БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған диплом нысанын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ |
| МИНИСТЕРСТВОТРАНСПОРТАРЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған ДИПЛОМ для лиц командного состава судов
№ _____(НИКАД) (номер и код административного документа)
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) негізінде.
На основании приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 "Об утверждении Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11234).