БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33909 болып тіркелген) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидаларында:
8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) осы Қағидалардың 11-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) кандидатқа келісім беру жүзеге асырылатын "Б" корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс өткізу рәсімдерінің жүргізілуі.".
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |