"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығымен бекітілген |
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен, және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелеріне енгізілген тұлғаларға ақшаны және өзге де мүлікті беру кезіндегі талаптарды белгілейді.
2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өзінің және дербес табыс көздері жоқ оның отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Заңның 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Заңның 12-бабы 8-тармағында көзделген қаражатты алуға және Заңның 13-бабының 1-1-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу шаралары қолданылмайтын операцияларға құқығы бар.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы), асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
2) ТҚ тізбесі – уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында жасайтын және орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізімі;
3) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі - уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында жасайтын және орналастыратын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізімі (бұдан әрі - ЖҚҚТҚ тізбесі).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі
4. ТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Занның 12-баптың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:
1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген еңбек демалысының төлемақысы немесе жалақының ең төмен мөлшерінен аспайтын мөлшердегі жалақы түрінде алынған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге құқылы.
5. ТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға еңбек демалысының төлемақысы немесе жалақы түріндегі ақшаны төлеу үшін ҚМС жұмыс орнынан жалақы мөлшері туралы анықтаманы және (немесе) демалыс ақысын төлегенін растайтын құжатты сұратады.
ТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның еңбек демалысының төлемақысы және жалақы түрінде алынған ақшаны дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелеріне төлеу үшін ҚМС мынадай құжаттарды сұратады:
1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлігі;
2) неке туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зайыбына (жұбайына) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама;
3) отбасының әрбір жұмысқа жарамды кәмелетке толған мүшесіне жұмыссыздық туралы анықтама.
6. ҚМС ТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаларға еңбек демалысының төлемақысы және (немесе) жалақы түріндегі ақшаны төлеу жөніндегі операцияларды Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын белгілері бойынша күдікті ретінде таниды және уәкілетті органға мұндай операция туралы оны электрондық тәсілмен жүргізгенге дейін бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ тілінде немесе орыс тілінде дереу хабарлайды.
Уәкілетті орган осы Қағиданың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операция жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді.
Күнтізбелік ай ішінде Заңның 12-бабының 8-тармағы 1) тармақшасында көзделген ақшаны қайталап алу бас тартуға негіз болып табылады.
Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, шешім қабылдау мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі ең жақын жұмыс күні болып есептеледі.
7. ҚМС Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес операцияларды жүргізу туралы уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген ТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға қаражат төлейді.
8. Заңның 12-бабы 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды және Заңның 13-бабының қазақ тілінде немесе орыс тілінде 1-1-тармағына сәйкес тоқтатып қою жөніндегі шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізу туралы шешімді ҚМС дербес қабылдайды.
3-тарау. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі
9. ТҚ тізбесіне енгізілген тұлға уәкілетті органға осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылатын шараларды ішінара немесе толық жою туралы жазбаша дәлелді өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.
10. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) ақшаны алу үшін пайдаланылатын банктік шоттың бар-жоғын куәландыратын құжаттың көшірмесі (деректеме).
ТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаның дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелеріне ақшаны төлеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесі;
туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесін қоса алғанда, отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) неке туралы куәліктің көшірмесі немесе зайыбына (жұбайына) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама;
3) отбасының әрбір жұмысқа жарамды кәмелетке толған мүшесіне жұмыссыздық туралы анықтама.
11. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетіне (бұдан әрі – БҰҰ ҚК Комитеті) жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) жібереді.
12. ҚР СІМ уәкілетті органнан өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарау және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы шешім қабылдау үшін БҰҰ ҚК тиісті Комитетіне жібереді.
13. Уәкілетті орган ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алғаннан кейін дереу, бірақ оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаны өтініш берушінің өтініш беру арнасы (жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе) арқылы және тиісті ҚМС-ке қабылданған шешім туралы қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен жеткізеді.
ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін алған жағдайда, уәкілетті орган дереу, бірақ оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы ТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаны хабардар етеді.
14. Уәкілетті орган ТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаға өтінішті қанағаттандырудан бас тартады, егер қанағаттандырудан бас тартуға мына жағдайлар:
1) өтініш осы Қағидалардың қосымшасы бойынша белгіленген нысанға сәйкес келмегенде;
2) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;
3) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
4) БҰҰ ҚК комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі негіз болып табылады.
15. Ақша қаражатын, өзге де мүлікті беру, сондай-ақ қаржылық және ұқсас қызметтерді көрсету алдында жеке және заңды тұлғалар операция жасалып жатқан тұлғаға қатысты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ТҚ және (немесе) ЖҚҚТҚ тізбелерімен осындай тұлғаның көрсетілген тізбелерде болуы тұрғысынан салыстыруды жүзеге асырады.
16. Қазақстан Республикасының аумағында ТҚ және (немесе) ЖҚҚТҚ тізбелеріне енгізілген тұлғаларға ақшалай қаражат немесе өзге де мүлік тікелей немесе жанама берілмейді, сондай-ақ қаржылық және ұқсас қызметтер көрсетілмейді не осындай қызметтерге қолжетімділік берілмейді, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік азаматтармен мен азаматтығы жоқ адамдармен.
Осы тармақтың талаптары ТҚ және (немесе) ЖҚҚТҚ тізбелеріне енгізілген тұлғалардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаларға, сондай-ақ осындай тұлғалардың меншігіндегі немесе бақылауындағы заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалар тұлғаның ТҚ және (немесе) ЖҚҚТҚ тізбелерінде болу фактісін анықтаған кезде осындай тұлғаға тиесілі не оның бақылауындағы ақшалай қаражатты және өзге де мүлікті тоқтатады.
ТҚ және (немесе) ЖҚҚТҚ тізбелеріне енгізілген тұлғаларға тиесілі ақша қаражатын және өзге де мүлікті тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолдануды жою Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
17. Қазақстан Республикасының аумағында ТҚ және (немесе) ЖҚҚТҚ тізбелеріне енгізілген тұлғаларға осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген мақсаттарда ақша қаражаты және (немесе) өзге де мүлік беріледі.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы өтініш
Сізден терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өзінің және дербес табыс көздері жоқ оның отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шараларды ішінара/толық жоюды.
Ақшаны алу кезіндегі негізгі шығыстарды жабу үшін мақсаттар – (тамақ өнімдерін, тұрғын үйді немесе ипотекалық несиені, дәрі-дәрмектерді және медициналық емдеуді, салықтарды, сақтандыру жарналарын немесе коммуналдық қызметтерді төлеу немесе тек мамандарға арналған шығыстарды ақылға қонымды шекте төлеу және заң қызметтерін ұсынуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу үшін) теңге мөлшерінде (теңгеден) –
____________________________________________________________________ (сомасы цифрмен және жазумен)
Қағидаларға сәйкес құжаттардың қоса берілген көшірмелері:
1) _____________________
2) _____________________
3) _____________________
(күні) | |
(қолы) ______ |
2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12823 болып тіркелген).
2. "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 871 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21207 болып тіркелген).
3. "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22910 болып тіркелген).