БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 13 тамыздағы № 263 Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
447-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"447. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жердегі радиоқұрылғының толық істен шығу салдарын азайту үшін Қазақстан Республикасы министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдер № 15554 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланыс радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі нұсқаулық әзірленеді.".
2. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қауіпті жүктер – адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және мүлкіне немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін, қауіпті жүктердің тізбесінде көрсетілген, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе арқылы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарда айқындалатын бұйымдар немесе заттар;".
3. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Азаматтық әуе кемесінің ісі, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген іс оны пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде уәкілетті ұйымда сақталады және ол Мемлекеттік тізілімнен шығарылғаннан кейін бір жылдан соң Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) сәйкес мұрағатқа тапсырылады.
Азаматтық әуе кемесінің ісінен қандай да бір құжаттарды немесе олардың бөліктерін жоюға немесе алуға жол берілмейді.".