Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 26 қыркүйекте № 36948 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      23-тармақтың 1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) сәйкес МСАК қызметтерін көрсетуге қормен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жоқ, аудандық немесе қалалық деңгейде заңдық дербес дәрігерлік амбулатория ұйымдастыру үшін айқындалған санынан кем емес халқы бар МСАК субъектілері;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауыл, кент) МСАК қызметтерін көрсететін жалғыз денсаулық сақтау субъектісі болып табылатын МСАК субъектілерін қоспағанда, "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы №49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) сәйкес МСАК қызметтерін көрсетуге қормен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бар, жалпы практика дәрігерінің/отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесі (жиынтығында кемінде 3000 адам) бекітілген халқы бар МСАК субъектілері жіберіледі.";

      27-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде денсаулық сақтау субъектінің шығыстары туралы мәліметтерге рұқсат беру туралы денсаулық сақтау субъектісінің міндеттемесі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Егер қайта ұсынылған өтінім және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар көлемдерді орналастыру рәсіміне жіберу үшін талаптарға қайта сәйкес келмесе, онда өтінім осы Қағидалардың 37-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша қабылданбайды.".

      2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің және (немесе) қаражаттың көлемдерін бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 қарашадағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің және (немесе) қаражаттың көлемдерін бөлу әдістемесінде:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ауыл халқына қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған КЖН) – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінен және ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын "БХТ" АЖ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры – "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрық) сәйкес қалыптастырылатын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК КЖН кепілдік берілген компонентінен және МСАК КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын МСАК денсаулық сақтау субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген, бір бекітілген адамға есептегенде МСАК көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2025 жылғы 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
Т. Мұратов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі"

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 сентября 2025 года № 98. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2025 года № 36948

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см.п.5

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-242/2020 "Об утверждении правил закупа услуг у субъектов здравоохранения по оказанию медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21744) следующие изменения и дополнение:

      в правилах закупа услуг у субъектов здравоохранения по оказанию медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 20) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "20) государственный орган в сфере оказания медицинских услуг (помощи) – государственный орган, осуществляющий руководство в сфере оказания медицинских услуг (помощи), контроль и надзор за качеством медицинских услуг (помощи);";

      подпункты 1) и 2) пункта 23 изложить в следующей редакции:

      "1) субъекты ПМСП, не имеющие договор закупа услуг с фондом на оказание услуг ПМСП, с прикрепленным населением не менее численности, определенной для организации юридически самостоятельной врачебной амбулатории на районном или городском уровнях в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 133/2020 "Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21452);

      2) субъекты ПМСП, имеющие договор закупа услуг с фондом на оказание услуг ПМСП, с прикрепленным населением численностью не менее двух участков врача общей практики/семейного врача (в совокупности не менее 3000 человек) согласно приказа исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 49 "Об утверждении Стандарта организации оказания первичной медико-санитарной помощи в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32160), за исключением субъектов ПМСП, являющихся единственным субъектом здравоохранения, оказывающим услуги ПМСП на соответствующей административно-территориальной единице (село, поселок).";

      пункт 27 дополнить подпунктом 13) следующего содержания:

      "13) обязательство субъекта здравоохранения о предоставлении доступа к сведениям о расходах субъекта здравоохранения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования.";

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Если повторно представленная заявка и (или) прилагаемые к ней документы снова не соответствуют требованиям для допуска к процедуре размещения объемов, то заявка отклоняется по основаниям, указанным в подпункте 2) пункта 37-1 настоящих Правил.".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2023 года № 169 "Об утверждении методики распределения объемов услуг и (или) средств субъектам здравоохранения по оказанию медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33715) следующее изменение:

      в методике распределения объемов услуг и (или) средств субъектам здравоохранения по оказанию медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденной указанным приказом:

      в пункте 2:

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) комплексный подушевой норматив на оказание услуг сельскому населению (далее – КПН на сельское население) – стоимость комплекса услуг в расчете на одного сельского жителя, зарегистрированного в ИС "РПН", состоящая из гарантированного компонента комплексного подушевого норматива на сельское население и стимулирующего компонента комплексного подушевого норматива на сельское население;";

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) база данных субъектов здравоохранения – перечень субъектов здравоохранения, претендующих на оказание медицинской помощи в рамках ГОБМП и (или) в системе ОСМС, формируемый в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-186/2020 "Об утверждении правил ведения учета субъектов здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21619) (далее – Приказ № ҚР ДСМ-186/2020);";

      подпункт 30) изложить в следующей редакции:

      "30) комплексный подушевой норматив на оказание первичной медико-санитарной помощи (далее – КПН ПМСП) – стоимость комплекса услуг ПМСП на одного прикрепленного человека, зарегистрированного в ИС "РПН" к субъекту здравоохранения ПМСП, состоящая из гарантированного компонента КПН ПМСП и стимулирующего компонента КПН ПМСП;";

      подпункт 41) изложить в следующей редакции:

      "41) договор закупа медицинских услуг в рамках ГОБМП и (или) в системе ОСМС (далее – договор закупа услуг) – соглашение в письменной форме между фондом и субъектом здравоохранения, предусматривающее оказание медицинской помощи в рамках ГОБМП и в системе ОСМС;".

      3. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республике Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года, за исключением абзацев пятого, шестого и седьмого пункта 1, которые вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, абзацев третьего, четвертого, восьмого и девятого пункта 1, которые вводятся в действие с 13 сентября 2025 года.

      Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казхастан
Т. Мұратов

      СОГЛАСОВАНО
"Министерство национальной экономики
Республики Казахстан"