БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды орналастырудың ықтимал басқа нұсқалары болмаған кезде осындай құрылысжайларды салуға және олардың жұмыс істеуіне байланысты ғана жол беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м. а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі