БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің ережесін белгілейді.
2. Гауптвахтада Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген мерзімдерге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері ұсталады.
3. Гауптвахтада күдікті, айыпталушы және сотталушы әскери қызметшілерді ұстау "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Гауптвахтадағы ішкі тәртіп осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ӘПО бастығы анықтайды және бекітеді. Тәртіптемеде сегіз сағаттық үзіліссіз ұйқы, ұйқыдан тұру, әжетханаға бару, ас қабылдау, еңбек ету, ұйқыға жату уақыты қарастырылады. Тәртіптеме әрбір камерада мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
2-тарау. Әскери полиция органдарының гаупвахтасына күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларды қабылдау және орналастыру тәртібі
5. Гауптвахтаға жабылатын күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларды қабалдауды гауптвахта бастығы (оның орнын алмастыратын адам) немесе гауптвахта ауысымының бастығы тәулік бойы жүргізеді, ол гаупвахтаға жеткізілген адамдарды қабылдау үшін негіздеме болып табылатын құжаттардың бар-жоғын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алып, оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен оның жауаптарын салыстырады.
6. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар гауптвахтаға мынадай құжаттардың негізінде қабылданады: ұстау хаттамасы, тергеу судьясының күзетпен ұстау бұлтарпау шарасын санкциялауы туралы қаулысы.
Күдікті, айыпталушыны немесе сотталушыны ӘПО гауптвахтасына жеткізген лауазымды тұлғалар гауптвахта бастығына, оның орнын алмастыратын адамға немесе ауысым бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) ұсталған адамға жеке тінту жүргізу хаттамасы;
3) азық-түлік аттестаты.
Азық-түлік аттестаттары жоқ гауптвахтаға жабылған ұсталған әскери қызметшілер үлеске ӘПО бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзіндісі бойынша қойылады.
7. Гауптвахтаға тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы қаулысынан үзіндісі берілген жағдайда, оның ішінде бұлтартпау шарасы қолданылған адамның толық сауалнамалық деректері көрсетіледі. Үзінді лауазымды тұлғаның қолымен расталады, елтаңбалы мөрмен бекітіледіс және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылады.
8. Күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталушыларды қабылдаған кезде осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларды дұрыс толтыру тексеріледі, сондай-ақ жеке тексеру жүргізіледі.
Күдікті, айыпталушы және сотталушы туралы, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер. құндылықтар, ақша сомалары және азық-түліктер жөніндегі мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Гауптвахтаға жабылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды есепке алу кітабына (бұдан әрі – Есепке алу кітабы) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қатысуымен енгізіледі.
9. Жеке заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер сақтау үшін гауптвахтада ұсталатын адамдардың заттарын сақтау бөлмесіне тапсырылады. Ақша және құндылықтар аталған бөлмедегі темір сейфте сақталады.
10. Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны гауптвахтаға қабылдаған кезде медициналық қызметкер (фельдшер) оларды дене жарақатын анықтау мақсатында тексереді, ол туралы Есепке алу кітабына қажетті жазба жазылады. Анықталған дене жарақаттары жөнінде күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны гауптвахтаға алып келген лауазымды тұлғаға хабарланады.
11. Дене жарақаттары анықталған жағдайда күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға медициналық көмек көрсетіледі. Медицина қызметкерін тәулік мерзімінде қамтамасыз ету арқылы медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері Есепке алу кітабына тіркеледі. Күдіктіде, айыпталушыда немесе сотталушыда дене жарақаттары анықталғаны жөніндегі әрбір деректі гауптвахтаның бастығы немесе оның орнын алмастыратын адам тәуліктік мерзімде жазбаша түрде прокурорға хабарлайды.
12. Жаңадан келген күдікті, айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшілерді қарап-тексеру "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығы (бұдан әрі - Жарғы) және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
13. Медицина қызметкері (фельдшер) болмаған жағдайда гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) гауптвахтаға жабылатын күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталушыларды шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттігін анықтау үшін оның денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді.
Гауптвахтаға жабылатын әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына (жарақатына) байланысты шағымдары болған кезде гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) шұғыл медициналық көмек бригадасын шақыртады.
Науқастың өміріне қауіп төніп тұрғанда, шұғыл медициналық көмек бригадасы ұзақ уақыт болмағанда немесе келу мүмкін емес кезде, гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) ауруды айдауылмен жақын маңда орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне шұғыл жеткізу шараларын қабылдайды.
Науқас станционарлық емдеуді қажет етсе, ол кешіктірілмей денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне жіберіледі.
14. Гауптвахтаға қабылданған күдіктілерге, айыпталушыларға немесе сотталушыларға жазбаша түрде осы Қағидаларда көрсетілген олардың құқықтары мен міндеттері, гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібі қол қойғыза отырып, тиісті ақпарат ұсынылады және түсіндіріледі.
Әрбір камерада күзетпен ұсталған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ілінеді.
15. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталушылар олардың жеке басы мен психологиялық сыйысымдылығы ескеріле отырып, мынадай талаптарды сақтаумен, камераларға жеке-жеке және өзге негіздер бойынша гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілерден бөлек орналастырылады:
1) офицерлер сержанттық және қатардағы құрамдардың лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілерден бөлек;
2) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері 1) тармақшада көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;
3) әйелдер еркектерден бөлек;
4) бір қылмыстық іс немесе бір-бірімен байланысы бар бірнеше қылмыстық істер бойынша өтіп жатқан әскери қызметшілер;
5) гауптвахта бастығының шешімі немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамның немесе органның, сондай-ақ прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілердің тарапынан өмірі және денсаулығына қауіп төнген күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар;
6) инфекциялық аурулармен ауыратын әскери қызметшілер дені сау әскери қызметшілерден бөлек;
7) темекі тартатын әскери қызметшілер мүмкіндігінше темекі тартпайтын әскери қызметшілерден бөлек орналастырылады.
Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысан бойынша камералық орналастыру Жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
16. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталушылар осы Қағидалардың 4-қосымшасы бойынша жалпы камераларды сипаттауда көрсетілген құлыптарға жабылған жалпы камераларда ұсталады.
17. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар жалғыз адамдық камераларға бір тәуліктен астам мерзімге "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес гауптвахта бастығының күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны жалғыз адамдық камераға көшіру туралы прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша орналастырылады.
18. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар:
1) басқа күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қысым көрсеткен және оларды қорлаған;
2) гауптвахта қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбаған не оларды қорлаған;
3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзған;
4) алкогольдік ішімдіктерді сақтаған, дайындаған және ішкен;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтаған, дайындаған және пайдаланған;
6) құмар ойындарға қатысқан жағдайларда тәртіптік изоляторға жабылуы мүмкін.
19. Оқшаулау тәртібі гауптвахтаға жабылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды барлық орналастыру кезінде (дәліздерде және гауптвахта аумағында жүру, серуендеуге шыққанда, санитарлық өңдеу кезінде) қамтамасыз етіледі.
20. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераларды табиғи жарықтандыруға кедергі келтірмейтін тормен жабдықталады.
3-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, фотоға түсіру және заттарын тексеріп қарау тәртібі
21. Гауптвахтаға жабылған күдіктілерге, айыпталушыға немесе сотталушыларға жеке тінту, саусақ таңбаларын алу және суретке түсіру, сондай-ақ олардың жеке заттарын тексеріп қарау жүргізіледі.
22. Күдікті, айыпталушы және сотталушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес тізбе (бұдан әрі – Тізбе) бойынша сәлем-саухат арқылы, азық-түлікті, өзімен бірге алғашқы қажеттілік заттарын, аяқ киімдерді, киімдер мен басқа да өндірістік тауарларды қабылдайды және сақтайды.
23. Тізбеде көрсетілмеген құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер, құндылықтар, ақшалар және азық-түлік тыйым салынған болып табылады.
24. Күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталушыларды жеке тінту мен олардың жеке заттарын тексеріп қарау, оларда Тізбеде көрсетілмеген сақтау мен пайдалануға тыйым салынған құжаттар мен заттарды гауптвахта бастығы, оның орнын алмастыратын адам немесе ауысым бастығы жүргізеді.
25. Күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталушыларды жеке тінту толық тінту және толық емес тінту болып екіге бөлінеді. Тінтуді тінтілетін адамның жынысына сәйкес адам жүргізеді. Жеке толық тінту:
1) күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны гауптвахтаға жабу және оны шығару кезінде;
2) жеке камераға жабу және одан шығару кезінде;
3) кездесу жүргізудің алдында және кездесуден кейін;
4) ішкі тәртіпті бұзған, қашу әрекетін жасаған немесе қашып кеткен, басқа да қылмыс жасаған күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны ұстаған кезде жүргізіледі.
26. Толық тінту мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға пайдалануға тыйым салынған нәрселерді тапсыру ұсынылады, одан кейін бас киімін шешу, аяқ киімі, киімі мен ішкі киімін шешу талап етіледі;
2) аяқ, қол саусақтарының арасы, құлақтары мен ауыз қуысы, сондай-ақ медициналық орамалар мен протездері қаралады. Орамалар мен протездерді қарау медициналық қызметкердің (фельдшердің) қатысуымен іске асырылады;
3) күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға тиесілі киім, бас киім аяқ киім мен заттар қаралады. Киімдердің жағалары, тігістері мен астары тексеріледі. Киімге тігілген заттар табылған жағдайда матасы жыртылады. Аяқ киімдердің супинаторлары, металлдық кездеме бедерлері алынады. Киімнің жеке бөліктері бізбен тесіледі, сонымен қатар жамаулар, өкше-тақалар, табандар және басқа да ақша, есірткі құралдарын, психотроптық заттар, прекурсорлар мен пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттар тығуға оңай жерлер тексеріледі.
27. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы тыйым салынған заттарды тығуға негіз болған жағдайларда оны толық емес тінтуді гауптвахтаның кезекшілік ауысымы жүргізеді.
28. Толық емес тінту кезінде күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға тыйым салынған заттарды тапсыру ұсынылады. Киімдер тиянақты тексеріледі. Сонымен қатар жеңдерде, жағалар мен қалташаларда, шалбарлардың жамауларында тыйым салынған немесе шабуыл жасау заттарының болмауы тексеріледі. Одан кейін қалталардың іші, бас киімдер, аяқ киім тексеріледі. Тінтілетін адам өзін күдікті ұстаған жағдайда немесе тінтілушіде тыйым салынған заттардың болуы туралы ақпараттар болған жағдайда толық тінту жүргізіледі.
29. Тінту барысында гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесін бұзған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарын иық еніне қою ұсынылады. Тінтуші тінтілетіннің артына тұрып, жоғарыдан төменге қарай тексереді. Тінтушінің нұсқаулығымен тінтілетін адам қолдарын қабырғаға сүйеп тұрады.
30. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің, айыпталушылардың немесе сотталушылардың заттарын қарау гауптвахтаға қабылдану кезінде немесе шығарылу кезінде, басқа камераға ауысу мен денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне жөнелтілу кезінде өздерінің қатысуымен іске асырылады.
Заттарды қарау, яғни олардың конструкциялық бүтінділігін бұзбай жүзеге асырылатын тексеру, зат иесінің қатысуымен жүргізіледі.
31. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға жеке тінту жүргізу және оның заттарын қарау осы Қағидалардың 7-қосымшасындағы нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға күдікті, айыпталушы немесе сотталушы мен оған жеке тінту және заттарын қарауды жүргізген гауптвахтаның лауазымды тұлғасы қол қояды. Жеке тінту мен заттарды қарау хаттамасының көшірмесі күдікті, айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшіге беріледі.
32. Гауптвахтаға жабылған күдікті, айыпталушы немесе сотталушы хаттамаға қол қоюдан бас тартуы мен жеке тінту, заттарын тексеру тәртібіне жасалған шағымдарының барлығы хаттамаға енгізіледі. Хаттама жеке іске тігіледі.
33. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың жеке істерінде олардың суреттері болмаса, оларды гауптвахта әкімшілігі суретке түсіреді. Олардың әрбіреуіне алты алтыдан (үшеуі алдынан, үшеуі қырынан), көлемдері 4,5х6, 6х9 см болатын фото карточкалар дайындалады.
34. Гауптвахтаға жабылмай тұрып күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың саусақтарынан таңба түсіріледі.
4-тарау. Күдіктілерден, айыпталушылардан немесе сотталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді алу тәртібі
35. Күдіктіден, айыпталушыдан немесе сотталушыдан табылған Тізбеде көрсетілмеген заттар және басқа да өндірістік тауарлар алынып, ол туралы осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес хаттама жасалады.
36. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жазбаша арызы бойынша гауптвахтада сақтаудағы Тізбеде көрсетілген заттар және басқа да өндірістік тауарлары оның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.
37. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы қайтыс болған жағдайда, сақтаудағы оған тиесілі құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер, құндылықтар, ақшалар мен азық-түліктер оның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.
5-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету тәртібі
38. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталушылар:
1) жататын орынмен;
2) ұйықтауға арналған төсек қажеттіліктерімен: матраспен, жастықпен, көрпемен, екі ақжаймамен, екі жастықтыспен, екі сүлгімен. Сондай-ақ әйел жынысты адамдарға гигиеналық сүлгі беріледі;
3) ас қабылдау уақытына асханалық ыдыспен және асханалық жабдықтармен: кесемен, үлкен кесемен, қасықпен;
4) жалпыәскери Жарғымен, көркем кітаптармен, журналдармен және мерзімдік басылымдармен;
5) туалет керек-жарақтарымен және жеке гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі.
Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар асты камераларда немесе гауптвахтаның жанындағы асханада ішеді. Жалғыз адамдық камераларда ұсталатын әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.
Барлық камералар түнгі уақытта кезекші жарықпен қамтылады.
39. Күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға аптасына екі реттен кем емес ұзақтығы 15 минуттан аспайтын уақытқа суға түсуге рұқсат етіледі. Моншаға түсу аптасына бір рет жүргізіледі.
40. Ұсыныстар, шағымдар, арыздар жазу үшін күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларға олардың өтініші бойынша жазуға қажетті заттар беріледі (қағаз, қалам).
41. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын азық-түлікпен, азықпен, техникамен, жабдықпен және асханалық ас-үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 38/ҚБП бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11435 болып тіркелген) көзделген нормаларына сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
Оларды тамақтандыруға қабылдау азық-түлік аттестаты бойынша жүргізіледі.
Азық-түлік аттестаты жоқ күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар гауптвахта балансында тұрған әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға қабылданады.
Гауптвахтада ұсталып отырған жүкті әйелдер жоғары тамақтану нормаларымен қамтамасыз етіледі.
6-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың сауқаттарды, сәлемдемелер мен ақшалай аударымдарды алу және жіберу тәртібі
42. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар "Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар минстрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) көзделген нормалардан аспайтын салмақтағы сауқаттар, сәлемдемелер санын шектеусіз алады.
43. Сәлемдемені алып келуші осы Қағидалардың 8-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті екі нұсқада толтырып, қол қояды. Өтініштің екі нұсқасы, сәлемдеме, сәлемдемені алып келген адамның жеке куәлігін куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.
44. Сәлемдемені қабылдап, гауптвахта қызметкері келушіге оның жеке басын куәландыратын құжатын, өтініштің алғашқы нұсқасын қабылдау туралы қолымен қайтарып, екінші нұсқасын гауптвахтада ұсталатын күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының сәлемдемені алғаны туралы қолы қойылғаннан кейін оның жеке ісіне қосып қояды. Жеке істе сәлемдемені қабылдау туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартқан кезде, ол туралы тиісті белгі қойылады.
45. Сәлемдемеде Тізбеде көрсетілмеген заттар және басқа да өндірістік тауарлар табылған жағдайда, олар сәлемдемені әкелген адамға қайтару себебі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер сауқаттар пошта арқылы алынса, Тізбеде көрсетілмеген заттар және басқа да тауарлар күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының сақтауда жатқан жеке заттарының тізіліміне қосылып, оның басқа заттарымен бірге босатылуына дейін сақталады.
46. Сәлемдемелер мынадай жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады:
1) адресат иесі гауптвахтадан босатылғанда;
2) гауптвахтада ұсталған күдікті, айыпталушы немесе сотталушы қайтыс болғанда;
3) сәлемдемені алып келген адам өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпеген жағдайда;
4) күдікті, айыпталушы немесе сотталушы сәлемдемені қабылдамау туралы жазбаша қарсылық білдірген кезде.
47. Сауқат немесе сәлемдеме күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кем емес уақытта тапсырылады.
48. Медициналық қорытындыға сәйкес күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар алатын дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар сауқаттар мен сәлемдемелердің қатарына кірмейді.
49. Гауптвахтада күзетпен ұсталатын күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға келіп түскен ақшалай аударымдар, олардың жеке шоттарына жіберіледі. Гауаптвахта әкімшілігінің жазбаша рұқсатымен күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларға туыстарына және өзге де адамдарға ақшалай аударымдар жібереді.
7-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жеделхаттар мен хаттарды алу және жөнелту, сондай-ақ арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды жолдау тәртібі
50. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына, сондай-ақ өзге де адамдарға өз қаражаты есебінен айына екі хат немесе жеделхат алуға және жіберуге рұқсат беріледі. Хат алмасу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның немесе органның рұқсатымен гауптвахта әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады.
51. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне, прокурорға, сотқа, сондай-ақ гауптвахта қарамағында болатын орталық мемлекеттік органдарға (олардың ведомстволары мен органдарына) жолдайтын хаттарынан басқа жөнелтетін және алатын хат-хабары цензураға ұшырайды.
52. Гауптвахта өкілі күн сайын күдіктілерден, айыпталушылар мен сотталушылардан хаттарды және жеделхаттардың толтырылған бланкілерін қабылдайды. Жабылмаған конверттегі, жіберушінің тегі, аты-жөні және ұстау орнының пошталық мекенжайы көрсетілген хаттар қабылданады. Толтырылған жеделхат бланкісіне күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының қаражаты есебінен төлеу үшін олардың есеп шотынан ақша алу туралы (еркін нысандағы) гауптвахта әкімшілігі бастығының атына жазылған өтініш тіркеліп беріледі.
53. Жеделхат жіберілгеннен кейін күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға пошталық түбіртек беріледі, ал есеп шотында ақша болған жағдайда оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылады. Егер соманың қалдығы болмаса түбіртек өтінішке тіркеледі. Жеделхат жіберген күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өтініші пошталық түбіртекті алғаны туралы қолхатпен жеке іске тіркеледі.
54. Келіп түскен хатты беруді гауптвахта ауысымының бастығы хат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының атына гауптвахтадан босатылғаннан кейін келіп түскен хаттар оларды алғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей оның кеткен жеріне жіберіледі.
55. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі тудыратын не қылмыстық құқық бұзушылық жасалуына себепші болатын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялары бар ұсыныстар мен өтініштер, шағымдар мекенжайға жолданбайды, күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға берілмейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамға немесе органға беріледі.
56. Жұбайының (күйеуінің) немесе жақын туысының өлімі немесе қатты науқастануы туралы мәлімет күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға оны алысымен дереу хабарланады.
57. Гауптвахта қызметкерлері күнделікті камераларды аралау кезінде күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылардан ұсыныстар мен өтініштерді, арыздарды жазбаша және ауызша түрде алады. Ұсыныстар мен өтініштерге, арыздарға келіп түскен жауаптар күдіктілерге, айыпталушылар, мен сотталушыларға қолхат арқылы хабарландырылады және жеке ісіне тігіледі.
58. Ауызша алынған ұсыныстар, өтініштер мен арыздар іле-шала гауптвахта бастығына баяндалады.
59. Жазбаша мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер және шағымдар осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша гауптвахтада ұсталушы күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың ұсыныстары, өтініштері және шағымдары тіркеу кітабына тіркеледі және тиісті органдарға жазаны орындаушы ӘПО басшылығы арқылы жолданады.
Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне, прокурорға, сотқа, сондай-ақ гауптвахта қарамағында болатын орталық мемлекеттік органдарға (олардың ведомстволары мен органдарына) жолданған ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары цензурадан өткізілмейді және адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.
60. Гауптвахтада осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Гауптвахтаны тексеруші адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кітабы жүргізіледі. Кітап гауптвахтаны тексеруге құқығы бар адамдарға қарауға және ескертулер мен ұсыныстарды туралы тиісті жазбаларды енгізуге беріледі.
Тексеруші белгілеген мерзімде, гауптвахта бастығы кемшіліктерді жойғандығы туралы ӘПО бастығына баяндайды.
8-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың дiни рәсімдерді жасау тәртібі
61. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға ар-ождан мен діни наным бостандық құқығына кепілдік беріледі.
62. Діни рәсімдерді жасау ерікті болып табылады.
63. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар діни рәсімдерін камераларда олар тиесілі діни конфессиялық дәстүрлерге сәйкес жасайды.
64. Осы Қағидаларды және гауптвахтада ұсталушы басқа әскери қызметшілердің құқықтарын бұзатын діни рәсімдерді жасауға жол берілмейді.
9-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың газеттерге және журналдарға жазылу тәртібі
65. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға өз қаражаты есебінен жазылу құқығы беріледі.
66. Жазылуды ресімдеу үшін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы гауптвахта бастығының атына өтініш білдіреді. Өз қаражаты есебінен жазылуды ресімдеуге өтініш білдірген күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға абонемент бланкісі және жеткізу карточкасы беріледі.
67. Байланыс бөлімінде жазылуды ресімдеуді гауптвахтаның қызметкері гауптвахтада ұсталушы күдіктінің, айыпталушы немесе сотталушының есеп шотындағы қаражат арқылы іске асырады.
68. Жазылуды басқа мекенжайға жіберу жазылушының қаражаты есебінен оның жазбаша арызы бойынша ӘПО басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.
69. Жазылу күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының атына оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарына ресімделеді.
70. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдардың саны шектелмейді.
10-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету тәртібі
71. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар медициналық көмек алу үшін медициналық қызметкерге (гауптвахта фельдшеріне) күн сайынғы камераларды аралау кезінде өтініш білдіреді, ал қатты сырқатқа шалдыққан жағдайда гауптвахтаның кез келген қызметкеріне өтініш білдіреді. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы көмек сұраған қызметкер оған медициналық көмек көрсету шараларын қабылдап, медициналық қызметкерді шақыртады.
72. Денсаулығына шағым білдірген күдікті, айыпталушы немесе сотталушы медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда шұғыл білікті медициналық көмек алып, айдауылмен денсаулық сақтау ұйымының емдеу мекемесіне жөнелтілуі тиіс. Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны денсаулық сақтау ұйымының мекемесіне орналастыру туралы ақпаратты гауптвахта бастығы судья, прокурор және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші органына тез арада хабарлап, күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны күзету үшін айдауыл қояды.
73. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы ауыр сырқатқа ұшыраған немесе қайтыс болған жағдайда гауптвахта бастығы жазбаша түрде ол туралы жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына, прокурорға және әскери бөлім басшылығына хабарлайды. Қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін оны талап еткен адамдарға беріледі.
74. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы жазылғаннан кейін, егер сот, прокурор және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші органның шешімі өзгермесе, ол айдауылдың еріп жүруімен қайта гауптвахтаға жіберіледі.
75. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға көрсетілетін амбулаторлық көмек камераларда жүргізіледі. Дәрі-дәрмектер дәрігердің тағайындауымен, көрсетілген мөлшерлерде жеке қол қою арқылы беріледі.
76. Ағымдық шығыстарға арналған барлық дәрілік заттар және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған мүліктер құлыппен жабылатын орын-жайлардағы арнайы шкафтарда сақталады. Орын-жай мөрленеді.
Дәрілік заттарды науқасқа берер алдында олардың дәрігердің нұсқаулығына сәйкестігі мен жарамдылық мерзімі тексеріледі.
77. Медициналық қызметкер (гауптвахтаның фельдшері) күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың күн сайынғы сыртқы тексерісін, сонымен қатар гауптвахтаға тергеу амалдарына немесе сот отырыстарына қатысқаннан кейін келгендерді дене жарақаттары мен инфекциялық ауруларын анықтау мақсатында тексереді. Инфекциялық науқастарды анықтаған кезде олар шұғыл түрде оқшауланып, кешенді эпидемияға қарсы шаралар іске асырылады.
78. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының дене жарақаттарын медициналық куәландыруды уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемесінің қызметкерлері Заңның 23-бабына сәйкес жүргізеді.
79. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің өзге де мәселелері Жарғы және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледі.
11-тарау. Күн сайын серуенге шығару тәртібі
80. Әр гауптвахта жанында гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды серуенге шығару үшін осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес серуендеу ауласының сипаттамасына сәйкес келетін биіктігі кемінде үш метр тығыз дуалмен қоршалған, сондай-ақ үсті металл тормен жабдықталған аула болады.
81. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар күн сайын бір сағаттан кем емес уақытқа серуенге шығарылады. Жүкті әйелдер үшін серуенге шығу уақыты үш сағатқа дейін. Серуендеуді жүргізу ұзақтығын гауптвахтаның әкімшілігі күннің ішкі тәртібі мен ауа райы жағдайларын ескере отырып белгілейді.
82. Серуен камералар бойынша жүргізіліп, күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталушылар осы Қағидаларда белгіленген гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (ауысым бастығының) шешімімен мерзімінен бұрын аяқталады.
83. Серуеннен босатылуды гауптвахтаның бастығы күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өтінішінен кейін жүзеге асырады.
12-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу тәртібі
84. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын кездесулер беріледі.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен кездесу.
85. Кездесу жалпы кезекпен беріледі. Кездесуге келген адамдар кездесу кезінде мінез-құлқы қағидалары туралы ақпараттандырылады және осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
86. Жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе алкогольды мас күйде кездесуге келген адамдарға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілмеген адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) кездесуге келген адамға кездесуге мүмкіндік беруден бас тарту себебін жеткізеді.
87. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жұбайымен (күйеуімен) немесе туыстарымен, сондай-ақ өзге де адамдармен кездесуі гауптвахта қызметкерлерінің бақылауымен кездесуге арналған жабдықталған бөлмеде қандай да бір заттарды беруге жол бермейтін, бірақ осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көзбе-көз сөйлесуге кедергі келтірмейтін бөліп тұратын аралық арқылы жүргізіледі.
88. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар ұсталған кезден бастап оларға қорғаушысымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны және ұзақтығы шектелмейді.
89. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен кездесулер Заңның 17-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайларда да беріледі.
90. Күдіктілермен, айыпталушылармен немесе сотталушылармен кездесуге рұқсат алған адамдарға гауптвахтаға ӘПО бастығының немесе оның орнын алмастыратын адамның рұқсатынсыз байланыс, техникалық құралдарын, компьютерлер, кино, фото, аудио, бейне аппаратурасын әкелуге және пайдалануға тыйым салынады.
91. Тізбеде көрсетілмеген заттар мен басқа да өндірістік тауарларды немесе қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға не қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мәліметтерді беруге тырысқан жағдайда кездесу мерізімінен бұрын тоқтатылады.
92. Кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кездесудің жүргізілуіне жауапты гауптвахтаның қызметкері жазбаша түрде бұл туралы гауптвахта бастығына себебін көрсете отырып хабарлайды.
93. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен қысқа мерзімдік кездесулер тоқтатылған жағдайда (карантинмен, ерекше жағдайлар тәртібін енгізумен байланысты), гауптвахта бастығы ол туралы қылмыстық-атқарушылық қызмет саласында бақылау жүргізетін прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлап, ӘПО бақылау-өткізу пунктіне тиісті хабарландыру іледі.
13-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың тергеу амалдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету тәртібі
94. ӘПО басшылығы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен тергеу амалдарын жүргізу үшін жұмыс уақытында кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді.
95. Күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар Кодекстің 209-бабы 2-бөлімінің талаптарына сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқа кезде жауап алуға тек күндізгі уақытта шақырылады.
96. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды гауптвахтаның кезекші ауысымының тапсыру-қабылдау кезеңінде, ішкі күн тәртібі бойынша ас қабылдау кезінде (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сонымен қатар кешкі уақытта (кешкі сағат жиырма екіден келесі күннің таңғы сағат алтыға дейін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін адамның шақыртуымен камерадан шығаруға, Кодекспен көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
97. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның нұсқауы бойынша гауптвахта аймағында тергеу амалдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшін гауптвахтаның бастығы:
1) жабдықталған орын-жай ұсынады;
2) күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны жеткізіп, оны күзетуді қамтамасыз етеді;
3) тергеу амалдарына қатыстырылған басқа да адамдардың гауптвахта аумағына өтуін қамтамасыз етеді.
98. Істі апелляциялық инстанцияда қарастыру, күзетпен ұстау мерзімнің ұзартылғаны, істі бір органнан басқа органға беру туралы хабарламалар гауптвахтада ұсталушы күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға жарияланып, оның жеке ісіне тігіледі.
14-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға көтермелеу мен жазалауды қолдану тәртібі
99. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қатысты көтермелеу және жазалау шаралары, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі Заңның 36, 37, 38 және 39-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
100. Гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзғаны, сондай-ақ міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға мынадай жазалау шаралары қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) тәртіптік изоляторға он бес тәулікке дейінгі мерзімге жабу.
101. Күдікті, айыпталушы және сотталушы гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бұзған кезде осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, гауптвахта бастығы немесе оның орнын алмастырушы адам күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға ескерту түріндегі жаза қолданады.
102. Күдікті, айыпталушы мен сотталушы гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын қайталап бұзған кезде осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2) 3) 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, гауптвахта бастығы немесе оның орнын алмастырушы адам күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға сөгіс түріндегі жаза қолданады.
103. Гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзғаны үшін сөгіс түрінде және екі және одан да көп рет берілген жазасы бар күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға, сондай-ақ осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда гауптвахта бастығы не болмаса оның орнын алмастырушы адам тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жаза қолданады. Аталған жазалау шарасы жүкті әйелдерге және емізулі балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
104. Гауптвахтаға жабылған күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға жаза қолдану туралы қолхат арқылы жарияланып, жеке ісіне қосылады.
105. Тәртіптік изоляторға жабу ӘПО бастығы бекіткен гауптвахта бастығының не болмаса оның орнын алмастырушы адамның қаулысының және күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны тәртіптік изоляторда ұстау мүмкіндігі туралы медицина қызметкері қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
106. Барлық жазалар мен көтермелеулерді гауптвахта бастығы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жазалау мен көтермелеуді есепке алу кітабына тіркейді.
15-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды гауптвахта бастығының жеке қабылдау тәртібі
107. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды гауптвахта бастығының жеке қабылдауы күн сайын, жұмыс уақытында мерекелік және демалыс күндерінен басқа күндері өткізіледі.
108. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдау оларға хабарланатын гауптвахта бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
109. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдауға жазуды гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырады. Қабылдау туралы гауптвахта бастығының атына жазылған арыз жазбаша немесе ауызша түрде тіркеліп, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахта бастығының жеке қабылдауы журналына (бұдан әрі – Жеке қабылдау журналы) оларды беру кезегінің тәртібінде тіркеледі.
110. Қабылдау берілген арыздардың кезегіне сәйкес өткізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының арызында және жеке қабылдау журналында оның нәтижелері белгіленеді. Арыз күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке ісіне тігіледі.
111. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға жабылған күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жұбайын (күйеуін), туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы қызметтік бөлмеде, гауптвахтаның ақпараттар стендіне ілінген кестеге сәйкес өткізіледі.
112. Күдіктілердің, айыпталушылардың немесе сотталушылардың жұбайын (күйеуін) немесе туыстарын жеке қабылдау нәтижелері жеке қабылдау журналында белгіленеді.
16-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың денелерін беру тәртібі
113. Гауптвахтада ұсталушы күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының қайтыс болуы туралы ӘПО басшылығы тез арада прокурорға, жеке ісінде көрсетілген жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына, әскери бөлім қолбасшылығына, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамға хабарлайды.
Егер қайтыс болған күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жұбайы (күйеуі) немесе жақын туыстары гауптвахта орналасқан жерден басқа қалада немесе басқа елді мекенде тұрақтаса, онда хабар телеграф арқылы жіберіледі.
114. Қайтыс болғанның денесі жақын маңда орналасқан денсаулық сақтау мекемесінің мәйітханасына сақталуға жеті күннен аспайтын уақытқа немесе аталған сұрақты шешуге құзыретті мемлекеттік органның қайтыс болу дерегін тексеру уақыты аяқталғанға дейін жолданады.
115. Денені беру сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші тұлға немесе органның рұқсаты арқылы, жұбайы (күйеуі), жақын туыстарының жазбаша арызы бойынша жүзеге асырылады. Денені алу үшін жеке басын куәландыратын құжаты болу керек.
116. Қайтыс болған адамның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына қайтыс болу туралы куәлікті алудың тәртібі түсіндіріледі.
117. Егер қайтыс болған адамның жұбайы (күйеуі) немесе жақын туыстары денені уақытында алып кетуге шамалары келмесе, олар ол туралы хабарлап, оны орнатылған мерзімнен көбірек уақыт сақтау үшін төлем жасау керек.
118. Көрсетілген мерзімде алып кетпеген қайтыс болған адамның денесі мемлекет есебінен жерленеді.
17-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды босату тәртібі
119. Күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталушыларды күзетпен ұстаудан босатуды гауптвахта бастығы осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын өзгертуді немесе күшін жоюды санкциялау туралы тергеу судьясының қаулысын алған соң жүзеге асырады.
120. Егер Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақты ұстау жүргізілген сәттен бастап қырық сегіз сағат ішінде гауптвахта бастығына күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы соттың қаулысы түспесе, гауптвахта бастығы тез арада өз қаулысымен ұсталған адамды босатады және ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға хабарлайды.
Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларда гауптвахта бастығына нақты ұстау жүргізілген сәттен бастап жетпіс екі сағат ішінде күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы соттың қаулысы түспесе, ол күдіктіні тез арада өз қаулысымен босатады және бұл туралы істі жүргізіп жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.
121. Гауптвахта бастығы күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны күзетпен ұстаудың мерзімі аяқталуына жиырма төрт сағат қалған уақыттан кешіктірмей ол жағдай туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші тұлғаға немесе прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
122. Күзетпен ұстаудың мерзімін ұзарту туралы хабарламаны факсимильдік байланыс арқылы қабылдауға рұқсат етіледі, ал хабарламаның түпнұсқасы поштамен қабылданады. Егер де күзетпен ұстаудың мерзімі өтіп кеткен жағдайда, күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны босату немесе күзетпен ұстаудың мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе ол шешім туралы хабарлама гауптвахтаға түспеген кезде, гауптвахта бастығы өз қаулысымен күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны босатады және қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамға және прокурорға жолдайды.
123. Күдікті, айыпталушы және сотталушы босатылғанға дейін күзетпен ұстаудың мерзімін ұзарту туралы хабарлама келіп түссе, гауптвахта бастығы өз қаулысының күшін жояды және ол туралы прокурорға хабар береді.
124. Күзетпен ұстаудан босатылған күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға жеке құжаттары, заттары, нәрселері, бұйымдары, заттектері, құндылықтары, ақшалары, сондай-ақ келесі мәліметтері көрсетілген анықтама беріледі: кім ұстады, ұстау және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негіздері, орны және уақыты, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану қандай сотпен санкцияланған, босатылу негіздері және уақыты.
125. Гауптвахта бастығы күзетпен ұстаудың мерзімі аяқталуына үш тәулік қалған кезде күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының босатылуы туралы әскери бөлім командиріне хабарлама береді.
126. Әскери бөлім командирі гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша көрсетілген мерзімге бөлім өкілін босатылған әскери қызметшіні қызмет атқару орнына жеткізу үшін жібереді, сондай-ақ әскери қызметшіні жыл мезгіліне қарай киім-кешекпен қамтамасыз ету шараларын қолданады.
ІШКІ ТӘРТІП
1. Күдікті, айыпталушы мен сотталушы әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібі қағидаларының талаптарын сақтайды.
2. Гауптвахтада ұсталатын күдікті, айыпталушы мен сотталушы әскери қызметшілер үшін мынадай ішкі күн тәртібі белгіленеді:
Р/с № | Өткізілетін іс-шаралардың атауы | Ұзақтығы | Өткізу уақыты | |
басталуы | аяқталауы | |||
1. | Тұрғызу | 10 мин | 6.00 | 6.10 |
2. | Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды тексеру, төсек жабдықтарын тапсыру, сәкіні көтеру | 20 мин | 6.10 | 6.30 |
3. | Таңертеңгі жуынып-шайыну | 40 мин | 6.30 | 7.10 |
4. | Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинастыру | 40 мин | 7.10 | 7.50 |
5. | Таңертеңгі тексеріп қарау | 30 мин | 7.50 | 8.20 |
6. | Таңғы ас | 20 мин | 8.20 | 8.40 |
7. | Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы | 20 мин | 8.40 | 9.00 |
8. | Жуыну | 20 мин | 13.20 | 13.40 |
9. | Түскі ас | 40 мин | 13.40 | 14.20 |
10. | Жеке уақыт | 30 мин | 14.20 | 14.50 |
11. | Серуендеу | 60 мин | 14.50 | 15.50 |
Жүкті әйелдердің серуендеуі | 180 мин | 14.50 | 17.50 | |
12. | Шаруашылық жұмыстар өткізу | 40 мин | 17.50 | 18.30 |
13. | Жеке уақыт | 30 мин | 18.30 | 19.00 |
14. | Кешкі ас | 30 мин | 19.00 | 19.30 |
15. | Мерзімдік басылым мен журналдарды қарау | 50 мин | 19.30 | 20.20 |
16. | Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинау | 40 мин | 20.20 | 21.00 |
17. | Кешкі жуыну | 30 мин | 21.00 | 21.30 |
18. | Кешкі тексеру | 20 мин | 21.30 | 21.50 |
19. | Төсек жабдықтарын беру, сәкілерді түсіру | 10 мин | 21.50 | 22.00 |
20. | Ұйықтау | 22.00 |
Гауптвахта бастығы
___________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің инициалдары (бар болса)
20__ жылғы "__" _______
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 2-қосымша |
нысан
20___ жылы гауптвахтаға жабылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды есепке алу кітабы
Басталуы: 20__ ж. "__"_____ | |
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____ |
Сыртқы беті
Р/с №, күзетпен ұстауға алынған күні мен уақыты | Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Әскери бөлімнің нөмірі | Кім ұстаған (күзетпен ұстауға алынған) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша | Қандай мерзімге ұсталды (күзетпен ұстауға алынған) және қандай камерада ұсталады | Сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер | Ұстау (күзетпен ұстау) мерзімі қашан аяқталады | Күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны қабылдау барысында медициналық тексеріп қарау, моншада шомылу және дене қарауын жүргізу уақыты туралы жазба (медицина қызметкерінің қолы) | Босатылуы туралы жазба | Гауптвахтаға қабылдау кезінде құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді тапсырғандығы туралы қолы | Күзетпен ұстаудан босатылған соң гауптвахтадан шығу кезінде құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді алғандығы туралы қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Бекітемін Әскери полиция органының бастығы |
|
__________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің инициалдары (бар болса) 20 ___ жылғы " ___" _________ |
Камераларға орналастыру жоспары
Бөлек ұсталатындар | Камераның нөмірі | Камерадағы орындардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Гауптвахта бастығы _________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің инициалдары (бар болса)
Ескертпе:
1. Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы жүргізеді.
2. Камерадағы орналастыру жоспары ауысым бастығында, кезекші бөлімде және ӘПО басшылығында болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 4-қосымша |
Жалпы камералардың сипаттамасы
Гауптвахтаға жабылған күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды ұстайтын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және жапсарлас бөлмелерден сенімді оқшаулануды қамтамасыз етуі тиіс. Камералардың жоспарланған үлгісі есіктегі "көздік" арқылы олардың жақсы көрінуін қамтамасыз етуі қажет.
Камераға кіретін есік металл болуы қажет. Еденнен 95 см төмен емес биіктікте тамақ таратуға арналған желкөзі орнатылады. Камерадағы әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылау үшін кіретін есікке "көздік" орнатылады.
Камералардағы және жалпы пайдаланудағы орындардың (жуыну бөлмесіндегі, дәретханадағы) есіктері мен терезелері техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Осы орын-жайлардардың терезелерінде металл торлары болады.
Жалпы камера шайқалмалы орындықтармен, үстелмен, бір адамға 0,4 метр есебінен ағаш сәкімен, түкіргішпен, ауыз суы бар ыдыспен және сапты аяқпен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітіледі. Барлық камералар радио хабар құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Офицерлер мен әйел-әскери қызметшілерді ұстауға арналған камераларда сәкі, үстел, орындық, жеке заттарға және дәретхана керек-жарақтарына арналған тумбочка, ауыз суы бар ыдыс және сапты аяқ, киім ілігіш және түкіргіш болуы қажет.
Барлық камералардың құлпы бірдей болып және бірдей кілттермен жабылуы тиіс. Бір кілт ауысым бастығында, екіншісі гауптвахта бастығында және үшіншісі ӘПО бойынша кезекшісінде сақталуы тиіс. Камералардың терезелерінің ішкі жағында терезе ойықтарынан кіруді шектейтін металл торлар орнатылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Санкциялаймын Прокурор _________________ (қолы, тегі және аты-жөнінің инициалдары (бар болса) ____ жылғы "____" _______ |
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының тәртібінде күдіктіні (айыпталушыны, сотталушыны) жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы
Күдікті (айыпталушы, сотталушы) ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(жалғыз адамдық камерада ұстауға негіз болатын мән-жайдың мазмұны)
_______________________________________________________________
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Күдікті (айыпталушы, сотталушы) ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
әрі қарай ұстау үшін жалғыз адамдық камераға ауыстырылсын.
Гауптвахта бастығы _____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің инициалдары (бар болса)
_____ жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 6-қосымша |
Гауптвахтада ұсталушы күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың сәлем-сауқаттармен алуға және сақтауға болатын азық-түліктің, бірінші кезектегі қажет ететін заттардың, аяқ киім, киім мен басқа да өндірістік тауарлардың ТІЗБЕСІ
Гауптвахтаға жабылған күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар келесі заттарды сәлем-сауқаттарды алады, сондай-ақ гауптвахтада ұсталушы тұлғалардың заттарын сақтау бөлмесінде келесілерді сақтайды:
1) темекі өнімдері, сіріңке;
2) белдік белбеулерсіз, аспа баусыз бір жиынтық киім маусым бойынша бас киім, аяқ киім (тақасыз, металл нәлсіз және баусыз);
3) ішкі киім;
4) шұлық;
5) қолғап немесе биялай;
6) қол орамал;
7) дәретхана керек-жарақтары: (иіс және кір сабын, дәретхана қағазы, сусабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса қабы, кремдер, тарақ, жөке немесе жұмсақ ысқыш, электр немесе механикалық ұстара, бір реттік пайдаланылатын қауіпсіз ұстара).
Ұстара заттары камералардан тыс орналасқан мүліктерді сақтауға арналған бөлмеде орналасқан құлыппен бекітілетін арнайы шкафта сақталады;
8) көзілдіріктер және көзілдіріктерге арналған пластмасса қабы;
9) шұлықтар мен шұлық дамбалдар, үшкіл орамалдар, рейтуздар, белдік, дәке, мақта, бюстгальтерлер, шашқа арналған қыстырғыштар, гигиеналық керек-жарақтар (әйелдерге арналған);
10) шарикті автоқалам, оларға желі, қарындаштар;
11) хат жазуға арналған қағаз, пошталық конверттер, ашық хаттар, пошталық маркалар;
12) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімдік басылымдар;
13) аталғандардан басқа, қылмыстық іске қатысты немесе олардың құқықтарын іске асыру бойынша заңды мүдделеріне қатысты құжаттарын, жазбаларын, сондай-ақ пошта жөнелту бланкілері, ақша, құнды заттарды, құжаттарды және басқа да заттарды сәлем-сауқаттарда ала алады және қамалған гауптвахтаның заттарды сақтау бөлмесінде сақтай алады.
Осы Тізбеде қарастырылмаған заттар тыйым салынған заттар болып саналады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 7-қосымша |
нысан
Күдіктіге (айыпталушыға, сотталушыға) жеке тінту жүргізу және оның заттарын қарау хаттамасы
20__ ж. "___" ________ | __________________ | ||
(толтыру орны) |
Тінту мен жете тексерудің басталуы: ____ сағ. ____ мин.
Тінту мен жете тексерудің аяқталуы: _____ сағ. _____ мин.
____________________________________________________________________,
(жеке тінту және жете тексеру жүргізген адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөнінің инициалдары (бар болса)
_______________________________________________ орын-жайында
ҚР ҚПК-тің 255-бабының талаптарын сақтай отырып, күдікті (айыпталушы,
сотталушы) ________________________________________________________
(күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
жеке тінту және оның заттарына қарау жүргізгені туралы осы хаттаманы толтырды.
Жеке тінту мен заттарды қарауды бастар алдында ____________________
_______________________________________________________________
(жеке тінту және жете тексеру жүргізген адамның лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
күдіктіге (айыпталушыға, сотталушыға) _________________________________
____________________________________________________________________
(күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
осы Қағидалардың Тізбесімен қарастырылмаған заттарды өз еркімен тапсыру
ұсынылды,
____________________________________________________________________,
және өз еркімен берді:
1)_____________________________________________________;
2)_____________________________________________________;
3)_____________________________________________________.
Содан кейін ____________________________________________________
(жеке тінту және жете тексеру жүргізген адамның лауазымы)
күдікті (айыпталушы, сотталушы) ___________________________________
(күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
жеке тінту мен заттарын жете тексеруге кірістім.
Күдікті (айыпталушы, сотталушы) мынадай киім киген:_______________
_________________________________________________________________
Күдіктіде (айыпталушыда, сотталушыда) мынадай заттар бар: _________
_________________________________________________________________
Күдікті (айыпталушы, сотталушы) _________________________________
(күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
жеке тінту және заттарын жете тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:_____
____________________________________________________________________
Күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны жеке тінту және оның заттарын жете
тексеру нәтижесінде осы Қағидалардың Тізбесінде қарастырылмаған келесі заттар
алынды:
1)_____________________________________________________;
2)_____________________________________________________;
3)_____________________________________________________.
Күдіктіні (айыпталушыны, сотталушыны) жеке тінту және оның заттарын
жете тексеру барысында түскен ескертулер ____________________________
Хаттама _______________________________________________ оқылды.
(өзі немесе жеке тінту мен жете тексеру жүргізген адам дауыстап)
Күдіктінің (айыпталушының, сотталушынының) ескертулері, қосымшалары,
арыздары:______________________________________________.
Күдікті (айыпталушы, сотталушы): ________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, қолы, тегі және және аты-жөнінің инициалдары (бар болса)
Жеке тінту және заттарды жете тексеру туралы хаттаманың көшірмесін алды:
20__ ж. "___" __________ _____________________________________
(күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 8-қосымша |
нысан
ӨТІНІШ
________________________________________________________________
_________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты мекен жайы)
азаматтан (-шадан) _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Күдікті (айыпталушы, сотталушы):__________________________________
(тегі және аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы)
_________________________ үшін сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.
Сәлемдемедегі азық-түлік (заттардың) тізімдемесі:
Р/с № | Азық-түліктің немесе заттардың атауы | Салмағы (килограмм, грамм) | Саны | Ескертпе |
Өтініш иесінің қолы ________________________
20 ___ жылғы "___" ___________
Сәлемдемені қабылдады _______________________________________
(сәлемдемені қабылдаған қызметкердің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
Сәлемдемені алдым ____________________________________________
(сәлемдемені алған күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
20 __ жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 9-қосымша |
нысан
Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың ұсыныстарын, өтініштерін және шағымдарын тіркеу кітабы
Басталуы: 20__ ж. "__"_________
Аяқталуы: 20__ ж. "__"________
Сыртқы беті
Р/с | Келіп түскен күні (жылы, айы, күні) | Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның әскери қызметке қатысы | Өтініштің қысқаша мазмұны | Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы | Орындау мерзімі | Қашан және қандай шешім қабылданды | Құжаттар тігілген іс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 10-қосымша |
нысан
Гауптвахтаны тексеретін адамдардың ескертулер мен ұсыныстар кітабы
_______________________________________
(әскери полиция органының гауптвахтасы)
Басталуы: 20__ ж. "__"________
Аяқталуы: 20__ ж. "__"________
Сыртқы беті
Р/с | Күні | Тексеруші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атағы | Ескертудің мазмұны | Ұсыныстар | Орындау мерзімі | Қабылданған шаралар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 11-қосымша |
Серуендеу ауласының сипаттамасы
Серуендеу аулаларын режимді аулада орналастырылады және гауптвахтаға нығыз жалғасады. Серуендеуге шығарылатын әрбір күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға серуендеу ауласының 2,5-3 шаршы метр (бұдан әрі – м2) беріледі. Серуендеу ауласының ең аз мөлшері – 12 м2.
Серуендеу ауласы биіктігі үш метрден кем емес қалың дуалмен қоршалады. Серуендеу ауласының төбесіне металл рама бекітіледі, оған 17х17 сантиметрден артық емес тор көздері бар металл торлар орнатылады. Торлардың үстіне 5х5 сантиметрден артық емес тор көздері бар "Рабица" типті металл тор бекітіледі.
Серуендеу ауласының үстіне дуалды жағалай атмосфералық жауын шашыннан тасалау үшін ені 1,2 метрге дейін жеңіл қалқа орнатылады.
Серуендеу ауласының ортасында жерге мықтап бекітілген орындық орнатылады.
Серуендеу ауласы су көзімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ серуендеуде жүрген күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды көзбен шолуға арналған бақылаушының қызмет атқару орнымен жабдықталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 12-қосымша |
Кездесуге арналған бөлменің жабдықталуы
Әр гауптвахта кабиналардан тұратын кездесуге арналған орындармен жабдықталады.
Әрбір кабина ені 140 сантиметр және ұзындығы 1 метрден кем емес металл каркастан орнатылады, қалқанды элементтерден, үстелмен және шалқаймалы орындықпен жабдықталады.
Кабиналар арасындағы қалқа әңгімелесуге арналған тесіктері бар органикалық әйнектерден жасалады.
Келушілерге арналған кабиналар ілмексіз жеңіл есіктермен жабдықталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 13-қосымша |
нысан
Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларды жазалауды және көтермелеуді есепке алу кітабы
Басталуы: 20__ ж. "__"________ | |
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_______ |
Сыртқы беті
Жазаланған адамдарды есепке алу
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Не үшін жазаланды | Жазаның түрі | Жазаны кім және қашан белгіледі | Ескертпе |
Көтермеленген адамдарды есепке алу
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Не үшін көтермелеу жарияланды | Көтермелеу түрі | Көтермелеуді кім және қашан қолданды | Ескертпе |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 14-қосымша |
нысан
Гауптвахта бастығының жеке қабылдау журналы
Басталуы: 20__ ж. "__"________ | |
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_______ |
Сыртқы беті
Р/с № | Күні (жылы, айы, күні) | Келушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) | Өтініштің қысқаша мазмұны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |