БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 18 тамыздағы № 335 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығымен бекітілген |
Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары
1. Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтары (бұдан әрі - Мамандандырылған оқу орталықтары) "Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) бекітілген бағдарлама бойынша Кәсіби өртке қарсы қызметтер мамандарының бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы даярлық пен оқу курсын қамтамасыз етеді.
2. Мамандандырылған оқу орталықтарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) оқу жұмыс жоспарларының болуы;
2) штаттағы оқытушылардың "Өрт қауіпсіздігі" немесе "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің болуы, өртке қарсы қызмет бөліністерінде басшы лауазымда практикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мамандандырылған оқу орталықтарына жұмысқа қабылдана алмайды;
3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен, тренажерлармен, өртке қарсы жарақтармен, өрт сөндірушінің арнаулы қорғаныш киімімен, оқулықтармен және оқу әдістемелік материалдармен жарақталуы;
4) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің (өрт сөндіру техникасы, жаттығу-машықтану мұнарасы, жылу-түтін камерасы, психологиялық дайындық жолағы) болуы;
5) оқу әдебиетін, оқу міндеттері мен тапсырмаларын, бейнефильмдердің тақырыптық жинақтарын, оқу-көрнекі материалдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, емтихан билеттерінің жиынтықтарын, практикалық тапсырмалар сипаттамаларын және әрбір оқу бағдарламасына басқа да оқу-әдістемелік материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік материалдар қорының болуы.