Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілген қызметтері мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26750 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
М. Мелдебекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 213 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) зерттеу - білім беру саласындағы уәкілетті органның міндеттері мен функциялары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын әлеуметтанулық, талдамалық, қолданбалы ғылыми, іргелі ғылыми жұмыстар;
2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер - мемлекеттік органның қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не жағдайды жан-жақты талдау жөніндегі; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-әрекеттерді түзету бойынша тиімді ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтер (қызметтердің мынадай негізгі түрлері шеңберінде: басқарушылық консалтинг, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, IT-консалтинг, заңгерлік консалтинг, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер).
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау тәртібі
3. Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құны зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = ∑ЕАТ + ТШ + ЖШ, мұндағы
Қ – зерттеудің, консалтингтік қызметтің құны;
∑ЕАТ + ТШ – еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;
ЕАТ – қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
ТШ – осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар.
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
4. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету құнына мынадай шығыстар енгізілмейді:
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
3) демеушілік көмек;
4) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.
5. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:
1) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттағы және штаттан тыс) жалақысы;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
3) қосылған құн салығы;
4) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
5) сыртқы сарапшыларды тарту;
6) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу;
7) нақты зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);
8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын көліктік қызметтер;
9) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
11) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайда жалдау ақысы;
12) банктік қызметтер;
13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қолжетімділік;
14) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;
15) халықаралық ұйымдарға мүшелік жарнаны төлеуге арналған шығыстар.
6. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда), өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет қызметтері, аудиторлық қызметтер, банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар, осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген байланыс қызметтерін қоспағанда, жалпы әкімшілік қызметте пайдаланылатын байланыс қызметтері).
7. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын басшылыққа алады.
8. Зерттеулер, консалтингтік қызметтер көрсету үшін бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту бөгде ұйымдармен және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық мәміле жасасу негізінде жүзеге асырылады.
9. Іссапар шығыстарының құны (тұру, тәулікақы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
10. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын есептеу кезінде зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір қызметкер бойынша жеке көрсетіледі.