Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қыркүйекте № 36923 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 529
бұйрығына 1- қосымша

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлерін, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша) және салалық қауымдастықтардың (келісім бойынша) өкілдерін қамтитын тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) құрамына кемінде 9 (тоғыз) адам кіреді:

      Апелляциялық комиссияның төрағасы;

      апелляциялық комиссияның мүшелері кемінде 8 (сегіз) адам санында.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 529
бұйрығына 2 қосымша

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 197-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2009 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты, Кедендік реттеу туралы кодексті, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Осы Ереженің мақсаты салықтық және кедендік тексерулер нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау болып табылады.

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жұмыс органы – Комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) өтініш беруші – шағым берген салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) декларант не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адам;

      3) уәкілетті орган – салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) уәкілетті органның ведомствосы – салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін уәкілетті органның ведомствосы;

      5) шағым – өтініш берушінің уәкілетті органға берген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы, сондай-ақ оған қосымша (қосымшалар).

      5. Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, сондай-ақ сегіз адамнан тұратын Комиссия мүшелері кіреді.

2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      6. Уәкілетті органға келіп түскен шағым жұмыс органына жіберіледі.

      7. Жұмыс органы Комиссия мүшелеріне:

      1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым түскен кезде – шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      шағымдардың және оларға қосымшалардың (бар болған жағдайда);

      салықтық тексеру актісінің және (немесе) көшпелі кедендік тексеру актісінің және (немесе) оларға қосымшаларымен камералдық кедендік тексеру актісінің (бар болған жағдайда);

      тексеру нәтижелері туралы хабарламалардың көшірмелерін;

      2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға берілген шағымға толықтыру (толықтырулар) түскен кезде:

      шағымға толықтырудың (толықтырулардың) және Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша оларға қосымшалардың (олар бар болған жағдайда) көшірмелерін – шағымға толықтыру (толықтырулар) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      3) шағымда баяндалған мәселелер бойынша шағымды қарау шеңберінде тексеру тағайындаған кезде:

      оларға қосымшалармен актінің көшірмесін (бар болған жағдайда) – жұмыс органы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      4) Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін бекіткен кезде –Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін жібереді.

      Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы Комиссияның осындай мүшелеріне шағымды қарау үшін қажетті шағым берген адамға қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді және (немесе) ақпаратты жібереді.

      Құжаттардың көрсетілген көшірмелері Комиссия мүшелерінің:

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатындарға – мемлекеттік органдардың Интранет-порталындағы бірыңғай электрондық пошта жүйесінде;

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтындарға - олар жұмыс органдарына ұсынған электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі.

      8. Жұмыс органы өтініш берушіні тыңдау рәсімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне өтініш берушінің жазбаша қарсылығының көшірмелерін және (немесе) көшпелі кедендік тексеру және (немесе) камералдық кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым бойынша алдын ала шешімге тыңдау хаттамасын жібереді.

      9. Комиссия мүшелері олардың атына жіберілген материалдарды қарайды және жұмыс органына шағымдалып отырған мәселелер бойынша негіздемелерді қоса өз ұстанымдарын, оның ішінде тақырыптық тексеру жүргізу бойынша ұсыныстарын:

      мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын өтініш берушілердің шағымдары бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін;

      салық төлеушілердің басқа санаттарына жататын өтініш берушілердің шағымдары бойынша,– жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін;

      шағымға қосымша (қосымшалар) бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      шағымды қарау шеңберінде тағайындалған тексеру актісі бойынша –жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      10. Өтініш берушінің жазбаша қарсылығында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру және (немесе) камералдық кедендік тексеру нәтижелері туралы шағым бойынша алдын ала шешімге тыңдау хаттамасында шағымда бұрын көрсетілмеген дәлелдер болған кезде Комиссия мүшелері жұмыс органына жолданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өз позицияларын жұмыс органына ұсынады.

      11. Жұмыс органы шағым жасалған мәселелерді зерделейді, сондай-ақ Комиссия мүшелері ұсынған ұстанымдарды талдайды.

      12. Жұмыс органы шағым жасалған мәселелерді, Комиссия мүшелерінің ұстанымдарын зерделеу негізінде Комиссия отырысына шығару үшін материалдар дайындайды.

      13. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген материалдар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия төрағасына танысу үшін ұсынылады.

      14. Комиссия төрағасының келісімі бойынша жұмыс органы кезекті Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады.

      15. Комиссия отырыстары апта сайын әр бейсенбіде өткізіледі.

      Егер отырысты өткізу күні мереке күніне келетін болса, онда отырыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес одан кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

      Комиссия төрағасы қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде отырыс тағайындайды, сондай-ақ отырысты өткізу күнін ауыстырады.

      Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелерін отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы хабарландырады.

      16. Қосымша түсіндірмелерді қажет ететін сұрақтар туындаған кезде, отырысқа уәкілетті орган ведомствосының бейінді құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ нәтижелері шағымдалып жатқан тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының өкілдері шақырылады.

      17. Отырысқа жұмыс органының өкілдері қатысады.

      18. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің барлығы қатыспаған жағдайда, мұндай отырыс кворум болған кезде және уәкілетті органның ведомствосы өкілінің міндетті қатысуы шартында заңды деп есептеледі.

      Комиссия отырысын өткізу мақсатында кворум дауыс беруге құқығы бар Комиссия төрағасын қоса алғанда, Комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.

      19. Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде, мүшенің - уәкілетті органның ведомствосы өкілінің қатысуы міндетті шарт болып табылады.

      Аталған Комиссия мүшесінің болмауы шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады.

      Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (бұдан әрі - "Атамекен" ҰКП) тиісті бағытқа жетекшілік ететін өкілдер қатысады.

      20. Шағым мәселелері бойынша Комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.

      "Атамекен" ҰКП өкілдері өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша (жетекшілік ететін бағыты бойынша) дауыс береді.

      Бұл ретте дауыс санау кезінде "Атамекен" ҰКП-дан 1 (бір) дауыс есепке алынады.

      Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.

      Дауыс тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауыс берген шешімі қабылданды деп есептеледі.

      21. Егер шағым берген өтініш беруші осындай Комиссия мүшесіне жақын туыс (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) болып табылса, сондай-ақ егер тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) бар болса, онда Комиссия мүшесі шағымды қарамайды және өз ұстанымын білдірмейді, сондай-ақ дауыс беруге қатыспайды.

      Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындауы туралы өзіне белгілі болысымен Комиссия төрағасын еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.

      22. Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешім түрлерін қабылдайды:

      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.

      23. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.

      24. Комиссия жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері Комиссия төрағасы бекітетін регламентпен айқындалады.

3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      25. Хаттаманы жұмыс органы өкілдерінің ішінен Комиссия хатшысы жүргізеді.

      Хаттамаға Комиссия төрағасы, Комиссия хатшысы қол қояды.

      26. Хаттамада:

      отырыс орны мен күні;

      қатысқан Комиссия мүшелерінің, шақырылған адамдардың (болған жағдайда), жұмыс органы өкілдерінің тізімі;

      шағым берген өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН));

      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні;

      шағым жасалған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;

      қабылданған шешім көрсетіледі.

      27. Комиссия отырысында екі және одан көп шағым бойынша мәселелер қаралған жағдайда әрбір шағым бойынша бөлек Хаттама ресімделеді.

      28. Хаттама мен дауыс беру парақтары тиісті шағым материалдарына қоса тіркеледі.

      29. Егер Комиссия отырысы нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген шағымды қарауды келесі Комиссия отырысына ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда, онда аталған шағым бойынша дауыс беру парақтары және Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы толтырылмайды.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      30. Кедендік реттеу туралы кодекстің 478-бабында және Салық кодексінің 194-бабында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган көрсетілген нормаларда көзделген мерзімдерде шағымдарды қараудан бас тартады.

      Егер кедендік реттеу туралы Кодекстің 478-бабында және Салық кодексінің 194-бабында көзделген жағдайлар комиссия мүшелеріне шағым бойынша материалдар берілгеннен кейін орын алса, жұмыс органы бұл туралы өтініш берушіге шағымды қараудан бас тарту туралы хат жіберілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне электрондық пошта арқылы хабарлайды.

      31. Бұрын шағымдалған және ол бойынша шешім шығарылған тексеру нәтижелері туралы хабарламаға қайта шағым түскен кезде уәкілетті орган мұндай шағымды қараусыз қалдырады, сондай-ақ Комиссия отырысына шығармайды.

      32. Егер өтініш беруші кедендік реттеу туралы кодекстің 476-бабының 5-тармағына және Салық кодексінің 192-бабының 5-тармағына сәйкес шағымды Комиссия мүшелерінің қарауы барысында кері қайтарып алған жағдайда, уәкілетті орган мұндай шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерін электрондық пошта арқылы хабардар ете отырып, қараусыз қалдырады.

      33. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпарат жария етілмейді.

      34. Комиссияның шағымдарды қарау бойынша өз уәкілеттігін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және Комиссия мүшелеріне қандай да бір ықпал жасауға тыйым салынады.

  Тексеру нәтижелері туралы
хабарламаларға шағымдарды
қарау жөніндегі апелляциялық
комиссия туралы Ережеге
1–қосымша
  Нысан

      Күні ____________

                  Апелляциялық комиссия мүшелерінің

                        ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ

      _________________________________________________________________________
            Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы
___________________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
________ № _____ тексеру нәтижелері туралы хабарламасына ______шағымы бойынша
жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ___________
___________________

Мәселенің №

Мәселенің мазмұны

Апелляциялық комиссия мүшесінің шешімі

Қолдаймын

Қолдамаймын









      Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің
бірін қабылдаймын:
      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым
қанағаттандырусыз қалдырылсын ____________________________________;
                                          (Қолы)

      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші толық
жойылсын__________;
            (Қолы)
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның _____ бөлігінде күші
жойылсын__________.
            (Қолы)
      Ескертпе: тікелей Апелляциялық комиссия отырысының барысында толтырылады
және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.
      "Қолдаймын", "Қолдамаймын" деген бағандарда қабылдаған шешімін негізге ала
отырып, қол қойылады.
      Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген
шешімдердің үш түрінің бірі қабылданады және тиісті жолға қол қойылады.

  Тексеру нәтижелері туралы
хабарламаларға шағымдарды
қарау жөніндегі апелляциялық
комиссия туралы ережеге
2-қосымша
  нысан

                        Апелляциялық комиссия отырысының

                              № ___ хаттамасы

      _______________                                           _____________
            (орны)                                                 (күні)

      Апелляциялық комиссия төрағасы: (көрсетіледі)

      Апелляциялық комиссия мүшелері: (тізімі көрсетіледі)

      Апелляциялық комиссия хатшысы: (көрсетіледі)

      Қатысқандар:

      шақырылған адамдар (болған кезде): (тізімі көрсетіледі)

      жұмыс органының өкілдері: (тізімі көрсетіледі)

      ____________________________________________________шағымы
(шағым берген адамның аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі),
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шағым жасалған
хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіледі)
      Апелляциялық комиссия мүшелері шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері
бойынша мынадай шешімдер қабылдады:
      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым
қанағаттандырусыз қалдырылсын
____________________________________________________________________;
      (органның және (немесе) ұйымның атауы көрсетіледі)
      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші толық жойылсын
________________________________________________________________;
      (органның және (немесе) ұйымның атауы көрсетіледі)
      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама

      ____________________________________________________________________
      (органның және (немесе) ұйымның атауы көрсетіледі) бөлігінде күші жойылсын.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша мынадай ШЕШІМ қабылданды:

      __________________________________________________________________
                        (қабылданған шешім көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия төрағасы:
__________________________________________________________________
            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Апелляциялық комиссия хатшысы:
__________________________________________________________________
            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 529
бұйрығына 3- қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылуы тиіс кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген);

      2. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 551 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20811 болып тіркелген);

      3. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 709 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21056 болып тіркелген);

      4. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22538 болып тіркелген);

      5. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 995 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24600 болып тіркелген).

Об утверждении состава и Положения об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 сентября 2025 года № 529. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2025 года № 36923

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 480 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" и пунктом 1 статьи 197 Налогового Кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) состав апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок согласно приложению 1 к настояшему приказу;

      2) положение об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      3. Департаменту апелляций Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 сентября 2025 года № 529

Состав
апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок

      В состав апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок (далее – апелляционная комиссия), включающий работников Министерства финансов Республики Казахстан и его ведомств, Министерства национальной экономики Республики Казахстан, представителей Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию) и отраслевых ассоциаций (по согласованию), в количестве не менее 9 (девяти) человек входят:

      Председатель апелляционной комиссии;

      члены апелляционной комиссии в количестве не менее 8 (восьми) человек.

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 сентября 2025 года № 529

Положение
об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок (далее – Положение) разработано в соответствии с пунктом 1 статьи 480 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" (далее – Кодекс о таможенном регулировании) и пунктом 1 статьи 197 Налогового Кодекса Республики Казахстан (далее – Налоговый Кодекс) и определяет порядок осуществления деятельности апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомления о результатах проверок (далее – Комиссия).

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Договором о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 27 ноября 2009 года, Кодексом о таможенном регулировании, Налоговым кодексом, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан и иными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Целью настоящего Положения является рассмотрение жалоб на уведомления о результатах налоговых и таможенных проверок.

      4. В настоящем Положении применяются следующие понятия:

      1) рабочий орган – структурное подразделение уполномоченного органа, обеспечивающее организацию работы Комиссии;

      2) заявитель – налогоплательщик (налоговый агент) и (или) декларант либо лицо, осуществляющее деятельность в сфере таможенного дела, подавшее жалобу;

      3) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство в сфере обеспечения поступлений налогов, таможенных и других обязательных платежей в бюджет;

      4) ведомство уполномоченного органа – ведомство уполномоченного органа, обеспечивающее полноту и своевременность поступлений налогов, таможенных и других обязательных платежей в бюджет;

      5) жалоба – жалоба на уведомление о результатах проверки, поданная в уполномоченный орган заявителем, а также дополнение (дополнения) к ней.

      5. В состав Комиссии входят Председатель Комиссии, а также члены Комиссии в количестве восьми человек.

Глава 2. Организация работы Комиссии

      6. Жалоба, поступившая в уполномоченный орган, направляется в рабочий орган.

      7. Рабочий орган направляет членам Комиссии:

      1) при поступлении жалобы на уведомление о результатах проверки – в течение 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы копии:

      жалобы и приложений к ним (при наличии);

      акта налоговой проверки, и (или) акта выездной таможенной проверки, и (или) акта камеральной таможенной проверки с приложениями к ним (при наличии);

      уведомления о результатах проверки;

      2) при поступлении дополнения (дополнений) к жалобе на уведомление о результатах проверки копии:

      дополнения (дополнений) к жалобе и по запросам членов Комиссии приложений к ним (при их наличии) - в течение 3 (трех) рабочих дней со дня поступления дополнения (дополнений) к жалобе;

      3) при назначении проверки в рамках рассмотрения жалобы, по вопросам, изложенным в жалобе:

      копию акта с приложениями к ним (при наличии) – в течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения рабочим органом;

      4) при утверждении повестки очередного заседания Комиссии – повестка очередного заседания Комиссии, не позднее, чем за 3 (три) рабочих дня до дня проведения заседания Комиссии.

      По запросам членов Комиссии рабочим органом предоставляются таким членам Комиссии необходимые для рассмотрения жалобы сведения и (или) информация, касающиеся лица, подавшего жалобу, в том числе относящиеся к охраняемой законодательством Республики Казахстан тайне.

      Указанные копии документов направляются на адреса электронной почты членов Комиссии:

      являющихся работниками государственных органов – в единой электронной почтовой системе на Интранет-портале государственных органов;

      не являющихся работниками государственных органов – предоставленные ими в рабочий орган.

      8. Рабочий орган не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня завершения процедуры заслушивания заявителя направляет членам Комиссии копии письменного возражения заявителя и (или) протокол заслушивания к предварительному решению по жалобе на уведомление о результатах выездной таможенной проверки и (или) камеральной таможенной проверки.

      9. Члены Комиссии рассматривают направленные в их адрес материалы и предоставляют в рабочий орган свои позиции с обоснованиями по обжалуемым вопросам, в том числе, предложения по проведению тематической проверки, в срок:

      по жалобам заявителей, являющихся крупными налогоплательщиками, подлежащими мониторингу, – не позднее 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня направления рабочим органом материалов;

      по жалобам заявителей, относящихся к остальным категориям налогоплательщиков, – не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня направления рабочим органом материалов;

      по дополнению (дополнений) к жалобе, – не позднее 7 (семи) рабочих дней со дня направления рабочим органом материалов;

      по акту проверки, назначенной в рамках рассмотрения жалобы, – не позднее 5 (пяти) рабочих дней со дня направления рабочим органом материалов.

      10. При наличии в письменном возражении заявителя и (или) в протоколе заслушивания к предварительному решению по жалобе на уведомление о результатах выездной таможенной проверки и (или) камеральной таможенной проверки доводов, не указанных ранее в жалобе, члены Комиссии предоставляют в рабочий орган свои позиции не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня направления рабочим органом материалов.

      11. Рабочим органом проводится изучение обжалуемых вопросов, а также анализ предоставленных членами Комиссии позиций.

      12. Рабочий орган на основе изучения обжалуемых вопросов позиций членов Комиссии готовит материалы для вынесения на заседание Комиссии.

      13. Материалы, указанные в пункте 12 настоящего Положения, подлежат представлению для ознакомления Председателю Комиссии в срок не позднее чем за 1 (один) рабочий день до проведения заседания Комиссии.

      14. По согласованию с Председателем Комиссии рабочий орган формирует повестку очередного заседания Комиссии.

      15. Заседания Комиссии проводятся еженедельно каждый четверг.

      Если день проведения заседания приходится на праздничный день, то заседание переносится на ближайший следующий за ним рабочий день согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.

      Председатель Комиссии при необходимости назначает заседание в онлайн-режиме посредством видеоконференцсвязи, а также переносит дату проведения заседания.

      При этом рабочий орган оповещает членов Комиссии о переносе даты заседания.

      16. При возникновении вопросов, требующих дополнительных пояснений, на заседание приглашаются представители профильных структурных подразделений ведомства уполномоченного органа, а также органа государственных доходов, осуществившего проверку, результаты которой обжалуются.

      17. На заседании участвуют представители рабочего органа.

      18. В случае, если на заседании участвуют не все члены Комиссии, такое заседание считается правомочным при наличии кворума и при условии обязательного участия представителя ведомства уполномоченного органа.

      Для целей проведения заседания Комиссии кворум составляет не менее половины от количества членов Комиссии, включая Председателя Комиссии, имеющих право голоса.

      19. При рассмотрении Комиссией жалоб как по налоговым, так и по таможенным проверкам, обязательным условием является участие члена-представителя ведомства уполномоченного органа.

      Отсутствие указанного члена Комиссии является основанием вынесения жалоб для рассмотрения на следующее заседание Комиссии.

      При рассмотрении Комиссией жалоб, как по налоговым, так и по таможенным проверкам, от Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (далее – НПП "Атамекен") участвуют представители, курирующие соответствующее направление.

      20. Решение Комиссии по вопросам жалобы принимается открытым голосованием простым большинством голосов, присутствующих на заседании.

      Представители НПП "Атамекен" голосуют по вопросам, входящим в их компетенцию (по курируемому направлению).

      При этом при подсчете голосов за НПП "Атамекен" учитывается 1 (один) голос.

      Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования членов апелляционной комиссии, по форме, согласно приложению 1 к настоящему Положению.

      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал Председатель Комиссии.

      21. Член Комиссии не рассматривает жалобу и не выражает свою позицию, а также не принимает участие в голосовании, если подавший жалобу заявитель, является такому члену Комиссии близким родственником (родители, дети, усыновители, усыновленные, полнородные и неполнородные братья и сестры, дедушка, бабушка, внуки), супругом (супругой) или свойственником (братья, сестры, родители и дети супругов), а также если имеется прямая или косвенная заинтересованность (конфликт интересов).

      Член комиссии в произвольной письменной форме уведомляет Председателя комиссии о возникшем конфликте интересов или о его возникновения, как только ему станет об этом известно.

      22. По результатам рассмотрения обжалуемых вопросов Комиссией принимаются следующие виды решений:

      оставить обжалуемое уведомление о результатах проверки без изменения, а жалобу без удовлетворения;

      отменить обжалуемое уведомление о результатах проверки полностью или в части.

      23. Решения, принятые Комиссией по результатам рассмотрения жалобы, отражаются в Протоколе заседания апелляционной комиссии (далее – Протокол) по форме, согласно приложению 2 к настоящему Положению.

      24. Иные вопросы организации работы Комиссии определяются регламентом, утверждаемым Председателем Комиссии.

Глава 3. Порядок оформления результатов заседания Комиссии

      25. Протокол ведет секретарь Комиссии из числа представителей рабочего органа.

      Протокол подписывается Председателем Комиссии, секретарем Комиссии.

      26. В Протоколе указываются:

      место и дата заседания;

      перечисление присутствовавших членов Комиссии, приглашенных лиц (при наличии), представителей рабочего органа;

      наименование или фамилия, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющим личность) заявителя, подавшего жалобу, индивидуальный идентификационный номер (бизнес-идентификационный номер) (далее – ИИН (БИН));

      номер и дата обжалуемого уведомления о результатах проверок;

      наименование органа государственных доходов, вынесшего обжалуемое уведомление;

      принятое решение.

      27. В случае рассмотрения на заседании Комиссии вопросов по двум и более жалобам по каждой жалобе оформляется отдельный Протокол.

      28. Протокол и листы голосования приобщаются к материалам соответствующей жалобы.

      29. В случае если по результатам заседания Комиссии принято решение перенести рассмотрение жалобы, включенной в повестку на последующие заседания Комиссии, то листы голосования и Протокол заседания Апелляционной комиссии по данной жалобе не заполняются.

Глава 4. Заключительные положения

      30. В случаях, указанных в статье 478 Кодекса о таможенном регулировании и статье 194 Налогового кодекса, уполномоченный орган отказывает в рассмотрении жалобы в сроки, предусмотренные указанными нормами.

      Если случаи, указанные в статье 478 Кодекса о таможенном регулировании и 194 Налогового кодекса, наступили после передачи членам Комиссии материалов по жалобе, рабочий орган информирует об этом членов Комиссии по электронной почте в течение 3 (трех) рабочих дней после направления письма заявителю об отказе в рассмотрении жалобы.

      31. При поступлении повторной жалобы на уведомление о результатах проверки, которое ранее обжаловалось и по которому вынесено решение, уполномоченный орган оставляет такую жалобу без рассмотрения, а также без вынесения на заседание Комиссии.

      32. В случае, если заявителем жалоба в соответствии с пунктом 5 статьи 476 Кодекса о таможенном регулировании и пунктом 5 статьи 192 Налогового кодекса отозвана в ходе рассмотрения ее членами Комиссии, уполномоченный орган такую жалобу оставляет без рассмотрения, с информированием членов Комиссии по электронной почте в течение 3 (трех) рабочих дней после получения письменного обращения об отзыве жалобы.

      33. Информация, составляющая коммерческую тайну, служебную и иную охраняемую законодательством Республики Казахстан тайну, полученная членами Комиссии при осуществлении своих функций, не подлежит разглашению.

      34. Не допускаются вмешательство в деятельность Комиссии при осуществлении ею своих полномочий по рассмотрению жалобы и оказание какого-либо воздействия на членов Комиссии.

  Приложение 1
к Положению об апелляционной
комиссии по рассмотрению
жалоб на уведомления
о результатах проверок
  Форма

      Дата ____________

Лист голосования членов апелляционной комиссии

      ________________________________________________________________________
            Фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность

      По жалобе _______________________

      индивидуальный идентификационный номер (бизнес-идентификационный номер)
_______на уведомление о результатах проверки от _______ № ______ Департамента
государственных доходов по

      _________________________________________________________________

№ вопроса

Содержание вопроса

Решение члена Апелляционной комиссии

Поддерживаю

Не поддерживаю









      По результатам рассмотрения обжалуемых вопросов принимаю одно из следующих решений:

      оставить обжалуемое уведомление о результатах проверки без изменения, а жалобу
без удовлетворения __________________________________;
                              (Подпись)

      отменить обжалуемое уведомление о результатах проверки полностью

      _______________________________________________________________________;
                              (Подпись)

      отменить обжалуемое уведомление о результатах проверки в части
_____________________________.
            (Подпись)

      Примечание: заполняется непосредственно в ходе заседания Апелляционной
комиссии и передается работникам рабочего органа для учета результатов голосования.

      В графах "Поддерживаю", "Не поддерживаю" проставляется подпись исходя из
принятого решения.

      По результатам рассмотрения обжалуемых вопросов принимается одно из указанных
выше трех видов решений и проставляется подпись в соответствующую строку.

  Приложение 2
к Положению об апелляционной
комиссии по рассмотрению
жалоб на уведомления о
результатах проверок
форма

Протокол № ___ заседания апелляционной комиссии

      ____________ ____________
      (место)       (дата)

      Председатель Апелляционной комиссии: (указывается)

      члены Апелляционной комиссии: (перечисляются)

      секретарь Апелляционной комиссии: (указывается)

      Присутствовали:

      приглашенные лица (при наличии): (перечисляются)

      представители рабочего органа: (перечисляются)

      Жалоба___________________________________________________________________
            (указывается: наименование лица, подавшего жалобу, индивидуальный
идентификационный номер (бизнес-идентификационный номер), дата и номер обжалуемого
уведомления о результатах проверки, наименование органа государственных доходов,
вынесшего обжалуемое уведомление)

      В результате рассмотрения обжалуемых вопросов членами Апелляционной комиссии
приняты следующие решения:

      оставить обжалуемое уведомление о результатах проверки без изменения, а жалобу
без удовлетворения

      __________________________________________________________________;
                  (указывается наименование органа и (или) организации)

      отменить обжалуемое уведомление о результатах проверки полностью

      __________________________________________________________________;
            (указывается наименование органа и (или) организации)

      отменить обжалуемое уведомление о результатах проверки в части

      ___________________________________________________________________.
            (указывается наименование органа и (или) организации)

      По итогам голосования принято РЕШЕНИЕ:

      __________________________________________________________________
                        (указывается принятое решение)

      Председатель Апелляционной комиссии:

      _________________________________________________________________
                  (подпись) (фамилия, имя, отчество при его наличии)

      Секретарь Апелляционной комиссии

      ________________________________________________________________
                  (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      члены апелляционной комиссии в количестве не менее 8 (восьми) человек.

  Приложение 3 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 сентября 2025 года № 529

Перечень
некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, подлежащих утрате

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16289);

      2. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 551 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки и (или) уведомление об устранении нарушений"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20811);

      3. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 августа 2020 года № 709 "О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки и (или) уведомление об устранении нарушений"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21056);

      4. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 апреля 2021 года № 319 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки и (или) уведомление об устранении нарушений"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22538);

      5. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2021 года № 995 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 23 "Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24600).