных норм обеспечения мебелью и казарменным инвентарем воинских частей и Военного института Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13648).

      8. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 апреля 2019 года № 350 "Об утверждении натуральных норм оснащения аварийно-спасательными инструментами, оборудованием, снаряжением и обмундированием Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18620).

      9. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 мая 2019 года № 484 "О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 421 "Об утверждении норм снабжения техническими средствами Национальной гвардии Республики Казахстан и подразделений Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18751).

      10. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 554 "О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 194 "Об утверждении натуральных норм обеспечения мебелью и казарменным инвентарем воинских частей и Военного института Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18884).

      11. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 669 "Об утверждении натуральных норм снабжения средствами индивидуальной бронезащиты, активной обороны, обеспечения специальных операций, инженерного вооружения, техническими средствами охраны, взрывчатыми веществами и средствами взрывания воинских частей и военных учебных заведений Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19211).

      12. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 августа 2019 года № 696 "О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 404 "Об утверждении натуральных норм обеспечения служебными животными Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19228).

      13. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1097 "Об утверждении натуральных норм снабжения имуществом противопожарной защиты, оборудованием и инвентарным имуществом воинских частей и Военного института Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19841).

      14. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 января 2020 года № 54 "Об утверждении натуральных норм обеспечения медицинским имуществом воинских частей и Академии Национальной гвардии Республики Казахстан на мирное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19964).

      15. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 января 2020 года № 55 "Об утверждении натуральных норм обеспечения организационной техникой и канцелярским имуществом Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19965).

      16. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2020 года № 524 "Об утверждении натуральных норм обеспечения Национальной гвардии Республики Казахстан топографическими картами и каталогами координат геодезических пунктов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21010).

      17. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 222 "О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 404 "Об утверждении натуральных норм обеспечения служебными животными Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22578).