"Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36709 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32661 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 41-бабының 1-тармағына және 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай реакцияда жазылсын:

      "2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 41-бабының 1-тармағына және 45-бабына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысанында (қосылу шарты):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт)_________ (бұдан әрі – Қор) және ерікті зейнетақы жарналарын салымшы (ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушы) (бұдан әрі – Салымшы (Алушы)) Салымшыны Шарт талаптарына қосу арқылы жасалды және тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ Қор мен Салымшы (Алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), Қордың ішкі құжатымен бекітілген Қордың Зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі – Қордың зейнетақы қағидалары) талаптарына сәйкес жасалатын қосылу шарты болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Зейнетақы төлемдері Әлеуметтік кодекстің 223-бабына сәйкес жүргізіледі. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Шартқа және Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Қордың интернет-ресурсында және Қордың филиалдарында көруге қолжетімді жерде орналастырылған Қордың ішкі құжатымен бекітілген тәртіппен Қор Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін Қорға жүгінбеген адамдарға Қор Әлеуметтік кодекстің 223-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Салымшының (Алушының) өтінішінсіз зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ сақтандыру ұйымына аудару тәртібі мен талаптары Әлеуметтік кодексте және Қордың зейнетақы қағидаларында айқындалған.".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 мая 2023 года № 27 "Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 августа 2025 года № 32. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2025 года № 36709

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 31.08.2025

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 мая 2023 года № 27 "Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32661) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 1 статьи 41 и статьей 45 Социального кодекса Республики Казахстан Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей реакции:

      "2) типовую форму договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов согласно приложению 2 к настоящему постановлению.";

      в Правилах заключения договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила заключения договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 41 и статьей 45 Социального кодекса Республики Казахстан (далее – Социальный кодекс) и определяют порядок заключения договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Типовая форма договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов размещается на интернет-ресурсе единого накопительного пенсионного фонда и добровольного накопительного пенсионного фонда.";

      в Типовой форме договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов (договора присоединения), утвержденной указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Типовая форма договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Договор о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов (далее – Договор) заключен между _________ (далее – Фонд) и вкладчиком добровольных пенсионных взносов (получателем пенсионных выплат за счет добровольных пенсионных взносов) (далее – Вкладчик (Получатель)) путем присоединения последнего к условиям Договора и устанавливает права, обязанности и ответственность сторон, а также иные особенности правоотношений между Фондом и Вкладчиком (Получателем).";

      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Договор является договором присоединения, заключаемым в соответствии с требованиями статьи 389 Гражданского кодекса Республики Казахстан, Социального кодекса Республики Казахстан (далее – Социальный кодекс), Пенсионных правил Фонда, утвержденных внутренним документом Фонда (далее – пенсионные правила Фонда).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Пенсионные выплаты производятся в соответствии со статьей 223 Социального кодекса. Порядок получения пенсионных выплат определяется в соответствии с Договором и пенсионными правилами Фонда.

      Лицам, достигшим пенсионного возраста в соответствии с пунктом 1 статьи 207 Социального кодекса, имеющим пенсионные накопления за счет добровольных пенсионных взносов и не обратившимся в Фонд за их выплатой в случаях, предусмотренных подпунктами 1) и 2) пункта 1 статьи 223 Социального кодекса, Фонд осуществляет пенсионные выплаты без заявления Вкладчика (Получателя), в порядке, утвержденном внутренним документом Фонда, размещенным на интернет-ресурсе Фонда и в филиалах Фонда в доступном для обозрения месте.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Порядок и условия перевода пенсионных накоплений из единого накопительного пенсионного фонда в добровольный накопительный пенсионный фонд, из добровольного накопительного пенсионного фонда в единый накопительный пенсионный фонд, из одного добровольного накопительного пенсионного фонда в другой добровольный накопительный пенсионный фонд, а также в страховую организацию определены Социальным кодексом и пенсионными правилами Фонда.".

      2. Департаменту рынка ценных бумаг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 31 августа 2025 года и подлежит обязательному опубликованию.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова