"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 қазанда № 37072 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін, сондай-ақ Тізілімге енгізу және одан алып тастау негіздерін айқындайды.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) білім беру бағдарламаларының тізілімі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесінің модулі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе);";

      7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әкімші Тізілімге бағдарламаларды енгізу немесе алып тастау жөніндегі өтінімдерді қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия құрамына әкімшінің және/немесе ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның кемінде 5 (бес) өкілі кіреді. Комиссия құрамын әкімшінің басшысы бекітеді.

      Комиссия отырысы өтінім берушінің өтінімдері бойынша шешім қабылдау мақсатында қажеттілігіне қарай өткізіледі. Отырысты өткізу үшін Комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісінен) тұратын кворум болу керек. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және отырыстың хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең бөлінсе, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.";

      8. Бағдарламаларды Тізілімге енгізу төрт кезеңде жүргізіледі:

      1) білім беру ұйымының бағдарламаны Тізілімге енгізу үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ұсынуы;

      2) әкімшінің өтінімді тексеруі және өтінімді пысықтау үшін өтінім берушіге қайта жолдау (ескертулер болған жағдайда);

      3) сарапшының бағдарламаға сараптама жүргізуі және өтінімді пысықтау үшін өтінім берушіге қайта жолдау (ескертулер болған жағдайда);

      4) әкімшінің бағдарламаны Тізілімге енгізуі не өтінімді Комиссия шешімінің негізінде кері қайтаруы."

      18-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бағдарламаның МЖМБС, ұлттық біліктілік шеңберіне және (немесе) салалық біліктілік шеңберлеріне, "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға (олар болған кезде) сәйкестігіне бағалау жүргізеді.

      Педагогикалық бағыттар бакалавриатының бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкестігіне бағаланады.

      "Денсаулық сақтау саласы" бойынша бағдарламалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 шілдедегі № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігіне бағаланады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қалыптастырушы оқыту нәтижелерімен байланысқан әрбір пән бойынша оқыту нәтижелерінің қалыптасуына әсер ету дәрежесін айқындайды;";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқыту нәтижелерінің қалыптасуына әсер ету коэффициенті – кемінде 75 % (жетпіс бес пайыз);";

      мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:

      "24-2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жұмыс істейтін инновациялық-білім беру консорциумын (бұдан әрі – Консорциум) құрады және (немесе) оған қатысады.

      Консорциум қатысушыларының бірі бірлескен бағдарламаны іске асыру үшін Тізілімге бағдарламаны енгізуге өтінім береді.

      Консорциумның қалған қатысушыларына Тізілімге енгізілген бағдарламаға қосымша сараптамасыз өтінім беруге Консорциумның барлық қатысушылары қол қойған бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін ұсынған жағдайда рұқсат етіледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тізілімге енгізілген бағдарламасын өтінім беруші оны өзектендіру мақсатында кезең-кезеңімен жетілдіріп (бұдан әрі - жаңарту) отырады. Жаңартуға түскен бағдарламаға сараптаманы 1 (бір) сарапшы жүргізеді.

      Әкімші бағдарламаны мынадай жағдайларда сараптамадан өткізбей жаңартады:

      1) қайталанатын пәндерді жою;

      2) пәнді бір циклден немесе компоненттен екіншісіне ауыстыру;

      3) оқытудың бар нәтижелерін сақтай отырып, пәннің кредиттердегі еңбек сыйымдылығы көлемінің және (немесе) оның сипаттамасының өзгеруі;

      4) бағдарламадағы пәндердің жалпы санынан пәндердің 50%-дан (елу пайыздан) азын өзгерту және (немесе) бағдарламадағы оқу нәтижелерінің жалпы санынан оқу нәтижелерінің 50%-дан (елу пайыздан) азын өзгерту;

      5) мәтінді техникалық түзету.";

      29-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) МЖМБС, салалық біліктілік шеңбері және/немесе "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттар өзгергеннен кейін 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде бағдарлама жаңартылмаса.";

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздеріне қосымшада:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

Берілетін дәреже

      ";

      реттік нөмірі 12-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

Кәсіптік стандартың атауы, бекітілген күні

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ғылым және жоғары білім министрі С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 12 октября 2022 года № 106 "Об утверждении Правил ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в реестр образовательных программ и исключения из него"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 3 октября 2025 года № 469. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 октября 2025 года № 37072

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра науки и высшего образования, Республики Казахстан от 12 октября 2022 года № 106 "Об утверждении Правил ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского программ и исключения из него" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30139) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в реестр образовательных программ и исключения из него, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в реестр образовательных программ и исключения из него (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 14) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 и определяют порядок ведения реестра образовательных программ (далее - Реестр), реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в Реестр и исключения из него.";

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) реестр образовательных программ – модуль информационной системы "Единая платформа высшего образования" (далее – информационная система) уполномоченного органа в области науки и высшего образования, включающая в себя перечень образовательных программ, разработанных организациями высшего и (или) послевузовского образования;";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. Администратором создается постоянно действующая Комиссия для рассмотрения заявок по включению или исключению программ из Реестра (далее – Комиссия).

      В состав Комиссии входят не менее 5 (пяти) представителей администратора и/или уполномоченного органа в области науки и высшего образования. Состав Комиссии утверждается руководителем администратора.

      Заседание Комиссии проводится по мере необходимости с целью принятия решения по заявкам заявителя. Кворум для проведения заседания не менее 2/3 (двух третьих) членов Комиссии. Решение Комиссии принимается простым большинством голосов и оформляется протоколом заседания. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.

      8. Включение программ в Реестр проводится в четыре этапа:

      1) представление организацией образования заявки для включения в Реестр (далее – заявка), согласно приложению к настоящим Правилам;

      2) проверка заявки администратором и направление заявки на доработку заявителю (при наличии замечаний);

      3) проведение экспертизы программы экспертом и направление заявки на доработку заявителю (при наличии замечаний);

      4) включение программы в Реестр либо отклонение заявки администратором на основе решения Комиссии.";

      в пункте 18:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) проводит оценку программы на соответствие ГОСО, национальной рамке квалификаций и (или) отраслевым рамкам квалификаций, профессиональным стандартам (при их наличии), утвержденным в соответствии с пунктом 5 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях" (далее - профстандарты).

      Программы бакалавриата педагогических направлений оцениваются на соответствие Государственным общеобязательным стандартам дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, утвержденным приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29031).

      Программы по области "Здравоохранение" оцениваются на соответствие Государственным общеобязательным стандартам по уровням образования в области здравоохранения, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 июля 2022 года № ҚР ДСМ-63 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28716) и Типовым учебным программам по медицинским и фармацевтическим специальностям, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 января 2023 года № 4 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31672)";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) определяет степень влияния на формирование результатов обучения каждой дисциплины, соотнесенной с формируемыми результатами обучения;";

      подпункт 2) пункта 24 изложить в следующей редакции:

      "2) коэффициенте влияния на формирование результатов обучения – не менее 75 % (семьдесят пять процентов);";

      дополнить пунктом 24-2 следующего содержания:

      "24-2. Организации высшего и (или) послевузовского образования создают и (или) вступают в инновационно-образовательный консорциум (далее – Консорциум), действующий на основе договора о совместной деятельности.

      Для реализации совместной программы, один из участников Консорциума подает заявку на включение программы в Реестр.

      Остальными его участниками допускается подача заявки на включенную в Реестр программу без экспертизы при условии представления копии договора о совместной деятельности, подписанного всеми участниками Консорциума.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Программа, включенная в Реестр, периодически совершенствуется заявителем с целью ее актуализации (далее – обновление). Экспертиза программы, поступившей на обновление, проводится 1 (одним) экспертом.

      Программа обновляется администратором без проведения экспертизы при:

      1) устранении дублирующих дисциплин;

      2) перемещении дисциплины из одного цикла или компонента в другой;

      3) изменении объема трудоемкости дисциплины в кредитах и (или) ее описания при сохранении имеющихся результатов обучения;

      4) изменении менее 50 % (пятьдесят процентов) дисциплин от общего количества дисциплин программы и (или) изменении менее 50 % (пятьдесят процентов) результатов обучения от общего количества результатов обучения программы;

      5) технической корректировки текста.";

      подпункт 6) пункта 29 изложить в следующей редакции:

      "6) отсутствия обновления программы в течение 1 (одного) календарного года при изменении ГОСО, отраслевой рамки квалификаций и/или профстандартов, утвержденных в соответствии с пунктом 5 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях".";

      в приложении к Правилам ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в реестр образовательных программ и исключения из него:

      строку, порядковый номер 11, изложить в следующей редакции:

      "

11.

Присуждаемая степень

      ";

      строку, порядковый номер 12, исключить;

      строку, порядковый номер 15, изложить в следующей редакции:

      "

15.

Наименование профессионального стандарта, дата утверждения

      ".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан