БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"; көрсетілген бұйрықпен бекітілген су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мыналарға жол берілмейді:
1) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 91-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес су тарту құрылысжайларын балық қорғау және (немесе) балық өткізу құрылғыларынсыз пайдалануға енгізу;
2) БҚҚ-сыз, сондай-ақ Заңның 14-бабы 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес осы Талаптарға сәйкес келмейтін су тарту және ағызу құрылыстарын пайдалану.".
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 273-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес теңізден су тартуға БҚҚ жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғыларды орната отырып, су тарту құрылысжайларын БҚҚ-мен жарақтандырған кезде ғана жол беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі