"Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 284-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37044 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36544 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 284-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 232-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      2) жаһандық сәйкестендіру нөмірі (Global Trade Item Number, бұдан әрі – GTIN) – тауар тобын әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында оған GS1 логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрихтық кодтау саласындағы халықаралық ұйымның ұлттық (өңірлік) бөлімшесі осы ұйымның GS1 стандарттарына сәйкес беретін және Тауарлардың ұлттық каталогында тауар коды ретінде пайдаланылатын нөмір;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

      5) өлшем бірліктері мен шоттардың мемлекетаралық сыныптауышының өлшем бірлігінің коды (бұдан әрі – ӨБМС коды) – өлшем бірліктерінің әрбір тобында кодтар резервін бөле отырып, сериялық-реттік кодтау жүйесі бойынша берілген үш таңбалы цифрлық ондық код;

      6) сәйкестендіру коды – сауда қызметінде бір мәнді сәйкестендіру мақсатында тауарлардың түрлеріне берілетін және Тауарлардың ұлттық каталогында қамтылатын штрих-код түрінде ұсынылған машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей реттілігі;

      7) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнімі;

      8) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы – Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектілендіруді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануда қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      9) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы – техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің сыныптау топтарының кодтары мен атауларының жиынтығын жүйелеу жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сыныптаудағы біріздендірудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауышы;

      10) Тауарлардың ұлттық каталогы – тауарлар туралы деректердің ұлттық тіркелімі, сондай-ақ тауарлар номенклатурасының бірыңғай көзі болып табылатын және сауда қызметінде тауарлардың анықтамалығы ретінде пайдалануға міндетті "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      12) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих-кодтау саласындағы халықаралық ұйым.

      3. Тауарлардың ұлттық каталогын сауда қызметі субъектілері сәйкестендіру коды арқылы тауарды сәйкестендіру үшін тауарлардың бірыңғай анықтамалығы ретінде пайдаланады.

      Сәйкестендіру коды Қазақстан Республикасының аумағында тауар айналымының барлық кезеңдерінде (өндіру, әкелу, сақтау, орнын ауыстыру, өткізу, тұтыну), ақпараттық жүйелерде тауарлардың есебін жүргізу, бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тауарлардың айналымы мен өткізілуін жүзеге асыру кезінде, өнімнің сәйкестігін бағалау, электрондық шот-фактураларды, кедендік декларацияларды ресімдеу кезінде және тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету талап етілетін барлық процестер кезінде қолданылады.

      4. Тауарларды тіркеу, тауардың бірыңғай атауы мен сәйкестендіру кодының болуын қамтамасыз ету мақсатында сауда қызметі субъектілеріне және өзге де тұлғаларға Тауарлардың ұлттық каталогының интернет-ресурсында электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі ұсынылады.

      Тауарлардың ұлттық каталогын тауарлардың анықтамалығы ретінде пайдалану үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерін Тауарлардың ұлттық каталогымен интеграциялайды.

2-тарау. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу тәртібі

      5. Тауарлардың ұлттық каталогы мыналар:

      1) тауарларды импорттаушылар мен өндірушілер;

      2) өз бастамасы бойынша сауда қызметінің басқа да субъектілері;

      3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және айналыста болған тауарларға қатысты Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      6. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу мынадай іс-шараларды қамтиды:

      1) тауарды осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді ескере отырып тіркеу;

      2) тауар туралы мәліметтерді модерациялау (верификациялау), оң нәтиже болған жағдайда тауарға біріздендірілген атау мен бірегей сәйкестендіру кодын беру орындалады;

      3) тауарлар (өнімдер) және оның тұтыну сипаттамалары туралы мәліметтерді өзектілендіру.

      7. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор Тауарлардың ұлттық каталогын өзектілендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық үзілістер жағдайларын қоспағанда, Тауарлардың ұлттық каталогының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Тауарлардың ұлттық каталогы электрондық нысанда, қазақ және орыс тілдерінде және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын ескере отырып жүргізіледі.

      8. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелуге жататын тауар туралы мәліметтер мыналарды қамтиды:

      1) тауар туралы жалпы ақпарат (атауы, сыныпталуы, тауар белгісі, шыққан елі, өндірушісі);

      2) өлшенетін параметрлер (сызықтық өлшемдер, масса, құрам) ;

      3) тауар дайындалған стандарттау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтер;

      4) сәйкестікті міндетті бағалауға жататын тауарларға қатысты сәйкестікті бағалау туралы құжаттар (сауда айналымындағы тауарлар үшін);

      5) тауардың сыртқы түрін (суретін) бейнелеуге арналған графикалық материалдар.

      Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелуге жататын тауар туралы қосымша мәліметтер Қазақстан Республикасының СТ ҚР 3833-2023 "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сәйкестендіру және кодтау тәртібі. Негізгі ережелер" ұлттық стандартымен, сондай-ақ өнімге арналған техникалық регламенттермен және стандарттау құжаттарымен айқындалады.

      9. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және айналыста болған тауарлар туралы мәліметтерді жинауды, тауарлар туралы жаңа карточкаларды тіркеуді, тауар карточкасында қамтылған және Тауарлардың ұлттық каталогында жарияланған мәліметтердің өзектілігін, тауар туралы мәліметтерді модерациялауды (верификациялауды), сондай-ақ сауда қызметі субъектілеріне техникалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      10. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор сауда қызметі субъектілеріне Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауарлар туралы мәліметтерге, оның ішінде:

      1) тауардың қазақ және орыс тілдеріндегі толық атауы;

      2) тауардың қазақ және орыс тілдеріндегі біріздендірілген атауы;

      3) тауардың сәйкестендіру коды;

      4) өлшем бірлігі (ӨБМС коды);

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгісі;

      6) таңбалау белгісі;

      7) шыққан елі;

      8) өндіруші туралы мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      11. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерде белгіленген тәртіппен тауарлардың Ұлттық каталогын сүйемелдеуді, дамытуды жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 тіркелген).

      Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың Тауарлардың ұлттық каталогын толтыруы Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауарлар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін талап етілетін ақпаратпен толықтыру жолымен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор сауда қызметі субъектілеріне Тауарлардың ұлттық каталогында тауарлардың тіркелуінің болуын тексеру жөніндегі Тауарлардың ұлттық каталогы сервисіне қолжетімділікті ұсынады.

      13. Егер тауар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сауда айналымынан алынса, онда тауар карточкасы осы мәртебеге ауыстырудың себебі мен күнін белгілей отырып, мұрағаттық күйге өтеді.

      Тауар карточкасын мұрағаттық күйге ауыстыруды мемлекеттік органның тиісті хабарламасы не тауар өндірушінің немесе тауарды белгілеген тауар белгісі иесінің өтініші негізінде, Тауарлардың ұлттық каталогына мұрағаттау белгісін міндетті түрде бере отырып, Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы орындайды.

3-тарау. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу тәртібі

      14. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу Тауарлардың ұлттық каталогының интернет-ресурсында немесе Тауарлардың ұлттық каталогымен интеграцияланған сауда қызметі субъектісінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      15. Егер Тауарлардың ұлттық каталогында тауар туралы мәлімет болмаса, ол Тауарлардың ұлттық каталогында тіркеледі.

      16. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу үшін сауда қызметі субъектілері алдымен заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған мынадай мәліметтерді ұсыну арқылы Тауарлардың ұлттық каталогында өздерін тіркеу рәсімінен өтеді:

      1) сауда қызметі субъектісінің ЖСН немесе БСН. Қазақстан Республикасының бейрезидентінде ЖСН немесе БСН болмаған жағдайда – бейрезидент инкорпорациясының елінде салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы (бар болған жағдайда);

      2) сауда қызметі субъектісінің атауы;

      3) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      4) сауда қызметі субъектісінің электрондық поштасының мекенжайы;

      5) байланыс телефон нөмірі;

      6) сауда қызметі субъектісінің типі.

      Шетелдік тауар өндірушілер шетелдік өндірушіні Тауарлардың ұлттық каталогында тіркеуге нотариалды куәландырылған сенімхаты бар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтінімдері негізінде Тауарлардың ұлттық каталогында тіркеледі.

      17. Сауда қызметі субъектілері өздерінің атынан Тауарлардың ұлттық каталогында тауарлар туралы мәліметтерді ұсынуға, сұратуға немесе редакциялауға құқығы бар уәкілетті тұлғалар туралы ақпаратты көрсетеді.

      Мұндай құқық берілген уәкілетті тұлғалар Тауарлардың ұлттық каталогының жеке кабинетінде өздерінің ЭЦҚ арқылы тіркеледі және авторландырудан өтеді.

      18. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) стандартты өтінім;

      2) шаблон-файл (топтама жүктеу).

      19. Стандартты өтінім арқылы тауарды тіркеу үшін сауда қызметі субъектісі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы бойынша тауар санатын таңдайды, тауар туралы міндетті мәліметтерді толтырады, Тауарлардың ұлттық каталогына кірістірілген жасанды интеллектті пайдалана отырып өтінімді алдын ала тексеруден өткізеді және өтінімді модерацияға жібереді.

      20. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінімді модерациялау процесінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауар туралы мәліметтердің толықтығын мына мерзімдерде:

      1) тауарды саудада қолдану үшін – өтінім берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      2) тауарды реттелетін мемлекеттік сатып алуларда қолдану үшін – өтінім берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді.

      21. Егер тауар Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген болса немесе осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауар туралы толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынылған кезде тауарларды ұлттық каталогта тіркеуден бас тартылады.

      22. Тауарды тіркеуден бас тартуға негіз болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінім тауарға одан әрі қолдану үшін қолжетімді біріздендірілген атау мен сәйкестендіру коды беріле отырып, Тауарлардың ұлттық каталогында жарияланады.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тауар туралы толық емес немесе анық емес мәліметтерді ұсыну себебінен Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуден бас тартқан кезде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы саудада қолдануға арналған тауарларға қатысты анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, тауар туралы мәліметтер қандай талаптарға сәйкес келмейтінін субъектіге хабарлайды – 3 (үш) жұмыс күні және Мемлекеттік сатып алуда қолдануға арналған тауарларға қатысты-10 (он) жұмыс күні.

      23. Сауда қызметінің субъектісі тауар туралы жетіспейтін мәліметтерді енгізеді немесе модерация кезеңінде туындаған өтінімге басқа ескертулерді жояды және Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінімді қайта жібереді. Ескертулер жойылмаған жағдайда, тауарды тіркеуге өтінім қабылданбайды.

      Ескертулер жойылғаннан кейін, тауарды тіркеуге өтінім тауарлардың ұлттық каталогында жарияланады, одан әрі қолдану үшін қол жетімді тауардың бірыңғай атауы мен сәйкестендіру коды беріледі.

      Тауарды тіркеуден бас тартумен келіспеген жағдайда сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексының 91-бабына сәйкес Тауарларды таңабалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының шешіміне шағымдануына құқылы.

      24. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды шаблон-файл (топтама жүктеу) арқылы тіркеу үшін сауда қызметі субъектісі Тауарлардың ұлттық каталогының жеке кабинетінде шаблон-файлды жүктеп алады, шаблон-файлда тауар туралы міндетті мәліметтерді толтырады және толтыру аяқталғаннан кейін шаблон-файл автоматты режимде модерацияға жіберіледі. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінімді модерациялау және тексеру нәтижелерін беру шаблон-файл (топтама жүктеу) пайдаланылған жағдайда осы Қағидалардың 20 және 22-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      25. Бір тауарға бір уақытта екі немесе одан көп сәйкестендіру кодын беруге жол берілмейді.

      26. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін сипаттамалары мен қасиеттеріне қатысты болмаса, олардың атауын, қаптама дизайнын, кескінін өзгертуге, грамматикалық қателерін түзетуге және тауар туралы өзге де мәліметтерді өзгертуге жол беріледі.

      Мұндай жағдайда көрсетілген өзгерістерді Тауарлардың ұлттық каталогында жарияланған тауар карточкасына тауарды өндіруші немесе тауар белгіленген тауар белгісінің иесі енгізеді.

      27. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауардың сапасы мен (немесе) қауіпсіздігіне әсер ететін құрамды және (немесе) сипаттамаларды қозғайтын өзгерістер жаңа сәйкестендіру коды беріле отырып, тауарды жаңадан тіркеуді талап етеді.

      28. Егер Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген отандық тауар экспортқа арналған болса, онда өндіруші алынған GTIN ескере отырып, Тауарлардың ұлттық каталогында тауар туралы мәліметтердің құрамына өзгерістер енгізеді.

О внесении изменения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 31 июля 2025 года № 232-НҚ "Об утверждении Правил ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем"

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 2 октября 2025 года № 284-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2025 года № 37044

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2026.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 31 июля 2025 года № 232-НҚ "Об утверждении Правил ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 36544) следующее изменение:

      Правила ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту цифровой трансформации и маркировки товаров Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
А. Шаккалиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство промышленности
и строительства Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 2 октября 2025 года № 284-НҚ

  Утверждены приказом
Министра торговли и
интеграции
Республики Казахстан
от 31 июля 2025 года № 232-НҚ

Правила ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 15-12) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" и определяют порядок ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) бизнес-идентификационный номер (далее – БИН) – уникальный номер, формируемый для юридического лица (филиала и представительства) и индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность в виде совместного предпринимательства;

      2) глобальный идентификационный номер (Global Trade Item Number, далее – GTIN) – номер, присваиваемый группе товаров национальным (региональным) подразделением международной организации в области стандартизации учета и штрихового кодирования логистических единиц GS1 в соответствии со стандартами данной организации GS1, в целях ее однозначной идентификации в мировом экономическом пространстве, и используемый в качестве кода товара в Национальном каталоге товаров;

      3) индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) – уникальный номер, формируемый для физического лица;

      4) единый оператор в сфере государственных закупок – юридическое лицо, определенное уполномоченным органом в сфере государственных закупок, единственным собственником акций (долей участия в уставном капитале) которого является государство;

      5) код единицы измерения Межгосударственного классификатора единиц измерения и счета (далее – МКЕИ код) – трехзначный цифровой десятичный код, присвоенный по серийно-порядковой системе кодирования с выделением резерва кодов в каждой группе единиц измерения;

      6) идентификационный код – уникальная последовательность символов в машиночитаемой форме, представленная в виде штрихового кода, присваиваемая видам товаров и содержащаяся в Национальном каталоге товаров в целях его однозначной идентификации в торговой деятельности;

      7) товар – любой, не изъятый из оборота продукт труда, предназначенный для продажи или обмена;

      8) Единый оператор маркировки и прослеживаемости товаров – государственное предприятие, акционерное общество, товарищество с ограниченной ответственностью, более пятидесяти процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которого прямо или косвенно принадлежат государству, осуществляющее разработку, администрирование, сопровождение и эксплуатационную поддержку информационной системы маркировки и прослеживаемости товаров, включая разработку, ведение и актуализацию Национального каталога товаров, и иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      9) общий классификатор товаров, работ, услуг – национальный классификатор технико-экономической информации о товарах, работах, услугах, обеспечивающий единую систему унификации в классификации товаров, работ и услуг, путем систематизации свода кодов и наименований классификационных групп объектов технико-экономической информации;

      10) Национальный каталог товаров – объект информатизации "электронного правительства", являющийся национальным регистром данных о товарах, а также единым источником номенклатуры товаров и обязательный к использованию в качестве справочника товаров в торговой деятельности;

      11) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания;

      12) GS1– международная организация в области стандартизации учҰта и штрихового кодирования логистических единиц.

      3. Национальный каталог товаров используется субъектами торговой деятельности в качестве единого справочника товаров для идентификации товара посредством идентификационного кода.

      Идентификационный код применяется на территории Республики Казахстан на всех этапах оборота товара (производство, ввоз, хранение, перемещение, реализация, потребление), при ведении учета товаров в информационных системах, осуществлении оборота и реализации товаров с применением контрольно-кассовых машин, при оценке соответствия продукции, оформлении электронных счет-фактур, таможенных деклараций и во всех процессах, в которых требуется обеспечить прослеживаемость товаров.

      4. Для целей регистрации товаров, обеспечения наличия унифицированного наименования и идентификационного кода товара субъектам торговой деятельности на интернет-ресурсе Национального каталога товаров предоставляется интерфейс электронного взаимодействия.

      Для использования Национального каталога товаров в качестве справочника товаров государственные органы и организации интегрируют свои информационные системы с Национальным каталогом товаров в соответствии с Правилами интеграции объектов информатизации "электронного правительства", утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 16777).

Глава 2. Порядок ведения Национального каталога товаров

      5. Национальный каталог товаров формируется на основании сведений о товарах, предоставляемых:

      1) импортерами и производителями товаров;

      2) другими субъектами торговой деятельности по собственной инициативе;

      3) Единым оператором маркировки и прослеживаемости товаров в отношении товаров, которые произведены до 1 января 2026 года и находятся в обращении на территории Республики Казахстан.

      6. Ведение Национального каталога товаров включает следующие мероприятия:

      1) регистрация товара с учетом сведений, указанных в пункте 8 настоящих Правил;

      2) модерация (верификация) сведений о товаре, при положительном результате которой выполняется присвоение товару унифицированного наименования и уникального идентификационного кода;

      3) актуализация сведений о товарах (продукции) и его потребительских характеристиках.

      7. Единый оператор в сфере государственных закупок обеспечивает бесперебойное функционирование Национального каталога товаров, за исключением случаев технологических перерывов для проведения работ по актуализации Национального каталога товаров.

      Национальный каталог товаров ведется в электронной форме, на казахском и русском языках и с учетом общего классификатора товаров, работ, услуг.

      8. Сведения о товаре, подлежащие регистрации в Национальном каталоге товаров, включают:

      1) общую информацию о товаре (наименование, классификация, товарный знак, страна происхождения, производитель);

      2) измеряемые параметры (линейные размеры, масса, состав);

      3) сведения о документах по стандартизации, в соответствии с которыми изготовлен товар;

      4) документы об оценке соответствия в отношении товаров, подлежащих обязательной оценке соответствия (для товаров, находящихся в торговом обороте);

      5) графические материалы для иллюстрации внешнего вида (изображения) товара.

      Дополнительные сведения о товаре, подлежащие регистрации в Национальном каталоге товаров, определяются национальным стандартом Республики Казахстан СТ РК 3833 "Порядок идентификации товаров и услуг и их кодификации. Основные положения", а также техническими регламентами и документами по стандартизации на продукцию.

      9. Единый оператор маркировки и прослеживаемости товаров обеспечивает сбор сведений о товарах, произведенных и находящихся в обращении на территории Республики Казахстан до 1 января 2026 года, регистрацию новых карточек о товарах, актуальность сведений, содержащихся в карточке товара и опубликованных в Национальном каталоге товаров, модерацию (верификацию) сведений о товаре, а также организацию технической поддержки субъектов торговой деятельности.

      10. Единый оператор в сфере государственных закупок обеспечивает доступ субъектов торговой деятельности к сведениям о товарах, зарегистрированных в Национальном каталоге товаров, в том числе:

      1) полное наименование товара на казахском и русском языках;

      2) унифицированное наименование товара на казахском и русском языках;

      3) идентификационный код товара;

      4) единицу измерения (МКЕИ код);

      5) признак социально значимых продовольственных товаров;

      6) признак маркировки;

      7) страна происхождения;

      8) сведения о производителе.

      11. Единый оператор в сфере государственных закупок осуществляет сопровождение, развитие Национального каталога товаров в порядке, установленном Правилами создания, развития, эксплуатации, приобретения объектов информатизации "электронного правительства", а также информационно-коммуникационных услуг, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 129 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13282).

      Наполнение Национального каталога товаров Единым оператором в сфере государственных закупок осуществляется путем дополнения сведений о товарах, зарегистрированных в Национальном каталоге товаров, информацией, требуемой для осуществления государственных закупок.

      12. Единый оператор в сфере государственных закупок предоставляет субъектам торговой деятельности доступ к сервису Национального каталога товаров по проверке наличия регистрации товаров в Национальном каталоге товаров.

      13. Если товар изъят из торгового оборота в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан, то карточка товара переходит в архивное состояние с фиксированием причины и даты перевода в данный статус.

      Перевод карточки товара в архивное состояние выполняется Единым оператором маркировки и прослеживаемости товаров на основании соответствующего уведомления от государственного органа либо заявления производителя товара или владельца товарного знака, которым обозначен товар.

Глава 3. Порядок регистрации товаров в Национальном каталоге товаров

      14. Регистрация товаров в Национальном каталоге товаров осуществляется на интернет-ресурсе Национального каталога товаров или через информационную систему субъекта торговой деятельности, интегрированную с Национальным каталогом товаров.

      15. Товар подлежит регистрации в Национальном каталоге товаров, если сведения о нем в Национальном каталоге товаров отсутствуют.

      16. Для регистрации товаров в Национальном каталоге товаров субъекты торговой деятельности предварительно проходят процедуру собственной регистрации в Национальном каталоге товаров путем представления следующих сведений, подписанных ЭЦП первого руководителя юридического лица или индивидуального предпринимателя:

      1) ИИН или БИН субъекта торговой деятельности. При отсутствии ИИН или БИН у нерезидента Республики Казахстан – номер налоговой регистрации в стране инкорпорации нерезидента или его аналог (при его наличии);

      2) наименование субъекта торговой деятельности;

      3) фамилия, имя, отчество (при его наличии) индивидуального предпринимателя или первого руководителя юридического лица;

      4) адрес электронной почты субъекта торговой деятельности;

      5) контактный номер телефона;

      6) тип субъекта торговой деятельности.

      Иностранные производители товаров регистрируются в Национальном каталоге товаров на основании заявок физических и юридических лиц Республики Казахстан, имеющих нотариально заверенную доверенность от иностранного производителя на его регистрацию в Национальном каталоге товаров.

      17. Субъекты торговой деятельности указывают информацию об уполномоченных лицах, имеющих право от их имени представлять и запрашивать или редактировать сведения о товарах в Национальном каталоге товаров.

      Уполномоченные лица, которым предоставлено такое право, регистрируются и авторизуются в личном кабинете Национального каталога товаров посредством собственного ЭЦП.

      18. Регистрация товаров в Национальном каталоге товаров осуществляется одним из следующих способов:

      1) стандартная заявка;

      2) файл-шаблон (массовая загрузка).

      19. Для регистрации товара посредством стандартной заявки субъект торговой деятельность выбирает категорию товара по общему классификатору товаров, работ, услуг, заполняет обязательные сведения о товаре, проводит предварительную проверку заявки с использованием искусственного интеллекта, встроенного в Национальный каталог товаров, и отправляет заявку на модерацию.

      20. Единый оператор маркировки и прослеживаемости товаров в процессе модерации заявки на регистрацию товара в Национальном каталоге товаров проверяет полноту сведений о товаре, указанных в пункте 8 настоящих Правил в следующие сроки:

      1) для применения товара в торговле – в течение 3 (трех) рабочих дней с момента подачи заявки;

      2) для применения товара в регулируемых государственных закупках – в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента подачи заявки.

      21. В регистрации товара в Национальном каталоге товаров отказывается, если товар уже зарегистрирован в Национальном каталоге товаров или при предоставлении неполных или недостоверных сведений о товаре, указанных в пункте 8 настоящих Правил.

      22. При отсутствии основания для отказа в регистрации товара заявка на регистрацию товара в Национальном каталоге товаров по истечении сроков, указанных в пункте 20 настоящих Правил, публикуется в Национальном каталоге товаров с присвоением унифицированного наименования и идентификационного кода товара, доступными для дальнейшего применения.

      При отказе в регистрации товара в Национальном каталоге товаров по причине предоставления неполных или недостоверных сведений о товаре, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, Единый оператор маркировки и прослеживаемости товаров информирует субъекта каким требованиям не соответствуют сведения о товаре, с установлением сроков для устранения выявленных несоответствий в отношении товаров, предназначенных для применения в торговле – 3 (три) рабочих дня и в отношении товаров, предназначенных для применения в государственных закупках – 10 (десять) рабочих дней.

      23. Субъект торговой деятельности вносит недостающие сведения о товаре или устраняет другие замечания к заявке, возникшие на этапе модерации, и повторно направляет заявку на регистрацию товара в Национальном каталоге товаров. В случае не устранений замечаний, заявка на регистрацию товара отклоняется.

      После устранения замечаний, заявка на регистрацию товара публикуется в Национальном каталоге товаров с присвоением унифицированного наименования и идентификационного кода товара, доступными для дальнейшего применения.

      При несогласии с отказом в регистрации товара, субъект торговой деятельности, вправе обжаловать решение Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров, в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      24. Для регистрации товара в Национальном каталоге товаров посредством файла-шаблона (массовая загрузка) субъект торговой деятельности скачивает файл-шаблон в личном кабинете Национального каталога товаров, заполняет обязательные сведения о товаре в файле-шаблоне и по завершению заполнения сведениями файл-шаблон в автоматическом режиме направляется на модерацию. Модерация и выдача результатов проверки заявки на регистрацию товара в Национальном каталоге товаров при использовании файла-шаблона (массовая загрузка) осуществляется в порядке, установленном в пунктах 20 и 22 настоящих Правил.

      25. Не допускается одновременное присвоение двух и более идентификационных кодов одному товару.

      26. Изменение наименования, дизайна упаковки, изображения, исправление грамматических ошибок и изменение иных сведений о товаре, зарегистрированном в Национальном каталоге товаров, допускаются, если они не затрагивают характеристики и свойства товара, влияющие на его качество и безопасность.

      В таком случае указанные изменения вносятся в карточку товара, опубликованную в Национальном каталоге товаров, производителем товара или владельцем товарного знака, которым обозначен товар.

      27. Изменения, затрагивающие состав и (или) характеристики, влияющие на качество и (или) безопасность товара, зарегистрированного в Национальном каталоге товаров, требуют новой регистрации товара с присвоением нового идентификационного кода.

      28. В случае если отечественный товар, зарегистрированный в Национальном каталоге товаров, предназначен на экспорт, то производитель вносит изменения в состав сведений о товаре в Национальном каталоге товаров с учетом полученного GTIN.