ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 2-қосымшаның реттік нөмірі 8 жолы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады, деп белгіленсін:
"
| 8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі: | 
1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: | 
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2, 3, 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы | А. Султанов | 
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі 
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 қазандағы № 357 бұйрығымен бекітілген | 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
реттік нөмірі 8-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
| 8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі: | 
1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: | 
".
2. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | 
";
реттік нөмірі 8-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
".
3. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 4-3/270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 667-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес белгіленген мемлекеттік бажды бюджетке төлейді.";
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | 
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі. | 
".
4. "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
49-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) СМАЖ бен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарынөндiрушiлердің (ауылшаркооперативтерінің) сатып алған субсидияланатын тұқымдарға жұмсаған шығындарының расталуы.
Элиттұқымшар, тұқымшар және ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативі) субсидияланатын тұқымдарды ЭШФ АЖ қолданбайтын шетелдік тұқым өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден субсидияланатын тұқымдар сатып алған элиттұқымшар, тұқымшар, ауылшартауарөндiрушiлер (ауылшаркооперативі) үшін) мәліметтерімен немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 530-бабының 2-тармағына сәйкес тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгенін растайтын салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) расталады.
Өңдеуші кәсіпорын тұқымдарды, кейіннен ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) пайдалануына сатып алған жағдайда, сатып алынған тұқымдар үшін шығындарды (өтінім беру сәтінде) өңдеуші кәсіпорын растайды. Бұл ретте ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) және өңдеуші кәсіпорын, тұқымдарды сатушы (оригинатор, элиттұқымшар, тұқымшар, өткізуші, шетелдік өндіруші) арасындағы шарттың көшірмесін қоса бере отырып өтінім берген ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидия алушы болып болып табылады;";
66-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) СМАЖ бен ЭШФ АЖ-ның өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативі) сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсаған шығындарының расталуы.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқыштарды ЭШФ АЖ-ны пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыштар өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгенін растайтын Кодекстің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішімен (өтініштерімен) расталады.
Өңдеуші кәсіпорын тыңайтқыштарды, кейіннен ауылшартауарынөндірушілерінің (ауылшаркооперативтерінің) пайдалануына сатып алған жағдайда, сатып алынған тыңайтқыштар үшін шығындарды (өтінім беру сәтінде) өңдеуші кәсіпорын растайды. Бұл ретте ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және өңдеуші кәсіпорын, тыңайтқышты сатушы арасындағы шарттың көшірмесін қоса бере отырып өтінім берген ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидия алушы болып табылады;";
82-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) СМАЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізгенінің расталуы.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндірушіден пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) тікелей сатып алған жағдайда, пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) сатып алуға жұмсалған шығындар кедендік декларацияның мәліметтерін декларациялаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгенін растайтын Кодекстің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі қойыла отырып, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) расталады.
Өңдеуші кәсіпорын пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды), кейіннен ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) пайдалануына сатып алған жағдайда, сатып алынған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшін шығындарды (өтінім беру сәтінде) өңдеуші кәсіпорын растайды. Бұл ретте ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және өңдеуші кәсіпорын, пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) жеткізуші арасындағы шарттың көшірмесін қоса бере отырып өтінім берген ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидия алушы болып болып табылады;".
5. "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22952 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оны алу тәсілдері | 
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетiледi. | 
".