"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Тайжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 1 қазандағы № 318 бұйрығымен бекітілген |
"Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. "Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және "Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тиісті жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. "Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініштер жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеуді олардың келіп түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді. Өтініш сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күні көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
5. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.-
7. Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды 2 (екі) күн ішінде осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4-қосымшаға сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты береді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже не 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Өтініш
Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беруіңізді сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________
Мекенжайы _____километр______+ метр, оң жақ/сол жақ
Нысаналы мақсаттың түрі:
Мен жол мен жол құрылыстарын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Жұмыстарды орындау кезінде олардың бұзылуы жағдайында.
Күні _______________
Алушы _____________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның атауы не
уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә., қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін. _______ жылғы "___"________
"Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ тиісті жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесін басшылыққа ала отырып, облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін № ________ өтініші бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы хабардар етеді.
Рұқсат құжатын берудің жоспарланған күні: ______
Күні
___________________ ___________________
(ТАӘ) (Лауазымы)
Нысан
облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шарт
Осы рұқсат берілген: (ТАӘ)
Мекенжайы:
ЖСН/БСН:
Техникалық шарт: облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін. (Жол атауы) (оң/сол):
Көрсетілетін қызметті берушінің шарттары:
Қолданылу мерзімі __ ____ж.
___________________ ___________________
(ТАӘ) (Лауазымы)
Нысан
Уәжді бас тарту
Тиісті жергілікті атқарушы орган Сіздің №_______ өтінішіңізді қарап, келесі себеп бойынша бас тартылғандығы туралы хабарлаймыз:
Себеп:
Лауазымы ТАӘ